9-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын.
8. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; №12, 87-құжат; 2017 жылғы 14 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы Заңы):
1) 46-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Корпоративтік дауға қатысатын тараптар әрбір нақты құжатты көрсетпестен, бір-бірінен және куәлардан іс үшін маңызы бар құжаттарды сұратуға құқылы.
Тараптар мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құжаттарды бір-бірінен және куәлардан сұрата алмайды.»;
2) 104-баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасындағы «157-бабының» деген сөздер «157-1-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 149-бапта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың саны бойынша талап қою арызының және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелері;»;
екінші бөліктегі «бірінші бөлігінде» деген сөздер «бірінші бөлігінің 2)-7) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 165-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) судья талап арызды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жауапкерге және үшінші тұлғаларға талап арыздың және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін жібереді не ұсынады, сондай-ақ дәлелдерді негіздейтін дәлелдемелерді қоса тіркеп, талап қоюшы мәлімдеген талаптарға жазбаша пікірді белгіленген мерзімде ұсынуды жауапкерге міндеттейді;»;
5) 166-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жауапкер талап қоюға қатысты дәлелдерді теріске шығаратын құжаттарды, сондай-ақ пікірдің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, талап қою арызына пікірді сотқа ұсынады. Судья үш жұмыс күні ішінде пікірдің және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін талап қоюшыға және іске қатысатын басқа да адамдарға жібереді не ұсынады.
2. Пікір талап қою арызының көшірмелерін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.»;
6) 173-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Сот талқылауы оны дайындау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.».
9. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №3-4, 35-құжат; №15-16, 109-құжат; №20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., №1, 180-құжат; №14, 274-құжат; 1997 ж., №12, 183-құжат; 1998 ж., №5-6, 50-құжат; №17-18, 224-құжат; 1999 ж., №20, 727-құжат; 2000 ж., №3-4, 63, 64-құжаттар; №22, 408-құжат; 2001 ж., №1, 1-құжат; №8, 52-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №18, 157-құжат; 2003 ж., №4, 25-құжат; №15, 139-құжат; 2004 ж., №5, 30-құжат; 2005 ж., №13, 53-құжат; №14, 55, 58-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №10, 52-құжат; №15, 95-құжат; №23, 141-құжат; 2007 ж., №3, 20-құжат; 2008 ж., №12, 52-құжат; №23, 114-құжат; №24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., №24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; №5, 23-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №17, 136-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №20-IV, 113-құжат; №22-VI, 159-құжат; №23-I, 169-құжат; 2016 ж., №24, 124-құжат):
9-тармақтың 1) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 6-бап мынадай мазмұндағы он үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ осы Заңның 6-1-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда банктік шот ашуға арналған және жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына енбестен жүзеге асырған жағдайларды қоспағанда) өтініш электрондық нысанда «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес беріледі.».
2) 11-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік тіркеуден (қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда) бас тартудың осы бапта көзделген негіздері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға қолданылмайды.»;
3) 12-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтамада оның берілген күні, тiркеушi орган, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) күні, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері, басшылары және құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәлiметтер қамтылады. Егер жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңда тұлға өзінің қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда бұл туралы мәліметтер аталған анықтамада көрсетіледі.»;
4) 14-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарапы жеке тұлға болып табылатын шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (басқаға беру) шарты нотариаттық куәландырылуға жатады.»;
5) 16-1-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сот оған қатысты борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып оны тарату туралы шешім қабылданған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару соттың банкроттық рәсімді аяқтау туралы ұйғарымының заңды күшіне енуі негізінде жүзеге асырылады.».
10. «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №7, 49-құжат; №15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №14, 274-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №12, 183, 184-құжаттар; №13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., №5-6, 50-құжат; №17-18, 224-құжат; 2003 ж., №11, 56-құжат; №24, 178-құжат; 2007 ж., №4, 28-құжат; 2008 ж., №12, 52-құжат; №13-14, 56-құжат; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; №5, 23-құжат; 2011 ж., №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №14, 84-құжат):
1) 7-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, шаруашылық серiктестiгiнің қатысушысы серiктестiк мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) өз үлесін немесе оның бір бөлігін кепiлге салуға және (немесе) сатуға құқығы бар. Тарапы жеке тұлға болып табылатын шаруашылық серiктестiгiнің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иелiктен шығару (басқаға беру) шарты нотариаттық куәландырылуға жатады.»;
2) 11-бапта:
3-тармақтағы «жарамсыз болып табылады» деген сөздер «маңызсыз болып табылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «жарамсыз болып табылады» деген сөздер «маңызсыз болып табылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 16-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «жарамсыз болып табылады» деген сөздер «маңызсыз болып табылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 23-баптың 2-тармағындағы және 24-баптың 7-тармағындағы «жарамсыз болып табылады» деген сөздер «маңызсыз болып табылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 27-бапта:
3-тармақтағы «жарамсыз болып табылады» деген сөздер «маңызсыз болып табылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «жарамсыз» деген сөз «маңызсыз» деген сөзбен ауыстырылсын.
