Салынып жатқан объектіде авариялық ахуал туындаған жағдайда, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары осы объектіге басым тәртіппен барады.
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады.
Бұл ретте тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленген өрескел бұзушылықтар болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.»;
6) 33-бапта:
4-тармақтың 3) және 4) тармақшалары және 5-1-тармақ алып тасталсын;
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан объектілерден және сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда орналасқан немесе іске асыру кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды талап ететін өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үйлерден басқа, азаматтардың жеке пайдалануына арналған жеке тұрғын үйлер мен басқа да техникалық жағынан күрделі емес құрылыстар салу;»;
7) 34-баптың 2-3-тармағының 5) тармақшасындағы «хабарлауға міндетті.» деген сөздер «хабарлауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) нақты өлшемдерді жүргізе отырып, объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қосымшаны толтыруға міндетті.»;
8) 34-2-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде объект орналасқан жердегі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды жіберуге;»;
9) мынадай мазмұндағы 47-1-баппен толықтырылсын:
«47-1-бап. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары
1. Елді мекендер аумақтарының жекелеген бөліктерін қала құрылысына игеру жобалары (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) елді мекеннің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспары негізінде әзірленеді.
2. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары елді мекендердің бас жоспарларында белгіленген жоспарлау құрылымының элементтеріне, ала құрылысы регламенттеріне, бірыңғай сәулеттік стиль тұжырымдамасына сәйкес әзірленеді.
Бірыңғай сәулеттік стиль тұжырымдамасы астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін көзделеді.
3. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы мыналарды белгілейді:
1) функционалдық-қала құрылысын аймақтарға бөлуді айқындай отырып, аумақты жоспарлау ұйымдастырудың негізгі бағыттары;
2) қызыл, сары сызықтар және құрылыс салуды реттейтін сызықтар;
3) халыққа әлеуметтік, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету объектілерін орналастыру, көше-жол желісін және көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, инженерлік коммуникацияларды трассалау үшін аумақты резервке қою;
4) көшелердің көлденең қималары;
5) аумақты абаттандыру және көгалдандыру;
6) жария қала құрылысы шектеулері;
7) инженерлік коммуникациялар жоспары;
8) жол инфрақұрылымын дамыту жоспары;
9) астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар аумақтары бөлігінің бірыңғай сәулеттік стилінің тұжырымдамасы.
4. Бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы толық іске асырылғанға дейін қолданылады және бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік, мәдени және бірегей объектілерді салу мақсатында қолданыстағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету қажеттігіне байланысты жағдайларды қоспағанда, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілмейді.»;
10) 60-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда орналасқан немесе іске асыру кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды талап ететін өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үйлер салудан басқа, жеке тұрғын үйлер салуды;»;
11) 64-1-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес, лицензиясы бар тұлғалар орындаған жеке тұрғын үйлер. Осы талап сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда орналасқан немесе іске асыру кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды талап ететін өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үйлердің құрылысына қолданылмайды;»;
12) 64-4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік монополияға жатқызылатын кешенді ведомстводан тыс сараптаманы мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызметке «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйені жүргізу жатқызылады.»;
13) 64-11-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
14) 68-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Объект құрылысын жүзеге асыруға ниетi бар тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешімді алуға міндетті. Тапсырыс берушінің жерге тиісті құқығы және бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес функционалдық аймағы болған жағдайда, объект құрылысы үшін аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан қосымша шешім алу талап етілмейді.
Объектіде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті жер пайдалану құқығы не жеке меншік құқығы берілген жерде ғана жол беріледі.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының жерге тиiстi құқық беру туралы шешiмi және сәулет-жоспарлау тапсырмасы тапсырыс берушінің белгiленген объектiнi жобалауға тапсырма жасауы үшiн негiздер болып табылады.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетушілер берген техникалық шарттарға сәйкес әзірленген және кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өткен сыртқы инженерлік желілер мен құрылысжайлардың жобалары инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетушілермен және жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен қосымша келісуге жатпайды.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жерге тиісті құқық беру туралы шешiм не тапсырыс берушінің қолында бар жерге құқығы негiзiнде тапсырыс берушіге инженерлiк қамтамасыз ету мен коммуналдық қызметтер көрсету көздерiне қосуға техникалық шарттар және объект құрылысының сәулеттік тұжырымдамасы бар сәулет-жоспарлау тапсырмасын бередi.»;
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi энергиямен жабдықтау желiлерiне қосу жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзудiң басталғаны туралы электрмен жабдықтау желілерінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын ұйым хабардар етуге құқылы.»;
15) 73-баптың 4 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актімен ресімделеді. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітуге жатады.
