Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1. 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 85-құжат; № 16, 97, 98, 103-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 37, 40-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 102, 105-құжаттар; № 15, 106-құжат; № 18, 144-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 жылғы 9 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізу туралы» 2008 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 4 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 3 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 10-баптың 1-тармағының 22-2) тармақшасы «жылжымайтын мүлік» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ концессия шарты шеңберінде концессионер (құқық мирасқоры) өндірген және (немесе) алған активтер» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 105-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық салу мақсатында концессия шарты шеңберінде концессионер (құқық мирасқоры) өндірген және (немесе) алған активтер концессионердің негізгі құралдары болып табылады және концеденттің негізгі құралдары болып табылмайды.»;
3) 109-баптың 2-тармағының алтыншы абзацындағы «бойынша кемітеді.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«концедент концессионерге берген кезде - уәкілетті орган айқындаған құн бойынша;
концессия шарты тоқтатылғанда концессионер концедентке берген кезде - уәкілетті орган айқындаған құн бойынша кемітеді.»;
4) 139-баптың 2-тармағында:
екінші абзац «активтер» деген сөзден кейін «, оның ішінде концессия шарты шеңберінде құрылғандары бойынша,» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзац «активтерді» деген сөзден кейін «, оның ішінде концессия шарты шеңберінде құрылғандары бойынша,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 211-баптың 3-тармағының 8) тармақшасындағы «айналым, өткізу бойынша айналым болып табылмайды.» деген сөздер «айналым;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) концессия объектісін концедентке беру, сондай-ақ концеденттің концессия объектісін пайдалану үшін концессионерге кейіннен беруі өткізу бойынша айналым болып табылмайды.»;
6) 423-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы «отандық» деген сөздің алдынан «концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 425-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «жүргенге дейін» деген сөздер «жүру фактісі бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 448-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Инвестициялық салық преференцияларын алуға уәкілетті органмен келісім-шарт жасасқан концессионер осы Кодекстің 139-бабында айқындалған инвестициялық салық преференциялары қолданыла бастаған кезден бастап бес жыл ішінде есептелген төлем сомасын жүз процентке кемітеді.».
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 жылғы 4 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 3 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 36-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«концессия шартының қолданылу мерзіміне;»;
2-тармақтың бірінші бөлігі «қоспағанда,» деген сөзден кейін «сондай-ақ концессиялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін беру жағдайларында» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 114-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «аймақтарына бөліп берілген жер жатады.» деген сөздер «аймақтарына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) концессия шарттары бойынша темір жолдар мен темір жол көлігінің объектілеріне бөліп берілген жер жатады.».
3. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 86-құжат; № 16, 97-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16-құжат; № 4, 28-құжат; № 13, 98-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 152-құжат; № 23, 176-құжат; 2008 жылғы 4 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2008 жылғы 3 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары - Қазақстан Республикасының Yкіметі немесе мәслихат бекітетін, республиканы немесе өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың үш жылдық кезеңге арналған негізгі көрсеткіштері мен бағыттарын және оларды іске асыру жөніндегі шараларды айқындайтын құжат;
2) басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі - республикалық немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарланған инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізімі болып табылатын, республиканы немесе өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарына қосымша;
3) бекітілген бюджет - тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет;
4) бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;
5) бюджет жүйесі - бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы;
6) бюджет қаражаты - мемлекеттік меншікке түсуі мен жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетілетін мемлекеттің ақша және өзге де активтері;
7) бюджет қаражатын алушылар - мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бөлігінде бюджет қаражатын пайдаланатын, жеке және заңды тұлғалар, шаруа немесе фермер қожалықтары, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ қаржылық қызметтер көрсететін, оның ішінде азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде, бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыру шеңберінде қаржылық қызметтер көрсететін тұлғалар;
8) бюджет процесі - бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджет есебі мен есептілігін жүргізу, мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген қызмет;
9) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
10) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті атқару, жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті бюджеттің орта мерзімді кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
12) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган - орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) бюджеттік инвестициялар - экономикалық пайда табу немесе әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткізу мақсатында мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға, адам ресурстарын дамытуға және табиғи ресурстарды жаңғыртуға бағытталған қаржыландыру;
14) бюджеттік инвестициялық бағдарлама - бірыңғай инвестициялық мақсатты көздейтін, сипаты техникалық-экономикалық негіздеу сатысында қол жеткізу мерзімін анықтауға мүмкіндік бермейтін іс-шаралар жиынтығы;
15) бюджеттік инвестициялық жоба - шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
16) бюджеттік қамтамасыз етілу - мемлекеттік басқару органдары тиісті бюджеттер қаражаты есебінен ұсынатын мемлекеттік қызметтер көрсетуді алушылардың бірлігіне шаққандағы заттай нормалар есепке алынған мемлекеттік қызметтер көрсету құны;
17) бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар;
18) бюджеттік операциялар - бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар;
