Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы N
1094 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 12 тамыздағы № 803 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 Қаулысымен күші жойылды
Жоғары оқу орындары әскери кафедраларының студенттерi қатарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн запастағы офицерлердi даярлау деңгейiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережелердi және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1094 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 40, 439-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережеде:
1) 5-тармақтың екiншi абзацындағы және бұдан әрi бүкiл мәтiн бойынша "оқу бөлiмiнiң бастығы - әскери кафедра бастығының орынбасары" деген сөздер "әскери кафедра бастығының орынбасары - оқу бөлiмiнiң бастығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-тармақтың сегiзiншi абзацындағы "85-100" деген сандар "90" деген сандармен ауыстырылсын;
3) 8-тармақтың екiншi абзацындағы және бұдан әрi бүкiл мәтiн бойынша "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң жоғары оқу орындар және әскерден тыс даярлау бөлiмi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң запастағы офицерлердi даярлауға жауапты құрылымдық бөлiмшесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Әскери даярлықтан өту үшiн студенттер iрiктеудi мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша да, ақылы негiзде де жоғары оқу орындарында оқитын студенттер қатарынан ректордың атына берiлетiн олардың жеке өтiнiштерi бойынша iрiктеу комиссиясы жүргiзедi.
Студенттердi iрiктеу кезiнде мыналар ескерiледi:
облыстардың қорғаныс iстерi жөніндегі департаментiнiң (аудандар мен қалалардың басқармалары мен бөлiмдерiнiң) медициналық шақыру комиссиясының медициналық жағының куәландыру қорытындылары;
емтихан тапсыру қорытындылары бойынша айқындалатын оқу орнындағы студент үлгерiмiнiң орташа жылдық балы;
жоғары оқу орындарының студенттерi үшiн белгiленген дене даярлығы бойынша нормативтердi орындау қорытындылары.
Осы көрсеткiштер құрамына мынадай өкiлдер енетiн iрiктеу комиссиясының мәжілісiнде қаралады:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен - төраға;
қарамағында жоғары оқу орындары бар министрлiктерден - тең төраға;
қарамағында жоғары оқу орындары бар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен, министрлiктерден, жоғары оқу орнынан - мүшелер.
Iрiктеу комиссиясы мәжілісiнiң қорытындылары хаттамамен ресiмделедi. Ірiктеу комиссиясы iрiктеген студенттердi әскери даярлықтан өту үшiн қабылдау әскери кафедра бастығының ұсынуы бойынша iрiктеу комиссиясының хаттамасы негiзiнде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен ресiмделедi.";
5) 30-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Студенттердiң әскери қызметке жарамдылығы әскери кафедрадағы сабақ басталар алдында және әскерлердегi оқу-жаттығу жиындары (тағлымдамалар) басталар алдында, Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақырумен бiрге жылына екi рет жүргiзiлетiн жергiлiктi әскери басқару органдары әскери-дәрiгерлiк комиссиясының оларды медициналық жағынан куәландыру қорытындылары бойынша айқындалады";
6) 1-қосымшадағы "199" деген сандар "20" деген сандармен ауыстырылсын;
7) 2-қосымшадағы "Қорғаныс министрi" деген сөздер "Қарулы Күштерi Бас штабының бастығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Жоғары оқу орындары және әскерден тыс даярлық бөлiмiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң запастағы офицерлердi даярлауға жауапты құрылымдық бөлiмшесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"199__" деген сандар "20__" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жоғары оқу орындарының студенттерін (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы ережеде:
1) 1-тармақтағы "әскери даярлау" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң тәртiптемесi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
3) 4-тармақтың үшiншi абзацындағы "(тек денсаулығына шағынғандар үшiн)" деген сөздер алынып тасталсын;
4) 17-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |