37-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «сенiмхаттары.» деген сөз «сенімхаттары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) тергеу изоляторларында отырған адамдардың тергеу изоляторларының бастықтары куәландырған сенімхаттары.».
15. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №5-6, 49-құжат; 1999 ж., №20, 727-құжат; 2002 ж., №10, 102-құжат; 2003 ж., №11, 56-құжат; №24, 178-құжат; 2004 ж., №5, 30-құжат; 2005 ж., №14, 58-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 24, 25-құжаттар; №8, 45-құжат; 2007 ж., №4, 28-құжат; №20, 153-құжат; 2008 ж., №13-14, 56-құжат; 2009 ж., №2-3, 16-құжат; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; 2011 ж., №1, 9-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №21-22, 124-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., 20-VII, 117-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №8-II, 70-құжат):
1) 29-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарапы жеке тұлға болып табылатын серіктестіктің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегi (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иелiктен шығару (басқаға беру) шарты нотариаттық куәландырылуға жатады.»;
2) 42-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің барлық қатысушыларының жалпы жиналысқа қатысуға, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға және шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы бар.
Серіктестікке қатысушылардың көрсетілген құқықтарын шектейтін серіктестік жарғысының және кез келген басқа да құжаттардың, шешімдердің ережелері маңызсыз болып табылады.»;
3) 43-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы «оның өкілеттіктерін» деген сөздерден кейін «немесе атқарушы органның жеке мүшесінің өкілеттіктерін» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 47-баптың 9-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау басталғанға дейін жалпы жиналыс кворумды белгілеуге міндетті. Бұл талапты сақтамау кворумның бар екендігі анықталғанға дейін жалпы жиналыс қабылдаған барлық шешімдердің маңызсыздығына алып келеді.».
5) 59-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мынадай:
1) оның құрамында жарғылық капиталындағы қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушылар (құрылтайшылар) бар болған;
2) жұмыскерлердің орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан көп және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің үш миллионнан астам еселенген мөлшерінен жоғары болған шарттарды бір мезгілде орындаған кезде ол үшін жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізу міндетті болып табылады.
Орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін жылдық қаржылық есептілік аудиті жарғылық капиталға қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушының (құрылтайшының) талабы бойынша жүргізіледі.».
16. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №13, 196-құжат; 2003 ж., №11, 67-құжат; 2004 ж., №23, 140-құжат; 2006 ж., №23, 141-құжат; 2009 ж., №19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; №14, 95-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; 2014 ж., №11, 61-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №20-IV, 113-құжат; №22-II, 145-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат):
1) 1-бапта:
2) тармақшадағы «(кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш)» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі - жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратқа қол жеткізудің, жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге электрондық нысанда өтініш жіберудің және тіркеуші органдардың және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де әрекеттерінің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;»;
2) 6-баптың 1-тармағы «Эмиссиялық бағалы қағаздар кепiлiн тiркеу» деген сөздерден кейін «, оның ішінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы тіркеу» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 9-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн өтiнiш беруші не оның өкiлi тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтiнiштiң толтырылған бланкiсiн бередi немесе өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жібереді.»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жіберген жағдайда «электронды үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркеу үшiн алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат қоса берiлуге тиiс.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заңның 9-3 және 9-4-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде кепіл туралы шарт немесе кепіл шарттары қамтылған өзге де құжат ұсынылады, өтініште қамтылған мәліметтерді тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация тексергеннен кейін тіркеу туралы белгі соғылып, өтініш берушіге қайтарылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Өтініш жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жіберілген кезде, мәміле тараптары қол қойған өтініш кепіл шарты туралы мәліметтер, сондай-ақ осы баптың 2-тармағына сәйкес мәліметтер көрсетіле отырып, кепіл туралы шарт немесе кепіл шарты қамтылған өзге де құжат ұсынылмастан хабарлама нысанында беріледі.»;
4) 9-3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке немесе заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банкпен кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы мәліметтер қамтылған өзге де шартты жасасқан жағдайда екінші деңгейдегі банк кепіл ұстаушы ретінде жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша келісімімен тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге жібереді. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтініштің мазмұны осы Заңның 9-бабының 2-тармағында айқындалады.
Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтінішке жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың деректемелері туралы мәліметтер қоса беріледі.
Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтінішті алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті не электрондық құжат нысанындағы тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді.»;
5) мынадай мазмұндағы 9-4-баппен толықтырылсын:
«9-4-бап. Жылжымалы мүлік кепілін жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық тіркеу тәртібі
1. Кепіл беруші осы Заңның 9-3-бабында белгіленген тәртіппен жылжымалы мүліктің кепілін электрондық тіркеуден өткізуден бас тартқан жағдайда, жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған кепіл берушінің және кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті кепіл беруші және кепіл ұстаушы осы Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес хабарлама нысанында жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жіберуге құқылы.
2. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтінішті алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жылжымалы мүлік кепілін электрондық құжат нысанында тіркеу туралы куәлікті не электрондық құжат нысанында тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді.
3. Жүргізілген электрондық тіркеу туралы ақпарат кепіл ұстаушының, тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді.»;
6) 10-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Тiркеушi органның, Мемлекеттік корпорацияның және кепіл ұстаушылардың мiндеттерi»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 6, 9-3 және 9-4-баптарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу өтініш қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні iшiнде жүргiзiлуге тиiс»;
2-1-тармақ «тіркеуші органның» деген сөздерден кейін «және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация, үшінші тұлғаларды қоспағанда, осы Заңның 3-бабында көрсетілген, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастардың барлық қатысушыларына тиісті қолжетімділік болған кезде жазбаша нысанда немесе жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпарат беруді қамтамасыз етуге міндетті. Үшінші тұлғалар жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімінен ақпаратты кепіл беруші және (немесе) кепіл ұстаушы осындай сұрау салуды растаған жағдайда алуы мүмкін.
Бұл ретте жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратта жылжымалы мүлік кепілі туралы және кепіл туралы шарттың тараптары немесе кепіл шарттарын қамтитын өзге де құжаттар туралы мынадай деректер:
1) кепіл беруші мен кепіл ұстаушы туралы деректер, олардың деректемелері, оның ішінде мекенжайлары, банктік деректемелері, телефон нөмірлері, сондай-ақ электрондық мекенжайы (бар болған кезде);
2) негізінде кепiлдiк құқық қатынастары туындағын құжат туралы мәлiметтер;
3) кепiл туралы шарттың немесе кепiл талаптары қамтылған өзге де құжаттың жасалған күнi мен орны;
4) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және (немесе) жалпы сипаттамасы;
5) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi қамтылуға тиіс.
5. Кепіл ұстаушы кепіл берушінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындаған соң міндеттеме орындалғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығаруға арналған өтінішті тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Өтініш жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы жіберілуі мүмкін.
6. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация кепіл ұстаушы өтініш берген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде кепілді тіркеуден шығаруды жүргізеді және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы кепіл ұстаушыға және кепіл берушіге тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығарғаны туралы хабарлама не электрондық құжат түрінде тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауап жібереді.»;
7) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 9-3 және 9-4-баптарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тiркеуден бас тартылған жағдайда тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініш қабылданған кезден бастап екі жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанына сiлтеме жасай отырып, өтiнiш берушіге жазбаша уәжді бас тартуды жібереді.»;
8) 17-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарт» деген сөздер «құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарт» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., №16, 214-құжат; 1999 ж., №19, 646-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; 2001 ж., №23, 309-құжат; 2002 ж., №23-24, 193-құжат; 2004 ж., №14, 82-құжат; №23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., №2, 17-құжат; №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №13, 87-құжат; 2007 ж., №3, 20-құжат; №19, 148-құжат; 2008 ж., №15-16, 64-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №11-12, 54-құжат; №13-14, 62-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 112-құжат; №16, 129-құжат; 2012 ж., №2, 9, 15-құжаттар; №3, 21-құжат; №4, 30-құжат; №11, 80-құжат; №12, 85-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №4, 21-құжат; №10-11, 56-құжат; №15, 79, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №11, 64-құжат; №14, 87-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат; №19-І, 100-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 117-құжат; №21-ІІ, 131-құжат; №22-ІІ, 144-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №8-I, 60-құжат; №24, 124-құжат):
7-баптың бірінші бөлігінің 23) тармақшасы «мемлекет» деген сөздің алдынан «табиғи монополия субъектісі коммуналдық қызметтер көрсеткен жағдайда,» деген сөздермен толықтырылсын.
18. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №22, 309-құжат; 2000 ж., №22, 408-құжат; 2001 ж., №1, 5-құжат; №8, 52-құжат; 2002 ж., №23-24, 193-құжат; 2003 ж., №11, 56-құжат; №12, 86-құжат; №15, 139-құжат; 2004 ж., №23, 138-құжат; 2005 ж., №14, 58-құжат; 2006 ж., №8, 45-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28-құжат; 2009 ж., №2-3, 21-құжат; №17, 79-құжат; №18, 84-құжат; №19, 88-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №13, 91-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №15, 79-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №23, 143-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат; №15, 78-құжат; №20-IV, 113-құжат; №21-II, 130-құжат; №22-I, 143-құжат; 2016 ж., №7-II, 53-құжат):
5-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлік он сегізінші абзацтағы «операторлар жатады.» деген сөздер «операторлар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он тоғызыншы, жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын:
«мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде:
1) оның құрамында жарғылық капиталына қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушылар (құрылтайшылар) бар болған;
2) жұмыскерлердің орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш миллион еселенген мөлшерден асатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жатады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін жылдық қаржылық есептілік аудиті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушының (құрылтайшының) талабы бойынша жүргізіледі.».
