Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы
№ 1094 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы
23 сәуiрдегі № 638 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы Ережелердi және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1094 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 40, 439-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Аталған қаулымен бекітілген Жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережеге:
5-тармақта:
екiншi абзац "мен оқытушылары" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ ассистенттерi" деген сөздермен толықтырылсын;
бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери кафедралардың офицерлiк құрамы үшiн штаттық-лауазымдық санаттарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Бiлiм және мәдениет министрлігімен бiрлесе отырып, жоғары оқу орнының мәртебесiне және әскери кафедрада оқитын студенттердiң (курсанттардың) санына сәйкес белгiлейдi";
6-тармақтың төртiншi абзацы мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
"Ассистенттердiң саны кафедраның профессорлық-оқытушы құрамының адам санының 15 процентi шегiнде белгiленедi";
15-тармақтағы "10, 20, 40" сандары тиiсiнше "20, 30, 50" сандарымен ауыстырылсын.
2. Аталған қаулымен бекітілген Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесi мынадай редакцияда жазылсын:
" Университеттер
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетi, Алматы
қаласы
Қазақ ұлттық техникалық университетi, Алматы қаласы
Қазақ мемлекеттік аграрлық университетi, Алматы қаласы
С.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық
университетi, Алматы қаласы
Қазақ мемлекеттік заң университетi, Алматы қаласы
С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетi
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетi
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетi
Оңтүстiк Қазақстан техникалық университетi, Шымкент қаласы
Медициналық академиялар
Ақмола мемлекеттік медициналық академиясы
Ақтөбе мемлекеттік медициналық академиясы
Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы
Семей мемлекеттік медициналық академиясы
Институттар
Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институты, Тараз қаласы
Қарағанды металлургия институты, Темiртау қаласы
Басқа оқу орындары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Кеңестер
Одағының екi мәрте Батыры Т.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары
әскери авиациялық училищесi
Азаматтық авиация академиясы, Алматы қаласы
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi