Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін, сондай-ақ тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.»;
4) 23-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;
5) 24-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкімдіктерде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерге тексеруді жүзеге асыруға;»;
6) 24-2-бап алып тасталсын.
45. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., №13-14, 140-құжат; 2004 ж., №17, 98-құжат; №23, 142-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; 2009 ж., №18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., №5, 23-құжат; №15, 71-құжат; 2011 ж., №1, 2, 7-құжаттар; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №14, 95-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 75-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-I, 50-құжат; 2017 ж., №12, 34-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағының 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«23) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;»;
2) 15-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (мемлекеттік фитосанитариялық бақылау)
1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (мемлекеттік фитосанитариялық бақылау) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті органның ведомствосы және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері:
1) ақпараттық жүйелерден;
2) фитосанитариялық есепке алу мен есептіліктен;
3) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау мемлекеттік жүйесіне кіретін ұйымдардан келіп түсетін;
4) ашық дереккөздерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынатын деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізеді.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау уәкілетті органда бар деректер мен ақпаратты және (немесе) ұйымдардан, бақылау субъектілерінен, мемлекеттік органдардан, басқа да мемлекеттердің уәкілетті органдарынан келіп түсетін мәліметтерді талдау, салыстыру жолымен жүргізіледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімделеді және жіберіледі.
Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті орган ведомствосына және (немесе) оның аумақтық бөлімшелеріне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.»;
3) 19-5-бап алып тасталсын.
46. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Параментінің Жаршысы 2002 ж., №15, 148-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2005 ж., №7-8, 23-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №20, 152-құжат; 2008 ж., №24, 129-құжат; 2009 ж., №18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., №1-2, 1-құжат; №15, 71-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3, 7-құжаттар; №6, 49-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №2, 16-құжат; №8, 64-құжат; №14, 95-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., №2, 10-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 123-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №22-ІІ, 145-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; 2017 ж., №23-ІІІ, 111-құжат):
1) 8-баптың 23) тармақшасы алып тасталсын;
2) 14-бапта:
1-1 және 1-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.
1-2. Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
2-тармақтың 6-1) тармақшасы алып тасталсын;
3) 14-1-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында, оның ішінде ветеринариялық ілеспе құжаттарды қарау арқылы жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер:
1) ақпараттық жүйелерден;
2) ветеринариялық есепке алу мен есептіліктен;
3) басқа да мемлекеттердің уәкілетті органдарының нотификациялары мен хабарламаларынан;
4) ветеринария жүйесіне кіретін ұйымдардан келіп түсетін;
5) ашық дереккөздерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынатын деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізеді.
Бақылауға жататын өнімді әкелуге, әкетуге, орнын ауыстыруға, өндіруге, дайындауға, қайта өңдеуге, зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу субъектілері (объектілері) болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және алдын алу, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер ұсыным жасайды, ол бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бұзушылықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі. Ұсынымда анықталған бұзушылықтарды жою бойынша түсіндірмелер, орындау мерзімі көрсетіледі.
Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып беріледі немесе төменде санамаланған тәсілдердің бірімен:
1) қолма-қол - алғаны туралы белгі қою күнінен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап жіберіледі және табыс етілді деп есептеледі.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным табыс етілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімдерде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындауға негіз болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелерін уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық бөлімшелері бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды тіркеудің арнайы журналында есепке алуға тиіс, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің, мемлекеттік органның ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық бөлімшесінің мөрімен бекемделген болуға тиіс.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тексеру нәтижелері туралы акт Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жасалады.».
47. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., №17, 154-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2005 ж., №7-8, 19-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; 2007 ж.,№9, 67-құжат; №20, 152-құжат; 2009 ж., №15-16, 72-құжат; №17, 81-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №22, 130-құжат; №24, 149-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №17, 136-құжат; №21, 173-құжат; 2012 ж., №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №13, 62-құжат; №14, 75-құжат; №15, 77-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №3, 21-құжат; №11, 65-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 94-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №22-I, 140-құжат; №23-II, 172-құжат; 2016 ж., 8-ІІ, 67-құжат):
52-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«52-бап. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталады және оны уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2. Баланың құқықтарын іске асыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың қызметі баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау объектісі болып табылады.
3. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
5. Жергілікті атқарушы органдардың білім басқармасының органдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған және ерекше режимде ұстайтын арнаулы білім беру ұйымдары, балалардың білім алу, тамақтануын, тасымалын, демалысын, сауықтырылуы мен бос уақытын ұйымдастыру құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі білім беру ұйымдары бақылау субъектілері болып табылады.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және отбасына қабылдауға ниет білдірген адамдардың республикалық деректер банкіндегі, білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесіндегі деректерді, сұрау салу арқылы уәкілетті ұйымдар мен мемлекеттік органдардан түскен мәліметтерді және түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді өзара салыстыру арқылы жүргізіледі.
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бақылау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жібереді.
9. Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті мемлекеттік органдар жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
11. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті мемлекеттік органға ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.».
48. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №3, 16-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №24, 148-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2, 7-құжаттар; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 75-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №22-VII, 161-құжат; №23-II, 172-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағының 31-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 9-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.»;
5-тармақ алып тасталсын.
49. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №10, 55-құжат; №21-22, 160-құжат; 2004 ж., №23, 140-құжат; 2005 ж., №14, 58-құжат; 2006 ж., №10, 52-құжат; №16, 99-құжат; 2007 ж., №4, 28, 33-құжаттар; №9, 67-құжат; №20, 153-құжат; 2008 ж., №13-14, 56-құжат; №17-18, 72-құжат; №21, 97-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; №17, 81-құжат; №24, 133-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №2, 21-құжат; №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №24, 196 құжат; 2012 ж., №2, 11, 14-құжаттар; №4, 30-құжат; №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №15, 81-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №6, 27-құжат; №10, 52-құжат; №11, 63-құжат; №16, 90-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42, 45-құжаттар; №19-I, 101-құжат; №19-II, 102-құжат; №20-VII, 117-құжат; №22-II, 145-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; 2018 ж., №1, 4-құжат):
1) 14-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленетін акционерлер қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының жекелеген мүшесінің жыл қорытындысы бойынша сыйақысының мөлшері туралы ақпаратты бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде:
қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының осы мүшесінің өзі (өздері) не оның үлестес тұлғалары пайда (кіріс) алу мақсатында қоғам акционерлерін қасақана жаңылыстыруға әкелу фактісін сот анықтаған кезде;
егер қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының осы мүшесінің жосықсыз әрекеттері және (немесе) әрекетсіздігі қоғамда залал туындауына алып келгені дәлелденсе, алуға құқылы.»;
2) 34-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастыруы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгілік қағидалары негізінде жүзеге асырылады.»;
3) 36-бапта:
1-тармақта:
1-1) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда) корпоративтік басқарудың үлгілік кодексіне сәйкес корпоративтік басқару кодекстерін бекітеді;»;
17-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1) нәтижесінде акционерлік қоғам активтері баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу және одан көп пайызы сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын (сатып алынуы немесе иелiктен шығарылуы мүмкiн) мәміле туралы шешімді қабылдау күніне құны оның активтері баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу және одан көп пайызын құрайтын мүлікті нәтижесінде қоғам сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) ірі мәмілені қоғамның жасасуы туралы шешім қабылдауы;»;
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «Егер осы Заңда өзгеше белгiленбесе,» деген сөздер «Егер осы Заңда және (немесе) қоғам жарғысында өзгеше белгiленбесе,» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 49-баптың 6-тармағында:
екінші бөліктегі «заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде)» деген сөздер «жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, заңды тұлғаның мөрімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «заңды тұлғаның мөрі жоқ (ол болған кезде)» деген сөздер «жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, заңды тұлғаның мөрі жоқ» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 53-баптың 2-тармағының 3) және 19) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жарияланған акциялар саны шегiнде акцияларды орналастыру (өткiзу) туралы, оның iшiнде орналастырылатын (өткiзiлетiн) акциялар саны, оларды орналастыру (өткiзу) тәсiлi мен бағасы туралы шешiм қабылдау;»;
«19) жасасу туралы шешім осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына және 73-бабының 3-1-тармағына сәйкес қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданатын ірі мәмілелерді қоспағанда, ірі мәмілелер және жасауға қоғам мүдделі мәмілелер жасасу туралы шешімдер қабылдау;»;
6) 58-баптың 6-тармағының екінші бөлігіндегі «қызметкері қол қойып және қоғам мөрінің (ол болған кезде) бедерімен» деген сөздер «қызметкерінің қолтаңбасымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 70-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жасасу туралы шешім осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына және 73-бабының 3-1-тармағына сәйкес қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданатын мәмілелерді қоспағанда, қоғамның iрi мәмiлелер жасасуы туралы шешiмдi директорлар кеңесi қабылдайды.»;
8) 73-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жасалуына мүдделілік бар iрi мәмiлені қоғамның жасасуы туралы шешiм акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады.»;
9) 82-баптың 6-тармағының екінші бөлігіндегі «және қоғамдардың мөрлерiмен (олар болған кезде) куәландырылады» деген сөздер алып тасталсын;
10) 83-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «және қоғамдардың мөрлерiмен (олар болған кезде) куәландырылған» деген сөздер алып тасталсын.
50. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж, №14, 102-құжат; 2006 ж, №3, 22-құжат; №4, 25-құжат; 2007 ж, №8, 52-құжат; 2008 ж, №6-7, 27-құжат; 2009 ж, №17, 81-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж, №1-2, 1-құжат; №15, 71-құжат; 2012 ж, №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; 2013 ж, №16, 83-құжат; 2014 ж, №8, 44-құжат; №14, 84-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; 2017 ж., №23-ІІІ, 111-құжат):
1) 6-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әуе көлігін пайдалануға қатысты көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға;»;
2) 21-баптың 2-1-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, тасымалдаушының мөрі.».
51. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №14, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 25-құжат; 2007 ж., №8, 52-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; 2009 ж., №17, 81-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №1-2, 1-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №2, 25-құжат; 2012 ж., №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; 2014 ж., №8, 44-құжат; №10, 52-құжат; №14, 84-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №8-І, 65-құжат; 2017 ж., №23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., №1, 4-құжат):