19. «Қаржы лизингi туралы» 2000 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., №10, 247-құжат; 2003 ж., №15, 139-құжат; 2004 ж., №5, 25-құжат; 2005 ж., №23, 104-құжат; 2010 ж., №15, 71-құжат; 2012 ж., №13, 91-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №16, 79-құжат; №20- IV, 113-құжат):
1) 6-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер лизинг шарты осы Заңда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде немесе басқа да заңнамалық актiлерiнде көзделген негiздер бойынша жарамсыз деп танылса, онда соған сәйкес жасалған қосалқы лизинг шарты маңызсыз болып саналады.»;
2) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Лизинг шарты жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Лизинг шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.».
20. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., №22, 406-құжат; 2003 ж., №11, 56-құжат; №12, 85-құжат; №15, 139-құжат; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; 2005 ж., №14, 55, 58-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 25-құжат; №8, 45-құжат; №13, 85-құжат; №16, 99-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28, 33-құжаттар; №8, 52-құжат; №18, 145-құжат; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; №20, 88-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №19-І, 19-ІІ, 94-құжат; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №15, 78-құжат; №20-IV, 113-құжат; №22-І, 143-құжат; №22-ІІІ, 149-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат):
26-баптың 22-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Банктің сақтандыру холдингі, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен банк бірігу нысанында қайта ұйымдастыру жүргізген кезде акциялары сатып алынған немесе «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-2 немесе 61-4-баптарында көзделген операцияны жүзеге асырған кезде акциялары берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуына уәкілетті органның келісімі бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері (номиналды ұстау) жүйесінде операция тіркелгеннен кейін берілді деп есептеледі.».
21. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №1, 8-құжат; №24, 338-құжат; 2003 ж., №11, 56-құжат; 2004 ж., №5, 30-құжат; №10, 56-құжат; 2005 ж., №13, 53-құжат; 2006 ж., №8, 45-құжат; №15, 95-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №9, 67-құжат; №17, 141-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; 2011 ж., №2, 21-құжат; №5, 43-құжат; №17, 136-құжат; №23, 179-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 13-құжат; №8, 64-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №15, 81-құжат; 2014 ж., №11, 63, 67-құжаттар; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №16, 79-құжат; №20-І, 110-құжат; №21-І, 128-құжат; №22-І, 140-құжат; №23-І, 166-құжат; №23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; 2017 жылғы 14 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
21-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) егер олар құрылтайшылардың өзара қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының;».
22-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді
22. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №17-18, 243-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2005 ж., №6, 10-құжат; №7-8, 19-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №15, 95-құжат; №23, 144-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат; №16, 129-құжат; 2008 ж., №21, 97-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №15-16, 76-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №3, 21, 27-құжаттар; №4, 32-құжат; №8, 64-құжат; №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №13, 63-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №1, 4, 6-құжаттар; №2, 10, 12-құжаттар; №7, 37-құжат; №8, 44-құжат; №10, 52-құжат; №14, 86-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №19-I, 99, 101-құжаттар; №19-II, 103-құжат; №20-IV, 113-құжат; №21-I, 128-құжат; №22-V, 156-құжат; №23-II, 170-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7- II, 53-құжат):
1) 20-бапта:
22-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22-1) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 22-2) тармақшамен толықтырылсын:
«22-2) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын әзірлеу және бекіту;»;
2) 68-баптың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Құрылысы аяқталған объект осы Заңның 11-тарауының нормаларына сәйкес пайдалануға қабылдануға тиiс.
Салынған объектiнi пайдалануға қабылдаудың белгiленген тәртiппен бекiтiлген актiсi ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу үшін негіз болып табылады.»;
3) 73-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қою объектіні түпкілікті тексеріп-қараудан және осы тарауда белгіленген талаптар сақталғаннан кейін жүзеге асырылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Объектiнi пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органда жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тіркеу үшін негіз болып табылады.».
23. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 2002 ж., №2, 16-құжат; 2004 ж., №20, 116-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №11, 36-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №18, 143-құжат; 2009 ж., №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; №14, 95, 96-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №2, 10-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №8, 45-құжат; №19-І, 100-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; №24, 124-құжат):
212-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген тәртіппен операция жүзеге асырылған жағдайда, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер және өзге де заңды тұлғалардың активтер мен (талап ету) құқықтарын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға берген кезде кепіл ұстаушының өтініші негізінде тіркеледі.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын иеленуін көздейтін шарттың нотариат куәландырған көшірмесі (тапсыру актісін немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқығын басқаға беру туралы талапты қамтитын шарт қоса беріледі.».
24. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., №6, 67-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; №24, 154-құжат; 2005 ж., №7-8, 23-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №10, 52-құжат; №13, 86-құжат; 2007 ж., №2, 14, 18-құжаттар; №5-6, 40-құжат; №9, 67-құжат; №10, 69-құжат; №18, 143-құжат; 2008 ж., №10-11, 39-құжат; 2009 ж., №8, 44-құжат; №15-16, 75-құжат; №18, 84-құжат; №19, 88-құжат; №24, 128-құжат; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; №5, 23-құжат; №17-18, 111-құжат; №24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., №1, 2, 3, 7-құжаттар; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №15, 118-құжат; 2012 ж., №3, 26-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №14, 84-құжат; №19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №22-ІІ, 145-құжат; №22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., №7-I, 47-құжат):