19) жергілікті бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті;
20) индикаторлар - алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бағдарламаны іске асыру нәтижелерін көрсететін сандық көрсеткіштер;
21) кепілдік берілген трансферт - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін қайтарылмайтын түсімдер;
22) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - концессия объектілерін құру (салу) және реконструкциялау үшін белгілі бір шығындар көлемін қаржыландыруға арналған бюджеттік қаржыны бөлу;
23) кірістерді бөлу нормативі - кірістерді әртүрлі деңгейлердегі бюджеттер арасында бөлудің проценттік арақатынасы;
24) қаржы жылы - күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын, соның ішінде бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын уақыт кезеңі;
25) қаржыландыру - бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу;
26) мемлекеттік бағдарлама - салааралық сипаты бар, әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық және неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге және мемлекеттің қорғаныс қабілетін, құқық тәртібін, заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін бағдарлама;
27) мемлекеттік бюджет - республикалық және жергілікті бюджеттерді араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;
28) мемлекеттік инвестициялық саясат - инвестициялық процестерді ұлттық экономиканың мүдделері үшін мемлекеттік реттеудің экономикалық және қаржылық негізделген шараларын көрсететін әлеуметтік-экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі;
29) мемлекеттің активтері - бұрынғы операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік меншікке алынған мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құндық бағасы бар құқықтар;
30) нақтыланған бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат атқарылуы барысында қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет;
31) облыс бюджеті - облыстық бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;
32) өңірлік бағдарлама - өңірді (аумақты) әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық міндеттерін шешуге бағытталған мәслихаттар бекітетін бағдарлама;
33) салалық (секторлық) бағдарлама - экономиканың жекелеген салаларының (секторларының) стратегиялық және неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталған Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін бағдарлама;
34) түзетілген бюджет - тиісінше Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды қаржы жылы ішінде бөлуді ескере отырып бекітілген немесе нақтыланған республикалық немесе жергілікті бюджет;
35) шоғырландырылған бюджет - республикалық бюджеттен, облыс бюджетінен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі шоттарына аударылатын, бюджетке түсімдерден тұратын, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджет;
36) ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган - ішкі мемлекеттік қаржы бақылауы функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
37) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеу функцияларын жүзеге асыратын атқарушы орган;
38) экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының осы бапта көрсетілмеген басқа ұғымдары осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалған мәндерде пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасы ұғымдарының анықтамалары бюджеттік қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да салалары ұғымдарының анықтамаларымен сәйкес келмеген кезде Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының ұғымдары пайдаланылады.
3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да салаларының ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасы заңнамасының осы салаларында пайдаланылып жүрген мәнінде қолданылады.»;
2) 50-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерін орындау.»;
3) 51-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерін орындау.»;
4) 52-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерін орындау.»;
5) 58-бап мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2) және 15-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру тәртібін айқындайды;
15-2) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру тәртібін айқындайды;
15-3) концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындар өтемақысын беру тәртібін айқындайды;»;
6) 60-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) орташа мерзімдік кезеңге концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесін қалыптастырады;»;
7) 61-баптың 16) тармақшасы «міндеттемелердің» деген сөзден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің жасалған концессия шарттары бойынша концессиялық міндеттемелерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 74-баптың 2-тармағының сегізінші абзацындағы «нәтижелері негізінде жасалады;» деген сөздер «нәтижелері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалардың тізбесі негізінде жасалады.»;
9) 76-баптың 4-тармағының 5) тармақшасы «жобаларды (бағдарламаларды)» деген сөздерден кейін «, қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаларды» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 77-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы «жобаларды (бағдарламаларды)» деген сөздерден кейін «, қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаларды» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 147-баптың 1-тармағындағы «жобалар (бағдарламалар)» деген сөздер «жобаларды (бағдарламаларды), концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 148-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлікте:
«жобаларды (бағдарламаларды)» деген сөздерден кейін «және концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды» деген сөздермен толықтырылсын;
«149-152-баптарына» деген сөздер «149, 150, 150-1, 150-2, 150-3, 152 және 152-1-баптарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзац «жобаларды (бағдарламаларды)» деген сөздерден кейін «және концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды» деген сөздермен толықтырылсын;
2) және 3) тармақшаларда:
«жобалардың (бағдарламалардың)» деген сөздерден кейін «және қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалардың» деген сөздермен толықтырылсын;
«тізбесін» деген сөз «тізбелерін» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) мынадай мазмұндағы 150-1, 150-2, 150-3 және 152-1-баптармен толықтырылсын:
«150-1-бап. Қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру тәртібі
1. Мыналар:
1) техникалық-экономикалық негіздеменің болуы;
2) техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының оң қорытындысы;
3) концессиялық жобаны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және республикалық меншіктің бар объектілері бойынша республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу;
4) бюджет комиссиясының оң шешімі қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалар тізбесін қалыптастыруға негіз болып табылады.
2. Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландырылатын концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыруды экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.
150-2-бап. Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы
Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы тиісінше экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдардың бөлінетін бюджеттік бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады.
Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және оның сараптамасына қойылатын талаптарды экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
150-3-бап. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бөлінетін экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдардың тиісінше бюджеттік бағдарламалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
152-1-бап. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру
1. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар концессия шартының негізінде іске асырылады.
2. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды концедент тиісті бюджеттік бағдарлама шеңберінде жүргізеді.
3. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
14) 191-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«191-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын ұғымдар
Осы бөлімде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аваль - вексельдік кепілдік, бұл жағдайда оны жасаған тұлға вексель бойынша міндетті басқа тұлға үшін вексель бойынша төлемді жүзеге асыру жөнінде (толық немесе бір бөлігінде) өзіне міндеттеме алады;
2) ақша нарығы - қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) өтімді қаржы құралдары нарығы;
3) бағдарламалық қарыздар - халықаралық қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту және реформалау жөніндегі өздерімен келісілген іс-шараларын орындау шарттарымен Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беретін қарыздары;
4) банк кепілдігі - қарыз алушы мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімде қарыз шарты бойынша өзінен алынуға тиесілі соманың жинақталуын қамтамасыз етпеген жағдайда, банктің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның алдындағы мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемесі;
5) борыш мониторингі - мемлекеттің өзі уәкілеттік берген органдар арқылы борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету процесін бақылау жөніндегі қызметі;
6) борышқа қызмет көрсету - белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының (мүдденің), комиссиялық төлемдердің, айыппұлдардың және қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердің жиынтық төлемдері;
7) борышты өтеу - қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында белгіленген тәртіппен қайтаруы, қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы, концессиялық міндеттемелерге төлеуі;
8) жергілікті атқарушы орган борышының лимиті - тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте бекітілетін жергілікті атқарушы органның белгіленген күнге (қаржы жылының аяғына) жергілікті атқарушы органның нақты борышынан асып кетпеуге тиіс алынған және өтелмеген қарыздарының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның концессиялық міндеттемелерінің тіркелген сомасы;
9) Қазақстан Республикасының резиденттері - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;
10) қарыз алу - қарыз қаражаттарын тарту, қарызды тарту, пайдалану, өтеу және оған қызмет көрсету тәртібі мен шарттарын айқындау қажеттігі туралы шешім қабылдау рәсімдерін, келіссөздер, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету және оларға кепілдік беру, қарыз бойынша тиісті құжаттарды ресімдеу және оларға қол қою, қарыз шартын ратификациялау (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезінде), тараптардың міндеттемелерді орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсімдерін қоса алғанда қарыз қаражатын алу, пайдалану рәсімдерін қамтитын процесс;
11) қарыз беруші - мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік немесе мемлекеттік емес қарыздарды берген тұлға немесе инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкілі;
12) қарызды қайта құрылымдау - тараптардың келісімі бойынша қарыз шарты жөніндегі өздерінің міндеттемелерін орындау мерзімдерін, қаржылық және өзге де шарттарды өзгертуі;
13) қарызға қызмет көрсету - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе банктің қарыз алушының шоттарындағы қарыз қаражаттарының пайдаланылуын есепке алу жөніндегі қызметі және қарыз алушының сыйақы (мүдде) төлемдерін, комиссиялық алымдарды және қарыз шарттарына сәйкес басқа да төлемдерді жүзеге асыруы;
14) қарыз шарты - қарыз алушы қарыз қаражатын соған байланысты алатын және қарыз берушінің алдында оны қайтару және сыйақыны (мүддені), сондай-ақ қарызға байланысты басқа да төлемдерді төлеу жөнінде міндеттемені мойнына алатын келісім;
15) концессиялық міндеттемелер - концеденттің жасалған концессия шарттары бойынша инвестициялық шығындарды белгілі бір күнге өтеу жөнінде қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелерінің сомасы;
16) мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз - инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік емес қарыз;
17) мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш - мемлекет кепілгерлігімен тартылған, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген қарыз сомаларының сомасы;
18) мемлекет кепілгерліктерін беру лимиті - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін, оның шегінде мемлекет кепілгерліктері берілуі мүмкін тіркелген сома;
19) мемлекет кепілдік берген борыш - мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыздар сомасы;