Қазақстан Республикасының
Заңы
«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-бапта:
1) тармақшадағы:
«бөлінетін» деген сөз «бөлінген» деген сөзбен ауыстырылсын;
«бюджет қаражатын» деген сөздер «қаражатты» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) егістің толық жойылуы - егіске қолайсыз табиғат құбылыстары әсерінің салдары, мұндай жағдайда өнімді одан әрі өсіруге және жинауға жұмсалатын шығындар өнім алудан түсетін болжамды кірістен асып түседі;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) өнім алудан түсетін болжамды кіріс - өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес комиссия айқындайтын кіріс;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қолайсыз табиғат құбылысы - салдарынан өсімдік шаруашылығының өнімі жойылған немесе бүлінген табиғат құбылысы (ұзақ мерзімді - құрғақшылық, үсіп кету, жылудың жетіспеуі, топырақтың шамадан артық ылғалдануы, ауаның шамадан тыс ылғалдануы, су тасқыны, аңызақ; қысқа мерзімді - бұршақ соғу, нөсер жаңбыр, үсік шалу, қатты жел, сел);»;
2) 3 және 4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру
объектісi
Сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтанушының мөлшері өсті Заңға сәйкес белгіленетін залалдарын ішінара немесе толық өтеумен байланысты сақтанушының мүліктік мүдделері өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру объeктici болып табылады.
4-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың
мақсаттары
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың мақсаттары:
1) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушінің мүліктік мүдделерін осы Заңда көзделген жағдайларда, мөлшерде және тәртіппен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қолайсыз табиғат құбылыстарының зардаптарынан қорғауды қамтамасыз ету;
2) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге сақтандырылған егісті кепілге қою арқылы кредит беру үшін жағдай жасау;
3) өсімдік шаруашылығын мемлекеттік қолдау бағдарламаларының тиімділігін арттыруға жәрдемдесу болып табылады.»;
3) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді;
2) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының және сақтандыру төлемдерін ішінара өтеудің тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгі нысанын бекітеді;
3) міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерін бекітеді;
4) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану тәртібін және агент көрсететін қызметтерге төленетін ақының мөлшерін бекітеді;
5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік органның ұсынуы бойынша қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың өлшемдері мен сипаттамаларын бекітеді;
6) ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған егістік алқаптар көлемін айқындау үшін комиссия құруының және оның жұмысын ұйымдастырудың тәртібін және қолайсыз табиғат құбылысы фактісі бойынша зерттеу актісінің нысанын бекітеді;
7) гидрометеорология қызметі органының және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қолайсыз табиғат құбылысы фактісін растайтын анықтамасының үлгі нысанын бекітеді.»;
4) 5-бапта:
2-тармақта:
8) тармақшадағы «сақтандыру нарығына қатысушылардан» деген сөздер «сақтанушыдан, сақтандырушыдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының және агенттің ұсыну нысаны мен мерзімдерін белгілейді;
10) «қойылған егіс алқаптарын айқындаудың әдістемесін әзірлейді және бекітеді.»;
3-тармақта:
2) тармақшадағы «сақтандыру нарығына қатысушылардан» деген сөздер «сақтанушыдан, сақтандырушыдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі тиісті аумақта егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілейді;
4) осы Заңның 9-бабына сәйкес комиссиялар құрады.»;
5) 5-1-бап мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Мемлекеттік бақылау өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасу нысанасына арналған жоспарлы тексеру жүргізу арқылы жылына бір рет жүзеге асырылады.
