5-тармақ 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы алудан түскен ақша, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негізінде алынатын ақшаны қоспағанда, Ұлттық оператордың жеке шотында есепке алынады және мыналарға:
1) ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) жөндеуге және күтіп-ұстауға, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстауға;
2) жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін енгізу және орнату мақсаты үшін тартылған инвестицияларды қайтаруға;
3) автомобиль жолдарында (жол учаскелерінде) ақылы қозғалысты ұйымдастыруға;
4) ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) күтіп-ұстау үшін жол-пайдалану техникасын сатып алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты шығыстарды қаржыландыруға бағытталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мақсаттарға бағытталатын шығыстар, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды өтеп болғаннан кейін жүріп өту үшін ақыдан алынған ақша есебінен өтеледі.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) салу үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздері пайдаланылады.
7. Жергілікті атқарушы органдарға автомобиль жолдарын пайдаланушылардан алынатын, қолданылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген және жүктерді алып өту мен жолаушылардың еркін жүріп-тұруын тікелей немесе жанама түрде шектейтін салықтар, алымдар және төлемдер белгілеуіне тыйым салынады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-1-бап өзгертілді
5-1-бап. Автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) ақылы негізде пайдалану туралы шешімдер:
1) автомобиль көлігінің барлық түрлеріне арналған І техникалық санаттағы жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне);
2) автомобиль көлігінің барлық түрлеріне не жүк автомобиль көлігіне ғана арналған ІІ техникалық санаттағы жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне);
3) жүк автомобиль көлігіне арналған ІІІ техникалық санаттағы жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне);
4) астананың және республикалық маңызы бар қалалардың көшелеріне қатысты қабылдануы мүмкін.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімді автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қабылдайды.
3. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімде:
1) қазіргі бар басқа баламалы жолмен жүру мүмкіндігімен қоса бастапқы және соңғы пункттер;
2) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі;
3) техникалық сыныптама мен негізгі параметрлер;
4) ұзындығы;
5) жүріп өту үшін ақы мөлшерлемесі;
6) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі;
7) ақылы негізде пайдаланылу мерзімі көрсетілуге тиіс.
4. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешім ол қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымдарда мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиіс.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5-2-баппен толықтырылды; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 5-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 5-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-2-бап. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша жеңілдіктер
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде:
жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;
өртке қарсы қызметтің;
авариялық-құтқару қызметтерінің;
патрульдік полицияның;
әскери техниканың арнаулы автокөлік құралдары босатылады;
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) қала маңындағы қатынастарда және ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) іргелес елді мекендерді:
кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;
ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;
ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін босатылады.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негізінде салынған (реконструкцияланған) және пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланғаны үшін төлемақыдан осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген автокөлік құралдары босатылмайды.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5-3-баппен толықтырылды; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 5-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-3-бап. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтату және тоқтата тұру
1. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтату автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешімде көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
2. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтата тұру соғыс немесе төтенше жағдай кезеңінде, сондай-ақ экологиялық, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған жағдайларда белгілі бір мерзімге жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтата тұру туралы шешімді автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап қабылдайды.
6-бап. Автомобиль жолдарының атауы және оларды индекстеу. Автомобиль жолдарындағы ара қашықтықты есептеу
1. Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын барлық автомобиль жолдарының атауы мен индексі болуға тиіс. Автомобиль жолдарының атауына - бастапқы және соңғы елді мекеннің, ал қажет болған жағдайда аралық мекендердің атауы кіреді.
Автомобиль жолдарының индексі латын әліпбиінің әріптерінен және цифрлар тобынан тұрады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері автомобиль жолдарының карталары мен атластарында, сондай-ақ арнаулы белгілер және таңбалар қою арқылы автомобиль жолында көрсетілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін халықаралық автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері халықаралық келісімдермен белгіленеді.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн облыстардың жергілікті атқарушы органдары автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша бекiтедi.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн аудандардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша бекiтедi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қашықтығы бастапқы және соңғы елді мекендер аралығымен есептеледі. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының километрін есептеу.
Қазақстан Республикасының астанасынан шығатын автомобиль жолдары үшін - Қазақстан Республикасы Парламентінің үйінен;
басқа елді мекендерден шығатын автомобиль жолдары үшін - жергілікті атқарушы органдар үйлерінен, ал олар болмаған жағдайда елді мекендердің шекараларынан бастап жүргізіледі.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығына:
елді мекендерді жалғастырып жатқан автомобиль жолдары үшін - тиісті елді мекендер шекаралары арасындағы қашықтық;
жалпыға ортақ пайдаланылатын басқа автомобиль жолдарын өзара жалғастырып жатқан және оларға қосылатын автомобиль жолдары үшін түйісетін автомобиль жолдары осьтерінің қиылысу аралығы алынады.
Елді мекендер көшелерінің ұзындығына тиісті қалалар мен елді мекендер шекарасы шегіндегі қашықтық алынады.
