6-тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
6. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаға қатысты кредит (қарыз) бойынша борыш кешірілген жағдайда берешек бойынша міндеттемелердің мөлшерін азайту жатпайды.»;
5) 90-бапта:
2-тармақта:
6) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға;»;
6-тармақтың 5) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтары 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған, осы Кодекстiң 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар банк 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредитке (қарызға) және ол бойынша сыйақыға байланысты үмітсіз берешекті кешірген жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танылмайды.»;
6-тармақтың 5) тармақшасының жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтары 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы 2-3 және 2-4-тармақтармен толықтырылсын:
«2-3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған, осы Кодекстiң 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар банк өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаға берілген кредит (қарыз) бойынша борыш кешірілген жағдайда, бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасын провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танымайды.
2-4. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның кредит (қарыз) бойынша борышкерге қойылатын талап ету құқықтары басқаға берілген жағдайда, бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлға құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін кіріс деп танылмайды.»;
6-тармақтың 6) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
6) 91-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Борышкер нақты төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма мұндай талап ету құқығы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктен сатып алынған жағдайда, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.»;
7) 99-баптың 1-тармағында:
6-тармақтың 7) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
бірінші бөліктің 18) тармақшасындағы «кірістері алып тастауға жатады.» деген сөздер «кірістері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғадан активтерді сатып алу үшін ғана нысаналы аударым түрінде бюджеттен алған кірісі алып тастауға жатады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің жылдық жиынтық табысынан екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан кредиттер (қарыздар) бойынша осындай ұйым бұрын басқаға берген талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған талап ету құқығын беруден түсетін кірістер алып тасталады.»;
8) 106-баптың 1-1-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттiк портфельдерiнiң сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан сатып алынған активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын банктер шегерiмге жатқызуға құқылы емес.»;
9) 135-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«135-2-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға салық салу
1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның кірістері мұндай кірістер мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған жағдайда, салық салудан босатылуға жатады:
1) екінші деңгейдегі банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді, сондай-ақ өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғадан активтерді сатып алу және оларды өткізу;
2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның екінші деңгейдегі банктерден оларға қойылатын талап ету құқықтарын сатып алған заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акцияларды және (немесе) қатысу үлестерін иелену және өткізу;
3) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын сатып алған екінші деңгейдегі банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды иеленуі және өткізуі;
4) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның заңды тұлғаларға талап ету құқықтарын екінші деңгейдегі банктерден сатып алу бойынша алынған мүлікті мүліктік жалдау (жалға беру) немесе өтемін төлеп уақытша пайдаланудың өзге нысанында пайдалану;
5) ақшаны бағалы қағаздарға орналастыру.
Бұл ретте алынуға жататын кірістерді осы тармақта көрсетілген кірістерге жатқызу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылатын кірістер бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын кірістер бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.
3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын кірістерді алған кезде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым шығыстарының шегерімге жатқызылатын сомасы мұндай ұйымның таңдауы бойынша пропорционалды немесе бөлек әдіс бойынша айқындалады.
4. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерiмге жатқызылатын шығыстар сомасы пропорционалды әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістердің үлес салмағы негiзге алына отырып, кірістердің жалпы сомасында айқындалады.
5. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым бөлек әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістерге жатқызылатын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын кірістерге жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.»;
10) 143-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға кредит (қарыз) бойынша төлейтін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.»;
6-тармақтың 11) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
11) 155-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 29-4) тармақшамен толықтырылсын:
«29-4) осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы;»;
6-тармақтың 12) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
12) 156-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) және 46) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің акцияларын және (немесе) өзге де бағалы қағаздарын өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;»;
«46) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің акцияларын және (немесе) өзге де бағалы қағаздарын сатып алу кезінде жеке тұлға алған табыс;»;
6-тармақтың 13) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
13) 193-баптың 5-тармағының 18) тармақшасындағы «сомасы салық салынуға жатпайды.» деген сөздер «сомасы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы салық салынуға жатпайды.»;
6-тармақтың 14) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
14) 200-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы;»;
6-тармақтың 15) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
15) 248-бап мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:
«4-3) өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанға ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаның екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым өткізетін мүлікті;»;
16) 262-баптың 2-1-тармағының бірінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын, есепке жатқызудың пропорциялы әдiсiн пайдаланатын ұйымның:»;
«кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым мұндай банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктен алған мүлікті (тауарды) сатып алумен, иеленумен және (немесе) өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдiсiн қолдануға құқығы бар.»;
6-тармақтың 17) тармақшасы 2017 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
17) 568-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «келу тәртібімен» деген сөздер «келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасының, Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы қызмет атқарып жатқан бейрезиденттің бірінші басшысы, дара кәсіпкер орналасқан жері бойынша салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен береді.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.
