ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық,
банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет
үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., №23-24 (қосымша); 1995 ж., №15-16, 109-құжат; №20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 187-құжат; №14, 274-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №1-2, 8-құжат; №5, 55-құжат; №12, 183, 184-құжаттар; №13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., №2-3, 23-құжат; №5-6, 50-құжат; №11-12, 178-құжат; №17-18, 224, 225-құжаттар; №23, 429-құжат; 1999 ж., №20, 727, 731-құжаттар; №23, 916-құжат; 2000 ж., №18, 336-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №1, 7-құжат; №8, 52-құжат; №17-18, 240-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №2, 17-құжат; №10, 102-құжат; 2003 ж., №1-2, 3-құжат; №11, 56, 57, 66-құжаттар; №15, 139-құжат; №19-20, 146-құжат; 2004 ж., №6, 42-құжат; №10, 56-құжат; №16, 91-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №10, 31-құжат; №14, 58-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №1, 4-құжат; №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №10, 52-құжат; №11, 55-құжат; №13, 85-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №3, 20, 21-құжаттар; №4, 28-құжат; №16, 131-құжат; №18, 143-құжат; №20, 153-құжат; 2008 ж., №12, 52-құжат; №13-14, 58-құжат; №21, 97-құжат; №23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., №2-3, 7, 16, 18-құжаттар; №8, 44-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; №7, 28-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №2, 21, 28-құжаттар; №3, 32-құжат; №4, 37-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №16, 129-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 13, 15-құжаттар; №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №11, 80-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №7, 36-құжат; №10-11, 56-құжат; №14, 72-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61, 63-құжаттар; №14, 84-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 42, 45-құжаттар; №13, 68-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №20-I, 110-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-I, 128-құжат; №22-I, 140, 143-құжаттар; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; №8-II, 70-құжат; №12, 87-құжат):
1) мазмұнында:
7, 43, 157-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Азаматтық құқықтар мен мiндеттердiң пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негiздерi»;
«43-бап. Заңды тұлғаның филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері»;
«157-бап. Дауланатын және маңызсыз мәмілелер»;
мынадай мазмұндағы 157-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«157-1-бап. Мәміле жарамсыздығының салдарлары туралы жалпы ережелер»;
158-баптың, 8-тараудың және 268-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«158-бап. Мазмұны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн мәмiленiң жарамсыздығы»;
«8-тарау. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар туралы жалпы ережелер»;
«268-бап. Міндеттеме»;
2) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Азаматтық құқықтар мен мiндеттердiң пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негiздерi
Азаматтық құқықтар мен мiндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады, өзгереді және тоқтатылады, өйткенi, осы әрекеттер азаматтық заңнамада көзделмегенiмен, олардың жалпы бастаулары мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туындатады.
Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардан және өзге де мәмiлелерден, сондай-ақ азаматтық заңнамада көзделмегенімен, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн мәмiлелерден;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының күшімен азаматтық-құқықтық салдарларға алып келетін әкiмшiлiк актілерден;
3) азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеген сот шешiмiнен;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған негiздер бойынша мүлiктi жасау, жою, сатып алу немесе оны иеліктен шығару, сондай-ақ мүлікке құқықтан бас тарту нәтижесiнде;
5) өнертабыстарды, өнеркәсiптiк үлгiлерді, ғылым, әдебиет және өнер туындыларын және зияткерлік қызметтiң өзге де нәтижелерiн жасау салдарынан;
6) басқа тұлғаға зиян келтiру салдарынан, сол сияқты басқа тұлға есебiнен мүлiктi негiзсiз сатып алу немесе жинау (негiзсiз баю) салдарынан;
7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi салдарынан;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасы азаматтық-құқықтық салдарлардың басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады, өзгереді және тоқтатылады.»;
3) 8-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа тұлғаға зиян келтiруге, құқықты өзге нысандарда теріс пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетiндей етiп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерiне жол берiлмейдi.»;
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Ешкім де өзінің теріс пиғылды мінез-құлқымен артықшылық алуға құқылы емес.
7. Осы баптың 3-6-тармақтарында көзделген талаптар сақталмаған жағдайда сот адамға тиесілі оның құқығын қорғаудан бас тарта алады.»;
4) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелiк: құқықтарды тану; құқық бұзылғанға дейiн болған жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туғызатын әрекеттердің жолын кесу; мiндеттi заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, тұрақсыздық айыбын өндiрiп алу; дау айтылатын мәмiленi жарамсыз деп тану және оның жарамсыздығы салдарын қолдану, маңызсыз мәміленің жарамсыздығы салдарын қолдану; моральдық зиянның өтемiн төлету; құқықтық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттiк басқару органының немесе жергiлiктi өкiлдi не атқарушы органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтiн актісін жарамсыз немесе қолдануға жатпайды деп тану; азаматқа немесе заңды тұлғаға құқықты иеленуіне немесе жүзеге асыруына кедергi келтіргені үшiн мемлекеттiк басқару органынан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндiрiп алу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де тәсілдермен жүзеге асырады.
Заңды тұлғалардың моральдық зиянды өтетуге құқығы жоқ.»;
5) 14-бап «жеке» деген сөзден кейін «мүліктік емес» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 18-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Құқық қабiлеттiлiгiн немесе әрекет қабiлеттiлiгiн шектеуге бағытталған басқа да мәмiлелерге заңнамалық актілерде рұқсат берiлген жағдайларды қоспағанда, азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнен немесе әрекет қабiлеттiлiгiнен толық немесе iшiнара бас тартуы және осындай мәмiлелер маңызсыз болады.»;
7) 20-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
8) 41-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, заңды тұлға өз қызметiн:
1) жарғысы және құрылтай шарты;
2) жарғысы;
3) жарғысы және егер заңды тұлғаны бiр адам құрған жағдайда, заңды тұлғаны құру туралы жазбаша түрде ресiмделген шешiмi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) негiзiнде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда, коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға осы түрдегі ұйымдар туралы жалпы ережелер негiзiнде әрекет жасай алады.
Шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға мазмұнын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын үлгiлік жарғының негiзiнде өз қызметiн жүзеге асыра алады.»;
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) егер олар құрылтайшылардың өзара қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының;»;
9) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Заңды тұлғаның филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері
1. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның функцияларының бәрiн немесе бiр бөлiгiн, оның iшiнде өкiлдiк функцияларын жүзеге асыратын оқшауланған бөлiмшесi оның филиалы болып табылады.
2. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және заңды тұлғаның мүдделерiн қорғауды және өкілдік етуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның атынан мәмiлелер мен өзге де құқықтық әрекеттер жасайтын оқшауланған бөлiмшесi оның өкiлдiгі болып табылады.
3. Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлғалар болып табылмайды. Оларға өздерiн құрған заңды тұлға мүлік бөліп береді және олар оның бекiткен ережелері негiзiнде әрекет етеді.
4. Заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалар өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер құруға құқылы.
Заңды тұлғаның функцияларының бір бөлігін орындайтын, өзінің орналасқан жері бойынша стационарлық жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше заңды тұлғаның өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол стационарлық жұмыс орны болып есептеледі.
Мемлекеттік мекеменің өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі заңдарда тікелей көзделген жағдайларда құрылады.
5. Қоғамдық бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады.
Дiни бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары дiни бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады не тағайындалады.
Өзге нысандағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң басшыларын заңды тұлғаның уәкiлетті органы тағайындайды және олар оның сенiмхаты негiзiнде әрекет етеді.»;
10) 44-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер заңды тұлғаның әдейі банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушысының) және (немесе) лауазымды адамның әрекеттерiнен (әрекетсіздігінен) туындаған болса, онда заңды тұлғаның қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы (қатысушы) және (немесе) лауазымды адам кредиторлар алдында субсидиярлық жауаптылықта болады.
