1) еңбекақының жылдық қорының болжанатын мөлшері және жұмыскерлердің жалпы саны;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібіне сәйкес экономикалық қызмет түрі мен кәсіптік тәуекел сыныбы қамтылуға тиіс.
Электрондық өтініш беру жолымен жасалған қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартына сақтанушы мен сақтандырушының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қойылады.
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық еместiгi үшiн жауапкершiлiктi сақтандырушы өз мойнына алады. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық еместiгi салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi.»;
3) 17-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтанушы қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасу мақсатында осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес өтініш берген жағдайда, еңбекақының жылдық қоры сақтанушының өтінішінде көрсетілген деректерге негізделе отырып айқындалады.».
33. «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., №4, 23-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №13, 91-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 117-құжат; №22-VI, 159-құжат):
1) 6-5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жобалық қаржыландыру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 346-бабында белгіленген талаптар сақтала отырып, жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Талап ету құқықтарын басқаға беру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.»;
2) 9-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.».
34. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №18, 142-құжат; 2008 ж., №23, 114-құжат; №24, 126-құжат; 2009 ж., №2-3, 16-құжат; №8, 41-құжат; №19, 88-құжат; 2010 ж., №7, 28-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №15, 118-құжат; №16, 129-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №14, 95-құжат; №20, 121-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №5-6, 30-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №16, 79-құжат; №20-IV, 113-құжат; №22-II, 145-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат):
1) 5-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кемінде бір жыл мерзімге пайдалану құқығы, соның ішінде жалға беру, өтеусіз пайдалану, сервитуттар, өмір бойы қарауында ұстау құқығы, рента;»;
2) 7-баптың 7-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде және құқық белгілейтін құжатта қамтылатын мәліметтерде алшақтық болған жағдайда, тіркеу ісінде тіркелген құқық белгілейтін құжатқа басымдық беріледі.»;
34-тармақтың 3) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді
3) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау
1. Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу және ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеудің қажетті шарты болып табылады.
2. Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу және ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.
3. Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылмайды.
Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін Мемлекеттік корпорация құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде есепке алынуға жататын, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің негізінде енгізеді.
Құқық белгілейтін құжатта қамтылған сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің нақты деректерінен алшақтығын анықтау мақсатында құқық иеленуші Мемлекеттік корпорацияға мұндай алшақтықтарды анықтау мақсатында өтініш беруге құқылы, оның нәтижесі бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды ресімделеді.
Мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау, сондай-ақ ғимараттарға, құрылыстарға және (немесе) олардың құрамдастарына кадастрлық нөмір беру ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жарақтандыру нәтижесінде олардың техникалық және (немесе) сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген кезде, мұндай сипаттамалардың өзгеруі техникалық паспортта зерттеп-қарау жүргізбестен көрсетілуі мүмкін болатын, оның ішінде кадастрлық нөмірдің, мекенжайдың, мекенжайдың тіркеу кодының (бар болған жағдайда) өзгерген кездегі жағдайларды қоспағанда, жүргізіледі.
Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша техникалық паспорт ресімделеді, онда анықталған өзгерістер көрсетіледі.
4. Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу тәртібі мен мерзімін, бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беру тәртібін, сондай-ақ құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу үшін міндетті мәліметтердің нысандарын, техникалық паспорттың нысанын уәкілетті орган айқындайды.
5. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.»;
4) 31-баптың 1-1-тармағы бірінші бөлігінің 10) тармақшасындағы «құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шартта» деген сөздер «құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы талапты қамтитын шартта» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 46-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «борышкердің, оның ішінде кепіл беруші болып табылатын борышкердің» деген сөздер «кепіл берушінің, оның ішінде борышкер болып табылатын кепіл берушінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
35. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №23, 113-құжат; 2009 ж., №13-14, 63-құжат; №18, 84-құжат; №23, 100-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №11, 58-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 101-құжат; №22, 132-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; №14, 117-құжат; №15, 120-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 11, 14-құжаттар; №6, 43-құжат; №11, 80-құжат; №14, 94-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №11, 63-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №23-I, 169-құжат; 2016 ж., №22, 116-құжат):
1) 61-баптың екінші абзацындағы «дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі» деген сөздер «жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 62-баптың төртінші абзацындағы «дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі» деген сөздер «жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 65-баптың бірінші абзацындағы «дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі» деген сөздер «жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«66-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексi (Салық кодексi) мынадай мазмұндағы 135-2-баппен толықтырылсын:
«135-2-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйымға салық салу
1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйымның кірістері, мұндай кірістер мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған жағдайда салық салудан босатылуға жатады:
1) екінші деңгейдегі банктерден активтерді сатып алу және оларды өткізу;
2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйымның екінші деңгейдегі банктерден оларға қойылатын талап ету құқықтарын сатып алған заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акцияларды және (немесе) қатысу үлестерін иелену және өткізу;
3) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым активтер бойынша талап ету құқықтарын сатып алған екінші деңгейдегі банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды иелену және өткізу;
4) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым екінші деңгейдегі банктерден сатып алған, заңды тұлғаларға талап ету құқықтары бойынша алынған мүлікті мүліктік жалға беру немесе уақытша өтеулі пайдаланудың өзге нысанында пайдалану;
5) ақшаны бағалы қағаздарға орналастыру.
Бұл ретте алынуға жататын кірістерді осы тармақта көрсетілген кірістерге жатқызу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылатын кірістер бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын кірістер бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.
3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын кірістерді алған кезде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым шығыстарының шегерімге жатқызылатын сомасы мұндай ұйымның таңдауы бойынша пропорционалдық немесе бөлек әдіс бойынша айқындалады.
4. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерiмге жатқызылатын шығыстар сомасы пропорционалдық әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістердің үлес салмағы негiзге алына отырып, кірістердің жалпы сомасында айқындалады.
5. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым бөлек әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістерге жатқызылатын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын кірістерге жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.»;
5) 68-баптың екінші абзацындағы «дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі» деген сөздер «жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 70-баптың екінші, үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, есепке жатқызудың пропорционалдық әдiсiн пайдаланатын ұйымның:
мұндай банктен сатып алынған активтер бойынша талап ету құқықтары бойынша банктен алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);
кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым мұндай банктен сатып алынған активтер бойынша талап ету құқықтары бойынша банктен алған мүлікті (тауарды) сатып алумен, иеленумен және (немесе) өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдiсiн қолдануға құқығы бар.».
36-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
36. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., №19, 87-құжат; 2010 ж., №7, 32-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; 2012 ж., №10, 77-құжат; №13, 91-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №11, 61-құжат; №14, 84-құжат; №21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., №16, 79-құжат; №22-I, 140-құжат; 2016 ж., №7-ІІ, 55-құжат; №12, 87-құжат; №23, 118-құжат):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5), 11) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.»;
2) 13-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қаржы мониторингi субъектiлерi, осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда, жеке немесе заңды тұлғамен іскерлік қатынастарды орнатудан бас тартуға мiндеттi.
Қаржы мониторингi субъектiлерi осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда, жеке немесе заңды тұлғамен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргiзуден бас тартуға мiндеттi.
Қаржы мониторингi субъектiлерi клиенттің іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдалатыны туралы күдік болған жағдайда, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жүргізуді осы Заңға сәйкес тоқтата тұруға, сондай-ақ клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы.».
37. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №7, 27-құжат; №24, 145-құжат; 2011 ж., №1, 3-құжат; №5, 43-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №2, 10-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №6, 27-құжат; №10, 52-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; №24, 144-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №19-II, 106-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-I, 128-құжат; №21-III, 136-құжат; №22-I, 143-құжат; №22-VI, 159-құжат; №23-II, 170-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; №12, 87-құжат):
65-баптың 6-1-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банктердің біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген оларды біріктіру» деген сөздер «Біріктіру» деген сөзбен ауыстырылсын.
38. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №12, 60-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №2, 11, 14-құжаттар; №3, 21-құжат; №4, 30-құжат; №6, 46-құжат; №8, 64-құжат; №11, 80-құжат; №15, 97-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 75-құжат; №15, 81-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №11, 52, 57-құжаттар; №19-II, 102-құжат; №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., №2, 9-құжат; №6, 45-құжат; №7-II, 56-құжат; №8-II, 71, 72-құжаттар; №22, 116-құжат):
1) 36-баптың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беруге бағытталған, құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының осы баптың 2-тармағында көзделген рұқсаты болмай, сол сияқты рұқсаттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ осы баптың 6-тармағына сәйкес берілетін, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз жасалған мәмілелер мен өзге де әрекеттер маңызсыз болады.»;
2) 37-баптың жаңа 2-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқықтарын (талаптарын) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.»;
3) 41-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың ережелеріне қайшы келетін кепіл туралы шарттардың және өзге де келісімдердің талаптары маңызсыз болады.».
39. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., №5, 42-құжат; №15, 118-құжат; №16, 129-құжат; №17, 136-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 11, 16-құжаттар; №4, 30, 32-құжаттар; №5, 41-құжат; №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №14, 95-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №15, 82-құжат; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №2, 10, 12-құжаттар; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат; №14, 72-құжат; №19-I, 99-құжат; №19-ІІ, 103, 105-құжаттар; №20-IV, 113-құжат; №20-VIІ, 117-құжат; №21-І, 124-құжат; №21-ІІ, 130-құжат; №21-ІІІ, 135-құжат; №22-ІІ, 145, 148-құжаттар; №22-VІ, 159-құжат; №23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., №7-I, 47-құжат; №7-II, 56-құжат; №8-I, 62-құжат; №24, 124-құжат):
1) 71-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік мүлікті иеленуге және (немесе) пайдалануға беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Мемлекеттік мүлікті иеленуге және (немесе) пайдалануға беру туралы шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.»;
2) 101-баптың 8-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сауда-саттықты жарамсыз деп тану осындай сауда-саттықтың қорытындысы бойынша жасалған сатып алу-сату шартының маңызсыздығына алып келеді.»;
3) 134-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мемлекеттік жер кадастры үшін жерге орналастыру жұмыстарын, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы ақпараттық дерекқорды, экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын және Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларын, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерінің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу;»;
4) 195-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«195-бап. Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды иеліктен шығару және стратегиялық объектілерді сатып алудың басым құқығы туралы ережелерді бұзудың салдарлары
Стратегиялық объектілерге құқықтарды иеленушінің стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды иеліктен шығару және стратегиялық объектілерді сатып алудың басым құқығы туралы талаптарды бұза отырып жасаған мәмілесін сот ол жасалған кезден бастап жарамсыз деп тануы мүмкін.».
40. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №1, 4-құжат; №14, 92-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., №7-II, 56-құжат):
11-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:
«6-2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде ғарыш объектісіне құқықтарды өзгертуді (құқықтар ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу үшін мынадай құжаттар қоса береді:
1) өтініш;
2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқықтарын (талаптарын) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмелері;
3) ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасының талабы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген жағдайда ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде қолданылмайды.».
41. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., №4-5, 23-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №15, 78-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 117-құжат; №21-III, 136-құжат; №22-I, 143-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-II, 53, 55-құжаттар; №24, 124-құжат):