Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы № 533-II Заңы
(2018.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңын қараңыз (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдары
3-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру
4-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың мақсаттары
4-1-бап. Алып тасталды
5-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
5-1-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібi
5-2-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
5-3-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау
6-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезіндегі сақтандыру жағдайларының түрлерi
7-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерін белгілеу және шығындар нормативтерінің түрлері
8-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн белгiлеу және оны төлеудiң тәртібі
9-бап. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн белгiлеу және оны жүзеге асырудың тәртібі
10-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары
11-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi
12-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау
13-бап. Жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу туралы талап қою тәртібi
14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
15-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi
16-бап. Агенттiң құқықтары мен мiндеттерi
16-1-бап. Гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құқықтары мен міндеттерi
17-бап. Мiндеттi сақтандыру шарты
17-1-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
18-бап. Дауларды қараудың тәртібі
19-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен мәтіндегі «жергілікті атқарушы орган» деген сөздер «ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органын» деген сөздермен, «жергілікті атқарушы органның» деген сөздер «ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органының» деген сөздермен, «жергілікті атқарушы органға» деген сөздер «ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органына» деген сөздермен, «жергілікті атқарушы органы» деген сөздер «ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заң өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агент - жалғыз акционерi мемлекет болып табылатын, агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң құрамына кiретiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған акционерлiк қоғам;
2) 2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) егiстiң толық жойылуы - егiске қолайсыз табиғат құбылыстары әсерiнiң салдары, өнiмдi одан әрi өсiруге және жинауға жұмсалатын шығындар өнiм алудан түсетiн болжамды кiрiстен асып түсетiн жағдай;
4) егiстiң iшiнара жойылуы - егiске қолайсыз табиғат құбылыстары әсерiнiң салдары, бiр гектардан өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудегi бағалау кiрiсi немесе iс жүзіндегі кiрiс мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде белгiленген бiр гектарға жұмсалатын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiру шығындары нормативiнiң мөлшерiнен кем болатын жағдай;
5) қолайсыз табиғат құбылысы - нәтижесiнде өсiмдiк шаруашылығының өнiмi жойылған немесе бүлiнген табиғат құбылысы (ұзақ мерзiмдi - құрғақшылық, үсiп кету, жылудың жетiспеуi, топырақтың шамадан артық ылғалдануы, ауаның шамадан тыс ылғалдануы, су тасқыны, су тапшылығы, аңызақ; қысқа мерзiмдi - бұршақ соғу, нөсер жаңбыр, үсiк шалу, қатты жел, сел);
6) қолайсыз табиғат құбылысының фактісі бойынша зерттеп-қарау актісі (бұдан әрі - зерттеп-қарау актісі) - талаптары уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша осы Заңда көзделген, егістің ішінара немесе толық жойылуы мен қолайсыз табиғат (құбылысының) құбылыстарының әсері арасындағы себеп-салдарлық байланысты растайтын құжат;
7) өнiм алудан түсетiн болжамды кiрiс - өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен егiстiң жойылған алаңдарын айқындау әдiстемесiне сәйкес комиссия айқындайтын кiрiс;
8) өсiмдiк шаруашылығы - өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрумен шұғылданатын ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлердi - жеке және заңды тұлғаларды қамтитын ауыл шаруашылығы саласының өндiрiстер кешенi;
9) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты (бұдан әрi - мiндеттi сақтандыру шарты) - осы Заңда белгiленетiн талаптар бойынша сақтандырушы мен сақтанушының арасында жасалатын шарт;
10) өсiмдiк шаруашылығындағы өзара сақтандыру қоғамы (бұдан әрi - қоғам) - өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында өз мүшелерiнiң мүлiктiк мүдделерiн өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативiнiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға;
11) өсiмдiк шаруашылығының өнiмдерi - ауыл шаруашылығы дақылдарын (дәндi, майлы дақылдар, қант қызылшасы, мақта) өңдеу процесiнде алынған өнiм;
12) өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган - өсiмдiк шаруашылығын дамыту саласында мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік орган;
13) сақтандыру жағдайы - басталуына орай мiндеттi сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) сақтандыру омбудсманы - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
14) сақтандыру сомасы - мiндеттi сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
15) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн сақтанушы сақтандырушыға төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
16) сақтандыру төлемi - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
17) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе өзiнiң пайдасына шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға;
18) сақтанушы - өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын және сақтандырушымен мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан тұлға;
19) франшиза - сақтандырушыны белгiлi бiр мөлшерден аспайтын зиянды өтеуден босату;
20) шығындар нормативi - өсiмдiк шаруашылығының өнiм түрi өндiрiсiнiң бiр гектарына шаққанда жекелеген технологиялық процестер, жұмыс түрлерi және шығыстар баптары бойынша теңгемен көрсетiлген шығындар.