Егер заңды тұлғаның жалған банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушысының) және (немесе) лауазымды адамның әрекеттерiнен (әрекетсіздігінен) туындаған болса, онда заңды тұлғаның қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы (қатысушы) және (немесе) лауазымды адам жалған банкроттық нәтижесінде кредиторға келтірілген залал үшін субсидиарлық жауаптылықта болады.»;
11) 50-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тарату комиссиясы заңды тұлғаны тарату, сондай-ақ оның кредиторларының талаптарын мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмi туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды. Банкроттық жағдайларын қоспағанда, талаптарды мәлiмдеу мерзiмi тарату туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екi айдан кем болмауы тиіс. Банкроттық кезінде кредиторлардың банкротқа қоятын талаптары кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей мәлімделуге тиіс.»;
12) 59-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарапы жеке тұлға болып табылатын шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (басқаға беру) шарты нотариаттық куәландырылуға жатады.»;
13) 61-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) таза табысты бөлiсуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай құжаттарының бiр немесе бiрнеше қатысушыны таза табысты бөлiсуге қатысудан шеттетудi көздейтiн талаптары маңызсыз болады;»;
14) 70-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Толық серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жауаптылығының осы бапта көзделген тәртiбiн өзгертетiн қатысушылардың келiсiмдерi маңызсыз болып табылады.»;
15) 73-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Командиттік серiктестiк салымшысының:
1) серiктестiктің таза табысының жарғылық капиталдағы өзіне тиесілі үлесiнің бөлігін құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен алуға;
2) серiктестiктiң қаржылық есебімен танысуға, сондай-ақ оның дұрыс жасалуын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз етудi талап етуге;
3) жарғылық капиталдағы өз үлесiн немесе оның бiр бөлiгiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен басқа салымшыға немесе үшiншi тұлғаға беруге құқығы бар. Салымшының өзінің бүкіл үлесiн өзге тұлғаға беруi оның серiктестiкке қатысуын тоқтатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен серiктестiктен шығуға құқығы бар.
Командиттік серiктестiктің құрылтай құжаттарында салымшының өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.
Командиттік серiктестiктің салымшылары үшін осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген құқықтардан бас тартуы немесе оларды шектеуі, соның ішінде салымшылар мен толық серіктестіктердің келісімі бойынша шектеуі маңызсыз болады.»;
16) 94-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шешімдерін жарғылық капиталға қатысудың басым үлесі болуы не олардың арасында жасалған шарт негізінде не өзгеше түрде басқа заңды тұлға (бұдан әрі - негізгі ұйым) айқындайтын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады.»;
17) 95-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Қатысушы (басымырақ) заңды тұлға заңдарда көзделген тәртіппен акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының жиырма пайызынан астамын сатып алуы туралы ақпаратты жариялауға міндетті.»;
18) 99-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өндiрiстiк кооперативтiң жоғары органы оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы болып табылады.
Өндiрiстiк кооперативте кооперативтiң атқарушы органының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыратын байқаушы кеңес құрылуы мүмкiн. Байқаушы кеңестiң мүшелерi өндiрiстiк кооператив атынан әрекет жасауға құқылы емес.
Кооперативтің басқармасы немесе төрағасы кооперативтiң атқарушы органы болып табылады. Атқарушы орган кооператив қызметiне ағымдағы басшылықты жүзеге асырады және байқаушы кеңес пен кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысына есеп бередi.
Тек кооператив мүшелерi ғана байқаушы кеңес пен өндiрiстiк кооператив басқармасының мүшелерi бола алады. Кооператив мүшесi бiр мезгiлде байқаушы кеңестiң мүшесi және басқарма мүшесi (кооператив төрағасы) бола алмайды.»;
3-тармақта:
бірінші бөліктің 2) тармақшасындағы «атқарушы,» деген сөз «атқарушы органды,» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «атқарушы органдарының» деген сөздер «атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 116-бапта:
2-тармақта:
«заттардың» деген сөз «мүліктің» деген сөзбен ауыстырылсын;
«заттар» деген сөз алып тасталсын;
«заңнамалық құжаттарында» деген сөздер «заңдарда» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«заттар» деген сөз алып тасталсын;
«заттардың» деген сөз «мүліктің» деген сөзбен ауыстырылсын;
20) 152-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «жүз есептiк көрсеткiш» деген сөздер «бір жүз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 153-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«153-бап. Мәмiленiң жазбаша нысанын сақтамау салдары
1. Мәмiленiң жай жазбаша нысанын сақтамау дау болған жағдайда тараптарды мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын куәгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда, тараптар мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге де, куәгерлiк айғақтардан басқа, дәлелдермен растауға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келiсiмiнде тiкелей көрсетiлген жағдайларда мәмiленiң жай жазбаша нысаны сақталмаған кезде мәміле маңызсыз болып саналады.
3. Жай жазбаша нысан сақталмаған кезде сыртқы экономикалық мәмiле маңызсыз болып саналады.»;
22) 154-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келiсiмiнде белгiленген жағдайларда жазбаша мәмiлелер оларды нотариат куәландырғаннан кейiн ғана жасалды деп есептеледі.
Осы баптың 2-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, нотариаттық куәландыру туралы талаптарды сақтамау осы Кодекстiң 157-1-бабының 3-тармағында көзделген салдарлармен мәмiленiң маңызсыздығына алып келеді.»;
23) 157-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«157-бап. Дауланатын және маңызсыз мәмілелер
1. Мәміле сот оны осындай деп (дауланатын мәміле) тануына байланысты осы Кодексте немесе өзге де заңнамалық актілерде белгіленген негіздер бойынша не осылай тануына (маңызсыз мәміле) қарамастан, заңнамалық актілерде тікелей көзделген негіздер бойынша жарамсыз болады.
Егер мәміленің маңызсыздығы заңнамалық актілерде көзделмесе, ол даулы мәмілеге жатады.
Мәміленің маңызсыздығы туралы дау туындаған жағдайда, оның жарамсыздығын сот белгілейді.
2. Мәміленің нысанына, мазмұнына және мәмілеге қатысушыларға, сондай-ақ олардың осы Кодексте немесе өзге де заңнамалық актілерде белгіленген негіздер бойынша ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған кезде мәміле жарамсыз деп танылады.
3. Мүдделі тұлғалар, тиісті мемлекеттік орган не прокурор мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қоюы мүмкін.
Көрсетілген мәмілені жасау нәтижесінде құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған немесе бұзылуы мүмкін тұлға мүдделі тұлға болып табылады.
Мәмілені жарамсыз деп тануға талап қою құқығы бар тұлғалардың тізбесі осы Кодексте және (немесе) өзге де заңнамалық актілерде белгіленеді.»;
24) мынадай мазмұндағы 157-1-баппен толықтырылсын:
«157-1-бап. Мәміленің жарамсыздығының салдарлары туралы жалпы ережелер
1. Маңызсыз мәміленің жарамсыздығы салдарларын қолдану туралы талапты мәміле тарапы не осы Кодекстің 157-бабының 3-тармағында белгіленген тұлғалар қоюға құқылы.
2. Жарамсыздығына байланысты және жасалған кезінен бастап жарамсыз болған мәмiлелерді қоспағанда, егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде өзгеше көзделмесе немесе мәмiленiң мәнiнен немесе мазмұнынан өзгеше туындамаса, жарамсыз мәмiле заңдық салдарларға алып келмейді.
3. Егер мәміле жарамсыздығының өзге де салдарлары осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделмесе, мәміле жарамсыз болған кезде тараптардың әрқайсысы - екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның барлығын қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмағанда (оның ішінде, алынғандар мүлікті пайдалану, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет түрінде болғанда) қайтарылуға жататын мүліктің құнын, мүлікті пайдаланудың, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің құнын ақшалай өтеуге міндетті.
4. Сот мәмiленiң жарамсыздығын тудырған әрекеттердi жасауға кiнәлi тараптан екiншi тараптың пайдасына мәмiленi жарамсыз деп тануға байланысты оған келтірілген залалды өндiрiп алуы мүмкiн.