2-тарау. Автомобиль жолдарының жері
7-бап. Автомобиль жолдарын орналастыру үшін жер беру
2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу және күтіп-ұстау үшін жер пайдаланушыларға автомобиль жолының санатына қарай белгіленген нормалар негізінде жолға бөлінген белдеу үшін жер және жобалау құжаттамасына сәйкес жол бойындағы белдеу учаскелері беріледі. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға немесе Ұлттық операторға сенімгерлік басқаруға берілген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қажеттеріне арналған жер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жол органына - жерді тұрақты пайдалануға, автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялау мен жөндеуді жүзеге асыратын қызмет көрсетушілерге жерді уақытша пайдалануға бөлінеді.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Жобаланатын жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің мөлшері жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары үшін жер бөлу нормаларына сәйкес оның санатына байланысты белгіленеді, атап айтқанда: I техникалық санаттағы жолдар үшін - жолдардың осінен 35 метрден, II техникалық санаттағы жолдар үшін - 20 метрден, III техникалық санаттағы жолдар үшін - 15 метрден, IV техникалық санаттағы жолдар үшін - 13 метрден, V техникалық санаттағы жолдар үшін - 12 метрден болып белгіленеді.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына арналған жерлер тиісті жергілікті атқарушы органның шешімімен беріледі және оны жергілікті жерде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар бөледі.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары алып жатқан жерлер (Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған жерлерді қоспағанда) мемлекеттік меншікке жатады, бөлінбейді және жеке меншікке берілмеуге тиіс. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жерінде, осы жерлерді пайдаланудың белгіленген келісу тәртібін бұза отырып салынған кез келген құрылыстар заңсыз деп танылады және заңдарда белгіленген тәртіппен оларды өз еркімен құрылыс салуды жүзеге асырған тұлға бұзады не соның есебінен бұзылуға тиіс.
5. Шаруашылық және жеке меншік автомобиль жолдары үшін жерлер Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарында белгіленген тәртіппен беріледі.
8-бап. Жол бойындағы белдеулер
1. Жол бойындағы белдеулер халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және жол жүрісі қауіпсіздігі талаптарын, сондай-ақ оларды реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп ұстауды, жол инфрақұрылымдарының объектілерін орналастыруды жүзеге асыру мүмкіншілігін ескере отырып, автомобиль жолдарын пайдалануға жағдай жасау үшін белгіленеді.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді
2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық автомобиль жолдары үшін жол бойындағы белдеудің ені жолға бөлінген белдеудің шекарасынан есептегенде әрбір жағынан 50 метрден кем болмауға тиіс.
Облыстық және аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары үшін жолдың әрбір жағынан жол бойы белдеуінің ені жолға бөлінген белдеудің шекарасынан есептегенде 40 метрден кем болмауға тиіс.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жол қызметі мен жол бойындағы сервис объектілерін қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының жол бойындағы белдеуінде ғимараттар мен құрылысжайлар салуға тыйым салынады. Жол бойындағы сервис объектілерін салу ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Жол бойындағы сервис объектілерін жол бойындағы белдеулерге немесе объектілерді олардың шегінен тыс жерлерде, егер оған кіру үшін кірме жолдар қажет болса, орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешімдерді тиісті жергілікті атқарушы орган Ұлттық оператормен келісу бойынша, белгіленген тәртіппен қабылдайды.
Келісу тәртібі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген құрылыс салудың үлгілік қағидаларында айқындалады.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді
5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойындағы белдеулерде орналасқан кірме жолдарды (құлама жолдарды, қосылған жолдарды) және басқа объектілерді жайғастыру, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі шығыстарды осы объектілердің иелері көтереді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудi пайдалану тәртібі
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің жері жол органдарының немесе өзге тұлғалардың иелігінде және пайдалануында болады және автомобиль жолдарын дамытуға, абаттандыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ғана арналады.
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, жол полициясы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынан бөлiнген белдеу шегінде ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар төсеуге тыйым салынады.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінің жер учаскелері жолдың көліктік-пайдалану сапаларының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау шарттарымен сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уақытша ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілуі мүмкін.
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-бап өзгертілді; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасында көзделген тәртіппен орналастырылады.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бөлiнген белдеудiң шекараларында орнатылатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектілері, өзге де ақпараттық белгiлер мен нұсқағыштар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуға және орнатылуға тиiс.
3. 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3-тарау. Автомобиль жолдарын мемлекеттік реттеу және басқару
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің автомобиль жолдары мен жол қызметі саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына:
1) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдары мен жол қызметі саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты үйлестіру және жүргізу;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары мен жол қызметi саласындағы қызметiне жалпы басшылық жасау;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) - 5-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6) тармақша өзгертілді
6) автомобиль жолдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
6-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) - 8-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 8-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-2) Ұлттық операторды және Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығын құру;
8-3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 8-4) тармақшамен толықтырылды
8-4) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлерін бекіту;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8-5) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
8-5) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы шешімдерді қабылдау, олардың негізінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес оларды кері сатып алу міндеттемесімен мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының меншігіне сату жүзеге асырылады;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 9 тармақшамен толықтырылды
9) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
12-бап. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік органның құзыретi
1. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарауына:
1) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) автомобиль жолдары мен жол қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік және ғылыми-техникалық саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) автомобиль жолдары және жол қызметі саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
3) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жол саласын қаржыландыру көздері мен мөлшерін анықтау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5) Қазақстан Республикасының экономикасы мен қорғаныс қабілетін нығайту міндеттеріне сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамытуды мемлекеттік жоспарлау;
6) автомобиль жолдарын дамыту және пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға қатысу;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) меншік нысандарына қарамастан, жол секторының жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ жол қызметіндегі ұлттық стандарттарды, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлерін әзірлеу;
2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7-1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
7-2) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
8) автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарға жұмсалатын шығындарды қаржыландырудың ғылыми негізделген нормативтерін әзірлеу;