Салық органы салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.»;
7-тармақ алып тасталсын;
6-тармақтың 18) тармақшасы 2017 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
18) 569-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 568-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайтын тұлғалар мынадай тәсілдердің бірімен:
1) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда беру арқылы;
2) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде резидент заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұруға құқылы.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:
дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардың;
мемлекеттік мекемелердің;
Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттердің;
резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің;
осы Кодекстің 411 және 420-баптарында көрсетілген қызметі бойынша тиісінше ойын бизнесі салығы және тіркелген салық салынатын тұлғалардың құқығы жоқ.
2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті жасай отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген күннен бастап;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қосылған құн салығының төлеушілері болып табылады.»;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;»;
6-тармақтың 19) тармақшасы 2017 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
19) 571-бапта:
4-тармақта:
7) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) егер заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) немесе дара кәсіпкер:
әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;
егер қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) кезден бастап алты ай өткен жағдайда, қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған);
1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-1, 216, 217 және 222-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;
2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216, 238, 240 және 245-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;
іздеу салынған жеке тұлға;
болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес не Қазақстан Республикасы аумағында болуға рұқсат етілген мерзімі аяқталған шетелдік жеке тұлға немесе азаматтығы жоқ адам;
жұмыс істемейтін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
жұмыс істемейтін заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылған;»;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) осы Кодекстің 579-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеуші жұмыс істемейді деп танылған жағдайларда салық төлеушіні хабардар етпестен жүргізіледі.»;
5-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық төлеушiнің орналасқан жері бойынша салық органы:
1) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы баптың 4-тармағының 1), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
Осы баптың 4-тармағы 8) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген жағдайларда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады;»;
6-тармақтың 1), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін - осы шешім шығарылған күннен бастап;»;
«3) осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күнінен бастап;
4) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы баптың 4-тармағының 8) тармақшасында белгіленген жағдайлар туындаған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.
Қосылған құн салығын төлеуші осы баптың 4-тармағы 8) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген жағдайларда салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп саналады.»;
20) 581-баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) осы Кодекстің 579-бабында белгіленген тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеушіге және осы банкте ашылған, салық органдары инкассолық өкімдер немесе салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарған банк шоты бар салық төлеушіге банк шоттарын (корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алуға арналған банк шоттарын қоспағанда) ашудан бас тартуға міндетті.
Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес банктердің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операциялардың шеңберінде берген банк шоттарының орнына бас банк банк шоттарын және қайта ұйымдастыру шеңберінде біріктірілген жағдайда банк берген банк шоттарының орнына құқықтық мирасқор банк ашатын банк шоттарын ашу кезінде қолданылмайды.»;
21) 611-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың сөзсіз орындауына жатады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады.».
7. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., №20-21, 89-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 32-құжат; №15, 71-құжат; №24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №2, 21-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №17, 136-құжат; №21, 161-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №3, 26-құжат; №4, 32-құжат; №8, 64-құжат; №12, 83-құжат; №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №5-6, 30-құжат; №7, 36-құжат; №9, 51-құжат; №12, 57-құжат; №13, 62-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №11, 65-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат; №7, 33-құжат; №10, 50-құжат; №19-II, 102-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №22-I, 143-құжат; №22-V, 156-құжат; №23-II, 170-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №8-II, 67, 70-құжаттар; №23, 119-құжат; 2017 жылғы 14 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы Заңы):
1) 1-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:
«51-1) жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы - жаңа объектілер салуға немесе бұрыннан барларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған ведомстводан тыс кешенді сараптама жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар), қала құрылысы жобаларының қала құрылысы кешенді сараптамасының құрамында жүргізілетін жобалар сараптамасының бөлігі;»;
51-1) және 51-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«51-2) жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер - диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурс қажет ететін және (немесе) бірегей әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін қызметтер;
51-3) жоспарлы медициналық көмек - шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмекті қажет етпейтін профилактикалық іс-шаралар, аурулар мен жай-күйлер кезіндегі медициналық көмек;»;
2) 7-1-баптың 1-тармағының 24) тармақшасы және 21-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
3) 62-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын қоспағанда, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары өз құзыреттері шегінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, кеден органдарының лауазымды адамдарының қаулылары немесе нұсқамалары мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.
Эпидемиялық маңызы бар объектілерді салу жобаларының, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған сарапшылар жүргізеді.
3. Жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы:
1) эпидемиялық маңызы бар объектілерді салуға арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптамалық ұйымдармен;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары бекітуге жататын қала құрылысы жобалары бойынша жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы баптың 3-тармағында көзделмеген жобалар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары жүргізеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер бөлігіндегі санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік ұйымдары жүргізеді.»;
5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жер учаскелерін бөлген кезде эпидемиялық маңызы бар объектілерді орналастыруға;»;