2. Жол органының қызметкерлерi жол элементтерiн бүлдiретiн немесе ластайтын не жүрiп өтуге арнайы рұқсаты жоқ iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты көлiк құралдарын автомобиль жолының көлiк құралдары жүретiн бөлiгiнiң шегiнен шығаруды талап етуге құқылы.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Жол органының және автомобиль жолдарын басқарушылардың жауапкершiлiгi
Жол органы және автомобиль жолдарын басқарушылар:
1) қызмет көрсететiн автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар көлiк құралдарының үздiксiз және қауiпсiз жүруiн қамтамасыз ететiн жағдайда күтiп ұсталуы үшiн және табиғат қорғау заңдары талаптарының сақталуы қамтамасыз етiлуi үшiн;
2) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес автомобиль жолдарын пайдаланушыларға залалдың орнын толтыра отырып, жол жағдайларына байланысты туындаған жол-көлiк оқиғалары салдарынан келтiрiлген залал үшiн;
3) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң фитосанитариялық жағдайы үшiн жауапты болады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-1-тараумен толықтырылды
3-1-тарау. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 19-1-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
19-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері
Автомобиль жолдары, жол-құрылыс материалдары, автомобиль жолдарын жобалау, салу (реконструкциялау, жөндеу) мен пайдалану процестері техникалық реттеу және стандарттау объектілері болып табылады.
19-2-бап. Автомобиль жолдарын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Автомобиль жолдарын жобалау жылдамдықты барынша шектеу және өзгерту, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары және перспективалы кезеңнен кейін жолды реконструкциялау мүмкіндігін ескере отырып жүзеге асырылуға тиіс.
2. Автомобиль жолдарының жобалық шешімдері:
1) көлік құралдарының есептелген жылдамдықпен ұйымдасқан, қауіпсіз қозғалысын;
2) жүргізушілердің көзбен шолып бағдарлау шарттарын сақтауын;
3) қосылатын жолдар мен қиылысатын жолдардың қауіпсіз орналасуын;
4) автомобиль шиналарының жүру жолының беткі қабатына қажетті жанасуын;
5) автомобиль жолдарының, оның ішінде қорғағыш жол ғимараттарымен қажетті жайластырылуын;
6) жол және автокөлік қызметтерін қажетті ғимараттармен және құрылыстармен қамтамасыз етуге тиіс.
3. Өндірістік базаларды, жол және автокөлік қызметтерінің ғимараттары мен құрылыстарын жобалау кезінде атмосфералық ауадағы, су объектілеріндегі және топырақтағы ластаушы заттардың рұқсат етілетін шекті концентрациясының сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар әзірленуге және жүзеге асырылуға тиіс.
4. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген кезде жол және жол қозғалысының:
1) адамдарға және қоршаған ортаға;
2) табиғат көріністеріне, жолдағы объектілерге және тарихи-мәдени мұраға тікелей және жанама әсерін бағалау қажет.
Орман екпелерін (жол бойындағы) отырғызу қандай да бір басқа қауіп-қатердің туындауын болғызбау шартымен көзбен шолып бағдарлауды жақсартуға және жолдың көзбен біркелкі көруін бұзуға жәрдемдесуге тиіс.
5. Жолдарды жобалау кезінде жол белгілерін оларды орнататын орындар мен орнату әдістерін көрсете отырып, орналастыру схемасын және жолды белгілеу схемасын әзірлеу қажет.
6. Автомобиль жолдарын жобалау кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары техникалық регламенттерде белгіленеді.
19-3-бап. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде жобалау-сметалық құжаттаманың, осы Заңның, Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының және автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қолдану қажет. Жұмыс жүргізу әдістерін және механикаландыру құралдарын таңдау кезінде тиісті санитарлық нормаларды, атмосферадағы ластаушы заттардың рұқсат етілетін шекті нормаларын сақтау қажеттігі ескерілгені жөн.
Жолдарды салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде жасыл екпелерді сақтау немесе оларды қалпына келтіру қамтамасыз етілуге тиіс.
3. Жол жұмысшыларының және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі қозғалысты ұйымдастыру және жұмыстар жүргізілетін орынды қоршау шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етілуге тиіс, олар жұмыстарды жоспарлау барысында қарастырылуға және оларды жүргізу кезінде ұдайы тексерілуге тиіс.
4. Жер төсемін тұрақтандыру мерзімі құрылыстың белгіленген мерзімінен едәуір асып кететін күрделі инженерлік-геологиялық жағдайларда жол салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде суды бұруды және әр сатыдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып жол жабындысын сатылап салуды көздеуге рұқсат етіледі.
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары техникалық регламенттерде және Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында белгіленеді.
19-4-бап. Автомобиль жолдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жолдардың жай-күйі Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жол жүрісі қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге және көліктік-пайдалану жүктемесі деңгейіне сәйкес келуге тиіс.
Жол жиегіндегі белдеулердің ені жолдың осы түрі үшін белгіленген нормалардан кем болмауға тиіс.
