Өсімдіктерді қорғау туралы
Қазақстан Республикасының 2002 ж. 3 шілдедегі № 331-ІІ Заңы
(2024.08.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары
3-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi
2-тарау. ӨСIМДIКТЕРДI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өсiмдiктер қорғау жүйесi
5-бап. Алып тасталды
6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
7-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың құзыретi
8-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың құқықтары
9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өсімдіктерді қорғау саласындағы құзыреті
10-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар
3-тарау. ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР
11-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралар
12-бап. Пестицидтерді сақтау, өткізу және қолдану
13-бап. Фитосанитариялық есепке алу және есептiлiк
14-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау
14-1-бап. Пестицидтерді зиянсыздандыру
14-2-бап. Пестицидтердiң запасы
14-3-бап. Фитосанитариялық нормативтер
14-4-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi және өсiмдiктердi қорғау жөнiндегі мамандарды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру
14-5-бап. Қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерi
14-6-бап. Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
15-бап. Мемлекеттiк фитосанитарлық бақылауға жататын объектiлер
15-1-бап. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау
16-бап. Алынып тасталды.
17-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылаудың мiндеттерi
18-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау
19-бап. Пестицидтердің сақталуын, өткізілуін және қолданылуын бақылау
19-1-бап. Фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiн және табыс етiлуiн бақылау
19-2-бап. Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуді бақылау
19-3-бап. Пестицидтердi залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiн бақылау
19-4-бап. Алып тасталды
19-5-бап. Алып тасталды
4-1-тарау. Пестицидтер айналымы саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары
19-6-бап. Пестицидтердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
19-7-бап. Алып тасталды
19-8-бап. Алып тасталды
19-9-бап. Алып тасталды
19-10-бап. Алып тасталды
5-тарау. ӨСIМДIКТЕРДI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ
20-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көздерi
21-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «(улы химикаттарды)», «(улы химикаттар)», «(улы химикаттардың)» және «(улы химикаттың)» деген сөздер алып тасталды (бұр.ред.қара)
Осы Заң өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
09.07.04 ж. № 584-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда; 2009.17.07 № 189-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) арнаулы сақтау орындары (көмінділер) - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді, сондай-ақ олардың ыдыстарын кейіннен кәдеге жарату немесе жою арқылы қауіпсіз сақтауға арналған сақтау орындары;
2) арнаулы техника - пестицидтерді қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық;
3) ауыл шаруашылық мақсатындағы объектілер - ауыл шаруашылық және өзге де жерлер, өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындары, көкөніс сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдар, өндірістік және өзге де үй-жайлар;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) аса қауiптi зиянды организмдер - оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiретiн және уәкілетті орган бекiтетiн аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне енгiзiлген зиянкестер мен өсiмдiктер аурулары;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) биоагенттер - табиғи жағдайларда көбейетін, зиянды, аса қауіпті зиянды организмдердің, сондай-ақ карантинді объектілердің тіршілік әрекетін жоятын және (немесе) басатын, өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылатын организмдер;
5) зиянды организмдер - топыраққа, өсімдікке және ауыл шаруашылық өніміне теріс әсер ететін зиянкестер, арамшөптер және өсімдіктердің аурулары;
6) зиян тигізудің экономикалық шегі - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің өсімдік шаруашылығы өнімінің ысырабын туғызатын, фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуді қажет ететін саны;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда
7) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан əрі - мемлекеттік фитосанитариялық бақылау) - уəкілетті орган ведомствосының жəне оның аумақтық бөлімшелерінің жеке жəне заңды тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар қызметін Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасының талаптарына сəйкестігі тұрғысынан тексеру жəне байқау жөніндегі қызметі;
8) өсімдіктерді қорғау - өсімдік шаруашылығы өнімінің зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерден ысырабын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдістерін, фитосанитариялық іс-шараларды әзірлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) өсімдіктерді қорғау құралдары - өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылатын пестицидтер, биоагенттер, сондай-ақ техникалық және басқа да құралдар;
9) өсімдік шаруашылығы өнімі - халықтың - тамақ өнімдеріне, мал шаруашылығының - жемшөпке және өнеркәсіптің шикізатқа деген қажеттерін қанағаттандыруға арналған өнім;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) пестицидтер - зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерге, сақталатын ауыл шаруашылығы өнімінің зиянкестеріне қарсы күрес үшін, сондай-ақ тұқымдарды дәрілеу, егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық және (немесе) биологиялық препараттар (инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, өнуге қарсы құралдар және өсімдіктердің өсуін реттеушілер, дефиолианттар, десиканттар);
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) пестицидтерді залалсыздандыру тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, жоюға бағытталған іс-шаралар;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) пестицидті мемлекеттік тіркеу - нәтижесі бойынша тіркелушіге (өтініш берушіге) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пестицидке арналған тіркеу куәлігі берілетін рәсім;
13) пестицидтердің бастапқы компоненттері - пестицидтерді өндіруге арналған химиялық және басқа да заттар;
14) пестицидтердің қалдық мөлшері - өсімдік шаруашылығы өнімі мен қоршаған орта объектілеріндегі пестицидтер құрамының мөлшерлік көрсеткіші, олардың адам мен жануарларға қауіпсіздігі осы көрсеткіш арқылы бағаланады;
15) пестицидтерді өндіру (формуляциялау) - бастапқы компоненттердің негізінде пестицидтер дайындаудың технологиялық процесі;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды
15-1) пестицидтерді уақытша тіркеу - пестицидтерді уақытша мемлекеттік тіркеу;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) пестицидтер тізімі - Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға рұқсат етілген тіркелген пестицидтер тізбесі;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 16-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-1) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары - ұсақмөлдекті тәжірибелерде және өндірістік жағдайларда жүзеге асырылатын, пестицидтерді биологиялық, шаруашылық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалауды қамтитын, пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес пестицидтерді пайдалану тиімділігі мен қауіпсіздігін растау рәсімі;
