ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
1) мазмұны алып тасталсын;
2) 3-бапта:
2) тармақтағы «202-бапта» деген сөздер «202 және 269-1-баптарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақта:
«және 192-баптарда» деген сөздер «, 192 және 295-1-баптарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
«245-бапта - жетпіс бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, бюджетке түспеген төлемдер сомасы;» деген сөздер «245-бапта - тексерілетін кезеңнің күнтізбелік бір жылы үшін салықтық тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы салық төлеуші осы күнтізбелік жыл үшін есептеген барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасының он пайызынан асатын жағдайда, тексерілген кезең үшін жетпіс бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, бюджетке түспеген төлемдер сомасы;» деген сөздермен ауыстырылсын;
38) тармақта:
«204 және 425-баптарда» деген сөздер «204, 269-1, 295-1 және 425-баптарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
«245-бапта - елу мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, бюджетке түспеген төлемдер сомасы;» деген сөздер «245-бапта - тексерілетін кезеңнің күнтізбелік бір жылы үшін салықтық тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы салық төлеуші осы күнтізбелік жыл үшін есептеген барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасының он пайызынан асатын жағдайда, тексерілген кезең үшін елу мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, бюджетке түспеген төлемдер сомасы;» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 249-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацта:
«Жоғары органның», «жолымен, дауыс беру», «нәтижесінде» деген сөздер тиісінше «Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге алып келген, жоғары органның», «жолымен дауыс беру», «арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жолымен заңды тұлғадағы қатысу үлесіне меншік құқығын, сол сияқты заңды тұлғаның мүлкі мен бағалы қағаздарын заңсыз иемдену немесе заңды тұлғаның үстінен бақылау орнату не азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан өзге де заңсыз тәсілдер» деген сөздер «арқылы не акционерлердің, қатысушылардың жалпы жиналысының шешімдер қабылдауы кезінде акционердің, заңды тұлғаға қатысушының құқықтары мен заңды мүдделеріне өзге де қысым жасау немесе заңды тұлғаның құрылтай немесе өзге де құқық белгілейтін құжаттарын, мөрлерін ұстап қалу жолымен заңды тұлғаны басқаруға не жалпы жиналыстың шешімін орындауға немесе атқарушы органның функцияларын жүзеге асыруға қасақана кедергілер келтіру арқылы заңды тұлғаға қатысу үлесіне меншік құқығын, сол сияқты заңды тұлғаның мүлкі мен бағалы қағаздарын заңсыз иемдену немесе заңды тұлғаның үстінен заңсыз бақылау орнату» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге алып келген, құқық қорғау органдарының, бақылаушы немесе өзге де уәкілетті органдардың немесе ұйымдардың заңды тұлғаға қатысты тексерулер ұйымдастыруы немесе оларға бастамашылық жасауы, шектеу, тыйым салу шараларын және өзге де шараларды қабылдауы не сот тәртібімен қабылдау нәтижесінде меншік иесін осы заңды тұлғаны, оған қатысу үлесін, бағалы қағаздар мен өзге де мүлікті иеліктен шығаруға мәжбүрлеу жолымен заңды тұлғаға қатысу үлесіне меншік құқығын, сол сияқты заңды тұлғаның мүлкін немесе бағалы қағаздарын заңсыз иемдену немесе заңды тұлғаның үстінен заңсыз бақылау орнату -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөлікте:
3) тармақтағы «дәл сол» деген сөздер алып тасталып, бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші, 1-1-бөліктерінде көзделген:»;
екінші абзацта:
«бес» деген сөз «сегіз» деген сөзбен ауыстырылсын;
«үш жылдан жеті» деген сөздер «бес жылдан сегіз» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
бірінші абзац «бірінші» деген сөзден кейін «, 1-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
екінші абзацта:
«мүлкі тәркіленіп,» деген сөздерден кейін «белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
«жеті жылдан он» деген сөздер «сегіз жылдан он екі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-тарау мынадай мазмұндағы 269-1 және 295-1-баптармен толықтырылсын:
«269-1-бап. Күзетілетін объектіге заңсыз кіру
1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне айтарлықтай залал не елеулі зиян келтірген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары немесе арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары мен бөлімшелері, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары күзететін объектіге, сондай-ақ жеке күзет ұйымы күзететін қауіпті өндірістік объектіге заңсыз кіру -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Мынадай:
1) ірі залал келтіре отырып;
2) күш қолданып не оны қолдану қатерін төндіріп;
3) қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданып жасалған;
4) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дәл сол іс-әрекет -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, мынадай:
1) абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға алып келген;
2) қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -
жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
«295-1-бап. Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы
1. Бағалы металдарды немесе асыл тастарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын заңсыз өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау, тасымалдау, жөнелту -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Ірі мөлшерде жасалған немесе ірі залал келтірген дәл сол іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не аса ірі мөлшерде жасалған немесе аса ірі залал келтірген іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
5) 365-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«365-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау»;
бірінші бөлікте:
бірінші абзацта:
«заңсыз араласу,» деген сөздерден кейін «оның ішінде тексерулер жүргізу тәртібін бұзу, оларға белгілі бір қызметті жүзеге асыруға арнаулы рұқсат (лицензия) беруден құқыққа сыйымсыз бас тарту немесе оны беруден жалтару, кәсіпкерлік субъектінің қызметін және (немесе) оның банктік шоты бойынша операцияларды заңсыз тоқтата тұру, жеке кәсіпкерлік субъектісін қайырымдылыққа және өзге де іс-шараларға мәжбүрлеп құқыққа қарсы тарту, жеңілдіктер мен преференцияларды қолданудан құқыққа сыйымсыз бас тарту, оларды қолдануға кедергі келтіру немесе құқыққа сыйымсыз қолданбау жолымен заңсыз араласу,» деген сөздермен толықтырылсын;
«өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында» деген сөздер «басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру не өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта:
«екі мың» деген сөздер «үш мың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«алты жүз» деген сөздер «сегіз жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«екі жылға» деген сөздер «үш жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
6) 412-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не ауыр зардаптарға алып келген дәл сол іс-әрекет -».
2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
1) 33-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
2) 35-баптың бірінші бөлігінің 5) тармағындағы «не коммерциялық немесе өзге де ұйымның немесе уәкілетті органның басшысы адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызды кері қайтарып алған» деген сөздер алып тасталсын;
3) 105-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы шағымды алған кезден бастап жеті тәулік ішінде оны қарауға және шағым берген тұлғаны қабылданған шешім туралы хабардар етуге міндетті. Ұстап алу, күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, лауазымнан шеттету, санкцияланбаған қарап-тексеруді, тінтуді, алуды жүргізу, мүлікке билік етуді уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұру кезіндегі заңды бұзушылық туралы шағымдар алынған кезінен бастап үш тәулік ішінде қаралуға жатады. Шағымды тексеру үшін қосымша материалдарды талап етіп алдыру не өзге де шаралар қабылдау қажет болатын айрықша жағдайларда шағым берген тұлғаға бұл жөнінде хабарлай отырып, шағымды он бес тәулікке дейінгі мерзімде қарауға жол беріледі.»;
4) 161-бапта:
бірінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мүлікке билік етуге шектеу белгіленген мерзім өткенге дейін қаржы ұйымдарын және мүлікті және (немесе) мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті органдарды немесе өзге де уәкілетті органдар мен ұйымдарды бұл туралы хабардар ете отырып, осы Кодекстің 162-бабында көзделген тәртіппен сот алдында мүлікке тыйым салуды қолдану туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулы шығаруға не белгіленген шектеуді алып тастауға міндетті.»;
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тыйым салынуға жататын мүлік жасырылуы немесе жоғалтылуы мүмкін деп пайымдауға негіз болған жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам прокурорды және сотты жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып, он тәуліктен аспайтын мерзімге мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұруға не мүлікті алып қоюға құқылы.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұру не оны алып қою мерзімі өткен соң қаржы ұйымдарын және мүлікті және (немесе) мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті органдарды немесе өзге де уәкілетті органдар мен ұйымдарды бұл туралы хабардар етіп, осы Кодекстің 162-бабында көзделген тәртіппен сот алдында мүлікке тыйым салуды қолдану туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулы шығаруға не мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұрудың күшін жоюға және (немесе) оны қайтаруға міндетті.
