2) шикі газдан тауарлық газды өндіруге арналған шығыстарды;
3) тауарлық газды ұлттық операторға өткізетін жерге дейін тасымалдауға арналған шығыстарды;
4) он пайыздан аспайтын мөлшердегі рентабельділік деңгейін қамтиды.»;
«6. Шикі және (немесе) тауарлық газды иеліктен шығаруды жүргізуге ниеті бар жер қойнауын пайдаланушылар уәкілетті органға мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың шекті бағасының құжатпен расталған есеп-қисаптарын алдағы жылдың 1 қаңтарынан кешіктірілмейтін мерзімде сараптамаға жібереді.»;
9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Шикі және (немесе) тауарлық газды иеліктен шығаруды жүргізуге ниеті бар жер қойнауын пайдаланушылар жоспарланған кезең басталғанға дейін бес айдан кешіктірілмейтін мерзімде, ұлттық операторға:»;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Егер келесі жылы мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың бағасы тараптардың келісімі бойынша өзгермесе, онда шарттар осы баптың 5 - 7, 9 және 10-тармақтарында көзделген рәсімдер сақталмай жасалуы мүмкін.»;
3) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау
Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.».
95. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №3, 20-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 6-құжат; №11, 57-құжат; №20-ІV, 113-құжат; №22-II, 144-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №24, 124-құжат; 2017 ж., №23-III, 111-құжат):
1) 5-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
6-2) тармақшадағы «дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың» деген сөздер «Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
15) тармақша алып тасталсын;
2) 7-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау»;
1-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия тұтыну нормативтерін және электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтауына;
4) энергия аудитінің жүргізілуіне;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.»;
3) 13-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жарық беру мақсатында ауыспалы ток тiзбектерiнде пайдаланылуы мүмкiн, қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдарын пайдалануға;»;
4) 16-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап төрт жыл ішінде, ал ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратындар алты жыл ішінде энергия аудитін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды алуға міндетті.»;
5-1-тармақ алып тасталсын.
96. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №3, 24-құжат; №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 72-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №22-V, 156-құжат; 2017 ж., №24, 115-құжат):
1) 5-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган және телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган олардың қызметі бойынша түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді.
2. Теле-, радиокомпаниялар, телерадио хабарларын тарату операторлары бақылау субъектілері болып табылады.
3. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімделеді және жіберіледі.
5. Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе ұсынымды жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қою күнінен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар ету күнінен бастап;
3) электрондық тәсілмен - сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелту күнінен бастап табыс етілді деп есептеледі.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
7. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға немесе телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
9. Бақылау субъектiсiне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау аптасына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.»;
3) 19-баптың 5-тармағындағы «аты, негізгі тақырыптық бағыты ауысқан» деген сөздер «меншік иесі ауысқан не заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, аты, негізгі тақырыптық бағыты өзгерген» деген сөздермен ауыстырылсын.
97. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №4, 29-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №12, 82-құжат; 2015 ж., №19-II, 102-құжат; №22-I, 140-құжат; №23-II, 172-құжат; 2017 ж., №14, 54-құжат; №23-V, 113-құжат):
1) 4-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Қорды басқару жөніндегі кеңес
1. Қорды басқару жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы басқаратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Қорды басқару жөніндегі кеңестің функциялары:
1) Қордың бәсекеге қабілеттілігі мен қызмет тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) Қордың даму стратегиясын мақұлдау және оның іске асырылу барысы туралы Қордың жыл сайынғы есебін қарау, сондай-ақ Қор өзінің қызметін жүзеге асыратын экономиканың басым секторлары жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) әлеуметтік маңызы бар және индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруды, оның ішінде республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат бөле отырып іске асыруды қоса алғанда, Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламаларына Қордың қатысуы жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсыныстарын қарау;
4) Қордың тәуелсіз директорларын сайлау үшін кандидатураларды, сондай-ақ Қордың тәуелсіз директорларына сыйақылар мөлшері мен төлеу шарттарын келісу;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесін немесе өзге де мемлекеттік қызметшіні Қор тобына кіретін ұйымның директорлар кеңесінің немесе байқау кеңесінің құрамына сайлау үшін ұсыным беру болып табылады.
3. Қорды басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
3) 7-бапта:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Қордың тәуелсіз директорларына сыйақылар мөлшері мен төлеу шарттарын айқындау;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қордың жалғыз акционері айқындаған тізбе бойынша компаниялардың акцияларын (қатысу үлестерін) иеліктен шығару, сондай-ақ көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) сенімгерлік басқаруға беру;»;
мынадай мазмұндағы 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) Қордың директорлар кеңесінің қызметі туралы есепті қарау;
15-2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікте қаржыландыру сомасын көрсете отырып, Қордың жобаларды қаржыландыруы туралы шешімдер қабылдау;»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы баптың 2-тармағының 6) (тәуелсіз директорларды сайлауға қатысты) және 6-1) тармақшалары бойынша шешімдерді Қорды басқару жөніндегі кеңеспен келісу бойынша Қордың жалғыз акционері қабылдайды.»;
4) 8-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қордың директорлар кеңесі осы Заңда белгіленген тәртіппен сайланатын төраға мен мүшелерден тұрады.
97-тармақтың 4) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтарының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар осы Заңның 2-бабаның редакциясында қолданылды
2. Қордың директорлар кеңесінің төрағасы арқылы директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен тәуелсіз директорлар арасынан жасырын дауыс берумен сайланады.
Қордың директорлар кеңесінің құрамы мынадай адамдар қатарынан қалыптастырылады:
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы - Қордың жалғыз акционерінің өкілі;
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;
төрт тәуелсіз директор;
Қордың басқарма төрағасы.»;
3-тармақта:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 15-2) тармақшасында көзделген мәселені қоспағанда, мәселелерді жалғыз акционердің қарауына шығару туралы шешім қабылдау;»;
13) және 14) тармақшалар алып тасталсын;
25) тармақшадағы «иемденуі» деген сөз «сатып алуы «(иеліктен шығаруы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) тармақша алып тасталсын;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) Қорды басқару жөніндегі кеңеске ақпарат жібере отырып, Қордың директорлар кеңесінің қызметіне жыл сайын бағалау жүргізу;»;
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
«29-1) корпоративтік хатшыны тағайындау және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, корпоративтік хатшы өкілеттігінің мерзімін, корпоративтік хатшыға қойылатын талаптарды, оның функцияларын, қызмет тәртібін, корпоративтік хатшының лауазымдық айлықақысының мөлшерін және корпоративтік хатшыға сыйақы төлеу шарттарын айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қордың директорлар кеңесінің шешімі негізінде осы баптың 3-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген саясаттар, Қор тобына кіретін, барлық дауыс беретін акцияларына (қатысу үлестеріне) Қор тікелей немесе жанама иелік ететін компанияларға не ұйымдарға қолданылуы мүмкін.»;
5) 9-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Стратегиялық жоспарлау мәселелерін қарау үшін стратегия жөніндегі комитет құрылады, оның басшысы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы болып табылады.»;
3-тармақтағы «көзделеді» деген сөз «көзделуі мүмкін» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 10-бапта:
2-тармақта:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Заңға сәйкес Қордың жалғыз акционері немесе директорлар кеңесі қабылдайтын мәселелер бойынша шешімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) жарғыға сәйкес, компанияның акционерлері (қатысушылары) жалпы жиналысының, өзге органының немесе өзіне қатысты Қор акционер, қатысушы болып табылатын немесе мүліктегі үлеске құқығы бар өзге заңды тұлғаның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
4) ұлттық компаниялардың, сондай-ақ барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) Қорға меншік және (немесе) сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың атқарушы органдарының басшыларын тағайындау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелерін келісу;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Қор тобына кіретін ұйымдарды корпоративтік басқару кодексін, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;»;
10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының Үкіметі енгізетін ұсыныстар бойынша Қордың, сондай-ақ барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) Қорға тиесілі компаниялардың әкімшілік шығыстарының нормативтері мен лимиттерінің жекелеген түрлерін бекіту;
11) Қордың штат санын, штат кестесі мен ұйымдық құрылымын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қор басқармасы осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген, олар бойынша шешімдерді Қордың басқарма төрағасы қабылдай алатын мәселелер тізбесін, сондай-ақ осындай шешімдерді қабылдау тәртібін айқындауға құқылы.»;
3-тармақ «тармақшаларында» деген сөзден кейін «, 2-1-тармағында» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
1) тармақшадағы «елу пайыздан астамын» деген сөздер «елу және одан көп пайызын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өздеріне қатысты Қор жалғыз акционер немесе барлық дауыс беретін акцияларын иеленетін тұлға, жалғыз қатысушы не заңды тұлғаның мүлкіне құқығы бар жалғыз тұлға болып табылатын заңды тұлғалардың атқарушы органдарының басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тарту;»;
5-тармақ алып тасталсын;
7) 12-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын;
8) 24-бап мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Нәтижесінде құны ұлттық компания активтері құнының жалпы мөлшерінің он пайызынан аз болатын мүлікті ұлттық компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы меншік құқығымен Қорға тиесілі ұлттық компанияның жасасуы туралы шешімді ұлттық компания басқармасы қабылдайды.
Нәтижесінде құны ұлттық компания активтері құнының жалпы мөлшерінің бір және одан аз пайызы болатын мүлікті ұлттық компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасасуы туралы мәселе дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы меншік құқығымен Қорға тиесілі ұлттық компанияның жарғысымен ұлттық компанияның атқарушы органы басшысының құзыретіне жатқызылуы мүмкін.
5. Осы Заңның 8-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің және өзге де мемлекеттік қызметшілердің Қорды басқару жөніндегі кеңестің ұсынымы бойынша сайлануын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің және өзге де мемлекеттік қызметшілердің Қор тобына кіретін ұйымдардың директорлар кеңестерінің немесе байқау кеңестерінің құрамдарына кіруіне тыйым салынады.».
98. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №11, 79-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат; №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., №24, 124-құжат; 2017 ж., №23-III, 111-құжат; №23-V, 113-құжат):
8-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.»;
2-тармақ алып тасталсын.
99. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №20, 120-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №9, 21-құжат; №22-III, 109-құжат):
3-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы мәселені қарау кезінде өз әдістемесі негізінде есептелген қарыз алушы (өтініш беруші) жеке тұлғаның кредиттік скорингін немесе кредиттік бюро берген кредиттік скорингті ескереді.».
100. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., №5-6, 29-құжат; 2014 ж., №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №21-I, 121-құжат; №22-II, 145-құжат; №22-V, 154, 156-құжаттар; №23-II, 170-құжат; 2016 ж., №7-I, 50-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган - ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
18) тармақша алып тасталсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жызылсын:
«19) «электрондық үкіметтің» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.»;
2) 11-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік корпорация «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету, жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатпайтын жылжымалы мүлкі кепілін тіркеу, ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын техникалық зерттеп-қарау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын бірыңғай провайдер болып табылады.
Өзге тұлғалардың бірыңғай провайдер қызметін жүзеге асыруына тыйым салынады.».
101. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., №10-11, 55-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №1, 1-құжат; №6, 28-құжат; №8, 49-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №6, 27-құжат; №8, 45-құжат; №10, 50-құжат; №15, 78-құжат; №20-IV, 113-құжат; №22-II, 145-құжат; №22-VI, 159-құжат; №23-II, 170-құжат; 2016 ж., №7-І, 49-құжат; №8-І, 65-құжат; 2017 ж., №12, 36-құжат; №22-III, 109-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) әртараптандыру - зейнетақы активтерiн жоғалтып алу тәуекелін төмендету мақсатында уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес оларды түрлi қаржы құралдарына орналастыру;»;
40) тармақша алып тасталсын;
2) 48-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «және олар ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының мөрiмен расталуға» деген сөздер алып тасталсын.
102. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., №15, 80-құжат; 2014 ж., №12, 82-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №21-I, 128-құжат; №22-V, 152-құжат; 2016 ж., №7-I, 47-құжат; №7-II, 55-құжат; 2017 ж., №23-III, 111-құжат):
1) 6-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, өз мүшелерінің (қатысушыларының) мүдделерін білдіретін қауымдастықтар (одақтар), өзін-өзі реттейтін ұйымдар:»;
2) 22-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Комитеттер Ұлттық палатада аккредиттеуден өткен республикалық салааралық, салалық қауымдастықтардың (одақтардың), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтарының (одақтарының), өзін-өзі реттейтін ұйымдардың өкілдерінен тұрады. Комитет мүшелерінің санын төралқа айқындайды және олар үшеуден кем болмайды.».
103. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №4-5, 23-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №15, 78-құжат; №20-ІV, 113-құжат; №20-VII, 117-құжат; №21-III, 136-құжат; №22-I, 143-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-II, 53, 55-құжаттар; №24, 124-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат):