23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-3) тармақшамен толықтырылсын:
«9-3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының талдау және әлеуметтік зерттеулерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрі айқындайтын тәртіппен халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулерінің бірыңғай дерекқорын жүргізуді қамтамасыз ету;».
25. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №10, 55-құжат; №21-22, 160-құжат; 2004 ж., №23, 140-құжат; 2005 ж., №14, 58-құжат; 2006 ж., №10, 52-құжат; №16, 99-құжат; 2007 ж., №4, 28, 33-құжаттар; №9, 67-құжат; №20, 153-құжат; 2008 ж., №13-14, 56-құжат; №17-18, 72-құжат; №21, 97-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; №17, 81-құжат; №24, 133-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №2, 21-құжат; №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 11, 14-құжаттар; №4, 30-құжат; №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №15, 81-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №6, 27-құжат; №10, 52-құжат; №11, 63-құжат; №16, 90-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42, 45-құжаттар; №19-I, 101-құжат; №19-II, 102-құжат; №20-VII, 117-құжат; №22-II, 145-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат):
1) 18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жария компанияның жарияланған акциялар саны шегінде акцияларын орналастыру туралы шешім жария компания акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданады.»;
2) 23-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Дивидендтерді төлеу қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болған кезде жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылданған кезден бастап тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.
Акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу акционердің қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне өзі туралы қажетті мәліметтердің енгізілгенін растайтын құжатпен бірге қоғамға өтініш жасаған кезден бастап тоқсан күн ішінде жүзеге асырылуға тиіс.»;
3) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу қоғам органының шешімін талап етпейді.
Артықшылықты бір акцияға дивидендтер төлеу кезеңділігі және дивидендтің мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді.
Дивидендтерді төлеу қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болған кезде дивидендтерді алу құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күннен бастап тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.
Акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу акционердің қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне өзі туралы қажетті мәліметтердің енгізілгенін растайтын құжатпен бірге қоғамға өтініш жасаған кезден бастап тоқсан күн ішінде жүзеге асырылуға тиіс.
Артықшылықты акциялар бойынша есептелетін дивидендтердің мөлшері жай акциялар бойынша осы кезең үшін есептелетін дивидендтердің мөлшерінен аз болмауға тиіс.
Дивидендтер алу құқығы бар және қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде жаңартылған деректемелері бар акционерлерге артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер толық төленбейінше жай акциялары бойынша дивидендтер төленбейді.»;
4) 25-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының жиырма пайызынан астамын иеленген заңды тұлға акцияларды иеленген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы қоғамның өзіне тиесілі акциялары туралы мәліметтерді акционерлік қоғамның жарғысында айқындалған бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға міндетті.»;
5) 36-баптың 1-тармағының 17-1) тармақшасындағы «акционерлік қоғамның жасасуын мақұлдау» деген сөздер «қоғамның жасасуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 53-баптың 2-тармағының 3) және 19) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жарияланған акциялар саны шегiнде акцияларды орналастыру (өткiзу) туралы, оның iшiнде орналастырылатын (өткiзiлетiн) акциялар саны, оларды орналастыру (өткiзу) тәсiлi мен бағасы туралы шешiм қабылдау;»;
«19) осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына сәйкес жасалуы туралы шешім қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданатын ірі мәмілелерді қоспағанда, ірі мәмілелер және жасалуына қоғам мүдделі мәмілелер жасасу туралы шешімдер қабылдау;»;
7) 53-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аса маңызды мәселелерді қарау және директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлеу үшін қоғамда директорлар кеңесінің комитеттері құрылуға тиіс.»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Директорлар кеңесінің жеке комитеті қарайтын ішкі аудит мәселелерін қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған мәселелерді қарау директорлар кеңесінің бір немесе бірнеше комитетінің құзыретіне жатқызылуы мүмкін.»;
8) 63-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 5-1-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде:
егер мәміле жасасу туралы шешім қабылдау кезінде осы мүліктің құны «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған оның нарықтық құнына анық мөлшерлес болмауы дәлелденсе;
қоғамның акционерлерін оның лауазымды адамы (адамдары) өзі (өздері) не үлестес тұлғалары пайда (кіріс) алуы мақсатында қасақана шатастырғаны фактісін сот анықтаса, қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде немесе қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызына иелік ететін (жинақтап алғанда иелік ететін) акционер (акционерлер) өз атынан қоғам мүддесінде жасалуында мүдделілік болған мәмілені қоғамның жасасуы нәтижесінде және құны қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті қоғамның иеленуі немесе иеліктен шығаруы нәтижесінде қоғамда туындаған зиян үшін лауазымды адамды жауаптылыққа тарту туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.»;
«5-1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері осы баптың 1-1-тармағында көзделген мәмілені жасасу нәтижесінде туындаған, қоғамға зиян келтірілген жағдайларға қолданылады.»;
9) 69-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «бағалы қағаздар» деген сөздерден кейін «және (немесе) бұрын банк болып табылған заңды тұлғаның активтері және (немесе) талап ету құқықтары» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 70-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына сәйкес жасалуы туралы шешім қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданатын мәмілелерді қоспағанда, қоғамның iрi мәмiлелерді жасасуы туралы шешiмдi директорлар кеңесi қабылдайды.
