4-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Мерзімді баспасөз басылымдарының, теле-, радиоарналардың, киноқұжаттаманың, дыбыс-бейне жазбасының және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың өзге нысанының қызметі бұқаралық ақпарат құралдары саласында бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау объектісі болып табылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелері бақылау субъектілері болып табылады.
Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау арқылы, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бақылау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жібереді.
Ұсыным бақылау субъектісіне жеке қолын қойғызып немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілген болып саналады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне қосу арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау күніне бір реттен жиілетпей жүргізіледі.».
34. «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., №10, 247-құжат; 2003 ж., №15, 139-құжат; 2004 ж., №5, 25-құжат; 2005 ж., №23, 104-құжат; 2010 ж., №15, 71-құжат; 2012 ж., №13, 91-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №16, 79-құжат; №20-IV, 113-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №23-III, 111-құжат):
5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, лизинг алушы таратылған немесе банкрот болған кезде, егер лизинг бағасы төленбесе, лизинг нысанасы лизинг берушіге қайтарылуға жатады.
Лизинг нысанасына тыйым салуға және оны тәркілеуге жол берiлмейдi.».
35. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., №14-15, 281-құжат; 2002 ж., №4, 34-құжат; №17, 155-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №8, 52-құжат; 2008 ж., №12, 51-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; №24, 122-құжат; 2010 ж., №24, 149-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №4, 32-құжат; №5, 35-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №1, 2-құжат; 2014 ж., №8, 49-құжат; №10, 52-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., №23, 118-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №16, 56-құжат):
1) 17-1-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жалпы негіздерден басқа, күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысы мынадай:
1) жалғыз құрылтайшы осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
2) жалғыз құрылтайшының және (немесе) заңды тұлғаның орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған;
3) жалғыз құрылтайшыға іздеу жарияланған жағдайларда, тоқтатыла тұрады.
Лицензияны тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылған кезде оның қолданысы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қайта басталады.
Күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру (қайтарып алу) сот тәртібімен жүзеге асырылады.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жалпы негіздерден басқа, күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтату алдын ала тоқтатыла тұрмай мынадай:
1) жалғыз құрылтайшы соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кеткен деп танылған;
2) жалғыз құрылтайшының Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
3) жалғыз құрылтайшыға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
4) жалғыз құрылтайшыға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда, жүзеге асырылады.»;
2) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін, мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган мен оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган мен оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері күзет қызметінің субъектілеріне (объектілеріне), мамандандырылған оқу орталықтарына және күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектілерге бармай, олардың қызметі туралы әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді.
4. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, күзет қызметінің субъектілеріне, мамандандырылған оқу орталықтарына және күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектілерге бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша уәкілетті орган немесе оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау уәкілетті органда, уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық құрылымдық бөлімшелерінде бар деректерді:
1) осы Заңның 8-бабының 4-тармағына сәйкес ағымдағы және сұрау салынатын ақпаратты;
2) сұрау салу арқылы уәкілетті ұйымдар мен мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерді;
3) әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді өзара салыстыру арқылы жүргізіледі.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, күзет қызметінің субъектісіне, мамандандырылған оқу орталығына, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектіге бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жіберіледі.
7. Ұсыным күзет қызметінің субъектісіне, мамандандырылған оқу орталығына және күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектіге жеке өзіне қолын қойғызып немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган немесе оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері сұрау салған кезде күзет қызметі субъектісінің, мамандандырылған оқу орталығының, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына уәкілетті орган немесе оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері жөнелткен күннен бастап табыс етілген болып саналады.
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
9. Күзет қызметінің субъектісі, мамандандырылған оқу орталығы, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъект ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға және оның аумақтық құрылымдық бөлімшесіне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне қосу арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
11. Күзет қызметінің субъектілеріне, мамандандырылған оқу орталықтарына, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектілерге бармай профилактикалық бақылау жылына кемінде бір рет жүргізіледі.».