Қабылдау актісін бекітуді тапсырыс беруші жүргізеді. Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылған күн оның бекітілген күні және объектінің пайдалануға берілген күні деп есептеледі.»;
«8. Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру мен техникалық мәліметтерін енгізу, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тіркеу үшін объектiнi пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi негіз болып табылады.»;
16) 74-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда орналасқан немесе іске асыру кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды талап ететін өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үй құрылысы объектілеріне қолданылмайды.»;
17) 75-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тапсырыс беруші сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар негізінде мердігермен (бас мердігермен), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалармен бірлесіп, атқарушылық техникалық құжаттаманың бар-жоғы және жинақталымы тұрғысынан тексеруге, объектіні қарап-тексеруге және тиісті акт бойынша пайдалануға қабылдауға (объектінің пайдалануға қабылдауға дайындығына түпкілікті тексеру жүргізуге) міндетті.»;
18) мынадай мазмұндағы 75-1-баппен толықтырылсын:
«75-1-бап. Объектіні пайдалануға қабылдау актілерін жүргізу және есепке алу тәртібі
1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өтініш берушіден объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды алған кезден бастап бір күн ішінде бір мезгілде:
1) объект орналасқан жердегі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне - объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін;
2) объект орналасқан жердегі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшамен бірге объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды жібереді.
2. Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауын салыстырып тексереді және пайдалануға қабылдау актісін есепке алуды жүргізеді.
Салыстырып тексеру қорытындысы бойынша құрылыс объектісінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл жөнінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына және тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.
Сәйкессіздік болмаған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.
3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауы тұрғысынан салыстырып тексереді.
Бұзушылықтар анықталған кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл жөнінде тіркеуші органға жазбаша хабарлайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық шараларын қолданады.
Бұзушылықтар болмаған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл жөнінде тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген мерзімдерде ақпаратты беру үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәулет және қала құрылысы мен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына жүктеледі.».
42. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №23, 315-құжат; 2003 ж., №10, 54-құжат; 2004 ж., №18, 110-құжат; №23, 142-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №13, 87-құжат; №14, 89-құжат; №16, 99-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №19, 148-құжат; 2008 ж., №15-16, 64-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №19-І, 100-құжат; №20-ІV, 113-құжат; №20-VІІ, 117-құжат; №23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., №6, 45-құжат; №8-І, 60-құжат; №24, 124-құжат; 2017 ж., №9, 17-құжат; №11, 29-құжат; №23-ІІІ, 111-құжат):
1) 88-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«88-2-бап. Теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 10-1-тарау мынадай мазмұндағы 88-6-баппен толықтырылсын:
«88-6-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүргізу тәртібі
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган ақпараттық жүйелер деректерін, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау негізінде жүзеге асырады.
Мыналар бақылау субъектілері болып табылады:
1) ұлттық инфрақұрылым операторы;
2) тасымалдаушылар;
3) вагондар операторлары;
4) локомотивтік тартқыш операторлары;
5) тармақ иеленушілері;
6) теміржол көлігінің көмекші қызметтері.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынымды ресімдейді және жібереді.
3. Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
5. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
7. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.».
43. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., №2, 16-құжат; 2004 ж., №20, 116-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №11, 36-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №18, 143-құжат; 2009 ж., №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; №14, 95, 96-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №2, 10-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №8, 45-құжат; №19-І, 100-құжат; 2016 ж., №7-ІІ, 55-құжат; №24, 124-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №9, 17-құжат; №11, 29-құжат):
1) 4-баптың 3-тармағында:
18), 34), 38) және 44) тармақшалар алып тасталсын;
55-26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«55-26) палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;»;
2) 8-3-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын палубалы шағын көлемді кемелер палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкес келуге тиіс.»;
5-тармақ алып тасталсын;
3) 39-баптың 2-тармағының 8) және 14) тармақшалары алып тасталсын;
4) мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын:
«43-1-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі
1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган ақпараттық жүйелер деректерін, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау негізінде жүзеге асырады.
2. Кеме иелері, кемелерді, порттарды, порт құралдарын, жағалау объектілерін және теңіздегі құрылысжайларды пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектісіне беру мен бақылау және қадағалау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
4. Бақылау және қадағалау субъектілеріне бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жасалады.
6. Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
7. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
9. Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің тоқсандық тізіміне енгізу жолымен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындауға алып келеді.
11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.».
44. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., №6, 67-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; №24, 154-құжат; 2005 ж., №7-8, 23-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №10, 52-құжат; №13, 86-құжат; 2007 ж., №2, 14, 18-құжаттар; №5-6, 40-құжат; №9, 67-құжат; №10, 69-құжат; №18, 143-құжат; 2008 ж., №10-11, 39-құжат; 2009 ж., №8, 44-құжат; №15-16, 75-құжат; №18, 84-құжат; №19, 88-құжат; №24, 128-құжат; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; №5, 23-құжат; №17-18, 111-құжат; №24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., №1, 2, 3, 7-құжаттар; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №15, 118-құжат; 2012 ж., №3, 26-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-ІV, 113-құжат; №22-ІІ, 145-құжат; №22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., №7-I, 47-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №16, 56-құжат):
1) 3-баптың 3) және 3-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғаларды, орталық мемлекеттiк органдардың және ведомстволардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;»;
«3-2) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлінің тiзiлiмiн жүргiзу саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;»;
2) 18-бапта:
3) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлінің тiзiлiмiн жүргiзу саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру;
7) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру.»;
3) 22-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-1-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін, сондай-ақ тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын мемлекеттік бақылау