Ақпараттық нұсқағыштар мен белгілер жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Жолдардың құрамы өңірдің климаттық ерекшеліктері мен көліктік-пайдалану жүктемесін ескере отырып, оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жүргіншілер бөлігі, жаяу жүргiншiлер мен велосипед жолдары тротуарларының, отырғызу алаңдарының, аялдама пункттерiнiң жабыны, сондай-ақ бөлу жолақтарының, жол жиектерiнің және жер төсемі еңістерінің беті Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін жағдайда болуға тиіс.
Жол жамылғыларында есептік жылдамдықты және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті беткі қабат болуы керек.
Жүргінші бөліктің жамылғысында отырып қалған жерлер, ой-шұңқырлар, көлік құралдары қозғалысын қиындататын өзге де ақаулары болмауға тиіс.
Қыс кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін және оны тиісті шаралар қабылдау арқылы ұйымдастыру барынша қамтамасыз етілуі қажет.
3. Жол-көлік оқиғаларының және жол жұмыстарын жүргізу орындарындағы көлік құралдары кідірістерінің алдын алу үшін жұмыстарды жүргізетін орындарда қоршау қондырғыларын, белгілер және таңбалар орнату көзделуі, сонымен бірге олардың тәуліктің кез келген уақытында көрініп тұруы қамтамасыз етілуі керек.
Жол қозғалысын ұйымдастыруда қолданылатын техникалық құралдар (қоршаулар, белгілер, таңбалар, бағыттаушы қондырғылар, жарықтандыру жүйелері, бағдаршамдар, қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйелері) тәуліктің кез келген уақытында жақсы көрініп тұруға және ажырататындай болуға тиіс.
4. Жол қозғалысы, жолға күтім жасау және оны ұстау салдарынан болған шу, діріл және ауа мен судың ластану деңгейін автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттермен белгіленген талаптар негізінде тиісті шаралармен шектеп отырған жөн.
19-5-бап. Жол-құрылыс материалдарына қойылатын қауіпсіздік талаптары
Жол-құрылыс материалдары қоршаған ортаның әсеріне төзімді болуға, сондай-ақ олардың құрамындағы зиянды құрамдас бөліктері мен қоспалар жол берілетін нормадан аспауға тиіс.
4-тарау. Автомобиль жолдарын пайдалану
2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдалану
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғалардың жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдалану құқығы болады.
2. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың:
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) жол органының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның немесе оның бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелерінен автомобиль жолдары бойындағы жол жүрiсiн тоқтатудың немесе шектеудің себептері туралы түсіндірме алуға;
2) қозғалыстың шарттары туралы толық және анық ақпарат алуға;
3) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту құны мен олардың ұзақтығы туралы, ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалану тәртібі, жүріп өту ақысының мөлшерлемелері, төлеу тәртібі мен тәсілдері, жүріп өтуге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер мен басқа да шарттар туралы толық және анық ақпарат алуға;
4) осы Заңның 5-2-бабына сәйкес ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) тегін жүріп өтуге;
5) жол органының лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.
3. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар:
1) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының сақталуын және олармен қауіпсіз жүріп өтуді қамтамасыз ететін көлік құралдарын пайдалануға;
2) көлемдері, массасы және (немесе) осьтік жүктемесі бойынша Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүріп-тұруға арналған, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерінен асатын көлік құралдарымен арнайы рұқсатсыз жүріп өтуді жүзеге асырмауға;
3) жол қозғалысы қауіпсіздігін төмендететін, қозғалыста іркілістердің пайда болуына, көлік құралдары жылдамдығының, автомобиль жолдары мен құрылыстардың сенімділігінің төмендеуіне, олардың бұзылуына ықпал ететін іс-әрекеттерді жасамауға;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту ақысын ақы алу пунктін кесіп өту кезінде төлеуді жүргізуге;
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) төлеу тәсілдері және (немесе) көлік құралының техникалық сипаттамалары бойынша сараланған, белгіленген ақпараттық таблоға сәйкес көлік құралдарының тиісті жол жүру белдеуімен жүріп өтуін жүзеге асыруға, төлемақы алу пункті арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық оператор немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушылар белгілеген жылдамдық режимін және жүріп өту қашықтығын сақтауға міндетті.
21-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
22-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді
23-бап. Автомобиль жолдары маңындағы жер учаскелерi меншiк иелерiнің мiндеттерi
1. Автомобиль жолдарына аумақтары жалғасатын жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) кірме жолдардың және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдардың құрылысын жобалау үшін Ұлттық оператордан техникалық шартты алуға;
2) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды және оларға кiрме жолдарды техникалық жағынан дұрыс және тиiстi санитариялық жағдайда ұстауға, қоқыстан, ластан және қардан тазартып отыруға;
3) көрудi қиындататын және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн нашарлататын материалдар мен конструкцияларды жол бойындағы белдеуге жиып қоюға жол бермеуге мiндеттi.