Кредиторларға, жұртшылық пен акционерлерге ақпарат беру мақсатында қоғамның iрi мәмiле жасасуы туралы шешiм қабылданғаннан кейiн үш жұмыс күні iшiнде қоғам мәмiле туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялауға мiндеттi.»;
11) 74-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде:
егер мәміле жасасу туралы шешім қабылдау кезінде иеленген немесе иеліктен шығарылған мүліктің құны «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған оның нарықтық құнына анық мөлшерлес болмауы дәлелденсе;
қоғамның акционерлерін оның лауазымды адамы (адамдары) өзі (өздері) не үлестес тұлғалары пайда (кіріс) алуы мақсатында қасақана шатастырғаны фактісін сот анықтаса, жасалуында мүдделілік болған, нәтижесінде құны қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті қоғам иеленген немесе иеліктен шығарған және жасасу нәтижесінде қоғамға зиян келтірілген мәміле акцияларының бес немесе одан көп пайызын иеленетін (жинақтап алғанда иелік ететін) акционердің (акционерлердің) талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.»;
4-тармақ «Осы тараудың» деген сөздерден кейін «70 және 73-баптарының» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 79-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қоғамның ipi мәмілелерді және бір мезгілде мынадай талаптарға жауап беретін: жасалуында қоғамның мүдделілігі болған табылатын және қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің он және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті иеленуге немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелерді жасасуы туралы ақпаратты жеткізуге міндетті.
Нәтижесінде қоғам активтері мөлшерінің он және одан да көп пайызы сомасына мүлік иеленетін не иеліктен шығарылатын мәмілені жасасу туралы ақпарат мәміленің тараптары, иеленетін немесе иеліктен шығарылатын активтер, мәміленің мерзімдері мен талаптары, тартылған адамдардың қатысу үлестерінің сипаты мен көлемі туралы мәліметтерді, сондай-ақ, бар болған жағдайда мәміле туралы өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс;»;
13) 83-бапта:
5-тармақтың екінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олардың біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтағы «Егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі өзіне қатысты «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылатын болса, банктерді» деген сөздер «Банктерді» деген сөзбен ауыстырылсын.
26. «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №12, 84-құжат; 2009 ж., №24, 134 құжат; 2012 ж., №13, 91-құжат; 2014 ж., №14, 84-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат):
8-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.».
27. «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №12, 89-құжат; 2006 ж., №8, 45-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., №13, 91-құжат; 2014 ж., №14, 84-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат):
8-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгін міндетті сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.».
28. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №14, 119-құжат; 2004 ж., №16, 91-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №7-8, 24-құжат; №14, 58-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №10, 52-құжат; №11, 55-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28-құжат; №9, 67-құжат; №17, 141-құжат; 2008 ж., №15-16, 64-құжат; №17-18, 72-құжат; №20, 88-құжат; №21, 97-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 16, 18-құжаттар; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; №17-18, 111-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №15, 125-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 14, 15-құжаттар; №10, 77-құжат; №13, 91-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №6, 27-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 117-құжат; №21-I, 128-құжат; №22-III, 149-құжат; №22-VI, 159-құжат; №23-I, 169-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №24, 126-құжат):
1) 36-баптың 11-тармағындағы «, егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылса, олардың біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізуі кезінде банктердің» деген сөздер «банктерді біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізу кезінде олардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 37-баптың 1-тармағы:
«Заңының» деген сөзден кейін «5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы эмиссиялық бағалы қағаздардың ауыртпалығына байланысты операцияларға қатысты кепіл беруші мен кепіл ұстаушының бұйрықтарын беруге жол беріледі.
Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы эмиссиялық бағалы қағаздардың ауыртпалығына байланысты операцияларға қатысты кепіл беруші мен кепіл ұстаушының бұйрықтарын орындау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында және орталық депозитарийдің (тіркеушінің) ішкі құжаттарында айқындалады.»;
3) 37-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-1-бап. Банктерді біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде кепіл затын ауыстыру және акциялар бойынша құқықтар кепілін тіркеу
1. Банктерді біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде біріктірілетін банктің олар бойынша құқықтары кепіл заты болып табылатын акцияларына (кепіл беруші болып табылатын) акционердің меншік құқығы өзімен біріктіру жүзеге асырылатын банктің осы акцияларды сатып алуы негізі бойынша тоқтатылады.
2. Біріктіру нысанында қайта ұйымдастырылатын банктердің (кепіл беруші болып табылатын) акционерлеріне акциялар орналастырылған кезде, қайта ұйымдастырылатын банктердің акциялары бойынша құқықтар орналастырылатын акциялар бойынша құқықтарға ауыстырылады және кепіл құқығы қайта ұйымдастырылатын банктердің акциялары бойынша құқықтар кепілі оларды қамтамасыз ету болып табылатын қайта ұйымдастырылатын банктердің (кепіл берушілер болып табылатын) акционерлерінің тиісті міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін орналастырылатын акциялар бойынша құқықтарға қолданылады.