2009.17.07 № 189-IV ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
17) өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өсімдіктерді қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды
17-1) тіркелуші (өтініш беруші) - пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуге, сондай-ақ тіркеу куәлігін алу үшін пестицидтерді мемлекеттік тіркеуге өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
18) фитосанитариялық ахуал - ауылшаруашылық мақсатындағы объектілердің зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің санымен және зиян тигізуімен анықталатын қалыптасқан жай-күйі;
19) фитосанитариялық болжам - фитосанитариялық іс-шараларды жүргізудің мерзімдері мен көлемдерін жоспарлау мақсатында зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің ықтимал таралуы мен дамуы дәрежесін алдын ала айқындау;
20) фитосанитариялық мониторинг - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерді зерттеуді, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негізінде фитосанитариялық болжам әзірлеуді қамтитын іс-шаралар жүйесі;
21) фитосанитариялық нормативтер - фитосанитариялық іс-шаралар көлемін анықтау үшін пайдаланылатын белгіленген шамалар параметрлері;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22) фитосанитариялық іс-шаралар - зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерді жоюды және (немесе) олардың саны мен зиян тигізуін зиян тигізудің экономикалық шегінен төмен етіп азайтуды қамтамасыз ететін шаралар кешені.
2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2009.17.07 № 189-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi мiндеттерi
Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi мiндеттерi:
1) мемлекеттің азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
2) қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету;
3) фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады.
2-тарау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік өсiмдiктер қорғау жүйесi
Қазақстан Республикасының мемлекеттік өсiмдiктер қорғау жүйесiне:
1) Қазақстан Республикасының Yкіметі;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) уәкілетті орган, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.17.07 № 189-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары;
4) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар;
5) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлердi пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар енедi.
5-бап. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.17.07 № 189-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Уәкілетті органның құзыретiне:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
2) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекіту;
3) өсімдіктерді қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
4) аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн әзiрлеу және бекіту;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті әзірлеу және бекіту;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-1) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) импорттауға лицензия беру;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
5-3) өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру жүргізу тəртібін əзірлеу жəне бекіту;
6) мынадай:
пестицидтерді өндіру (формуляциялау);
пестицидтерді өткізу;
пестицидтерді аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) пестицидтерді мемлекеттік тіркеу және пестицидтерге арналған тiркеу куәлiктерiн беру;
9) пестицидтер тiзiмiн әзiрлеу, бекiту және жүргiзу;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
11) хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасау мен шығару тәртiбiн әзірлеу және бекiту;
12) фитосанитариялық iс-шараларды ұйымдастыру;
13) мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудегi қызметiн үйлестiру;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пестицидтердi, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу, сондай-ақ пестицидтердiң қорын жасау;
15) фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібін әзірлеу және бекiту;
16) зиянды және аса қауiптi зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг ұйымдастыру;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру;
18) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыс берудi ұйымдастыру мен үйлестiру, жүзеге асыру;
19) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi фитосанитариялық мониторинг деректерiне және қалыптасатын фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу;
20) халықаралық ұйымдармен және мемлекеттiк органдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру және өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық бағдарламаларды iске асыруға қатысу;
21) пестицидтердің түрлері бойынша қор нормативін және оны пайдалану тәртібін белгілеу;
22) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
22-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді залалсыздандыру тәртібін, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жағдайда күтіп-ұстау шаттарын айқындау;
25) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекіту, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келісу;
26) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
7-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыретi
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Уәкілетті орган ведомствосының басшысы Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.
Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктерінің өсiмдiктердi қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
Уәкілетті орган ведомствосының мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды тікелей орындайтын өзге де лауазымды адамдары өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының құзыретіне:
1) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау;
3) фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүргізуді ұйымдастыру;
4) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде үлгілерді іріктеп алу;
5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының құзыретіне:
1) тиісті аумақта Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті аумақта фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті ұйымдастыру, жүргізу және есепті ұсыну;
4) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде үлгілерді іріктеп алу;
5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану кіреді.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың құзыретіне:
1) тиісті аумақта Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) белгіленген нысан бойынша фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу және оларды уәкілетті органның ведомствосына ұсыну;
3) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде үлгілерді іріктеп алу;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
5) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау кіреді.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құқықтары
1. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың:
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік фитосанитариялық бақылау мақсатында мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне баруға;
2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар шығаруға;
2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда, сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша материалдарды үш тәулік ішінде міндетті түрде бере отырып, қызметті немесе оның жекелеген түрлерін сот шешімінсіз тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқығы бар. Бұл ретте, қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданыста болады;