9-баптың 2-тармағы «жазбаша нысанда,» деген сөздерден кейін «жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
52. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №15, 134-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2005 ж., №7-8, 19-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №16, 129-құжат; 2008 ж., №23, 114-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №1-2, 1-құжат; №5, 23-құжат; №15, 71-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №8, 44-құжат; №10, 52-құжат; №14, 87-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат; №19-І, 100, 101-құжаттар; №20-IV, 113-құжат; №23-II, 170-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №8-I, 65-құжат; 2017 ж., №9, 17-құжат; №23-ІІІ, 111-құжат):
1) 19-2-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 19-7-баптың бірінші бөлігінде:
5) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) автокөлiк құралы жабдығының автокөлiк құралында тахографтың болуы және оның жарамдылығы бөлігінде халықаралық шарттар талаптарына сәйкестiгiн бақылау;»;
10-1), 12) және 13) тармақшалар алып тасталсын;
3) 2-2-тарау мынадай мазмұндағы 19-17-баппен толықтырылсын:
«19-17-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүргізу тәртібі
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган талдау және ақпараттық жүйелер деректері, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
2. Мыналар бақылау субъектілері болып табылады:
1) таксимен тасымалдаушылар және ақпараттық-диспетчерлік такси қызметтері;
2) автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметтерін көрсететін тұлғалар;
3) жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін автомобильмен тасымалдаушылар;
4) жүк жөнелтуші және (немесе) жүк алушы ретінде әрекет ететін тұлғалар;
5) қауіпті жүкті тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін автомобильмен тасымалдаушылар;
6) ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін автомобильмен тасымалдаушылар;
7) халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын автомобильмен тасымалдаушылар;
8) тез бұзылатын жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін автомобильмен тасымалдаушылар;
9) техникалық қарап-тексеру операторлары;
10) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
11) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау субъектісіне беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
4. Бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бақылау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жасалады.
6. Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілері расталатын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
7. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
9. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тоқсандық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
11. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.»;
4) 24-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Республикаішілік қатынаста тұрақты емес тасымалдау кезінде жолаушылар мен багажды тасымалдау шарты тапсырыс беруші мен тасымалдаушы арасында екі данада - тараптардың әрқайсысына бір-біреуден жазбаша нысанда жасалады.».
53. «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» 2003 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №21-22, 150-құжат; 2007 ж., №2, 14-құжат; №20, 153-құжат; 2009 ж., №2-3, 14-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат):
17-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мониторинг объектілері болып табылатын не меншігінде немесе басқаруында мониторинг объектісі болып табылатын мүлік бар шаруашылық жүргізуші субъектілердің:»;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мониторинг объектілері болып табылатын не меншігінде немесе басқаруында мониторинг объектісі болып табылатын мүлік бар шаруашылық жүргізуші субъектілер:».
54. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №24, 174-құжат; 2006 ж., №15, 92-құжат; №16, 102-құжат; 2007 ж., №12, 88-құжат; 2009 ж., №17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; 2012 ж., №3, 25-құжат; №14, 92-құжат; 2013 ж., №8, 50-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №2, 11-құжат; №11, 65-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 44-құжат; №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-II, 53-құжат; №8-II, 70-құжат; 2017 ж., №15, 55-құжат; №24, 115-құжат):
17-2-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.»;
төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын.
55. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №24, 176-құжат; 2005 ж., №5, 5-құжат; 2009 ж., №19, 88-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 3-құжат; №11, 102-құжат; №23, 178-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №11, 61-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №21, 118-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №22-V, 156-құжат; 2016 ж., №7-I, 50-құжат; №23, 118-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №8, 16-құжат; №14, 50-құжат):
1) 6-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) бақылау мен қадағалау органдары жүргiзетiн тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды есепке алуды жүргiзедi;»;
мынадай мазмұндағы 12-7) және 12-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-7) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актінің, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұзарту туралы қосымша актінің, тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
12-8) реттеуші мемлекеттік органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;»;
2) 12-баптың 3-тармағының 18) тармақшасындағы «сауалдарды;» деген сөздер «сұрау салуларды арнайы есепке алуды жүзеге асырады.» деген сөздермен ауыстырылып, 19) және 20) тармақшалары алып тасталсын.
56. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №5, 26-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №16, 100-құжат; 2007 ж., №8, 52-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №13, 91-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; 2014 ж., №2, 10-құжат; №7, 37-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №20-IV, 113-құжат; 2018 ж., №1, 4-құжат):
1) 5-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 12-7) тармақшамен толықтырылсын:
«12-7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
2-1-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
2) 5-1-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) 13-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің үшінші абзацындағы «сақтандырушының немесе қоғамның мөрімен расталған» деген сөздер алып тасталсын.
57. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №6, 44-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №23, 141-құжат; 2009 ж., №17, 80-құжат; №18, 84-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №15, 71-құжат; 2011 ж., №2, 26-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №2, 11, 14-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; №15, 81-құжат; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №11, 52-құжат; №19-І, 101-құжат; №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., №8-II, 70-құжат; №12, 87-құжат; 2017 ж., №12, 34-құжат; №22-ІІІ, 109-құжат; №23-ІІІ, 111-құжат):
1) 1-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары - әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда, жергілікті атқарушы органдар белгілейтін бөлшек сауда бағаларының деңгейі;»;
мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) электрондық сауда алаңы - электрондық сауданы жүзеге асыру үшін қажетті және электрондық сауда процесiн автоматтандыруды, сондай-ақ ақпарат жинауды, сақтауды, өңдеуді және ашуды қамтамасыз ететін, есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылым, дерекқор, телекоммуникациялық құралдар және басқа да жабдық кешенi;»;
2) 5-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау;»;
3) 7-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) ломбардтардың сауда қызметін жүзеге асыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып бекітеді;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін айқындау мақсатында макроэкономикалық талдау жүргізеді;»;
14), 14-1) және 15-1) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 15-2) тармақшамен толықтырылсын:
«15-2) тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлар тізбесін бекітеді;»;
4) 8-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін;
2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекітеді.»;
5) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері артқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган сауда қызметі субъектілерімен консультациялар өткізгеннен кейін күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында оларға рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеуге құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерлерін артттырған кезде сауда қызметі субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
6) 29-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Электрондық сауда алаңдарының жұмыс істеуін қоса алғанда, электрондық сауда уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.»;
7) 29-1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1 және 2-1-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Офертаны өз атынан электрондық нысанда жіберетін сатушының электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде қажет болған жағдайда:
1) сатып алушылардың электрондық сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету шарттарын айқындауға;
2) делдалдан электрондық сауда алаңында жүргізілген мәмілелер қорытындысы жөніндегі ақпаратты орналастыруды талап етуге құқығы бар.»;
«2-1. Электрондық сауда электрондық саудадағы делдал ұсынатын электрондық сауда алаңдарында сауда жасау арқылы жүзеге асырылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Электрондық саудадағы делдал:
1) ақпараттық ресурстарда қамтылған ақпараттың, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің тұтастығы мен құпиялылығын;
2) егер сатып алушының электрондық сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша өз міндеттемелерін орындауы үшін шарттарды сатушы айқындаған болса, осындай шарттарды;
3) электрондық сауда алаңында жүргізілген сауда-саттық қорытындысы жөніндегі ақпаратты сатушының талабы бойынша өзінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етуге міндетті.»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) электрондық құжаттарда немесе электрондық хабарламаларда қамтылған ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге;»;
8) 33-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-2-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау
1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау сауда объектілеріне бару жолымен жүзеге асырылады және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын бақылауға бағытталады.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерлерін асыру анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықты жою туралы нұсқама құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша шығарылады.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер арқылы бақылау субъектісін алдын ала хабардар етпей жүзеге асырылады.».
58. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №14, 81-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №15, 95-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №3, 20-құжат; №19, 148-құжат; 2008 ж., №20, 89-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №15-16, 74-құжат; №18, 84-құжат; №24, 121-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №3, 25-құжат; №8, 63, 64-құжаттар; №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №12, 57-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44, 49-құжаттар; №10, 52-құжат; №14, 87-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №22-І, 141-құжат; №22-V, 156-құжат; 2016 ж., №8-I, 65-құжат; №8-II, 67-құжат; №23, 118-құжат; №24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., №23-ІІІ, 111-құжат; №24, 115-құжат):
1) 2-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) арнаулы жөнелтілімдер - мемлекеттік құпиялар не мемлекеттік органдардың таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтері және оларды жеткізгіштер, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібінің бұйымдары, олардың құрауыштары (заттары) мен жүктері салынған тіркелетін пакеттер, жіберілімдер, метиздер;»;
2) 8-бапта:
1-тармақта:
8-2) тармақша алып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексерулер жүргізу үшін қызметтік куәлікті көрсету арқылы кіру;»;
мынадай мазмұндағы 19-18) тармақшамен толықтырылсын:
«19-18) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды беру;»;
2-тармақтың 2), 8) және 9-6) тармақшалары алып тасталсын;
3) 18-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер байланыс қызметі радиожиілік спектрі көлемінің жеткіліксіз болуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы белгiлi бiр аумақта жұмыс iстейтiн байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеу ұсынған диапазондағы радиожиіліктерді пайдалана отырып көрсетілетін болса, радиожиілік ресурсын пайдалану құқығы конкурстық негізде беріледі. Бұл ретте байланыс операторына радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілетін аумақтарды не елді мекендерді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер жүктеледі.»;
«4. Конкурстарға (немесе аукциондарға) қатысуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға, конкурс (немесе аукцион) өткiзу қағидаларына сай келетiн заңды тұлғалар жiберiледi.»;
4) 20-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен байланыс операторлары байланыс қызметтерін әрбір пайдаланушыға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес шұғыл шақыру жүйесінің операторымен, шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт сөндіру, авариялық қызметтермен тегін жалғанымдарды тәулік бойы ұсынуды қамтамасыз етеді.»;
5) 28-1 және 28-5-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«28-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Тексеру және радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
«28-5-бап. Радиобақылауды жүргiзу тәртiбi
1. Азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың сәуле таратуын радиобақылау радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық құжаттамасына және рұқсаттарына, өлшемдеріне, сондай-ақ оның жұмыс режимдерiне бақылау-өлшеу аппаратурасының және радиотехникалық бақылау (аспаптық бақылау) құралдарының көмегiмен құжаттық бақылау жүргізу жолымен жүзеге асырылады және радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүргізіледі.
2. Радиожиілік спектрін пайдалану радиобақылау объектісі болып табылады.
3. Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер радиобақылау субъектілері болып табылады.
4. Радиобақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, радиобақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын радиобақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
5. Бақылау-өлшеу аппаратурасы және радиотехникалық бақылау құралдары деп метрологиялық тексеруден өткен, әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тіркейтін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың өлшемдері мен сипаттамаларын өлшеудің сертификатталған техникалық құралдарын түсіну керек.
6. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi радиобақылауды уәкiлеттi органның басшысы не оны алмастыратын адам бекiткен радиобақылаудың жоспар-кестесiне сәйкес жүргiзедi.
Радиобақылаудың жоспар-кестелерiн аумақтық бөлiмшелер әрбiр тоқсанға жасайды.
7. Радиобақылау нәтижелері бойынша радиобақылау субъектісінің (объектісінің) әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынымды ресімдейді және жібереді.
8. Ұсыным радиобақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілері расталатын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - сұрау салынған кезде хатта көрсетілген радиобақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
9. Радиобақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
10. Радиобақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
11. Радиобақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау радиобақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.