3. Қайта ұйымдастырылатын банктердің акцияларымен және қайта ұйымдастыру процесінде орналастырылатын акциялармен әрекеттер кепіл ұстаушының келісімінсіз жасалады.
4. Банктер біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде олардың акциялары бойынша құқықтар кепілін тіркеудің ерекшеліктері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.»;
4) 72-1-баптың 20-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Акциялары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен банк біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде сатып алынған немесе «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-2, 61-4-баптарында көзделген операция жүзеге асырылған кезде берілген банктің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуына уәкілетті органның келісімі бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері (номиналды ұстау) жүйесінде операция тіркелгеннен кейін берілді деп саналады.»;
5) 88-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда, тараптардың осы мәміле бойынша барлық алғандарын қайтаруына жол берілмейді.
Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәміленің жарамсыздығын туындатқан әрекеттерді жасаудағы кінәлі тарап залал шеккен мәміле тарапына немесе аталған мәмілені жасау нәтижесінде құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұлғаға залалды өтеуге міндетті.».
29. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №15, 132-құжат; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; №16, 91-құжат; 2005 ж., №14, 55-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №13, 85-құжат; №15, 95-құжат; 2007 ж., №4, 28-құжат; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; 2009 ж., №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., №11, 102-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №13, 91-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №15, 78-құжат; №21-I, 128-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат):
1-баптың 4) тармақшасындағы «, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген заңды тұлға» деген сөздер алып тасталсын.
30. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №15, 87-құжат; 2005 ж., №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №3, 20-құжат; №18, 143-құжат; №19, 149-құжат; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; 2009 ж., №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №13, 91-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45- құжат):
1) 5-баптың 1) тармақшасындағы «(1), 2) және 3)» деген сөздер «1), 2), 3) және 3-1)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 18-баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері;»;
3) 19-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) осы тармақшаның екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде кредиттік бюроға ақпарат беру туралы шартта айқындалған тәртіппен хабарлауға міндетті.
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2) және 3-1) тармақшаларында көрсетiлген ақпарат берушілер кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде кредиттік бюроға ақпарат беру туралы шартта айқындалған тәртіппен хабарлайды.».
4) 23-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «1), 2) және 4)» деген сөздер «1), 2), 3-1) және 4)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 24-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
«5-1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ұсынатын ақпараты ақпарат беру туралы шартта айқындалады және онда мынадай мәліметтер:
1) адамның ақпарат берушіден алған көрсетілетін қызметі бойынша берешегінің сомасы;
2) берешектің пайда болуы және оны өтеу күні;
3) ақпаратты беру күніне мерзімін өткізіп алу күндерінің саны;
4) өсімпұл сомасы (бар болған жағдайда);
5) көрсетілетін қызметтің түрі;
6) кредиттік тарих субъектісі - жеке тұлға туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі);
7) кредиттік тарих субъектісі - заңды тұлға туралы ақпарат (атауы, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі, бірінші басшылардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және олардың жеке сәйкестендіру нөмірлері);
8) тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
Осы тармақтың мақсаттары үшін берешек деп көрсетілетін қызметтерді алушылардың ақпаратты берушінің алдындағы мерзімі өткен берешегі түсініледі.
5-2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ұсынатын ақпараты ақпаратты беру туралы шартта айқындалады және онда мынадай мәліметтер:
1) адамның ақпарат берушіден алған көрсетілетін қызметі бойынша берешегінің сомасы;
2) берешектің пайда болуы және оны өтеу күні;
3) қамтамасыз ету ретіндегі және (немесе) берешектің болуына (бар болған жағдайда) байланысты ауыртпалығы бар мүлік туралы мәлімет;
4) тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.»;
6-тармақтағы «Осы бапта» деген сөздер «Осы баптың 1, 2 және 5-тармақтарында» деген сөздермен, «заңдарында» деген сөз «заңнамасында» деген сөзбен ауыстырылсын.
31. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №15, 88-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №23, 141-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №18, 143-құжат; №20, 152-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №14, 84-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №19-І, 100-құжат; №20-IV, 113-құжат; №23-II, 170-құжат; 2016 ж., №8-I, 65-құжат):
28-бап мынадай мазмұндағы 1-2 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқықтарын (талаптарын) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.»;
«3-2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.».
32-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
32. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., №3-4, 2-құжат; 2007 ж., №8, 52-құжат; 2009 ж., №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2012 ж., №13, 91-құжат; 2014 ж., №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №22-V, 152-құжат; №22-VI, 159-құжат):
1) 8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын сақтанушыны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеген жағдайда сақтандырушымен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасуға арналған өтінішті электронды түрде беруге;»;
2) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты жазбаша нысанда жасалады.
Сақтанушының өтiнiшi қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.
Сақтанушының осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес электронды түрде берген өтінішінде: