ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
кедендік реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 16-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12,82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23,143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 7, 14-құжат; № 9, 17-құжат; № 12, 34-құжат):
1) 17-баптың 21) тармақшасындағы «Кеден одағына» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одаққа» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 47-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жоюдың тәсілі мен орны көрсетіле отырып, тауарларды, сондай-ақ тауарларды жою нәтижесінде түзілген қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігін көздейтін, жою кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды жою мүмкіндігі туралы материалдар;»;
3-тармақта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 1-тармағының 6) - 10) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері I санатқа жатады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 1-тармағының 5-1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері IІІ санатқа жатады.»;
3) 288-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі және 313-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «Кеден одағына» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одаққа» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат, № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; 2017 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 11-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес белгіленген кедендік баждар, кедендік алымдар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары салықтық түсімдер болып табылады.
Алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес енгізілетін аванстық төлемдер де салықтық түсімдерге жатады.
5. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтын, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі), Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарымсыз төлемдер, байланысты гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша салықтық емес түсімдер болып табылады.»;
2) 31-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдарын және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерін қоспағанда, мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды.»;
3) 49-баптың 1-тармағында:
26) және 27) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«26) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес төленетін кедендік алымдар;
27) ішкі нарықты қорғау шараларын қолдануға байланысты төленетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары;»;
мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
«27-1) осы тармақтың 25), 26) және 27) тармақшаларында санамаланған алдағы төлемдерді, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы мен акциздерді төлеу есебіне Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес енгізілетін аванстық төлемдер;».
3. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат):
1) мазмұнында 80-3-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«80-3-бап. Уәкілетті орган мен кеден ісі саласындағы уәкілетті органның өзара іс-қимыл жасауы»;
2) 1-баптың 1-тармағының 92) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«92) санитариялық-карантиндік бақылау - ел аумағына жұқпалы және паразиттік аурулардың, сондай-ақ адам денсаулығына әлеуетті қауіпті заттар мен өнімнің кіруіне жол бермеу мақсатында жүргізілетін, адамдар мен жүктерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде жүктердің санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін және адам денсаулығының жай-күйін бақылау;»;
3) 5-баптың 2-тармағының 2-1) тармақшасындағы және 7-баптың 1-тармағының 29-4) тармақшасындағы «Кеден одағына» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одаққа» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 7-1-баптың 1-тармағының 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«26) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік пункттер құру;»;
5) 13-баптың екінші бөлігіндегі «Кеден одағына» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одаққа» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 21-баптың 2-тармағындағы «Кеден одағының» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одақтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 80-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады.»;
8) 80-2-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген көлік құралдарының жолаушылары мен экипаж мүшелерін, пойыз бригадалары мен көлік құралдарының жүргізушілерін емдеуге;»;
9) 80-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«80-3-бап. Уәкілетті орган мен кеден ісі саласындағы уәкілетті органның өзара іс-қимыл жасауы
1. Осы Кодекстің 80-бабының 3 және 4-тармақтарында, 80-2-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткізу кезінде кеден ісі саласындағы уәкілетті органға мемлекеттiк тiркеу күнi мен нөмiрi көрсетiле отырып, әкелiнетін дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың әрқайсысының мемлекеттiк тiркелгені туралы уәкiлеттi орган растаған мәлiметтер ұсынылуға тиiс.
2. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органға ұсынады.»;
10) 149-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жолаушыларға, экипаждарға, пойыз бригадаларына, көлік құралдарына, халық денсаулығына қауіп төндіретін жүктерге санитариялық-карантиндік қадағалауды жүзеге асыру үшін санитариялық-карантиндік пункттер ұйымдастырылады.»;
11) 150-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұқпалы және паразиттік аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тиісті аумақтарда шектеу іс-шараларын, оның ішінде кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің және халық өмірінің ерекше жағдайларымен карантин енгізеді.»;
12) 172-баптың 3-тармағындағы, 173-баптың 4-тармағындағы және 174-баптың 1-тармағындағы «Кеден одағына» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одаққа» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат):
1) мазмұнында 236 және 246-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«236-бап. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуден жалтару»;
«246-бап. Салық төлеушiнiң салықтық берешегi, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешегі, өсімпұлдар, есепке жазылған жағдайда пайыздар есебіне билiк етуі шектелген мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер»;
2) 3-баптың 38) тармағындағы «кедендік төлемдердің» деген сөздер «кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 234-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендік бақылаудан тыс немесе одан жасырын не құжаттарды немесе кедендiк сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып жасалған не декларацияламаумен немесе анық емес декларациялаумен не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығару туралы өтініште не уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар болып табылатын, уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы өтініште көрінеу анық емес мәліметтер көрсетумен, оның ішінде жарамсыз, қолдан жасалған және (немесе) көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынумен ұштасқан, iрi мөлшерде тауарларды немесе өзге де заттарды, оның ішінде осы Кодекстiң 286-бабында көрсетiлгендерді қоспағанда, кедендiк шекара арқылы өткiзуге тыйым салынған немесе шектелген, кедендiк шекара арқылы өткiзудiң арнайы қағидалары белгiленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткiзу -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз елу сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.»;
4) 236-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«236-бап. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуден жалтару»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ірi мөлшердегі кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуден жалтару -»;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, сондай-ақ өсiмпұлдарды және есепке жазылған жағдайда пайыздарды төлеу бойынша түзілген берешекті, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айыппұлдар сомасын өз еркiмен төлеген адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, осы баптың бiрiншi бөлiгi бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
5) 246-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«246-бап. Салық төлеушiнiң салықтық берешегi, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешегі, өсімпұлдар, есепке жазылған жағдайда пайыздар есебіне билiк етуі шектелген мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүлкi шектелген адам жасаған, мемлекеттік кіріс органдары билiк етуге шектеу қойған мүлiктi ысырап ету, иелiктен шығару, жасырып қалу немесе заңсыз беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда осындай мүлiктi беруден бас тарту, сол сияқты банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қызметшiсiнiң мемлекеттік кіріс органдары шығыс операцияларын тоқтата тұрған банктік шоттар бойынша банк операцияларын жүзеге асыруы -»;
6) 286-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды, күштi әсер ететiн, улы, уландырғыш, радиоактивтi заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды, жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарғыш құрылғыларды, атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жаппай қырып-жою қаруының ядролық, химиялық, биологиялық немесе басқа да түрлерiн, жаппай қырып-жою қаруын жасау үшiн пайдаланылуы мүмкiн материалдарды, жабдықтарды немесе құрауыштарды кедендік бақылаудан тыс немесе одан жасырын не құжаттарды немесе кедендiк сәйкестендiру құралдарын алдап пайдалана отырып не декларацияламаумен немесе анық емес декларациялаумен не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығару туралы өтініште көрінеу анық емес мәліметтер көрсетумен,оның ішінде жарамсыз, қолдан жасалған және (немесе) көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынумен ұштасқан, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткізу, сол сияқты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы заңсыз өткізу -».
5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат):
1) мазмұнында:
417, 524, 525 және 526-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«417-бап. Тауардың шығарылған жері туралы сертификатты және Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беру тәртібін бұзу»;
«524-бап. Мемлекеттік кіріс органын тауарлардың келгені туралы хабардар етпеу
525-бап. Тауарлардың кету тәртібін бұзу
526-бап. Авария, еңсерілмейтін күштің әсері немесе өзге де мән-жайлар жағдайында шаралар қолданбау»;
541-баптың тақырыбы алып тасталсын;
545, 546, 548, 549, 550, 551, 552, 554, 555 және 556-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«545-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзген кезде тыйым салулар мен шектеулерді қолдану тәртiбiн сақтамау
546-бап. Жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген, жеке пайдалануға арналған тауарларды өткiзу тәртібін бұза отырып, тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуі»;
«548-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылаудан тыс өткiзу
549-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру
550-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құжаттарды немесе сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып өткiзу
551-бап. Тауарларды, қолма-қол ақша қаражатын, ақша құралдарын декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, кедендік құжаттарда мәліметтерді анық емес мәлімдеу
552-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кеден қағидаларын бұза отырып әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдарын тасу, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету»;
«554-бап. Төленген (өндіріп алынған) кедендiк баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, аванстық төлемдерді тиiстi негiздерсiз қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемдер алуға не оларды қайтармауға бағытталған әрекеттер
555-бап. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, кедендік алымдарды, пайыздарды төлеу мерзімдерін бұзу
556-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талабын белгіленген мерзімдерде орындамау»;
2) 32-баптың екінші бөлігіндегі «Кеден одағының» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одақтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 294-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Кеден одағының техникалық регламентіне» деген сөздер «Кеден одағының немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 417, 521 - 526, 529 - 532, 535, 537 - 540-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«417-бап. Тауардың шығарылған жері туралы сертификатты және Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беру тәртібін бұзу
1. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегі сарапшы-аудиторлардың тауар туралы деректері бұрмаланған және (немесе) анық емес, тауардың шығарылған жері туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау туралы сараптама актілерін жасауы және оларды сараптама ұйымының беруі -
тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, қызметті үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, сараптама ұйымдарына отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Тауардың шығарылған жері туралы тиiсінше ресiмделген сараптама актiсi және техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін тiзбе бойынша тауардың шығарылған жерін растайтын құжаттар, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жерін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда, тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беруден бас тарту немесе Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау туралы тиісінше ресімделген сараптама актісі және Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін растайтын мәліметтер, құжаттар ұсынылған жағдайда, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруден бас тарту -
тауардың шығарылған жері туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.