ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 6-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 15, 55-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; № 11, 59-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар):
14-бап «Азаматтың» деген сөзден кейін «, егер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе,» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 88, 91-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 108-құжат; № 24-І, 118-құжат; № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 44, 46-құжаттар; № 12, 63-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 7 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 46-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацында:
1) тармақтың бірінші абзацындағы «алғаш рет сотталған адамдарға;» деген сөздер «алғаш рет сотталған адамдарға өтеу тағайындалады.» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 366-бабының 1-1, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде, 367-бабының екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде, 368-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қолданылмайды;»;
2) тармақ «осы Кодекстің 366-бабының 1-1, екінші және үшінші бөліктерінде, 367-бабының екінші және үшінші бөліктерінде, 368-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға;» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 72-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан жүкті әйелдерді, жас балалары бар әйелдерді, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерді, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерді, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерді, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерді осы баптың үшінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.
Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан, ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған адамды осы баптың үшінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.»;
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату:
1) өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған;
2) адамдардың қаза табуына алып келген не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс үшін сотталған;
3) мыналарды:
ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер жасаған жағдайларды;
ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған сотталғандарды қоспағанда, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін сотталған;
4) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда, осындай қылмыс үшін сотталған адамдарға қолданылмайды.»;
3) 150-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтың өзінің сайлау құқықтарын немесе референдумға қатысу құқығын еркін жүзеге асыруына кедергі жасау -»;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Сайлау комиссияларының немесе референдум комиссияларының жұмысына заңсыз араласу және дауыс беруге, кандидатты, партиялық тізімдерді тіркеуге, дауыстарды санауға және сайлаудағы немесе референдумдағы дауыс беру нәтижелерін айқындауға байланысты міндеттерді атқаруға кедергі жасау -
бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.»;
екінші бөліктің 4) тармағындағы «дәл сол» деген сөздер алып тасталып, бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген:»;
4) 361-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Құқық қорғау органының қызметкері жасаған дәл сол іс-әрекет -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
төртінші бөліктің бірінші абзацында:
«бірінші немесе үшінші бөліктерінде» деген сөздер «бірінші, 2-1 немесе үшінші бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақтағы «әкеп соққан іс-әрекеттер -» деген сөздер «алып келген;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақпен толықтырылсын:
«4) құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам немесе судья жасаған іс-әрекеттер -»;
5) 364-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, құқық қорғау органының қызметкері жасаған іс-әрекет -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
«4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам немесе судья жасаған іс-әрекет -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
6) 365-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацының 3) тармағындағы «жасалған дәл сол іс-әрекеттер -» деген сөздер «жасалған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақпен толықтырылсын:
«4) құқық қорғау органының қызметкері жасаған дәл сол іс-әрекеттер -»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам немесе судья жасаған іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
7) 366-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Құқық қорғау органының қызметкері немесе құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам немесе судья жасаған дәл сол іс-әрекет -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның отыз еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекет» деген сөздер «Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген, айтарлықтай мөлшерде жасалған іс-әрекеттер» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацындағы «бірінші немесе екінші бөліктерінде» деген сөздер «бірінші, 1-1 немесе екінші бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде» деген сөздер «бірінші, 1-1, екінші немесе үшінші бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 367-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында:
«он еселенгеннен жиырма еселенгенге» деген сөздер «жиырма еселенгеннен отыз еселенгенге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үш» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацында:
«жиырма еселенгеннен отыз еселенгенге» деген сөздер «отыз еселенгеннен қырық еселенгенге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бес» деген сөз «үш жылдан жеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «отыз еселенгеннен қырық еселенгенге» деген сөздер «қырық еселенгеннен елу еселенгенге» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацындағы «қырық еселенгеннен елу еселенгенге» деген сөздер «елу еселенгеннен алпыс еселенгенге» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 368-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында:
«бес еселенгеннен он еселенгенге» деген сөздер «он еселенгеннен жиырма еселенгенге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«екі» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «он еселенгеннен жиырма еселенгенге» деген сөздер «жиырма еселенгеннен отыз еселенгенге» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 369-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«2-1. Құқық қорғау органының қызметкері жасаған дәл сол іс-әрекет -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
«4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекет, егер оны құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам немесе судья жасаса, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
11) 370-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Құқық қорғау органының қызметкері жасаған дәл сол іс-әрекет -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың бірінші, 2-1 немесе үшінші бөліктерінде көзделген:
1) ауыр зардаптарға алып келген;
2) құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам немесе судья жасаған іс-әрекеттер -».
3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-І, 15-ІІ, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118, 119-құжаттар; № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 44-құжат; № 12, 63-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 7 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнындағы 25-тараудың, 207 және 290-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«25-тарау. Адамды күдікті деп тану және күдіктінің іс-әрекетін саралауды, қылмыстық құқық бұзушылықты саралауды айқындау»;
«207-бап. Күдіктінің іс-әрекетін саралауды, қылмыстық құқық бұзушылықты саралауды өзгерту немесе толықтыру»;
«290-бап. Прокурордың қылмыстық іс тоқтатылған кездегі әрекеттері»;
2) 42-1-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қылмыстық процесті жүргізуші адам қылмыстық процеске қатысушылардың пікірін және техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізуге құқылы, бұл туралы уәжді қаулы шығарады.
Қылмыстық процеске қатысушының пікірі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, судьяға өтінішхат түрінде енгізіледі, ол осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаралады.
Қылмыстық сот ісін одан әрі электрондық форматта жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші адам қағаздағы форматқа көшеді, ол туралы уәжді қаулы шығарады.
