Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы 2004 жылғы 10
наурыздағы № 533-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2009.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен мәтіндегі «жергілікті атқарушы орган» деген сөздер «ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органын» деген сөздермен, «жергілікті атқарушы органның» деген сөздер «ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органының» деген сөздермен, «жергілікті атқарушы органға» деген сөздер «ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органына» деген сөздермен, «жергілікті атқарушы органы» деген сөздер «ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заң өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 1) тамақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) агент - өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау үшiн бөлінген қаражатты басқаруға арналған, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, мемлекет жүз процент қатысатын заңды тұлға;
2) бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) - бағалау қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3) тамақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) егістің толық жойылуы - егіске қолайсыз табиғат құбылыстары әсерінің салдары, мұндай жағдайда өнімді одан әрі өсіруге және жинауға жұмсалатын шығындар өнім алудан түсетін болжамды кірістен асып түседі;
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3) тамақшамен толықтырылды; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-1) өнім алудан түсетін болжамды кіріс - өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен егістің жойылған алқаптарын айқындау әдістемесіне сәйкес комиссия айқындайтын кіріс;
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 4) тамақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) қолайсыз табиғат құбылысы - салдарынан өсімдік шаруашылығының өнімі жойылған немесе бүлінген табиғат құбылысы (ұзақ мерзімді - құрғақшылық, үсіп кету, жылудың жетіспеуі, топырақтың шамадан артық ылғалдануы, ауаның шамадан тыс ылғалдануы, су тасқыны, су тапшылығы, аңызақ; қысқа мерзімді - бұршақ соғу, нөсер жаңбыр, үсік шалу, қатты жел, сел);
5) өсiмдiк шаруашылығы - өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрумен шұғылданатын ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлердi - жеке және заңды тұлғаларды қамтитын ауыл шаруашылығы саласының өндiрiстер кешенi;
6) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты (бұдан әрi - сақтандыру шарты) - осы Заңда белгiленетiн талаптар бойынша сақтандырушы мен сақтанушының арасында жасалатын шарт;
7) өсiмдiк шаруашылығының өнiмдерi - ауыл шаруашылығы дақылдарын (дәндi, майлы дақылдар, қант қызылшасы, мақта) өңдеу процесiнен алынған өнiм;
8) өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган - өсiмдiк шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік орган;
9) сақтандыру жағдайы - басталуына орай мiндеттi сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;
10) сақтандыру сомасы - мiндеттi сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
11) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн сақтанушы сақтандырушыға төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
12) сақтандыру төлемi - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
13) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе өзiнiң пайдасына шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға;
14) сақтанушы - өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын және сақтандырушымен мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан тұлға;
15) шығындар нормативi - өсiмдiк шаруашылығының өнiм түрi өндiрiсiнiң бiр гектарына шаққанда жекелеген технологиялық процестер, жұмыс түрлерi және шығыстар баптары бойынша теңгемен көрсетiлген шығындар;
16) франшиза - сақтандырушыны белгiлi бiр мөлшерден аспайтын зиянды өтеуден босату.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды
17) өсімдік шаруашылығындағы өзара сақтандыру қоғамы (бұдан әрі - қоғам) - өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласында өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға.
2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдары
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан, «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерде өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өсiру және өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн сақтау жөніндегі қызметке осы Заңның күшi қолданылмайды.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру
объектісi
Сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтанушының мөлшері өсті Заңға сәйкес белгіленетін залалдарын ішінара немесе толық өтеумен байланысты сақтанушының мүліктік мүдделері өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру объeктici болып табылады.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың
мақсаттары
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың мақсаттары:
1) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушінің мүліктік мүдделерін осы Заңда көзделген жағдайларда, мөлшерде және тәртіппен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қолайсыз табиғат құбылыстарының зардаптарынан қорғауды қамтамасыз ету;
2) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге сақтандырылған егісті кепілге қою арқылы кредит беру үшін жағдай жасау;
3) өсімдік шаруашылығын мемлекеттік қолдау бағдарламаларының тиімділігін арттыруға жәрдемдесу болып табылады.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырлды
4-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді;
2) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының және сақтандыру төлемдерін ішінара өтеудің тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгі нысанын бекітеді;
3) міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерін бекітеді;
4) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану тәртібін және агент көрсететін қызметтерге төленетін ақының мөлшерін бекітеді;
5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік органның ұсынуы бойынша қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың өлшемдері мен сипаттамаларын бекітеді;
6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған егістік алқаптар көлемін айқындау үшін комиссия құруының және оның жұмысын ұйымдастырудың тәртібін және қолайсыз табиғат құбылысы фактісі бойынша зерттеу актісінің нысанын бекітеді;
7) гидрометеорология қызметі органының және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қолайсыз табиғат құбылысы фактісін растайтын анықтамасының үлгі нысанын бекітеді.
