Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетiнде
әскери кафедра құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
17 мамырдағы № 551 қаулысы
(2006.24.05 берілген өзгерістерімен)
"Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны студенттерiнiң қатарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң "Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "Батыс Қазақстан мемлекеттік университетi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әскери кафедрасын таратып, аталған оқу орнының қаражаты мен штат саны шегiнде әскери кафедра құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп, осы қаулыны iске асыру жөнiнде заңнамада көзделген шараларды қабылдасын.
3. ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. "Батыс Қазақстан мемлекеттік университетiнде әскери кафедра құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1249 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 36-37, 428-құжат) 1 және 2-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |