Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы
(2024.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне егемендігі
3-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
5-бап. Авиация құралдарына меншік құқығы
6-бап. Авиация түрлері
7-бап. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы басқа да халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларын қолдану
7-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамыту
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘУЕ КЕҢІСТІГІН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ АВИАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІКРЕТТЕУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
8-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі саласындағы мемлекеттiк реттеу
9-бап. Әуе кеңістігін пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
10-бап. Авиация қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау
10-1-бап. Жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексеру түрлері
10-2-бап. Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалауға жататын қызмет
11-бап. Жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауына тексерулер жүргізу тәртібі
12-бап. Ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалаудың нәтижелері
12-1-бап. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама
12-2-бап. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы
13-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық қызмет саласындағы құзыреті
14-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы құзыреті
15-бап. Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы құзыреті
15-1-бап. Азаматтық (мемлекеттік) авиация саласындағы уәкілетті органның табиғи монополиялар саласындағы құзыреті
15-2-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қоғамдық маңызы бар нарықтарға қатысты құзыреті
16-бап. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау
16-1-бап. Ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалау
16-2-бап. Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама
16-3-бап. Тұрақты қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған, белгіленген талаптарды бұзушылықтар деңгейі және бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар
16-4-бап. Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау
16-5-бап. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексерулер
16-6-бап. Авиация инспекторы
16-7-бап. Алып тасталды
16-8-бап. Белгілі бір функциялар мен міндеттерді беру туралы келісімдер
2-1-тарау. АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ УӘКІЛЕТТІ ҰЙЫМ
16-9-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның негізгі ережелері
16-10-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметін қаржыландыру
16-11-бап. Алып тасталды
16-12-бап. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді мемлекеттік беруші
16-13-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшысы
3-тарау. ӘУЕ КЕҢІСТІГІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
17-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру негiздерi
18-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызмет
19-бап. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен сыныптамасы
20-бап. Әуе кеңiстiгiнде аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұсыну
21-бап. Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету
22-бап. Әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлері
23-бап. Ұшуды орындау қағидалары
24-бап. Әуе кемесінің ұшу жоспары
25-бап. Әуе кеңістігін пайдаланудағы басымдықтар
26-бап. Әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салу немесе оны шектеу
27-бап. Әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу
28-бап. Әуе кемесiнің ұшу жоспарынан ауытқуы. Тәртіп бұзушы әуе кемесі
29-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалану үшiн байланысты ұйымдастыру
30-бап. Әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе қозғалысын басқару кезіндегі радиобайланыс
31-бап. Елді мекеннің үстінен ұшу
32-бап. Көрсету мақсатындағы ұшу
33-бап. Пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып ұшу
34-бап. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету
35-бап. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету
35-1-бап. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау
35-2-бап. Әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелерінде өзгеріс болған кезде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету
36-бап. Әуе трассаларын пайдалануға рұқсат ету
37-бап. Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсаттарына арналған өлшем бірліктері
38-бап. Әуе кемелерi ұшуының зиянды әсерiнен қорғау
4-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰШУ
39-бап. Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің халықаралық ұшуы
40-бап. Шет мемлекеттердің әуе кемелерiнiң Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшуы
41-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде халықаралық ұшуды орындау
5-тарау. ӘУЕ КЕМЕЛЕРІ
42-бап. Әуе кемелерiнiң және пилотсыз авиациялық жүйелердің сыныптамасы
43-бап. Типті сертификаттау
44-бап. Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттау
45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, пилотсыз авиациялық жүйелерді тіркеу және есепке алу
46-бап. Әуе кемесін тiзiлiмнен шығару
47-бап. Әуе кемелерін, пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
48-бап. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
49-бап. Әуе кемелерiне салынатын белгiлемелер
50-бап. Әуе кемесін ұшуға дайындау
51-бап. Әуе кемесін жалдау
52-бап. Әуе кемесін жалдау
6-тарау. АВИАЦИЯ ПЕРСОНАЛЫ
53-бап. Авиация персоналының сыныптамасы
54-бап. Азаматтық авиацияның авиация персоналын кәсіптік даярлау және қызмет түрлеріне жіберу
54-1-бап. Азаматтық авиация саласындағы медициналық қамтамасыз ету
55-бап. Шет мемлекеттің авиация персоналының куәлiгiн тану
56-бап. Әуе кемесiнiң экипажы
57-бап. Әуе кемесiнiң командирi
58-бап. Авиация ұйымдарының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты басшы қызметкерлері
7-тарау. ПАЙДАЛАНУШЫ
59-бап. Тұлғаларға азаматтық әуе кемелерін пайдалануға рұқсат беру
60-бап. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды сертификаттау
61-бап. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар
62-бап. Аэроклуб
8-тарау. ӘУЕАЙЛАҚТАР (ТІКҰШАҚ АЙЛАҚТАРЫ). ӘУЕЖАЙЛАР
63-бап. Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) сыныптамасы
64-бап. Азаматтық авиация әуеайлағын (тікұшақ айлағын), әуежайын пайдаланушы
65-бап. Әуежай қызметі
65-1-бап. Аэровокзал
65-2-бап. Азаматтық авиация саласындағы көрсетілетін қызметтердің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі
66-бап. Әуеайлақтарды, тікұшақ айлақтарын сертификаттау және пайдалануға рұқсат ету
67-бап. Әуеайлақтарды (тiкұшақ айлақтарын) есепке алу
68-бап. Әуе кемелеріне әуеайлақтық қызмет көрсету
69-бап. Бірлесіп орналастыру және пайдалану әуеайлақтары
70-бап. Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайлар
71-бап. Әуеайлақтар мен әуежайларды немесе арнайы объектілерді салу, реконструкциялау, тарату немесе көшіру
72-бап. Әуеайлақ маңы аумағының шегіндегі құрылыс
73-бап. Әуежайды уақытша басқару
9-тарау. ӘУЕМЕН ТАСЫМАЛДАУ. АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
74-бап. Әуемен тасымалдауды жүзеге асыру құқығы. Авиакомпаниялар
74-1-бап. Акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияға шетелдік қатысуды (бақылауды) шектеу
75-бап. Халықаралық әуемен тасымалдау
75-1-бап. Формальдылықтарды оңайлату
76-бап. Коммерциялық әуемен тасымалдау саласындағы негізгі ережелер
76-1-бап. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде әуе көлігін пайдалану
77-бап. Жолаушының құқықтары мен міндеттері
78-бап. Жолаушыны әуемен тасымалдау шартын бiржақты тоқтату
78-1-бап. Авиакомпанияның әуе тасымалы шектелген адамдар тізілімі
79-бап. Авиамаршруттар
80-бап. Тұрақты әуемен тасымалдаулар үшiн халықаралық және субсидияланатын авиамаршруттарды бөлу
81-бап. Шетелдік әуемен тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі
82-бап. Авиациялық жұмыстарды орындау
82-1-бап. Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың құқықтық жағдайы
10-тарау. ӘУЕМЕН ТАСЫМАЛДАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
83-бап. Әуемен тасымалдау кезiнде жолаушының өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшiн тасымалдаушының жауапкершілігі
84-бап. Багаж бен жүктің және жолаушының өзінде болған заттардың жоғалғаны, жетіспеушілігі және (немесе) зақымданғаны (бүлінгені) үшін тасымалдаушының жауапкершілігі
85-бап. Пошта жөнелтілімдерінің жоғалғаны, жетiспеушілігі, зақымданғаны (бүлінгені) және (немесе) жеткiзiлуiнiң кешіктірілгені үшiн тасымалдаушының жауапкершілігі
86-бап. Тасымалдаушының рейстің мәртебесі өзгерген кездегi жолаушы алдындағы жауапкершілігі
86-1-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімдері
87-бап. Азаматтық авиация қызметімен байланысты міндетті сақтандыру
11-тарау. ҰШУ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ
88-бап. Әуе кемесінің бортындағы адамдардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері мен іс-әрекеттері
89-бап. Әуе кемесінің бортындағы адамдар ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайлар
90-бап. Ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруі мүмкiн қызмет
91-бап. Ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн объектiлердi таңбалау
12-тарау. АВИАЦИЯЛЫҚ ОҚИҒАЛАР МЕН ИНЦИДЕНТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТЕКСЕРУ
92-бап. Авиациялық жағдайлар, оқиғалар мен оқыс оқиғалар
92-1-бап. Авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесі
92-2-бап. Авиациялық жағдайлар туралы ақпараттың құпиялылығы, оны тиісінше пайдалану және ақпарат көзін қорғау
92-3-бап. Авиациялық жағдайларды талдау және тиісті (түзетуші) шараларды қабылдау
93-бап. Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру
93-1-бап. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл
94-бап. Мемлекеттік авиация саласындағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды сыныптау және есепке алу
95-бап. Заттай дәлелдемелерді сақтау
96-бап. Авиациялық оқиға болған жердегi жұмыс
97-бап. Авиациялық оқиғаны тексеруге байланысты жұмыстарды қаржыландыру және шығыстарды өтеу тәртiбi
13-тарау. ӘУЕ КЕМЕЛЕРІН, ОЛАРДЫҢ ЖОЛАУШЫЛАРЫ МЕН ЭКИПАЖ МҮШЕЛЕРІН ІЗДЕСТІРУ ЖӘНЕ ҚҰТҚАРУ
98-бап. Әуе кемелерін, олардың жолаушылары мен экипаж мүшелерін іздестіруді және құтқаруды ұйымдастыру
99-бап. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесi экипажының iс-әрекеттері
100-бап. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесi туралы хабарлау
101-бап. Авариялық-құтқару жұмыстары
102-бап. Әуе кемесiн, оның жолаушылары мен экипажын iздестiрудi тоқтату
103-бап. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi әуе кемелерін iздестiру және құтқару
104-бап. Апат жағдайларына әуе кемелерiн жабдықтау және экипажды даярлау
14-тарау. АВИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
105-бап. Авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету
106-бап. Авиациялық қауіпсіздік қызметтері
107-бап. Қарап тексеру
108-бап. Экипаж мүшесінің куәлігі
15-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
109-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
110-бап. Өтпелi ережелер
111-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға және авиация қызметіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы экономикасының, жеке және заңды тұлғалардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әуе кеңістігі мен авиация қызметін пайдалану тәртібін айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авариялық-құтқару жұмыстары - апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелеріне уақтылы көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар кешені;
2) авиакомпания - азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;
3) авиамаршрутқа арналған куәлiк - авиациялық маршрутты тұрақты рейстерді орындау үшін пайдалану құқығына арналған құжат;
4) авиация - қызметі әуе кемелерінің көмегімен адамның әуе кеңістігін пайдалануына және оған жағдайлар жасауға бағытталған ұйымдардың барлық түрлері;
5) авиациялық жұмыстар - басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделері үшін пайдаланушы азаматтық әуе кемелерін қолдана отырып орындайтын мамандандырылған операциялар;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, пайдаланушының авиациялық жұмыстарға жіберілуін куәландыратын, белгіленген нысандағы құжат;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) авиациялық қауіпсіздік - азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау, оған шаралар кешенін іске асыру мен адами және материалдық ресурстарды тарту арқылы қол жеткізіледі;
6-1) 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) авиациялық қызмет - әуе кемелерінің көмегімен адамның әуе кеңістігін пайдалануына жағдайлар жасауға бағытталған қызметтің барлық түрі;
8) авиациялық қызметтер көрсету - азаматтық авиацияның жолаушыларды, багажды, жүкті, почта жөнелтілімдерін әуемен тасымалдауды ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге және авиациялық жұмыстарды ақысын алып немесе жалдау бойынша орындауға байланысты қызметтер көрсетуі;
9) авиация қызметіне заңсыз араласу - авиацияның қауiпсiз қызметiне қол сұғатын, адамдардың бақытсыз жағдайға ұшырауына, материалдық зиян шегуге, әуе кемесiн басып алуға немесе айдап әкетуге әкеп соққан немесе осындай салдардың туындау қатерін төндiрген құқыққа қарсы әрекет;
10) авиациялық маршрут (авиамаршрут) - авиатасымалдар пункттері арасындағы олардың үстінен әуе қатынасы жүзеге асырылатын жер бетiнiң географиялық сипаттамасы немесе географиялық сипаттамаларының комбинациясы;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 10-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-1) авиациялық медицина - авиациялық ұшуды медициналық қамтамасыз ету мәселелерін зерделеуге арналған медицина саласы;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 10-2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-2) авиациялық медициналық инспектор - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық медицина саласында біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі бар және азаматтық және эксперименттік авиация саласында сертификаттауды, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген авиация инспекторы;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 10-3) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 10-3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-3) авиациялық медициналық орталық - азаматтық авиация саласында медициналық куәландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 10-4) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 10-4) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-4) авиациялық медициналық орталықтың сертификаты - авиациялық медициналық орталықтың сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 10-5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
10-5) авиациялық медициналық сарапшы - авиациялық медициналық сарапшы сертификаты бар, авиациялық медицина саласында даярлықтан өткен және практикалық дағдылары мен еңбек өтілі бар, әуе кемелерінің ұшуын орындауға және қамтамасыз етуге және оларға техникалық қызмет көрсетуге, әуе қозғалысына қызмет көрсетуге тікелей байланысты адамдарды куәліктерді немесе біліктілік белгілерін алуға медициналық куәландырудан өткізу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тағайындайтын дәрігер;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 10-6) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
10-6) авиациялық медициналық сарапшының сертификаты - авиациялық медициналық сарапшыға медициналық куәландыру жүргізу және медициналық сертификат беру құқығын беретін, белгіленген үлгідегі құжат;
11) авиациялық оқу орталығы - авиация персоналын даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсіптік деңгейін ұстауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
12) авиациялық оқу орталығының сертификаты - авиациялық оқу ұйымының сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;
13) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификат - авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;
14) авиация персоналы - арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдары мен авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдар;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды; 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 14-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-1) авиациялық хаб - жолаушыларды, багажды, пошта жөнелтiлімдерiн және жүктерді межелі орынға жеткізу үшін авиакомпаниялар аралық пункт ретінде пайдаланатын, тоғысатын рейстерді ұйымдастыру үшін қажетті инфрақұрылымы бар авиакөліктік тораптық әуежай;
15) автомобиль жолының әуеайлақтық учаскесі - әскери-қызметтік міндеттер мен әскери дайындық міндеттерін шешу кезінде мемлекеттік авиация әуе кемелерінің ұшып көтерілуі және қонуы үшін пайдаланылатын, мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган айқындаған автомобиль жолының учаскесі;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
15-1) азаматтық авиация саласындағы төлемдер - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым көрсететін қызметтер үшін жеке және заңды тұлғалардың төлемақысы, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тұрақты қадағалауды жүзеге асырғаны үшін заңды тұлғалардың міндетті аударымдары;
16) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 16-1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
16-2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшы мен оның орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының және авиация инспекторларының лауазымдарын атқаратын қызметкерлері;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 16-3) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
16-3) азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдар - азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын және әуе көлігінің қауіпсіздігін, тұрақтылығын, тиімділігін қамтамасыз етуге және оның басқа да мәселелерін реттеуге бағытталған авиациялық қағидаларды қабылдайтын халықаралық ұйымдар;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымның авиациялық қағидалары - азаматтық авиация қызметінің жекелеген аспектілерін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды регламенттейтін, азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйым қабылдаған талап;
18) азаматтық авиация ұйымы - азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
19) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды
19-1) азаматтық-әскери үйлестіру жүйесі - авиацияның барлық түрінің әуе кеңістігін қауіпсіз және тиімді пайдалануына бағытталған іс-шаралар кешені;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының сертификаты - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, пайдаланушының Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларды сертификаттау қағидаларына және сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген және азаматтық әуе кемесінің Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілгенін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22) азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының сертификаты - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
23) апатқа ұшыраған әуе кемесі - жермен жүрген, ұшып көтерілген, қонған немесе құлаған кезде қатты зақымданған немесе толық қираған әуе кемесі, сондай-ақ әуеайлақтан тыс жерге мәжбүрлі түрде қонған әуе кемесі;
24) апатқа ұшырау жағдайындағы әуе кемесі - өзіне немесе бортындағы адамдарға тікелей қауіп төнген не онымен радиобайланысы үзілген және қай жерде екені белгісіз әуе кемесі;
25) аса маңызды ұшу - Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының күзетілетін адамдарын әуемен тасымалдау кезінде әуе кемелерінің ұшуына, сондай-ақ олардың ұшатын маршруттарына (рейстеріне) беретін мәртебе;
26) аэроклуб - әуеайлақты (тікұшақ айлағын), әуежайды меншік құқығында не өзге де заңды негіздерде пайдаланатын және осы Заңда көзделген жағдайларда жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылардың қызметін қамтамасыз ететін заңды тұлға;
27) аэронавигациялық ақпарат - әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету, әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін деректерді жинау, талдау және өңдеу нәтижесінде алынған ақпарат;
28) аэронавигациялық ақпарат құжаты - ұшуды орындау, әуе кемесіне қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару үшін елеулі маңызы бар ақпаратты қамтитын, белгіленген тәртіппен бекітілген және жарияланған құжат;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 28-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-1) аэронавигациялық қызмет көрсету - әуе қозғалысын ұйымдастыруды, байланыс, навигация және байқау жүйелерін ұсынуды, ұшуларды метеорологиялық жағынан және іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді, аэронавигациялық ақпарат беруді қамтитын қызмет.
Бұл қызмет көрсету түрлері әуе кеңістігін пайдаланушыларға ұшудың барлық кезеңдерінде (қонуға жақындағанда, әуеайлақ ауданында және маршрутта) ұсынылады;