Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шығыстарды кейiннен өтей отырып, өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тартуға құқылы.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды
5-1-бап. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға автомобиль көлігін беру міндеті
Жеке және заңды тұлғалар (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнен басқа) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн автомобиль көлігін пайдалану жөніндегі заңды талаптарын орындауға міндетті.
Жергілікті атқарушы органдар тиісті уәкілетті органның ұсынуы бойынша төтенше жағдайдың алдын алуға және оны жоюға тартылған күштер мен құралдарды тасымалдауды ұйымдастырады.
Осы бапта көзделген жағдайларда автомобиль көлігінің иелеріне көлікті пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.
6-бап. Автомобиль көлiгіндегі экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк және өрт қауiпсiздiгi
Автомобиль көлiгіндегі экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк және өрт қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерімен регламенттеледi.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-бап. Тасымалдаушыларға және автокөлiк құралдарына тасымал қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде қойылатын талаптар
1. Жолаушылар, багаж және жүк тасымалына:
1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарына сәйкес біліктiлiгiн және кәсiби жарамдылығын растайтын құжаттары;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) тасымалдың тиiстi түрiн жүзеге асыруға жарамды және техникалық регламенттердің талаптарына сай келетiн автокөлiк құралдары бар тасымалдаушылар жiберiледi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Шағын автобустармен жолаушылар тасымалдауға жиырма бір жасқа толған, «D1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығы және кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл «С» санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар жүргізушілер жіберіледі.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Жүргізушінің орнынан басқа, он алтыдан көп отыратын орындары бар автобустармен және троллейбустармен жолаушылар тасымалдауға жиырма бес жасқа толған, кемінде бес жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде үш жыл «D1» кіші санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар жүргізушілер жіберіледі.
3. Автобустарда багаж қоятын бөлiмшеден тыс орында жүк, оның iшiнде багаж тасымалдауға тыйым салынады.
4. Таксимен тасымалдауды жүзеге асыру үшін кемiнде төрт есiгi бар, сериялы шығарылатын жеңiл автомобильдердi пайдалануға жол берiледi.
Таксимен тасымалдау үшiн арнаулы, оның iшiнде толықтай қолмен, рулi оң жақтан басқарылатын, сондай-ақ бүйір есiгi төрт есіктен аз автокөлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-бап. Автомобильмен тасымалдаудың түрлерi
1. Автомобильмен тасымалдау:
1) жолаушылар мен багажды тасымалдау;
2) жүк тасымалдау;
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) пошта жөнелтілімдерін тасымалдау болып бөлiнедi.
2. Қатынас түрлерi бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау:
1) халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдаулар;
2) республикаішілік - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан елді мекендер арасындағы тасымалдаулар болып бөлінеді.
3. Жолаушылар мен багажды республикаішілік тасымалдау әкімшілік-аумақтық белгілеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қалалық (ауылдық) - елді мекеннің белгіленген шекарасының шегіндегі тасымалдау;
2) қала маңындағы - елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап есептелетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңындағы аймақтағы елді мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау;
3) ауданішілік - бір аудан шегіндегі елді мекендердің арасындағы тасымалдау;
4) ауданаралық (облысішілік қаларалық) - бір облыс шегіндегі, әртүрлі аудандардағы елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе облыстық маңызы бар қалалармен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау;
5) облысаралық қалааралық - әртүрлі облыстардағы елді мекендердің арасында жүзеге асырылатын немесе республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау.
3. 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Жолаушылар мен багажды республикаішілік тасымалдау әкімшілік-аумақтық белгісіне қарай:
1) қалалық (ауылдық) - елді мекеннің белгіленген шекаралары шегіндегі тасымалдау;
2) қала маңындағы - елді мекеннің белгіленген шекараларынан өлшенетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңындағы аймақпен елді мекенді жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау;
3) ауданішілік - бір аудан шегіндегі елді мекендер арасындағы тасымалдау;
4) ауданаралық (облысішілік қалааралық) - әртүрлі аудандардағы елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе елді мекендерді облыстық маңызы бар қалалармен жалғастыратын, бір облыс шегіндегі тасымалдау;
5) облысаралық қалааралық - әртүрлі облыстардағы елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе елді мекендерді республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен жалғастыратын тасымалдау болып бөлінеді.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау ұйымдастыру сипатына қарай тұрақты, тұрақты емес және таксимен тасымалдау болып бөлінеді.
9-баптың 3) тармақшасы 2005 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап жаңа редакцияда; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Автокөлік құралдарын тахографтармен жабдықтау жөніндегі талаптар
1. Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк автомобильдері, оның ішінде:
1) қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды;
2) жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
3) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдауды;
4) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын мамандандырылған автомобильдер жатады.
2. Тахографтарды орнатуды және оларға қызмет көрсетуді сервис орталықтары (шеберханалар) жүзеге асырады.
3. Тахографтарды, оның ішінде электрондық (цифрлық) тахографтарды және электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды пайдалану жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, оларда:
1) жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiне және оны тіркеуге қойылатын талаптар;
2) тахографтарды орнату және пайдалану жөніндегі талаптар;
3) тахографтарды орнатуды және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын сервис орталықтарына (шеберханаларға) қойылатын талаптар;
4) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу тәртібі;
5) электрондық (цифрлық) тахографтарға арналған электрондық карточкаларды сертификаттау, дайындау және беру тәртібі;
6) электрондық (цифрлық) тахографтар бойынша ұлттық дерекқордың жұмыс істеу тәртібі белгіленеді.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде автобустарды, жүк автомобильдерін, оның ішінде арнайы бейімделген автомобильдерді:
1) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз);
2) ажыратылған ақауы жоқ тахографпен;
3) толтырылмаған диаграммалық дискілермен;
4) бұрын пайдаланылған диаграммалық дискілерді қолданып;
5) электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда, электрондық карточкаларды пайдаланбай;
6) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін күнделікті тіркеу парақтарын жүргізбей (бақылау құрылғысының ақауы болған жағдайда) пайдалануға жол берілмейді.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Жеке немесе заңды тұлғалар тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруды бастар алдында «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдарға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Жеке немесе заңды тұлғалар электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру бойынша қызметті жүзеге асыруды бастар алдында «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағына кіретін (әкелінетін) және басқа мемлекетте тіркелген автокөлік құралына қойылатын талаптар
1. Басқа мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне (әкелінуіне) мынадай:
1) автокөлік құралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық іздестіруде немесе іздестіруде болған;
2) көлік құралының басқа мемлекетте тіркелгені туралы куәлік болмаған;
3) автокөлік құралының меншік иесі туралы мәліметтерді, автокөлік құралының сәйкестендіру белгілерін, осындай автокөлік құралын жеткізу орны және қабылдау шарттары туралы мәліметтерді қамтитын, Қазақстан Республикасының аумағына автокөлік құралын тасымалдау туралы қызметтер көрсетуге арналған шарт болмаған (автокөлік құралдарын тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді пайдалана отырып, автокөлік құралдарын әкелген жағдайда);
4) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналардың және басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарының сәйкестендіру белгілері және олардың тіркеу есебі туралы мәліметтер болмаған жағдайларда, жол берілмейді.
2. Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының кіруі (әкелінуі) және оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруінің (әкелінуінің) және оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртібі мен талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Автомобиль саласындағы мемлекеттік реттеу
10-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеудiң негiзгi мiндеттерi
Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеудiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) экономиканың және халықтың автомобильмен тасымалдауға және өзге де жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге деген мұқтажын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;
2) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң ұлттық мүдделерiн қорғау;
3) халықаралық автомобильмен тасымалдау рыногында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабiлеттiлiгi үшiн жағдайлар жасау;
4) автомобильмен тасымалдаудың iшкi рыногын қорғау;
5) автомобиль көлiгiнiң инфрақұрылымын одан әрi дамыту.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, стандарттау, Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының сақталуын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде уәкiлеттi орган және басқа да мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуін бақылау Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарында және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында, қалалар немесе өзге де елді мекендер шекараларының шегіндегі автомобиль жолдарында жүзеге асырылады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiн, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарын және көлiктiк бақылау бекеттерін техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырмай құруға жол берiлмейдi. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарының және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының салмақ және габарит өлшемдерін асыра отырып, автокөлік құралының жүріп өтуі;
2) ірі габаритті, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді қоса алғанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде болуға тиіс, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттардың және (немесе) хабарламалардың болмауы;
3) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ірі габаритті, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді қоса алғанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол жүру маршрутын және (немесе) кестесін сақтамау;
5) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында берілген хабарламаны орындамау;
6) осы Заңның 44-бабында белгіленген талаптарды тексеру;
7) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы арқылы жүріп өту тәртібін сақтамау;
8) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеудің болмауы уәкілетті органның лауазымды адамдарының талабы бойынша автокөлік құралын тоқтату үшін негіздер болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген автокөлік құралын тоқтату үшін негіздерді интеллектуалды көлік жүйесі айқындайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген автокөлік құралын тоқтатуға негіз Қазақстан Республикасының аумағында күнтізбелік бес күннен астам болған шетелдік автокөлік құралдарына қолданылады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Уәкілетті органның лауазымды адамына осы баптың 4-тармағында көзделмеген негіздер бойынша автокөлік құралын тоқтатуға тыйым салынады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары арқылы жүріп өту тәртібі Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларында айқындалады.
12-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-бап. Уәкілетті органның құзыретi
Уәкілетті орган:
1) автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) автомобиль көлігі саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) өз құзыретi шегiнде автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;
3) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен келісім бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдаудың маршруттары мен қозғалыс кестелерiн бекiтедi;
5) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды ұйымдастырады, аталған тасымалдаулардың маршруттары бойынша қозғалыс кестесiн келiседi;
6) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық және облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
7) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) осы Заңның 19-4-бабында белгiленген жағдайларды қоспағанда, автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
9) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiң қоғамдық бірлестiктермен және қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестiктерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi;
10) Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидасын бекiтедi;
11) Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидасын бекітеді;
12) автомобиль көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;
13) көлiктiк бақылау бекеттерiнiң жұмысын ұйымдастыру тәртібін бекiтедi;
13-1) Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекітеді;
14) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беруді жүзеге асырады;
15) Қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидасын бекітеді;
16) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17) тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін белгіленген тәртіпке сәйкес бекітеді;
17-1) тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері көрсететін қызметтердің ұлттық стандарттарын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізеді;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
17-2) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарайды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізеді;
18) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
22) электрондық (цифрлық) тахографтар жөніндегі ұлттық дерекқорды жүргізеді;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
23) Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидасын бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 23-1) - 23-18) тармақшалармен толықтырылды
23-1) автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi;
23-2) автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
23-3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекітеді;
23-4) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекітеді;
23-5) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекітеді;
23-6) жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын бекітеді;
23-7) автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын бекітеді;
23-8) автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекітеді;
23-9) автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекітеді;
23-10) автомобиль көлiгi құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекiтедi;
23-11) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекітеді;
23-12) Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жол берiлетiн қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекiтедi;
23-13) автомобиль көлігі саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;
23-14) Қазақстан Республикасының аумағында ірi габаритті және ауыр салмақты жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
23-15) төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту тәртiбiн айқындайды;
23-16) әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекітеді;
23-17) 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23-18) автомобиль көлiгi саласындағы лицензияланатын қызмет (кіші қызмет) түрлеріне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 23-19) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
23-19) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекітеді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 23-20) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
23-20) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға жататын құжаттардың тізбесін бекітеді;
24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)