5. Егер мәмiле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталса, оның құқыққа қайшылығы сот үкімімен (қаулысымен) белгіленсе, онда екi тараптың да теріс пиғылы болған кезде олардың мәмiле бойынша алғандарының немесе алуға арналғандардың барлығы соттың шешiмi немесе үкiмi бойынша тәркiленуге жатады. Мұндай мәмiленi бiр тарап орындаған жағдайда оның екiншi тараптан алғандарының барлығы және одан мәмiле бойынша бiрiншi тарапқа тиесiлiнiң барлығы тәркiленуге жатады. Егер тараптардың бір де біреуі орындауға кiрiспеген болса, мәмiледе орындалуы көзделгеннiң барлығы тәркiленуге жатады.
6. Қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған теріс пиғыл тараптардың бiрiнде ғана болған, оның құқыққа қайшылығы сот үкімімен (қаулысымен) белгіленген жағдайда, оның мәмiле бойынша алғандарының барлығы екiншi тарапқа қайтарылуға жатады, ал соңғысының алғаны не оған мәмiле бойынша тиесiлiсi тәркiленуге жатады.
7. Нақты мән-жайларды ескере отырып, сот осы баптың 5 және 6-тармақтарында көзделген салдарларды, жарамсыз мәмiле бойынша алынған не алынуға тиiс мүлiктi тәркiлеу бөлiгiнде iшiнара не толық қолданбауға құқылы. Бұл бөлiкте осы баптың 3-тармағында көзделген салдарлар басталады.
8. Сот мәмiленi жарамсыз деп тани отырып, нақты мән-жайларды ескеріп, оны одан әрi орындауға тыйым салумен шектелуге құқылы.»;
25) 158-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«158-бап. Мазмұны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн мәмiленiң жарамсыздығы
1. Мазмұны заңнама талаптарына сәйкес келмейтін мәміле, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, дауланатын мәміле болып табылады және сот оны жарамсыз деп тануы мүмкін.
2. Қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған, оның құқыққа қайшылығы сот үкімімен (қаулысымен) белгіленген мәміле маңызсыз болады.
3. Қазақстан Республикасы заңнамасының, заңды тұлға жарғысының талаптарын не оның органдарының құзыретiн бұзатын мәмiленi әдейі жасасқан адам, егер мұндай талап пайдакүнемдiк уәждерден немесе жауаптылықтан жалтару ниетiнен туындаса, мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы емес.
4. Егер мәмiлеге қатысушылардың бiрi оны мiндеттемені орындаудан немесе үшiншi тұлға не мемлекет алдындағы жауаптылықтан жалтару ниетiмен жасасқан жағдайда, ал мәмiленiң басқа қатысушысы бұл ниет туралы бiлген болса немесе бiлуге тиiс болса, мүдделi тұлға (мемлекет) мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.»;
26) 159-баптың 1, 2, 3, 5 және 11-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қажеттi рұқсатты алмай не рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн жасалған мәмiле маңызсыз болады.
2. Жосықсыз бәсеке мақсатын көздейтiн немесе iскерлiк әдеп талаптарын бұзатын мәмiлені сот жарамсыз деп тануы мүмкін.
3. Осы Кодекстің 23-бабында көзделген мәмілелерден басқа, он төрт жасқа толмаған адам (жас бала) жасасқан мәміле маңызсыз болады.»;
«5. Есуастық немесе ақыл-есi кем болуы салдарынан әрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған адам жасасқан мәмiле маңызсыз болады. Кейiннен әрекет қабiлеттiлігi жоқ деп танылған азамат жасасқан мәмiле (осы Кодекстiң 26-бабы), егер мәмiленi жасау кезiнiң өзiнде-ақ бұл азаматтың психикасының бұзылуы жағдайында болғаны дәлелденсе, дауланатын мәміле болып табылады және оның қорғаншысының талап қоюы бойынша сот мәмiленi маңызсыз деп тануы мүмкiн.»;
«11. Заңды тұлғаның осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетiн етiп, не оның органының жарғылық құзыретiн бұза отырып жасасқан мәмiлесi, егер мәмiледегi басқа тараптың мұндай бұзушылықтар туралы бiлгенi немесе бiлуге тиiс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының) мүлiк иесiнiң талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.»;
27) 160-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Оған тиісті құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз, тек алдау үшін жасалған мәмілені (жалған мәмілені) сот мүдделі тұлғаның, тиісті мемлекеттік органның немесе прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп таниды.»;