2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдары
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, «Сақтандыру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан, «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерде өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өсiру және өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн сақтау жөніндегі қызметке осы Заңның күшi қолданылмайды.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру
объектісi
Сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтанушының мөлшері өсті Заңға сәйкес белгіленетін залалдарын ішінара немесе толық өтеумен байланысты сақтанушының мүліктік мүдделері өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру объeктici болып табылады.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың мақсаттары
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың мақсаттары:
1) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушінің мүліктік мүдделерін осы Заңда көзделген жағдайларда, мөлшерде және тәртіппен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қолайсыз табиғат құбылыстарының зардаптарынан қорғауды қамтамасыз ету;
2) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге сақтандырылған егісті кепілге қою арқылы кредит беру үшін жағдай жасау;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) өсiмдiк шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың тиiмдiлiгiн арттыруға жәрдемдесу болып табылады.
4-1-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-тармақ толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердiң осы Заңда белгiленген мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттерiнiң орындалуына мемлекеттiк бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган:
1) өсімдік шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) өсімдік шаруашылығын дамыту үшін құқықтық және экономикалық жағдайларды жетілдіреді;
5) республикадағы және шетелдердегі өсімдік шаруашылығы саласындағы жай-күй ахуалын зерделейді;
6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттiң және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзімдерін белгілейді;
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) қойылған егіс алқаптарын айқындаудың әдістемесін әзірлейді және бекітеді.
11) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) қоғамдардың атауын және орналасқан жерiн көрсете отырып, оның тiзiлiмiн ұсынады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12-1), 12-2), 12-3), 12-4), 12-5) және 12-6) тармақшалармен толықтырылды
12-1) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының және сақтандыру төлемдерін ішінара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгі нысанын әзірлейді және бекітеді;
12-2) мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерiн өндiру үшiн егiстiк алқаптың бiр гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерiн әзірлейді және бекітеді;
12-3) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнетiн ақшаны пайдалану тәртiбiн және агент көрсететiн қызметтерге төленетiн ақының мөлшерiн әзірлейді және бекітеді;
12-4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ұсынуы бойынша қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың критерийлері мен сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
12-5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптарының көлемiн айқындау үшiн комиссия құруының және оның жұмысын ұйымдастыруының тәртiбiн және зерттеп-қарау актiсiнiң нысанын әзірлейді және бекітеді;
12-6) гидрометеорология қызметi органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасының үлгi нысанын әзірлейді және бекітеді;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 12-7) тармақшамен толықтырылды
12-7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:
1) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
3) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және осы Заңның талаптарын сақтамауы туралы істерді қарайды;
4) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұратады және алады;
5) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілерін міндетті сақтандыруды ұйымдастырады;
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы белгілеген нысан бойынша өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан және агенттен сұратады және алады;
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі тиісті аумақта егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілейді;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ағымдағы жылы сақтандырылуға тиіс өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің тізбесін ұсынады;
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) осы Заңның 9-бабына сәйкес комиссиялар құрады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру ұйымдарының қызметiне мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ұлттық Банк жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-1-бап өзгертілді
5-1-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібi
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:
1) агенттен өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылардың тиісті аумақтағы сақтандырылған өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері көрсетілген тізбесін сұратады;
2) 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкiмшiлiк жазалар қолданады.
