1) 13-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысы, осы Заңның 61-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, борышкердің мүлкінен төленеді, ұзарту мерзімін есепке алмағанда, банкроттық рәсімді өткізу кезеңінде тіркелген болып табылады.
Банкроттық рәсімді өткізу мерзімі ұзартылған жағдайда банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысы банкроттық рәсімінің аяқталуына дейін кредиторлар жиналысы шешімінің негізінде белгіленген негізгі сыйақы мөлшерінің елу пайызынан аспауға тиіс.
Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен және ең жоғары шектерін, сондай-ақ осындай сыйақыны төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының уәкілетті орган белгілеген шегінде төлеуге жататын мөлшерін кредиторлар жиналысы айқындайды.»;
2) 25-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның мақсаттары үшін:
1) кредиторлар жиналысын өткізу туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық хабарды уәкілетті органның интернет-ресурсында кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жариялау;
2) кредиторлар жиналысын өткізу туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық хабарды кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторға дербес қол қойдыра отырып табыс ету;
3) кредиторлар жиналысының өткізілетіні туралы хабарды пошта арқылы тапсырыс хатпен кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторға жіберу хабар беру тәсілдерінің бірі кредиторларды, сондай-ақ кредиторлар жиналысына қатысуға құқығы бар өзге де адамдарды тиісінше хабардар ету болып танылады.
Тұрақты немесе көбіне тұратын немесе орналасқан жері бойынша жеке хабардар ету үшін қажет мәліметтерді анықтау мүмкін болмаған кезде не мұндай хабардар ету мүмкін болмайтын өзге де мән-жайлар болған кезде кредиторлар жиналысының өткізілетіні туралы мәліметтерді осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіппен жариялау мұндай адамдарды тиісінше хабардар ету деп танылады.
Борышкерде интернет-ресурс бар болған кезде, аталған интернет-ресурста кредиторлар жиналысын өткізу туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық хабарды кредиторлардың жиналысы өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жариялау міндетті болып табылады.
Осы тармақтың күші оңалту рәсімі немесе банкроттық рәсімі кезінде кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізу туралы кредиторларды хабардар етуге қолданылмайды. Кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізу туралы хабарды кредиторларға жіберу тәртібі:
оңалту рәсімі кезінде - осы Заңның 72-бабының 6-тармағында;
банкроттық рәсімі кезінде - осы Заңның 91-бабының 1-тармағында айқындалады.
Кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама кредиторларға жіберілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әкімші уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарламаны қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органға жібереді.
Уәкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.»;
3) 26-баптың 2 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кредиторлар жиналысы, оған сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы бар кредиторлар дауысының жалпы санының елу пайызынан астамын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Қайта шақырылған кредиторлар жиналысы, кредиторлар жиналысының өткізілетін уақыты мен орны туралы кредиторлар тиісті түрде хабардар етілген жағдайда, оған кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы бар кредиторлар дауысының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда, заңды болып табылады.
Кредитор кредиторлар жиналысына дәлелсіз себеппен екі рет қатыспаса, мұндай кредитордың дауыс саны кредиторлар жиналысының заңдылығын айқындаған кезде есепке алынбайды.
Растайтын құжаты болған кезде:
1) кредитордың не оның уәкілетті өкілінің еңбекке уақытша жарамсыздығы;
2) кредитордың не оның уәкілетті өкілінің кредиторлар жиналысына қатысуына кедергі келтіретін төтенше жағдайдың туындауы;
3) кредиторлар жиналысының шешімі бойынша өзге де себеп дәлелді себеп ретінде танылады.»;
«5. Тәртібі осы Заңның 99-бабының 6-тармағында айқындалатын борышкердің мүлкін (активтерін) тікелей сату туралы шешімдер қабылданатын және оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін жағдайларды қоспағанда, кредиторлар жиналысының шешімдері сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, кредиторлар жиналысына қатысушы кредиторлардың дауыс санының көпшілік дауысымен қабылданады.