Қылмыстық процесті электрондық форматта жүргізу туралы қаулыға қылмыстық процеске қатысушылар осы Кодекстің 100-бабында көзделген тәртіппен шағым жасай алады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Қылмыстық сот ісі қағаз форматта жүргізілген кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы процестік шешімдер қабылдауға және оларды прокурорға келісуге не бекітуге жіберуге, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда, құпиялылықты сақтауды талап ететіндерін қоспағанда, қабылданған шешімдер туралы прокурорды хабардар етуге және процестік шешімдер мен қылмыстық істің басқа да материалдарының көшірмелерін электрондық форматта жіберуге құқылы.»;
3) 45-бапта:
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулы шығарылғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бір тәулік ішінде оны прокурорға келісу үшін жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-бөлікпен толықтырылсын:
«8-1. Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулыны үш тәулік ішінде келіседі не уәжді қаулымен оны келісуден бас тартады және қажетті тергеу әрекеттерін және процестік әрекеттерді жүргізу туралы көрсете отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қайтарады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулы прокурормен келісілген жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұл туралы процеске қатысушыларды хабардар етеді.
Қылмыстық істің материалдарын талап етіп алдыру және зерделеу қажет болған жағдайларда, келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешімді прокурор он тәулік ішінде қабылдайды.»;
4) 59-баптың екінші бөлігінің 7) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) прокурорға айыптау актісімен бірге қылмыстық істерді, сондай-ақ бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен аяқталған қылмыстық істерді жіберуге;»;
5) 62-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацында:
«келіседі, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітеді» деген сөздер «, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы келіседі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сотқа қылмыстық» деген сөздер «прокурорға қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«онша ауыр емес қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
6) 64-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақ «туралы» деген сөзден кейін «прокурормен келісілген» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақтағы «қаулы шығарылған» деген сөздер «прокурор не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам прокурормен келісілген қаулы шығарған» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 65-бапта:
бірінші бөлікте:
1) тармақтағы «онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақтағы «қылмыстық теріс қылық туралы хаттама бекітілген», «қабылданған» деген сөздер тиісінше «прокурор қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекіткен», «қабылдаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақтағы «аяқталған;» деген сөз «аяқталған адам айыпталушы болып танылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақ алып тасталсын;
алтыншы бөліктің 3) тармағындағы «ынтымақтастық туралы» деген сөздер алып тасталсын;
8) 87-бап мынадай редакциядағы 7-1 және 7-2-бөліктермен толықтырылсын:
«7-1. Егер судья қылмыстық құқық бұзушылыққа басқа сыбайлас қатысушыларға қатысты бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істі қарауға бұрын қатысқан болса, ол жаңадан келіп түскен қылмыстық істі қарау кезінде бірінші сатыдағы сотқа қатыса алмайды.
7-2. Егер апелляциялық және кассациялық сатының судьясы қылмыстық құқық бұзушылыққа басқа сыбайлас қатысушыларға қатысты қылмыстық істі алдыңғы қарауға қатысқан болса, ол тиісінше апелляциялық және кассациялық сатыдағы сотқа қатыса алмайды.»;
9) 107-бапта:
бірінші бөліктің 10) тармағындағы «туралы қаулысына, санкциясына шағым жасауға, ал прокурор өтінішхат келтіруге құқылы.» деген сөздер «туралы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақпен толықтырылсын:
«11) сараптама тағайындау не тағайындаудан бас тарту, не жасырын тергеу әрекеттерін қоспағанда, қылмыстық қудалау органының өзге де тергеу әрекеттерін жүргізуі туралы қаулысына, санкциясына шағым жасауға, ал прокурор өтінішхат келтіруге құқылы.»;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2) және 11) тармақтарында көрсетілген, егер тергеу судьясы оларды ашық сот отырысында қараған болса, ашық сот отырысында қаралуға тиіс мәселелерді қоспағанда, қарау жабық сот отырысында өтеді.
Сот отырысына прокурор және күдіктінің қорғаушысы қатысады. Отырысқа күдікті, оның заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі және шағым жасалған шешімде құқықтары мен мүдделері қозғалатын басқа адамдар да қатыса алады, шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау уақыты мен орны туралы уақтылы хабарланған кезде олардың келмей қалуы бұлардың сотта қаралуына кедергі болмайды.
Осы баптың бірінші бөлігінің 10) тармағында көзделген жағдайда, жабық сот отырысына қатысатын адамдар тізбесін шағымды, өтінішхатты қарайтын судья айқындайды.
Осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген мәселелерді қарау осы Кодекстің 234-бабына сәйкес жүргізіледі.»;
10) 191-баптың он алтыншы бөлігі «145,» деген цифрлардан кейін «150 (1-1-бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 192-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі арыз бен хабарды Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеген кезден бастап қылмыстық іс қылмыстық істі тоқтату туралы қаулымен, айыптау актісімен, бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулымен, қылмыстық теріс қылық туралы қаулымен немесе істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін сотқа беру туралы қаулымен прокурорға жіберілген күнге дейін не прокурор істі сотқа жібере отырып, кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасасқан күнге дейін есептеледі.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімге:
1) қылмыстық процеске қатысушылардың осы Кодекстің 296-бабында көзделген тәртіппен қылмыстық істің материалдарымен танысқан;
2) қылмыстық істің күдіктінің, жәбірленушінің шағымы бойынша сотта және прокуратурада болған;
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның процестік шешімдерін және (немесе) әрекеттерін бекіту не келісу туралы мәселені қарауға байланысты қылмыстық істің прокурорда болған;
4) процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарауға байланысты қылмыстық істің прокурорда болған уақыты кірмейді.»;
жетінші бөлік «қайтарған» деген сөзден кейін «не сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулыны немесе қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны келісуден бас тартқан» деген сөздермен толықтырылсын;