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-2-баппен толықтырылды
5-2-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
1. Осы Заңда қамтылған ережелер қоғамдарға олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
Қоғам мүшелерінің мүліктік мүдделерін сақтандыру өзара сақтандыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қоғам мүшелері болып табылатын өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілер сақтандырушыда міндетті сақтандыруға жатпайды.
3. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыға басқалары алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасалуына бағытталған қызметке жол берілмейді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-3-баппен толықтырылды
5-3-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау
Қолайсыз табиғат құбылыстары және олардың салдары туралы ақпаратқа ие жергілікті атқарушы органдар, өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға және сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезіндегі сақтандыру жағдайларының түрлерi
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезіндегі сақтандыру жағдайларына зерттеу актiсiнде тiркелген қолайсыз табиғат құбылыстарының немесе олардың жиынтығының салдарынан сақтанушыда залалдардың туындауына әкеп соққан өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң жойылуы немесе бүлiнуi жатады.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерін белгілеу және шығындар нормативтерінің түрлері
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру сомасының мөлшері осы Заңда айқындалған міндетті сақтандыру ерекшеліктері ескеріле отырып жасалған шартта, сақтанушы өсімдік шаруашылығы өнімінің осы түрін өсіру жөнінде шығын жұмсаған барлық алқапқа көбейтіліп, бір гектарға жұмсалған шығындар нормативіне сәйкес өсімдік шаруашылығы өнімінің әрбір түрі бойынша жеке-жеке белгіленеді.
2. Сақтандыру сомасын есептеп шығару шығындар нормативінің мынадай түрлерінің бірі бойынша:
1) ғылыми негізделген агротехнология;
2) оңайлатылған агротехнология;
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) шығындардың үш түрі бойынша:
жанар-жағар май материалдары;
тұқым;
жалақы арқылы жүзеге асырылады.
8-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн белгiлеу және оны төлеудiң тәртібі
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң әрбiр түрi бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi мiндеттi сақтандыру шартымен белгiленедi, бiрақ ол осы Заңмен белгiленген сақтандыру тарифiнiң мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
Сақтандыру төлемдерiн мемлекеттік субсидиялау ескерiле отырып, мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрi бойынша сақтандыру сомасынан процентпен есептелген мынадай ең төмен және ең жоғары мөлшердегi сақтандыру тарифтерi белгiленсiн:
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1)-4) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) дәндi дақылдар (облыс топтары бойынша):
Рет № | Облыстардың атауы | Сақтандыру тарифі %-пен |
ең төменгі | ең жоғарғы |
1. | Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан | 1,78 | 3,48 |
2. | Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан | 3,17 | 5,83 |
3. | Ақтөбе, Батыс Қазақстан | 5,21 | 9,15 |
2) майлы дақылдар (бүкiл республика бойынша) ең төмен - 2,01%, ең жоғары - 3,44%;
3) қант қызылшасы (бүкiл республика бойынша) ең төмен - 5,76%, ең жоғары - 8,39%;
4) мақта (бүкiл республика бойынша) ең төмен - 0,92%, ең жоғары - 1,33%.
2. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеудi сақтанушы жүргiзедi және ол өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң сақтандырылған түрiнiң өзiндiк құнына жатқызылады.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру жөніндегі сақтандыру сыйлықақысын сақтанушы сақтандырушыға бiр мезгiлде немесе сақтандырушының келісімі бойынша мiндеттi сақтандыру шартында белгiленетiн тәртiп пен мерзiмдерде мерзiмiн ұзартып төлейдi.
Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын, оны мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген бiр мезгiлде төлеу шартымен төлемеген жағдайда, мiндеттi сақтандыру шарты жасалмады деп есептеледi.
Мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сыйлықақысын мерзiмiн ұзартып төлеу жағдайларында сақтандыру сыйлықақысының кезектi сомасын уақтылы төлемеген жағдайда сақтанушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде сақтандырушыға тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.