Мүлікке билік етуге шектеу белгіленген, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасау тоқтатыла тұрған мерзім өткен және тергеу сотының мүлікке тыйым салуды қолдануды санкциялауы туралы қаулы келіп түспеген жағдайларда, қаржы ұйымдары және мүлікті және (немесе) мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті органдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамды дереу хабардар ете отырып, мүлікке билік етуге шектеуді, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұруды өз бетінше алып тастауға міндетті.»;
5) 163-бапта:
бесінші бөліктің екінші абзацы «уәкілетті органға» деген сөздерден кейін «немесе ұйымға» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөлікте «қаулысы» деген сөз «өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Судьяның мүлікке тыйым салуды қолдану туралы қаулысын сот орындаушысы орындайды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тергеу судьясының мүлікке тыйым салуды қолдануды санкциялаудан бас тарту туралы қаулысы заңды күшіне енген күннен кейін он тәулік ішінде мүлікке билік етуге белгіленген шектеуді алып тастайды, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұрудың күшін жояды және (немесе) алып қойылған мүлікті иесіне қайтарады.»;
6) 187-бапта:
екінші бөлік:
«268,» деген цифрлардан кейін «269-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«295 (үшінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «295-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
3-1-бөліктегі «249 (бірінші және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 1) тармағында),» деген сөздер «249 (бірінші, 1-1 және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 1) тармағында),» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 192-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Анықтау істері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бір айдан және алдын ала тергеу істері бойынша екі айдан аспауға тиіс. Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ақылға қонымды мерзімін белгілеп, осы мерзімдерді қайта қарауға құқылы.»;
8) 193-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақпен толықтырылсын:
«3-1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылығының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ақылға қонымды мерзімдерін белгілеуге құқылы;»;
9) 220-бапта:
он алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Ұйымдардың үй-жайлары мен аумағындағы, сондай-ақ дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметте не жеке практикамен айналысатын адамдар пайдаланатын үй-жайлар мен аумақтардағы қарап-тексеру олардың әкімшілігі өкілдерінің не үй-жайлар, аумақтар иелерінің, пайдаланушыларының немесе жалға алушыларының қатысуымен жүргізіледі. Олардың қатысуы мүмкін болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның өкілдері шақырылады.»;
мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2 және 16-3-бөліктермен толықтырылсын:
«16-1. Егер осы баптың он алтыншы бөлігінде аталған адамдар қарап-тексеруге қарсылық білдірсе, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мәжбүрлеп қарап-тексеру туралы қаулы шығарады, оны тергеу судьясы санкциялауға тиіс.
Санкция беруден бас тартылған жағдайда қарап-тексеру жүргізілмейді.
16-2. Тергеу судьясының осы баптың он алтыншы бөлігінде көрсетілген үй-жайлар мен аумақтарды мәжбүрлеп қарап-тексеруді санкциялау тәртібі осы баптың 13-1, 13-3 және 13-4-бөліктерінде көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
16-3. Ұйымдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметте не жеке практикамен айналысатын адамдар пайдаланатын үй-жай немесе аумақ оқиға орны болып табылған жағдайларда, оларды қарап-тексеруге тергеу судьясының санкциясы талап етілмейді.»;
10) 254-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы және он бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тінту мен алуды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам уәжді қаулы бойынша жүргізеді. Тінту жүргізу туралы, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын құжаттарды, заттарды, олардың ішіндегі ақпаратты алу туралы қаулыны тергеу судьясы санкциялауға тиіс.»;
«11. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тінту мен алу кезінде сол үй-жайда тұрып жатқан адамның немесе басқа да адамдардың жеке өмірінің анықталған мән-жайларының, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтердің жарияланбауына шаралар қолдануға міндетті.».
3. «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы - бағалы металдар мен асыл тастарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын, зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру, әкелу, әкету, олармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау, мемлекеттің аффинирленген алтынды басым құқық шеңберінде сатып алуы, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастарды инвестициялық және басқа да мұқтаждар үшін қолдану;»;
2) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағалы металдардың аффинаждауға жатпайтын саф түрлерін қоспағанда, өндірілген және шығарылған бағалы металдар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта өңдеу және (немесе) аффинаждау үшін бағалы металдарды өндіру субъектілеріне келіп түсуге тиіс.».