Жоспарлы тексеру жүргізу мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
Тексерілетін кәсіпкерлік субъектісіне тексеру тағайындау туралы актісін тапсыру сәті тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.»;
6) 7-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерін белгілеу және шығындар
нормативтерінің түрлері»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру сомасының мөлшері осы Заңда айқындалған міндетті сақтандыру ерекшеліктері ескеріле отырып жасалған шартта, сақтанушы өсімдік шаруашылығы өнімінің осы түрін өсіру жөнінде шығын жұмсаған барлық алқапқа көбейтіліп, бір гектарға жұмсалған шығындар нормативіне сәйкес өсімдік шаруашылығы өнімінің әрбір түрі бойынша жеке-жеке белгіленеді.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
2-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацындағы «шығындардың» деген сөз «ғылыми негізделген немесе оңайлатылған агротехнология шығындарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 8-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі «бір мезгілде немесе» деген сөздерден кейін «сақтандырушының келісімі бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 9-бапта:
2-тармақта:
екінші бөліктегі «органын» деген сөз «органы» деген сөзбен, «үш» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «өсімдік шаруашылығы саласындағы және жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың,» деген сөздер «өсімдік шаруашылығы және статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың,» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссия зерттеудің нәтижелері бойынша зерттеу жүргізілген күні, қолайсыз табиғат құбылысының әрбір фактісі немесе олардың жиынтығы және өсімдік шаруашылығы өнімінің түрі бойынша жеке-жеке тиісті зерттеу актісін (бұдан әрі - зерттеу актісі) үш дана етіп жасайды. Зерттеу актісіне барлық комиссия мүшелері қол қояды, содан кейін ол агенттің, сақтандырушының және сақтанушының өкілдеріне беріледі. Егер комиссия мүшелерінің бірі қабылданған шешіммен келіспесе және зерттеу актісіне қол қоймаса, ол комиссияға өзінің бас тартуының себептерін жазбаша түрде ұсынуға және оларды зерттеу актісіне қоса тіркеуге міндетті.
Егістер ішінара жойылған жағдайда, қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алқаптардан жиналған өнімнің көлемі өнімді жинау кезінде міндетті түрде бағалануға тиіс. Егістер толық жойылған жағдайда, залал көлемі табиғат құбылысы әсер еткен өнімнің осы түрін өндіру алқабына көбейтілген, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде белгіленген өсімдік шаруашылығы өнімінің түрін өндірудің бір гектарына жұмсалған шығындар нормативінің мөлшері ретінде белгіленеді.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егістер толық жойылған жағдайда сақтандырушы бағалау кірісін айқындауды жүргізбейді.»;
5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «бес» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақ алып тасталсын;
9) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру төлемі туралы өтінішке мынадай құжаттар:
міндетті сақтандыру шартының көшірмесі;
егістік жерлерді орналастыру картасының (схемасының) көшірмесі;
гидрометеорологиялық қызмет органы және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қолайсыз табиғат құбылысы фактісін растайтын анықтамасы, ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органына қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алқаптарды белгілеу жөнінде комиссия құру туралы өтінішті қабылдау туралы белгісі бар, сақтанушы өтінішінің көшірмесі;
тізбесі міндетті сақтандыру шартында белгіленетін, нақты кірістің алынғанын растайтын құжаттар, ал олар болмаған жағдайда бағалаушының (тәуелсіз сарапшының) егістер ішінара жойылған кезде кірісті бағалау жөніндегі есебі қоса тіркеледі.
Сақтандырушының сақтанушыдан басқа да құжаттарды қосымша талап етуіне жол берілмейді.»;
10) 12 және 13-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды
мемлекеттік қолдау
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау сақтандырушыларға қолайсыз табиғат құбылыстарының салдарынан туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерінің елу процентін өтеу және агент көрсететін қызметтерге ақы төлеу үшін өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Агент көрсететін қызметтерге ақы төлеуге көзделген қаражат өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган мен агент арасында жасалатын шартқа сәйкес агенттің екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотына аударылуы мүмкін.
2. Агентке өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен агент арасында жасалатын шарт негізінде өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде (бұдан әрі - Қазақстанның Ұлттық Банкі) ағымдағы шот ашылады.
Уақытша бос қаражат Қазақстанның Ұлттық Банкіндегі ағымдағы шоттан Қазақстанның Ұлттық Банкіндегі депозиттерге орналастырылуы мүмкін.
Қазақстанның Ұлттық Банкіндегі ағымдағы шоттың кіріс бөлігі өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган шарт негізінде беретін бюджет қаражатының және уақытша бос қаражатты депозиттерге орналастырудан түсетін кірістердің есебінен құралады.
Қазақстанның Ұлттық Банкіндегі ағымдағы шоттың шығыс бөлігі депозиттерге орналастыру сомаларын, сақтандырушыларға төленетін сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеуге жұмсалатын шығыстарды қамтиды.
Қаржы жылының аяғында Қазақстанның Ұлттық Банкіндегі ағымдағы шотта қалған қаражаттың қалдығы өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға және тиісінше бюджетке қайтаруға жатпайды.
13-бап. Жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу
туралы талап қою тәртібi
1. Агентке жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу туралы қойылатын талапты сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса тіркей отырып, жазбаша өтініш нысанында ұсынады.
2. Жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу туралы өтінішке мынадай құжаттар:
өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының нотариат куәландырған көшірмесі;
жүргізілген сақтандыру төлемін растайтын құжаттар (төлемдік тапсырма - түпнұсқа, сақтандырушының мөрімен расталған шығыс ордерінің телнұсқасы);
сот шешімі бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылған жағдайда соттың күшіне енген шешімінің көшірмесі;
егістер ішінара жойылған жағдайда сақтандырушы растаған бағалау кірісін бағалау туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелуге тиіс.
Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, аталған құжаттар сақтандырушыға ескертпелерді жою үшін қайтарылады. Бұл ретте сақтандырушыға жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу мерзімі құжаттарды қайта алған кезден бастап есептеледі, ол бірақ жеті жұмыс күнінен аспауға тиіс.
3. Сақтандырушы агентке көрінеу жалған мәліметтерді хабарлаған және (немесе) берген жағдайда агенттің сақтандырушыға жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеуден бас тартуға құқығы бар.
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындаудың дұрыстығы үшін жауапты болады.»;
11) 14-бапта:
1-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;
2-тармақта:
алтыншы абзацтағы «жасалған міндетті» деген сөздер «күшіне енген міндетті» деген сөздермен ауыстырылсын; «өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарты түпнұсқасының бір данасын қоса тіркей отырып,» деген сөздер алып тасталсын;
тоғызыншы абзацтағы «ақы төлеуге міндетті.» деген сөздер «ақы төлеуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын:
«жүргізілген сақтандыру төлемі мен оның мөлшеріне қатысты барлық сот шешімдері және (немесе) ұйғарымдары туралы агентке солар шығарылған күннен бастап үш күн мерзімде хабарлауға;
қолайсыз табиғат құбылысы туындаған кезде сақтанушының өтініші бойынша қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған алқаптарды айқындау жөнінде зерттеу жүргізу үшін ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы құрған комиссияның құрамына өз өкілін жіберуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Сақтандырушы ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу агротехнологиясын сақтау жөнінде талаптар қоюға құқылы емес.»;
12) 15-баптың 2-тармағында:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«дереу, бірақ сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соғуы мүмкін қолайсыз табиғат құбылысының болу фактісі туралы өзіне белгілі болғаннан бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сақтандырушыға бұл жөнінде қолжетімді тәсілмен (ауызша, жазбаша) хабарлауға міндетті.
Ауызша нысандағы хабарлама кейіннен (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша расталуға тиіс. Егер сақтанушының дәлелді себептермен аталған іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, ол мұны құжатпен растауға тиіс;»;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ауданның (қаланың} жергілікті атқарушы органына қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алқаптарды анықтау жөнінде комиссия құру туралы:
қысқа мерзімді табиғат құбылысы кезінде - ол басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
ұзақ мерзімді табиғат құбылысы кезінде - гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өз құзыреттеріне сәйкес осындай құбылыс фактісін растайтын анықтамасы болған жағдайда, оның егістерге әсері анықталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде өтініш беруге;»;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«әрбір жекелеген ауыспалы егіс жерлерінде өзінің мүліктік мүдделерін сақтандыруға;»;
13) 16-бапта:
2-тармақта:
төртінші абзац алып тасталсын;
бесінші абзацтағы «бір ай мерзімде» деген сөздер «жеті жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы «құқықтары мен» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтағы «тиісті шартта келісілген мерзімде» деген сөздер «осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
«16-1-бап. Гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе)
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның
құқықтары мен міндеттерi
1. Гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның даулы мәселелер туындаған жағдайда қолайсыз табиғат құбылысы фактісін растайтын анықтаманы дайындау кезінде қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшырауы болжанып отырған жерге барып, зерттеу жүргізуге құқығы бар.
2. Гидрометеорологиялық қызмет органы және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган қолайсыз табиғат құбылысының фактісін растайтын немесе растамайтын анықтаманы:
1) сақтанушыға - тегін, екі дана етіп, қысқа мерзімді құбылыс кезінде - күнтізбелік үш күн ішінде, ұзақ мерзімді құбылыс кезінде - күнтізбелік бес күн ішінде;
2) өзге де мүдделі тұлғаларға - белгіленген тәртіппен ресми жазбаша сұрау салу бойынша беруге міндетті.»;
15) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Міндетті сақтандыру шарты он екі ай мерзімге, кемінде екі дана етіп жазбаша нысанда жасалады.».
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің7-сі.
№ 179-III ҚРЗ