2. 1-тармақта көрсетiлген талаптарды орындамау Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
24-бап. Автомобиль жолдарын жұмылдыру дайындығы
1. Жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда пайдалану үшiн автомобиль жолдарын жұмылдыру дайындығын, меншiк нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. Қазақстанның бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген жағдайда және iшiнара немесе жаппай жұмылдыру жарияланған кезде жеке меншiк жолдарды жол жүрiсiне қатысушылардың барлығы меншiк иесiнiң келісімiнсiз пайдаланады.
25-бап. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың жауапкершiлiгi
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жолдың үстiңгi қабатының, жер қыртысының, көпiрлердiң, өткерме жолдардың, суағар құрылыстарының, автопавильондардың, жол белгiлерiнiң, жол бойындағы екпелердiң, қорғаныш құрылғылардың және автомобиль жолдарын жайғастырудың басқа да элементтерiнiң бұзылуына жол берген, сондай-ақ Автомобиль жолдарын пайдалану қағидасын бұзған автомобиль жолдарын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
2. Пайдаланушылар автомобиль жолдары мен жол құрылыстарына келтiрген залалды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Автомобиль жолдарын жобалау, салу, күтiп ұстау, жөндеу, реконструкциялау және пайдалану процесiнде жол органымен туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Автокөлік құралын пайдаланушы ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақы төлемеген жағдайда, берешек автокөлік құралының иесінен өндіріп алынады.
26-бап. Автомобиль жолдарындағы медициналық жәрдем
Автомобиль жолдарындағы жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге жәрдемдi жол жүрiсiне қатысушылардың бәрi көрсетуге тиiс, олар зардап шеккендердi таяу маңдағы медициналық мекемеге жеткiзуге және болған оқиға туралы жол полициясы органына хабарлауға мiндеттi.
27-бап. Қоршаған ортаны қорғау
1. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтiп ұстау және оларды пайдалану кезiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдар талаптарының сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
2. Автомобиль жолдарын жобалау және оларды реконструкциялау мен салуға арналған жобаларды әзiрлеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау, карьерлердi, жол бойындағы белдеулердi, еңiстердi, орларды, бүлiнген жерлердi көп жылдық шөп егiп және ағаштар мен бұталар отырғызып өңдеу жөніндегі шаралар көзделуi керек. Су көздерi пайдаланылатын жерлердегi жобалық-сметалық құжаттамада санитариялық аймақ, уақытша автотұрақтар, эстакадалар және мұнай өнiмдерiнiң қалдықтарын жинауға арналған қорғаныш құрылысын салу көзделуге тиiс.
3. Автомобиль жолдары бойындағы қорғаныш екпелерді олардың иелері немесе пайдаланушылары тиісті түрде күтіп ұстауға тиіс.
4. Қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтамағаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
5-тарау. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 6-тараумен толықтырылды
6-тарау. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор
29-бап. Ұлттық оператордың құқықтық жағдайы
1. Ұлттық оператордың қызметі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ өзінің ішкі құжаттарымен реттеледі.
2. Ұлттық оператордың мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылады.
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау, оларда ақылы жол жүруді ұйымдастыру жөніндегі жобаларды іске асыру, сондай-ақ жол бойындағы сервис объектілерін дамыту мақсаттарында Ұлттық оператор Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздерін тартуға және пайдалануға құқылы.
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Мемлекеттік тапсырманы орындау және тартылған инвестициялар шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау сапасына Ұлттық оператор жауапты болады.
30-бап. Ұлттық оператордың өкілеттіктері
Ұлттық оператордың өкілеттіктеріне:
1) мемлекеттік тапсырма негізінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының желісін дамыту жөніндегі бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде не тартылған инвестициялар есебінен жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар, оның ішінде сенімгерлік басқаруға берілген автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп-ұстауды ұйымдастыру;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп-ұстау;
3) мемлекеттік тапсырманы орындауды ұйымдастыру шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салудың, реконструкциялаудың, жөндеудің және күтіп-ұстаудың барысы мен сапасын бақылау;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобаларды басқару;
4) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және оларды жол органына енгізу;
4-1) 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-2) 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
4-3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде орналастыруды келісу;
5) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы жинау;
6) ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) қызметін ұйымдастыру;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, ақылы жол жүруді ұйымдастыру және жол бойындағы сервис объектілерін дамыту мақсаттары үшін инвестициялар тарту;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) автомобиль жолдарымен жүріп өтуге арнайы рұқсаты жоқ габариті ірі және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдары туралы ақпаратты есепке алу және автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ұсыну;
8) ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) көлік құралдарының іркіліссіз және қауіпсіз жүріп өтуіне кедергі келтіретін ақауларды жою;
9) ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланушыларға ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өтудің құны мен олардың ұзындығы туралы, ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланудың тәртібі, жүріп өту ақысының мөлшерлемелері, төлеу тәртібі мен тәсілдері, жүріп өтуге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер мен басқа да шарттар туралы ақпарат беру;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылды
9-1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi көлiк құралдарына (шетелдіктерді қоса алғанда) жүріп өту үшін арнайы рұқсат беруді келісу;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 9-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-2) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа да инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кірме жолдарды және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 9-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-3) республикалық және халықаралық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жол бойындағы сервис объектілерін дамыту;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері жатады.
Қазақстан Республикасының