4. «Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-бапта:
4-тармақ 3) тармақшасындағы «мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін қабылданады.» деген сөздер «мемлекеттің;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен олардың лауазымды адамдары тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласу фактілері бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін қабылданады.»;
5-тармақ алып тасталсын;
2) 7-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тексерісті прокурор жүргізеді.
Прокурор осы Заңның 6-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда тексерісті тағайындауға және жүргізуге құқылы.»;
3-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңдылықтың сақталуын тексеру отыз жұмыс күнінен аспайтын уақыт ішінде жүргізіледі.
Қосымша материалдарды талап етіп алдыру қажет болған кезде, сондай-ақ тексеріс көлемінің ауқымдылығына байланысты айрықша жағдайларда оны жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге және Бас Прокурормен, оның орынбасарымен, облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурормен келісу бойынша ғана ұзартылуы мүмкін.»;
3) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңдылықтың жай-күйін талдау прокурорлардың субъектілерге (объектілерге) бармастан статистикалық деректерді, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерін, азаматтық және қылмыстық істердің, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдарын, сондай-ақ өзге де ақпарат көздерін зерделеу арқылы жүргізіледі.
Заңдылықтың жай-күйін талдау нәтижелері анықтама түрінде ресімделеді. Заңдылықтың жай-күйін талдау нәтижелері бойынша осы Заңға сәйкес прокурорлық қадағалау не ден қою шаралары қабылданады.
Прокурор мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардан заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізуге байланысты ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды талап етіп алдыруға құқылы.»;
4) 10-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдері физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдарға, шектелмеген адамдар қатарына қатысты болса не жария сипатқа ие болса, олардың актілері мен шешімдерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкестігін қадағалауды жүзеге асырады.»;
5) 21-баптың 1-тармағындағы «, 2)» деген цифр алып тасталсын;
6) 23-баптың 2-тармағында:
бірінші сөйлемдегі «қарауы» деген сөз «қарауы, орындауы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңда белгіленген негізде, тәртіппен және шекте енгізілген прокурорлық қадағалау актілерін қарамау, орындамау не прокурордың заңды талаптарын орындамау заңда белгіленген жауаптылыққа алып келеді.»;
7) 24-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Орындалуы физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өздерін қорғауды дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың, шектелмеген адамдар қатарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардапқа алып келсе не алып келуі мүмкін болса, Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасарлары, облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар наразылық келтірілген құқықтық актінің не әрекеттің орындалуын наразылық бойынша шешім қабылданғанға дейін тоқтата тұруға құқылы.»;
8) 27-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұсынуды лауазымды адам немесе орган - күнтізбелік отыз күн ішінде, ал адамның және азаматтың өмірі мен денсаулығы, мемлекеттің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардап басталуы мүмкін болған жағдайларда прокурор белгілеген мерзімде заңдылықтың онда көрсетілген бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдай отырып қарауға тиіс.»;
9) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Қаулы
1. Прокурор тәртіптік іс жүргізуді қозғау, тексеріс жүргізу, күштеп әкелу, құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұру туралы, мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы шаралардың күшін жою туралы Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген қаулылар, сондай-ақ заңда көзделген өзге де жағдайларда қаулылар шығарады.
2. Прокурордың қаулысы уәкілетті органның немесе лауазымды адамның міндетті орындауына жатады. Қаулыға шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.»;
10) 44-баптың 1-тармағының 7), 8) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жүргізілетін тексеріс, заңдылықтың жай-күйін талдау, күшіне енген актілерді бағалау және қаралатын жолданым мәселелері бойынша лауазымды адамдарды, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін түсініктемелер алу үшін шақыртуға;
8) негіздер болған кезде және заңда көзделген тәртіппен, лауазымды адамдар қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы шаралардың дереу күшін жоюды, заңсыз актінің қолданысын толығымен немесе ішінара тоқтата тұруды талап етуге;»;