36-тармақ 2018 ж. 13 шілдеге дейін қолданылады
36. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., №20, 381-құжат; 2001 ж., №24, 338-құжат; 2003 ж., №3, 19-құжат; №10, 54-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; 2009 ж., №23, 97-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 49-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №14, 95-құжат; №15, 97-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №22-II, 145-құжат; №23-II, 172-құжат, 2018 ж., №1, 3-құжат):
18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Бағалаушылар палаталарының қызметін бақылау
Уәкілетті орган бағалаушылар палаталарының осы Заңның талаптарын орындауын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.».
37. «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., №21, 385-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2007 ж., №20, 152-құжат; 2009 ж., №17, 81-құжат; 2011 ж., №21, 173-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат):
16-баптың 4-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) кәмелетке толмағандарға бұрыннан тұрып келген тұрғын үй алаңын бекiтiп беру туралы құжаттар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бала мен оның ата-анасының жылжымайтын мүлікке құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтері;».
38. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №1, 8-құжат; №24, 338-құжат; 2003 ж., №11, 56-құжат; 2004 ж., №5, 30-құжат; №10, 56-құжат; 2005 ж., №13, 53-құжат; 2006 ж., №8, 45-құжат; №15, 95-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №9, 67-құжат; №17, 141-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; 2011 ж., №2, 21-құжат; №5, 43-құжат; №17, 136-құжат; №23, 179-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 13-құжат; №8, 64-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №15, 81-құжат; 2014 ж., №11, 63, 67-құжаттар; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №16, 79-құжат; №20-І, 110-құжат; №21-І, 128-құжат; №22-І, 140-құжат; №23-І, 166-құжат; №23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; 2017 ж., №1-2, 3-құжат; №4, 7-құжат):
11-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң (қатысушыларының) осы бiрлестiктерге өздері берген мүлікке, оның iшiнде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ. Егер Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, олар мүшелері (қатысушылары) ретінде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейді, ал көрсетілген бiрлестiктер өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейді.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қоғамдық бірлестік «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қызметін ерікті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым ретінде жүзеге асыра алады.».
39. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №2, 12-құжат; №15-16, 232-құжат; 2003 ж., №19-20, 148-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №3, 20-құжат; №9, 67-құжат; №18, 145-құжат; 2008 ж., №13-14, 58-құжат; №20, 89-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №15, 71-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №14, 94-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 75-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №11, 52-құжат; №20-IV, 113-құжат; №23-II, 172-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; №8-II, 68-құжат):
1) 4-баптың 2-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 6-бапта:
7) тармақша алып тасталсын;
32-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«32-4) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 32-5) тармақшамен толықтырылсын:
«32-5) астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
3) 6-1-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) астық қабылдау кәсіпорындарын мемлекеттік бақылау;»;
4) 6-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-3-бап. Астық нарығын реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау
Астық нарығын реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.»;
5) 12-1 және 21-баптар алып тасталсын;
6) 33-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-1-бап. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру
1. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеруді уәкілетті орган өзі дербес не басқа да мемлекеттік органдарды тарта отырып жүргізеді.
2. Астық қабылдау кәсіпорындары тексеруге берілген тапсырмада көрсетілген мәселелер бойынша тексеру жүргізуде уәкілетті органға жәрдем көрсетуге, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті барлық ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
3. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне астық қабылдау кәсіпорнының қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
4. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар астық қабылдау кәсіпорнының қызметін тексеру барысында алынған және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.»;
7) 33-2-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын.
40. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №13-14, 175-құжат; 2002 ж., №4, 33-құжат; 2003 ж., №23, 168-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №17, 139-құжат; 2008 ж., №13-14, 57-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №22-I, 143-құжат; №22-II, 144-құжат; 2016 ж., №23, 118-құжат; 2017 ж., №12, 34-құжат):
1) 15-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
2) 28-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-1-бап. Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау
Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.».
41. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №17-18, 243-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2005 ж., №6, 10-құжат; №7-8, 19-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №15, 95-құжат; №23, 144-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат; №16, 129-құжат; 2008 ж., №21, 97-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №15-16, 76-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №3, 21, 27-құжаттар; №4, 32-құжат; №8, 64-құжат; №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №13, 63-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №1, 4, 6-құжаттар; №2, 10, 12-құжаттар; №7, 37-құжат; №8, 44-құжат; №10, 52-құжат; №14, 86-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №19-I, 99, 101-құжаттар; №19-II, 103-құжат; №20-IV, 113-құжат; №21-I, 128-құжат; №22-V, 156-құжат; №23-II, 170-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-II, 53-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №14, 51-құжат; №22-ІІІ, 109-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 6-2) және 7-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-2) бірыңғай сәулеттік стиль - құрылыста пайдаланылатын, аумақтың белгілі бір құрылыс салу ауданына, оның ішінде жеке құрылыс салуға тән бірыңғай белгілер жиынтығы. Сыртқы көркі, сәулеттік стилі, түсі бойынша шешімі, қабаттылығы, әрлеу материалдары негізгі өлшемдер болып табылады. Жеке құрылыс салу ауданы үшін сыртқы көркі, сәулеттік стилі, түсі бойынша шешімі, қабаттылығы, әрлеу материалдары, қоршаулары, жабын түрі мен учаске аумағындағы шаруашылық-тұрмыстық құрылыстардың орналасуы негізгі өлшемдер болып табылады;»;
«7-1) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы - елді мекендер аумақтарының жекелеген бөліктері мен функционалдық аймақтары, сондай-ақ елді мекендердің шегінен тыс жерде орналасқан аумақтар үшін әзірленетін қала құрылысы құжаттамасы;»;
2) 17-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сараптама жүргізу процесінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында объектінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей әсер ететін бұзушылықтар анықталған және сараптама жүргізудің белгіленген мерзімдерінде анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайларда, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Сараптаманың теріс қорытындысы (сарапшылардың айғақтары) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу кезінде анықталған бұзушылықтарды растау болып табылады.
Құрылыс процесінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында салынып жатқан объектінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей әсер ететін бұзушылықтар анықталған кезде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген ұйым, сондай-ақ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша оң қорытынды берген сарапшы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Сарапшылар анықтаған бұзушылықтар және олардың ескертулері уәжді болуға және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы тиісті нормативтік құқықтық актілерге, қала құрылысы және техникалық регламенттердің, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар нормалары мен ережелерінің талаптарына сілтемелермен негізделуге тиіс. Ұсынымдық сипаттағы ескертулерді беруге жол берілмейді.»;
3) 20-бапта:
мынадай мазмұндағы 11-12) тармақшамен толықтырылсын:
«11-12) «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды әзірлеу және бекіту;»;
22-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22-2) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын әзірлеу және бекіту;»;
4) 31-1-бапта:
7-тармақтағы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда» деген сөздер «Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және осы Заңда айқындалады.»;
5) мынадай мазмұндағы 31-2-баппен толықтырылсын:
«31-2-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау
1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау алдын алу-профилактикалық сипатта болады.
2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары мынадай тәртіппен белгіленген басымдықты ескере отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге құқылы:
1) өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылысжайлар;
2) жасанды микроклиматтың арнайы құрылғылары және (немесе) арнайы күзет немесе терроризмге қарсы іс-шараларды талап ететін, мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары, республикалық маңызы бар музейлердің, мемлекеттік архивтердің, ұлттық және мәдени құндылықтарды сақтау қоймаларының ғимараттары және қалалар мен елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету объектілері;
3) әлеуметтік мәні бар объектілер (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдары және басқалар);
4) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер;
5) көліктік инфрақұрылым объектілері;
6) сумен жабдықтау және су бұру объектілері;
7) өзге де ғимараттар және құрылысжайлар.
Бұл ретте бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаржыландыратын объектілерге өзге тең жағдайларда басым тәртіппен барылады.