Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі жүйесiнiң ұйымдарын басқаруды жетiлдiру жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 24 наурыздағы № 256 Қаулысы
(2013.05.08 берілген өзгерістерімен)
Мемлекеттік ұйымдар жүйесiн басқаруды жетiлдiру, ұтымды ету және бюджет қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Заңдарда белгiленген тәртiппен мыналар:
1) қосу арқылы:
М.Ж.Дулати атындағы Жамбыл университетi, Жамбыл технологиялық жеңiл және тамақ өнеркәсiбi институты, Жамбыл гидромелиоративтiк құрылыс институты М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетi болып;
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетi, Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетi болып;
М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан гуманитарлық университетi мен Оңтүстiк Қазақстан техникалық университетi М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік университетi болып;
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім проблемалары институты, Оқу және әдiстемелiк әдебиет жөніндегі республикалық баспа кабинетi Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы болып;
Гигиена және кәсiптiк аурулар жөніндегі ғылыми-зерттеу институты мен Қазақстан эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар жөніндегі ғылыми-зерттеу институты Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы болып;
Радиациялық медицина және экология жөніндегі ғылыми-зерттеу институты (Семей қаласы) мен Аймақтық емдеу-диагностика орталығы (Курчатов қаласы) Семей қаласындағы Радиациялық медицина және экология жөніндегі ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылсын;
2) бөлiп шығару арқылы:
құрамынан Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Білім комитетiнiң жанындағы Білім берудiң мемлекеттік стандарттары жөніндегі республикалық орталық бөлiп шығарылып Білім берудегi жаңа технологиялар жөніндегі республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталық;
құрамынан Атырау мұнай және газ институты бөлiп шығарылып, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетi;
құрамынан Қазақстан Республикасының Білім және денсаулық сақтау министрлігі Білім комитетiнiң жанындағы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бөлiп шығарылып, Республикалық Оқушылар сарайы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақ мемлекеттік әлем тiлдерi университетi Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университетi болып қайта аталсын.
3. Заңдарда белгiленген тәртiппен мыналар құрылсын: Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Мәдениет комитетiнiң жанындағы Қазақтың мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институты;
Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Білім комитетiнiң жанындағы білім берудi информатикаландырудың республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы;
Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Туризм және спорт комитетiнiң жанындағы Спорт резервiн дайындау жөніндегі республикалық оқыту-жаттықтыру орталығы;
Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Туризм және спорт комитетiнiң жанындағы Спортшылардың допингке қарсы республикалық зертханасы;
Ақмола облысының Қаражар поселкесiнде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетiнiң биостанциясы.
ҚР Үкіметінің 1999 ж. 10 қарашадағы № 1678 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен:
Республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының;
Республикалық емхананың;
Қазақтың кардиология ғылыми-зерттеу институтының;
Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығының;
Қазақтың өкпе аурулары ғылыми-зерттеу институтының;
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының;
Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының;
Н.Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми-зерттеу орталығының;
Терi-венерологиялық ғылыми-зерттеу институтының;
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының;
5. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі:
2 ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетiнiң базасын дамыту жөнiнде ұсыныс және тиiстi шешiмнiң жобасын енгiзсiн;
заңдарда белгiленген тәртiппен:
№ 1 жөндеу-құрылыс басқармасын;
Республикалық мәдениет проблемалары ғылыми орталығын;
Білім берудегi жаңа технологиялар республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығын;
Республикалық дене тәрбиесi және спорт басқармасын таратсын.
6. Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінiң қарауына республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын етiп:
«Әзiрет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы;
Отырар мемлекеттік археологиялық қорығы;
«Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы;
Абай атындағы «Жидебай-Бөрлi» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы;
Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы;
«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғат қорығы;
«Көне Тараз ескерткiштерi» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы берiлсiн.
7. Жану проблемалары ғылыми-зерттеу институты Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң қарауына берiлсiн.
8. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі осы қаулыда көрсетiлген шараларды 1998 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен жүзеге асыратын болсын.
9. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
10. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
«Мәдениет проблемаларының республикалық ғылыми орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 6 ақпандағы № 113 қаулысы;
«Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім проблемалары институтын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 11 тамыздағы № 1244 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 36, 346-құжат).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Өзгерістер мен толықтырулар ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)