Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап үш тәулік ішінде жасырын тергеу әрекеттері санкцияланған жағдайда қылмыстық іс олар аяқталғаннан кейін он бес тәулік ішінде, бірақ арыз, хабар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген кезден бастап екі айдан кешіктірілмей жеделдетілген тәртіппен аяқталуы мүмкін.
4. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтайды және күдіктінің оны жасауға қатысқанын растайтын дәлелдемелерді жинайды.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 4-1-бөлікпен толықтырылды
4-1. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіні, егер іске қатысатын болса, оның қорғаушысын, сондай-ақ жәбірленушіні, оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді, олардың өкілдерін іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы хабардар етеді.
Хабарламада танысу орны және олар қылмыстық іс материалдарымен таныса алатын мерзім туралы хабар-хат қамтылады.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 4-2-бөлікпен толықтырылды
4-2. Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген талаптар орындалғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 527-бабының бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген тәртіппен сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын жасайды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіден, сондай-ақ жәбірленушіден, оның өкілінен, азаматтық талапкерден, азаматтық жауапкерден немесе олардың өкілдерінен ауызша немесе жазбаша өтінішхат келіп түскен жағдайда, оларға сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын және қылмыстық істің материалдарын танысу үшін ұсынады, бұл туралы сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасында олардың қолтаңбаларымен және қорғаушының (ол қатысқан кезде) қолтаңбасымен куәландырылатын тиісті белгі жасалады.
Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері істің азаматтық талап қоюға қатысы бар бөлігіндегі материалдарымен танысады.
Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен және іс материалдарымен танысқаннан кейін қылмыстық іс анықтау ісі бойынша - анықтау органының бастығына, алдын ала тергеу ісі бойынша тергеу бөлімінің бастығына жіберіледі.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 4-3-бөлікпен толықтырылды
4-3. Анықтау органының бастығы сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын және оған қоса берілген материалдарды зерделеп, мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын келіседі және қылмыстық істі прокурорға жібереді;
2) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын келісуден бас тартады және қылмыстық істі анықтау жүргізу үшін қайтарады.
Тергеу бөлімінің бастығы сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын және оған қоса берілген материалдарды зерделеп, мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын және қылмыстық істі прокурорға жібереді;
2) қылмыстық істі алдын ала тергеу жүргізу үшін қайтарады.
Күдікті осы Кодекстің 128-бабына сәйкес ұстап алынған жағдайда қылмыстық іс ұстап алу мерзімі өткенге дейін жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.
5. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тек нәтижелері қылмыстық құқық бұзушылық іздерін және күдікті, айыпталушы кінәсінің өзге де дәлелдемелерін ресімдейтін тергеу әрекеттерін және өзге де процестік әрекеттерді ғана жүргізуге құқылы.
6. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру:
1) олардың ішінде біреуі болса да аса ауыр болып табылған жағдайда, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығына қатысты;
2) сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдарға қатысты;
3) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитетi бар адамдарға қатысты;
4) қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың біреуі болса да өз кінәсін мойындамаған жағдайда;
5) кәмелетке толмағандар немесе дене бітімінің немесе психикасының кемістіктеріне байланысты өзінің қорғалу құқығын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қолданылмайды.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 7-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Прокурор сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен бірге қылмыстық істі алып, ол бойынша үш тәуліктен кешіктірмей, ал күдікті ұстап алынған жағдайда дереу мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын бекітеді және қылмыстық істі сотқа жібереді;
2) істі анықтау не алдын ала тергеу жүргізу үшін жібереді;
3) қылмыстық істі толық көлемде не бір бөлігінде тоқтату туралы қаулы шығарады;
4) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексерудің жаңа хаттамасын жасайды;
5) өз қалауы немесе қорғаушы тараптың өтінішхаты бойынша процестік келісім жасасу туралы мәселені шешеді.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 8-бөлікпен толықтырылды
8. Прокурор сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының айыпталушыға табыс етілуін қамтамасыз етеді. Айыпталушының құқықтары түсіндірілгені қамтылған айыпталушының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын алғаны туралы қолхат іске қоса тігіледі.
191-бап. Анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру
2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы баптың екінші - он екінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы бөліктерінде көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес және анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 98-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 107 (бiрiншi бөлiгiнде), 110 (бірінші бөлігінде), 112, 113, 114 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 117 (екiншi бөлiгiнде), 118 (екiншi бөлiгiнде), 119 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 126 (бiрiншi бөлiгiнде), 136, 137 (екiншi бөлiгiнде), 139, 142, 143 (бiрiншi бөлiгiнде), 147 (төртінші бөлігінде), 153, 158 (екiншi бөлiгiнде), 188 (бiрiншi бөлiгiнде), 191 (бiрiншi бөлiгiнде), 194 (бiрiншi бөлiгiнде), 200 (бiрiншi бөлiгiнде), 201 (бiрiншi бөлiгiнде), 202 (бiрiншi бөлiгiнде), 207 (бiрiншi бөлiгiнде), 209 (бiрiншi бөлiгiнде), 210 (бiрiншi бөлiгiнде), 212 (бiрiншi бөлiгiнде), 247 (үшiншi бөлiгiнде), 252 (бiрiншi бөлiгiнде), 274 (бiрiншi бөлiгiнде), 287 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 288 (бiрiншi бөлiгiнде), 290 (бiрiншi бөлiгiнде), 293 (бiрiншi бөлiгiнде), 295 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 299 (бiрiншi бөлiгiнде), 299-1, 300 (бiрiншi бөлiгiнде), 308 (бiрiншi бөлiгiнде), 309 (бiрiншi бөлiгiнде), 310 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 313, 314 (бiрiншi бөлiгiнде), 315 (бiрiншi бөлiгiнде), 316 (үшінші бөлігінде), 319 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 321 (екiншi бөлiгiнде), 322 (бесiншi бөлiгiнде), 341 (бiрiншi бөлiгiнде), 342 (екiншi бөлiгiнде), 345 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 345-1, 346 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 347, 348 (екiншi бөлiгiнде), 349 (екiншi бөлiгiнде), 350 (бiрiншi бөлiгiнде), 357 (бiрiншi бөлiгiнде), 358 (екiншi бөлiгiнде), 359 (екiншi бөлiгiнде), 372, 379, 386 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 390 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 398 (үшiншi бөлiгiнде), 399 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 407 (бiрiншi бөлiгiнде), 426 (бiрiншi бөлiгiнде), 427, 428 (бiрiншi бөлiгiнде), 430, 431-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды iшкi iстер органдары жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 188 (бiрiншi бөлiгiнде), 252 (бiрiншi бөлiгiнде), 290 (бiрiншi бөлiгiнде), 345 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 348 (екiншi бөлiгiнде), 350 (бiрiншi бөлiгiнде), 398 (үшiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша, егер олар күзет iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiзбесi заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға тiкелей қарсы бағытталған болса, анықтауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк күзет қызметi жүргiзе алады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 214 (бiрiншi бөлiгiнде), 233, 245 (бiрiншi бөлiгiнде), 248 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 437 (екіншi бөлiгiнде), 439 (бірінші бөлігінде), 440 (үшінші бөлігінде), 441 (бірінші және екінші бөлiктерiнде), 442 (бірінші бөлігінде), 446 (бірінші бөлігінде), 447 (екінші бөлігінде), 448 (екінші бөлігінде), 449 (екінші бөлігінде), 453 (бірінші бөлігінде), 459 (бірінші және екінші бөліктерінде), 461, 462 (бірінші бөлігінде), 463 (екінші бөлігінде), 466 (екінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызметтi шақыру немесе келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналының адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған, осы баптың екінші, үшінші, жетінші - тоғызыншы, он бірінші, он екінші бөліктерінде көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды әскери полиция органдары жүргiзедi.
5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 445-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы, осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған, осы баптың екінші, үшінші, жетінші - тоғызыншы, он бірінші, он екінші бөліктерінде көрсетілген барлық өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары жүргізеді.
6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 396-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды шекара қызметiнiң органдары жүргiзедi.
7. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 8-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 139-VІІ ҚР Заңымен 8-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (бірінші бөлігінде), 190 (бірінші бөлігінде), 217 (бiрiншi бөлiгiнде), 217-1 (бірінші бөлігінде), 286 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
9. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабында (бірiншi бөлiгінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе шекара қызметінің органдары жүргізеді.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 11-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 11-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 385 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер, ұлттық қауіпсіздік органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі немесе егер олар күзет iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiкелей тiзбесi заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк күзет қызметi жүргiзедi.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 11-1-бөлікпен толықтырылды
11-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 394 (бiрiншi бөлiгiнде)-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған Қазақстан Республикасының iшкi iстер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргiзедi.
12. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13. Осы бапта көрсетiлген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтау құқық қылмыстық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адам белгiлi болған кезде жүргiзiледi.
14. Анықтау осы тараудың баптарында көзделген алып тастаулар ескеріле отырып, осы Кодексте алдын ала тергеу үшiн белгiленген қағидалар бойынша жүргiзiледi.
15. Осы баптың он алтыншы - жиырма төртінші бөліктерінде көрсетілген қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізу міндетті емес және жиналған материалдар істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 16-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.19.12. № 384-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 98-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бөлік өзгертілді
16. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 111, 115, 117 (бiрiншi бөлiгiнде), 118 (бiрiншi бөлiгiнде), 119 (бiрiншi бөлiгiнде), 137 (бiрiншi бөлiгiнде), 138, 140, 145, 150 (1-1-бөлігінде), 152 (бірінші бөлігінде, егер бұл соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешімін орындамаумен байланысты болса, үшінші бөлігінде), 154, 155 (бiрiншi бөлiгiнде), 156 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 158 (бiрiншi бөлiгiнде), 159, 183, 187, 204 (бiрiншi бөлiгiнде), 205 (бiрiншi және екінші бөлiктерінде), 206 (бiрiншi бөлiгiнде), 208 (бiрiншi бөлiгiнде), 211 (бiрiншi бөлiгiнде), 213 (бiрiншi бөлiгiнде), 247 (бiрiншi және екінші бөлiктерінде), 276 (бiрiншi бөлiгiнде), 288 (төртiншi бөлiгiнде), 289, 294, 295-1 (бірінші бөлігінде), 296 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 316 (бірінші және екінші бөліктерінде), 317 (бiрiншi бөлiгiнде), 320 (бiрiншi бөлiгiнде), 322 (бiрiншi бөлiгiнде), 325 (бiрiншi бөлiгiнде), 326 (бiрiншi бөлiгiнде), 328 (бiрiншi бөлiгiнде), 331 (екiншi бөлiгiнде), 334 (бiрiншi бөлiгiнде), 336, 340 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 342 (бiрiншi бөлiгiнде), 345 (бiрiншi бөлiгiнде), 349 (бiрiншi бөлiгiнде), 351 (бiрiншi бөлiгiнде), 354 (бiрiншi бөлiгiнде), 356 (бiрiншi бөлiгiнде), 357 (екiншi бөлiгiнде), 358 (бiрiншi бөлiгiнде), 359 (бiрiншi бөлiгiнде), 376 (бiрiншi бөлiгiнде), 381, 383, 384, 389 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 391, 395, 397, 398 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 400, 402 (бірінші бөлігінде), 403, 406, 407 (екінші бөлігінде), 410, 436-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi iшкi iстер органдары жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 17-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 17-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 222, 225, 226 (бiрiншi бөлiгiнде), 227, 228 (бiрiншi бөлiгiнде), 229 (бiрiншi бөлiгiнде), 230 (бiрiншi бөлiгiнде), 234 (бiрiншi бөлiгiнде), 236 (бiрiншi бөлiгiнде), 239 (бiрiншi бөлiгiнде), 241, 242, 243 (екiншi бөлiгiнде), 246-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
18. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 186 (бірінші бөлігінде), 458 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары жүргізеді.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 19-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 195 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 196 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 197 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 198 (екiншi бөлiгiнде), 199 (екiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi iшкi iстер органдары не экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 19-1-бөлікпен толықтырылды; 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 19-1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 363, 370-2 (бірінші бөлігінде), 414 (төртiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi ішкі істер органдары не сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 19-2-бөлікпен толықтырылды
19-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 419-бабында (бірiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 20-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
20. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 437 (бірінші және бесінші бөлiктерiнде), 438 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 447 (бірінші бөлігінде), 448 (бірінші бөлігінде), 449 (бірінші бөлігінде), 460, 463 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызметтi шақыру немесе келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналының адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған, осы баптың он алтыншы, он жетінші, он тоғызыншы, жиырма екінші - жиырма төртінші бөліктерінде көрсетілген iстер бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді әскери полиция органдары жүргізеді.
21. Осы баптың жиырмасыншы бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған, олар бойынша анықтау жүргізу міндетті емес және жиналған материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылатын барлық өзге де қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары жүргізеді.
22. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бөлік өзгертілді
23. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-1 (бірінші бөлігінде), 287 (бірінші бөлігінде), 345 (бірінші бөлігінде), 348 (бірінші бөлігінде), 353 (бірінші бөлігінде), 378, 382 (бірінші бөлігінде), 390 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер органы не егер олар күзету іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тікелей тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жүргізеді.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 24-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 24-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
24. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 385 (үшiншi бөлiгiнде)-бабында көзделген қылмыстық терiс қылық туралы iс бойынша сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi iшкi iстер, ұлттық қауіпсіздік органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі не егер ол күзету iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiзбесi заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға тiкелей қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк күзет қызметi жүргiзедi.
2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен 25-бөлікпен толықтырылды
25. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жүргізеді.
2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен 26-бөлікпен толықтырылды
26. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабында (екінші бөлігінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер органдары немесе мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүргізеді.
192-бап. Сотқа дейiнгі тергеп-тексерудің мерзімі
1. Сотқа дейiнгі тергеп-тексеру қылмыстық істің күрделілігі, тергеу әрекеттерінің көлемі және істің мән-жайларын зерттеудің жеткіліктілігі ескеріле отырып, қисынды мерзімде, бірақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгіленген қылмыстық қудалаудың ескіру мерзімінен аспайтын мерзімде аяқталуға тиіс.
Қылмыстық сот ісін жүргізудің қисынды мерзімін айқындаған кезде қылмыстық істің құқықтық және нақты күрделілігі, сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысушылардың процестік құқықтарды іске асыруы, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өз өкілеттіктерін сотқа дейінгі іс жүргізуді уақтылы жүзеге асыру мақсатында іске асыру тәсілі сияқты мән-жайлар ескеріледі.
2020.19.12. № 384-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.07. № 62-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді; 2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қараңыз) (бұр.ред.қара)
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі арыз бен хабар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген кезден бастап қылмыстық іс қылмыстық істі тоқтату туралы қаулымен, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен, бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулымен, қылмыстық теріс қылық туралы қаулымен, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен, айыптау хаттамасымен немесе істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін сотқа беру туралы қаулымен прокурорға жіберілген күнге дейін не прокурор істі сотқа жібере отырып, кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасасқан күнге дейін есептеледі.
Анықтау істері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бір айдан және алдын ала тергеу істері бойынша екі айдан аспауға тиіс. Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ақылға қонымды мерзімін белгілей отырып, осы мерзімдерді қайта қарауға құқылы.
2020.19.12. № 384-VI ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімге:
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) қылмыстық процеске қатысушылардың осы Кодекстің 190, 192-2 және 296-баптарында көзделген тәртіппен қылмыстық іс материалдарымен танысқан;
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) қылмыстық істің қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, жәбірленушінің шағымы бойынша сотта және прокуратурада болған;
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның процестік шешімдерін және (немесе) әрекеттерін бекіту не келісу туралы мәселені қарауға байланысты қылмыстық істің прокурорда болған;
4) процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарауға байланысты қылмыстық істің прокурорда болған уақыты кірмейді.
4. Осы баптың екінші бөлігінде белгіленген сотқа дейiнгі тергеп-тексеру мерзімін тергеушінің, анықтау органы бастығының уәжді өтінішхаты бойынша:
істің күрделілігіне байланысты аудандық және оған теңестірілген прокурор - қисынды, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге;
істің ерекше күрделілігіне байланысты немесе қылмыстық істің материалдарын қылмыстық қудалауды жалғастыру үшін шет мемлекетке жіберу туралы мәселені шешу кезінде - облыс прокуроры мен оған теңестірілген прокурор және олардың орынбасарлары қисынды, бірақ он екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
5. Сотқа дейiнгi тергеп-тексеру мерзiмiн одан әрi ұзартуға айрықша жағдайларда ғана жол берiледi және оны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары қисынды, бірақ осы баптың бірінші бөлігінде белгіленгеннен аспайтын мерзімге жүзеге асыра алады.