Кредитор дауыс беруден бас тартқан жағдайда, жиналыс шешім қабылдаған кезде кредиторлардың дауысын айқындау мақсатында кредитор кредиторлар жиналысына қатысушы деп саналмайды.
Әкімші кредиторлар шешімдер қабылдауы үшін әрбір кредитордың дауыс санын «талаптардың бір теңгесі - бір дауыс» қағидаты бойынша айқындайды.
Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, онда тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл), жіберіп алған пайда түріндегі шығындар, сондай-ақ өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар кредиторлар жиналысында дауыс санын айқындау мақсаттары үшін есепке алынбайды.
Кредиторлар жиналысында дауыс санын айқындау мақсаттары үшін кредиторлардың тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), жіберіп алған пайда түріндегі шығындар, сондай-ақ өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар түріндегі талаптары:
1) кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы бар кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандырған;
2) сот шешімі бойынша тек қана тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл), жіберіп алған пайда түріндегі шығындар, өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар түріндегі талаптарының ішінен кредиторлардың талаптар тізілімін қалыптастырған жағдайларда есепке алынады.
Кредитор талаптарының қанағаттандырылуына қарай оның дауыс саны қанағаттандырылған талаптар сомасына азаяды.
Оңалту жоспарын келісу мәселесі немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралған кезде дауыс беруге, осындай кредиторлармен бір кезек құрамында және (немесе) кейінгі кезектер құрамында талаптары қанағаттандырылуға жататын кредиторларды қоса алғанда, осы жоспармен немесе оған енгізілетін өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен мүдделері қозғалған кредиторлар қатысады.
Кредиторлар жиналысының оңалту жоспарын немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келісу туралы шешімі өздерінің талаптары осындай кредиторлармен бір кезек құрамында және (немесе) кейінгі кезектер құрамында қанағаттандырылуға жататын кредиторларды қоса алғанда, оңалту жоспарымен немесе оған енгізілетін өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен мүдделері қозғалған кредиторлар дауыстары санының көпшілік дауысымен қабылданады.
Кредитордың кредиторлар жиналысына келмеуінің себебін дәлелді себеп ретінде тану туралы кредиторлар жиналысының шешімі мұндай кредитордың дауысы есепке алынбай қабылданады.»;
4) 61-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көзделген әкімшілік шығыстарды сотқа жүгінген өтініш беруші сот:
1) банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым;
2) борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарған жағдайларда төлейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, сотқа екі және одан да көп кредитор жүгінген кезде әкімшілік шығыстар осындай кредиторлар арасында олардың талаптарына орай пропорционалды түрде бөлiнедi.»;
5) 72-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптары кредиторлар талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабар жарияланған кезден бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей мәлімденуге тиіс.
Кредиторлардың талаптарында:
1) талаптың сомасы туралы (негізгі борыштың, сыйақының (мүддесінің), тұрақсыздық айыбының сомасы және өзге де айыппұл санкциялары, залалдар туралы жеке-жеке) мәліметтер;
2) осы Заңның 25-бабының 1-тармағында көзделген, кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама тәсілдерінің бірін көрсету қамтылуға тиіс.
Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары бір мезгілде ұсыныла отырып, талаптың негізділігі мен сомасын растайтын құжаттардың (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышын мойындауы) көшірмелері талапқа қоса беріледі.
Кредиторлар талаптың негізділігі мен сомасын растайтын өзге құжаттарды да ұсынуға құқылы.
Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары соттың оңалту рәсімін енгізу туралы шешімі қабылданған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен ескеріледі.»;
6) 75-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) кредитордың кредиторлар жиналысына қатыспауының себебін дәлелді себеп ретінде тану туралы шешім қабылдау;»;
7) 89-баптың 2-тармағында:
10) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) осы Заңның 11-бабының 5-тармағында белгіленген адамдарды анықтауға және оларды субсидиарлық жауапкершілікке тарту туралы талап арызбен сотқа жүгінуге;»;
«17) банкроттықты басқарушы шеттетілген (босатылған) жағдайда жаңадан тағайындалған банкроттықты басқарушыға шеттету (босату) туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, банкротқа тиесілі мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды, сондай-ақ банкроттың банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты беруге;»;
мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-1) банкроттық рәсімі тағайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде кредиторлар комитетімен оны жүргізу туралы шарт жасасуға;
17-2) тағайындалған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде банкроттық рәсімінің әкімшілік шығыстарының сметасын жасауға;»;
8) 90-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей олар банкротқа қоятын талаптарын мәлімдеуге тиіс.
Кредиторлардың талаптарында:
1) талаптың сомасы туралы (негізгі борыштың, сыйақының (мүддесінің), тұрақсыздық айыбының сомасы және өзге де айыппұл санкциялары, залалдары туралы жеке-жеке) мәліметтер;
2) осы Заңның 25-бабының 1-тармағында көзделген, кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама тәсілдерінің бірін көрсету қамтылуға тиіс.
Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары бір мезгілде ұсыныла отырып, талаптың негізділігі мен сомасын растайтын құжаттардың (күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышын мойындауы) көшірмелері талапқа қоса беріледі.»;
9) 93-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кредиторлардың алғашқы жиналысын уақытша басқарушы борышкер банкрот деп танылған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кеш болмайтын мерзімде өткізеді.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) уақытша басқарушыға уәкілетті орган белгілеген шекте төленуге тиіс негізгі сыйақы мөлшері айқындалады;»;
3-тармақта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) банкроттықты басқарушыға уәкілетті орган белгілеген шекте төленуге тиіс негізгі сыйақы мөлшерін айқындау;»
мынадай мазмұндағы 14-6) тармақшамен толықтырылсын:
«14-6) кредитордың кредиторлар жиналысына қатыспауының себебін дәлелді себеп ретінде тану туралы шешім қабылдау;».
42. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №9, 51-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №8, 45-құжат; №9, 46-құжат; №11, 57-құжат; №16, 79-құжат; №19-II, 103-құжат; №20-IV, 113-құжат; №21-I, 128-құжат; №21-III, 135-құжат; №22-II, 144, 145-құжаттар; №22-V, 156, 158-құжаттар; №22-VI, 159-құжат; №23-I, 169-құжат; 2016 ж., №1, 2, 4-құжаттар; №6, 45-құжат; №7-I, 50-құжат; №7-II, 53-құжат; №8-I, 62-құжат; №8-II, 68-құжат; №12, 87-құжат; 2017 жылғы 14 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
2-қосымшадағы 158-жол алып тасталсын.
43. «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №21-I, 120-құжат):
1-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
«Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының» деген сөздер «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Орталық сайлау комиссиясының,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің,» деген сөздермен толықтырылсын.
44. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №23-II, 171-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; №8-II, 72-құжат; №24, 126-құжат):
1-баптың 7) тармақшасындағы «көрсетілетін қызметтер қосылмайды.» деген сөздер «көрсетілетін қызметтер;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көзделген операцияларды жүргізу кезінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер қосылмайды.».
45. «Төрелік туралы» 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., №7-II, 54-құжат):
9-баптың 5-тармағы алып тасталсын.
46. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., №23, 118-құжат):
1) 1-баптың 19-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
2) 2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заң, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 19-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
2-бап. Осы Заң:
1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларын;
2) 2017 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 17), 18) және 19) тармақшаларын;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 22-тармағын және 34-тармағының 3) тармақшасын;
4) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 9-тармағының 1) тармақшасын, 32-тармағын және 36-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацы, 5) тармақшасының жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтары, 7) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары, 12) және 15) тармақшалары 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 3) тармақшасы, 4) тармақшасының екінші абзацы, 5) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтары, 6), 11), 13) және 14) тармақшалары 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы ақпанның 27-і.
№ 49-VI