5-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1 тармақ толықтырылды
1. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердiң осы Заңда белгiленген мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндетiнiң орындалуына мемлекеттік бақылауды өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган:
1) өсімдік шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
2) өсімдік шаруашылығы саласында мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзірлейді және оларды іске асыруға қатысады;
3) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) өсімдік шаруашылығын дамыту үшін құқықтық және экономикалық жағдайларды жетілдіреді;
5) республикадағы және шетелдердегі өсімдік шаруашылығы саласындағы жай-күй ахуалын зерделейді;
6) агенттің қызметін, Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын оның сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
7) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы істерді қарайды;
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан және агенттен сұратады және алады.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының және агенттің ұсыну нысаны мен мерзімдерін белгілейді;
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) қойылған егіс алқаптарын айқындаудың әдістемесін әзірлейді және бекітеді.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілерін міндетті сақтандыруды ұйымдастырады;
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан және агенттен сұратады және алады.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі тиісті аумақта егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілейді;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ағымдағы жылы сақтандырылуға тиіс өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің тізбесін ұсынады;
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) осы Заңның 9-бабына сәйкес комиссиялар құрады.
4. Сақтандыру ұйымдарының қызметiне мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5-1 - баппен толықтырылды; 2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-1-бап өзгертілді
5-1-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру
саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
тәртібi
Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында:
1) агенттен өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылардың тиісті аумақтағы сақтандырылған өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері көрсетілген тізбесін сұратады;
2) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылар тізбесіне кірмеген өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге сақтандыру шартының жасалғанын растау қажеттігі туралы хабарлама жолдайды;
3) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза қолданады;
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-2-баппен толықтырылды
5-2-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды
жүзеге асырудың ерекшеліктері
1. Осы Заңда қамтылған ережелер қоғамдарға олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
Қоғам мүшелерінің мүліктік мүдделерін сақтандыру өзара сақтандыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қоғам мүшелері болып табылатын өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілер сақтандырушыда міндетті сақтандыруға жатпайды.
3. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушының астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті.
4. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыға басқалары алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасалуына бағытталған қызметке жол берілмейді.
6-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезіндегі сақтандыру жағдайларының түрлерi
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезіндегі сақтандыру жағдайларына қолайсыз табиғат құбылыстарының немесе олардың жиынтығының салдарынан сақтанушыда залалдардың туындауына әкеп соққан өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң жойылуы немесе бүлiнуi жатады.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерін белгілеу және шығындар
нормативтерінің түрлері
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру сомасының мөлшері осы Заңда айқындалған міндетті сақтандыру ерекшеліктері ескеріле отырып жасалған шартта, сақтанушы өсімдік шаруашылығы өнімінің осы түрін өсіру жөнінде шығын жұмсаған барлық алқапқа көбейтіліп, бір гектарға жұмсалған шығындар нормативіне сәйкес өсімдік шаруашылығы өнімінің әрбір түрі бойынша жеке-жеке белгіленеді.
2. Сақтандыру сомасын есептеп шығару шығындар нормативінің мынадай түрлерінің бірі бойынша:
1) ғылыми негізделген агротехнология;
2) оңайлатылған агротехнология;
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) ғылыми негізделген немесе оңайлатылған агротехнология шығындарының үш түрі бойынша:
жанар-жағар май материалдары;
тұқым;
жалақы арқылы жүзеге асырылады.
8-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн белгiлеу және оны төлеудiң тәртібі
1. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң әрбiр түрi бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi мiндеттi сақтандыру шартымен белгiленедi, бiрақ ол осы Заңмен белгiленген сақтандыру тарифiнiң мөлшерiнен артық болмауға тиiс.
Сақтандыру төлемдерiн мемлекеттік субсидиялау ескерiле отырып, мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрi бойынша сақтандыру сомасынан процентпен есептелген мынадай ең жоғары мөлшердегi сақтандыру тарифтерi белгiленсiн:
1) Дәндi дақылдар (облыс топтары бойынша):
№ | Облыстардың атауы | Сақтандыру тарифi %-пен |
1. | Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан | 3,48 |
2. | Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан | 5,83 |
3. | Ақтөбе, Батыс Қазақстан | 9,15 |
2) майлы дақылдар (бүкiл республика бойынша) - 3,44%;
3) қант қызылшасы (бүкiл республика бойынша) - 8,39%;
4) мақта (бүкiл республика бойынша) - 1,33%.
2. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеудi сақтанушы жүргiзедi және ол өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң сақтандырылған түрiнiң өзiндiк құнына жатқызылады.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру жөніндегі сақтандыру сыйлықақысын сақтанушы сақтандырушыға бiр мезгiлде немесе сақтандырушының келісімі бойынша мiндеттi сақтандыру шартында белгiленетiн тәртiп пен мерзiмдерде мерзiмiн ұзартып төлейдi.
Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын, оны мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген бiр мезгiлде төлеу шартымен төлемеген жағдайда, мiндеттi сақтандыру шарты жасалмады деп есептеледi.
Мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сыйлықақысын мерзiмiн ұзартып төлеу жағдайларында сақтандыру сыйлықақысының кезектi сомасын уақтылы төлемеген жағдайда сақтанушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде сақтандырушыға тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
Егер сақтандыру жағдайы кезектi сақтандыру сыйлықақысы төленгенге дейiн не оның төлеу мерзiмi өтiп кеткенде басталса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн азайта отырып, төленбеген сақтандыру сыйлықақысының сомасын есепке алуға құқылы.
9-бап. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн белгiлеу және оны жүзеге асырудың тәртібі
1. Сақтандыру төлемi франшизаны қолданбай-ақ, сақтандыру сомасы шегiнде сақтанушы залалының мөлшерiнде жүзеге асырылады.
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезiнде сақтандырушының франшизаны (шартты немесе шартсыз) белгiлеуiне жол берiлмейдi, ал ол белгiленген жағдайда жарамсыз деп есептеледi.
2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ өзгертілді
2. Залал көлемi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде белгiленген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудiң бiр гектарына жұмсалған шығындар нормативiнiң мөлшерi мен қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған алқапта өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудiң бiр гектарынан алынған, қолайсыз табиғат құбылыстары әсер еткен өнiмнiң осы түрiн өндiру алқабына көбейтiлген кiрiс арасындағы оң айырмашылық ретiнде белгiленедi.
Қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған алқаптардың мөлшерiн сақтанушының өтiнiшi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы құруға мiндеттi комиссия сақтанушының өтiнiшiн алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде белгiлейдi.
Комиссияның құрамына ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, өсімдік шаруашылығы және статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, агенттiң, сақтандырушының немесе қоғамның және сақтанушының өкiлдерi кiредi.
Комиссия зерттеудің нәтижелері бойынша зерттеу жүргізілген күні, қолайсыз табиғат құбылысының әрбір фактісі немесе олардың жиынтығы және өсімдік шаруашылығы өнімінің түрі бойынша жеке-жеке тиісті зерттеу актісін (бұдан әрі - зерттеу актісі) үш дана етіп жасайды. Зерттеу актісіне барлық комиссия мүшелері қол қояды, содан кейін ол агенттің, сақтандырушының немесе қоғамның және сақтанушының өкілдеріне беріледі. Егер комиссия мүшелерінің бірі қабылданған шешіммен келіспесе және зерттеу актісіне қол қоймаса, ол комиссияға өзінің бас тартуының себептерін жазбаша түрде ұсынуға және оларды зерттеу актісіне қоса тіркеуге міндетті.
Егістер ішінара жойылған жағдайда, қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алқаптардан жиналған өнімнің көлемі өнімді жинау кезінде міндетті түрде бағалануға тиіс. Егістер толық жойылған жағдайда, залал көлемі табиғат құбылысы әсер еткен өнімнің осы түрін өндіру алқабына көбейтілген, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде белгіленген өсімдік шаруашылығы өнімінің түрін өндірудің бір гектарына жұмсалған шығындар нормативінің мөлшері ретінде белгіленеді.
3. Кiрiс нақтылы, яғни оны алуға қолайсыз табиғат құбылыстары әсер еткен, өсiмдiк шаруашылығы өнiмi түрiнiң барлық көлемi сатылғаннан кейiн есептелiп шығарылатындай болуы мүмкiн.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Кiрiс бағаланатындай, яғни оны алуға қолайсыз табиғат құбылыстары әсер еткен, өнiм жиналғаннан кейiн және өсiмдiк шаруашылығы өнiмi түрiнiң барлық көлемi сатылғанға дейiн есептелiп шығарылатындай болуы мүмкiн.
Бағалау кiрiсiн сақтандырушының немесе оның өкiлiнiң өтiнiшi бойынша сақтанушы айқындайды. Келісімге келмеген жағдайда бағалау кiрiсiн бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) айқындайды. Тараптар бағалау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, өзгеше дәлелдеуге құқылы.
Егістер толық жойылған жағдайда сақтандырушы бағалау кірісін айқындауды жүргізбейді.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi iшiнара ысырап болған жағдайда сақтандыру төлемi өнiм жинау аяқталған күннен бастап кемiнде бiр айдан соң, бiрақ үш айдан кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.
Бұл ретте кiрiс мынадай тәртiппен есептеледi:
1) егер алынған өнiм сатылса, осы баптың 3-тармағына сәйкес;
2) егер алынған өнiм сатылмаса, осы баптың 4-тармағына сәйкес;
3) егер алынған өнiм iшiнара сатылса, осы баптың 3-тармағына сәйкес, ал өнiмнiң сатылмаған бөлiгiне кiрiс осы баптың 4-тармағына сәйкес есептеледi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Егістер толық жойылған жағдайда, сақтандырушы осы Заңның 10-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды сақтандырушы алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде сақтанушыға толық көлемде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндетті.
Егiстердiң толық жойылғандығын мiндеттi түрде тиiстi зерттеу актiсiн жасай отырып, комиссия белгiлейдi.
7. 2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемдерi туралы талапты сақтандырушы жазбаша нысанда сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттармен қоса ұсынады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді; 2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру төлемі туралы өтінішке мынадай құжаттар:
міндетті сақтандыру шартының көшірмесі;
егістік жерлерді орналастыру картасының (схемасының) көшірмесі;