11.«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 184-құжат; №15, 281-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №5, 58-құжат; №13-14, 205-құжат; №22, 333-құжат; 1998 ж., №11-12, 176-құжат; №17-18, 224-құжат; 1999 ж., №20, 727-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №8, 52-құжат; №9, 86-құжат; 2002 ж., №17, 155-құжат; 2003 ж., №5, 31-құжат; №10, 51-құжат; №11, 56, 67-құжаттар; №15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; №15, 86-құжат; №16, 91-құжат; №23, 140-құжат; 2005 ж., №7-8, 24-құжат; №14, 55, 58-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №11, 55-құжат; №16, 99-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; №20, 88-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 16, 18, 21-құжаттар; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; №17-18, 111-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №12, 111-құжат; №13, 116-құжат; №14, 117-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №13, 91-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №6, 27-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №13, 68-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-II, 130-құжат; №21-III, 137-құжат; №22-I, 140, 143-құжаттар; №22-III, 149-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-II, 55-құжат; №8-I, 65-құжат; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №24, 126-құжат):
1) 2-баптың 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) банк холдингі - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан астам пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе:
банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға немесе бақылау жасауға мүмкіндігі бар заңды тұлға;»;
«6) банктің ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан астам пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе:
банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға;»;
2) 5-баптағы «Уәкiлеттi» деген сөз «Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, уәкiлеттi» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның жалғыз акционері болып табылады.
2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға:
1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін акциялар, сондай-ақ өз қызметін қаржыландыру үшін облигациялар шығаруға;
2) меншікті орналастырылған акциялары мен облигацияларын сатып алуға;
3) активтердің, оның ішінде заңды тұлғаларға қойылатын талап ету құқықтарының және оларды иелену туралы шешім қабылдау мақсатында оларға қойылатын өзге де талап ету құқықтарының сапасына бағалау жүргізуге;
4) банктердің күмәнді және үмітсіз активтерін және өзге де талап ету құқықтарын иеленуге, сондай-ақ оларды өткізуге;
5) күмәнді және үмітсіз активтері иелендірілген банктер және (немесе) өзге де заңды тұлғалар шығарған және орналастырған акциялардың және (немесе) облигациялардың, оның ішінде заңды тұлғаларға қойылатын талап ету құқықтарының сапасына бағалау жүргізуге;
6) заңды тұлғалардың, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктерден талап ету құқықтарын иеленген заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін иеленуге және оларды өткізуге;
7) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын иеленген банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды иеленуге, оларды сенімгерлік басқаруға беруге және (немесе) оларды өткізуге;
8) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктерден заңды тұлғаларға иеленген талап ету құқықтары бойынша алған мүлікті жалға беруге немесе осындай мүлікті өтеулі уақытша пайдаланудың өзге нысанын пайдалануға;
9) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым иеленген талап ету құқықтарын және басқа да күмәнді және үмітсіз активтерді секьюритилендіру бойынша операцияларды жүргізуге;
10) дербес, сондай-ақ банктермен бірлесіп күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйымды құруға (иеленуге);
11) бұрын банк болып табылған заңды тұлғалардан активтерді және талап ету құқықтарын иеленуге және оларды өткізуге құқылы.
Егер осы тармақшаның бірінші абзацында көзделген мәмілелердің нәтижесінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтерінің мөлшерінен он пайыз және одан да көп сомаға мүлік алған жағдайда, осындай мәміле жасасу туралы шешімді осы ұйымның акционері қабылдайды.
Егер осы тармақшаның бірінші абзацында көзделген мәмілелердің нәтижесінде кредитордың құқықтары (талаптары) ауысуы болған жағдайда қарыз алушының, кепіл берушінің, кепілдік етушінің және өзге де тұлғалардың келісімі мұндай ауысуға талап етілмейді. Бұл ретте жаңа кредитордың жеке басы борышкер үшін аса маңызы жоқ деп танылады;
12) ақшаны бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, сондай-ақ банк шоты мен банк салымы шарттарының талаптарымен екінші деңгейдегі банктерге, уәкілетті органға және осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарға орналастыруға;
13) төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерді, екінші деңгейдегі банктердің активтерін иеленетін ұйымдарды, талап ету құқықтарын банктерден екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым иеленген заңды тұлғаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
14) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға байланысты мәселелер бойынша ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін иеленуге;
15) Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген және бекіткен арнайы бағдарламалардың іске асырылуын жүзеге асыруға;
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның осы тармақта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктік қарыз шарттары бойынша өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша банктік қарыз операциясы жөніндегі кредитор (қарыз беруші) деп танылады және ол банктік қарыз шартында белгіленген барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады.
3. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға бюджеттен нысаналы аударымдар алуға құқығы бар.»;
4) 8-бапта:
4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шектеу басқа банкке бақылау жасауды:
осы Заңға сәйкес оған қатысты қайта құрылымдау жүргізілгенге;
осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырғанға байланысты иемденген банктерге қолданылмайды.»;
13-тармақтың 5) тармақшасындағы «егер осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі болып табылатын жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды не осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 11-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігі «банктерге» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған және оларға бақылау жасауды басқа банк сатып алған банктерге» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 15-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі «еншілес банктерге» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған еншілес банктерге» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 17-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «холдингті» деген сөзден кейін «, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарын» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 17-1-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің екінші сөйлемі «холдингке» деген сөзден кейін «, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарына,» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер өтініш беруші осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің ірі қатысушысы мәртебесін алушы банк немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылған жағдайда өтініш берушінің басқару органының банк акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесі ұсынылады;»;
9) 29-баптың 16-тармағындағы «егер қайта ұйымдастырылатын банктердің бірі өзіне қатысты осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылса,» деген сөздер алып тасталсын;
10) 30-баптың 7-тармағындағы «, сондай-ақ осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдар» деген сөздер алып тасталсын;
11) 37-бап «еншілес ұйымдарының,» деген сөзден кейін «осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдардың,» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 60-1-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«60-1-бап. Банктерді ерікті түрде қайта ұйымдастыру ерекшеліктері»;
1-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «Егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылса, банкті» деген сөздер «Банкті» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 61-2-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бас банк пен еншілес банк арасындағы активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операция осы Заңның 61-4-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы бапқа сәйкес жүргізіледі.»;
14) 61-4-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«61-4-бап. «Бас банк пен еншілес банк арасында активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу ерекшеліктері»;
8-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйым болып табылмайды және осы баптың 9-тармағында көзделген тәртіппен банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы.»;
9-тармақтың 3) тармақшасындағы «дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Осы баптың 1, 3, 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері осы бапта көзделген операцияны бұрын жүзеге асырған еншілес банктен активтерді және міндеттемелерді бір мезгілде бас банкке беру жөніндегі операцияларға қолданылады.».
12. «Өндірістік кооператив туралы» 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №14, 274-құжат; 1997 ж., №12, 183-құжат; №13-14, 205-құжат; 2001 ж., №17-18, 242-құжат; 2003 ж., №24, 178-құжат; 2004 ж., №5, 30-құжат; 2006 ж., №8, 45-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №20, 153-құжат; 2008 ж., №12, 52-құжат; №13-14, 56-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; 2015 ж., №20-I, 110-құжат; №20-IV, 113-құжат):
1) 9-баптың 3-тармағындағы «күші жоқ» деген сөздер «маңызсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 15-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «атқарушы» деген сөз «атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «атқарушы органдарының» деген сөздер «атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 16-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «атқарушы органдарының» деген сөздер «атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «атқарушы органдарының» деген сөздер «атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 17-баптың 1-тармағының бірінші және үшінші сөйлемдеріндегі «атқарушы органдарының» деген сөздер «атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 18-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кооперативтің басқармасы немесе төрағасы кооперативтiң атқарушы органы болып табылады.»;
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақтағы «, байқаушы кеңестiң бақылауында болады және кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысына есеп бередi» деген сөздер «және байқаушы кеңес пен кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысына есеп бередi» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 19-баптың 1-тармағындағы «атқарушы органдарының» деген сөздер «атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 22-баптың 3-тармағындағы «жарамсыз» деген сөз «маңызсыз» деген сөзбен ауыстырылсын.
13. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №13-14, 205-құжат; 2000 ж., №18, 336-құжат; 2003 ж., №11, 67-құжат; 2005 ж., №23, 104-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28-құжат; №18, 143-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №13, 91-құжат; №20, 121-құжат; 2013 ж., №14, 72-құжат; 2014 ж., №11, 61-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №13, 68-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №24, 124-құжат):
9-1-баптың бірінші бөлігіндегі «61-4-бабының 3-тармағында» деген сөздер «5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабының 3 және 10-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №13-14, 206-құжат; 1998 ж., №22, 307-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; 2001 ж., №15-16, 236-құжат; №24, 338-құжат; 2003 ж., №10, 48-құжат; №12, 86-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №11, 55-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; 2009 ж., №8, 44-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №23, 100-құжат; 2010 ж., №17-18, 111-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; №21, 172-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №12, 84-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №14, 72-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №16, 79-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат):