1) ақпараттық жүйелерді, кредиттік тарихтың деректер базасын және өзге де құжаттарды қауiпсiз орналастыру мен пайдалануға арналған техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;
2) кредиттік тарихтың деректер базасын орналастыруға арналған ақпараттық жүйелердi және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде сертификатталған жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етудi қолдану;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) ақпарат берушiлермен және кредиттік есептердi алушылармен жасалатын шарттарда кредиттiк тарихтың деректер базасын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді және аталған ақпараттық жүйелердi қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етудi қорғау жөнiндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды бiрлесiп iске асырудың мiндеттілiгi туралы талаптардың болуын қамтамасыз ету талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) кредиттік тарих субъектісі ақпаратының резервтік көшірмелерін сақтау үшін кредиттік бюро орналасқан қаладан тысқары жердегі резервтік сервердің болуын қамтамасыз етуге міндетті.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен Заң 8-1-баппен толықтырылды; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 8-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-1-бап. Кредиттік бюроны құру тәртібі
1. Кредиттік бюроны құру тәртібі мынадай кезеңдерден:
1) рұқсат алудан;
2) кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізуден тұрады.
2. Рұқсат алу осы Заңның 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу үшін кредиттік бюро мынадай іс-шараларды жүзеге асыруы:
1) осы Заңның 18-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат берушілердің біреуімен ақпарат беру туралы шарт жасасу;
2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процесті ұйымдастыруы;
3) өзімен ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат берушілермен осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеуден өткізуі қажет.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.
5. Осы баптың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Рұқсат алу үшін қажетті құжаттар және оларды қарау мерзімдері
1. Өтініш беруші рұқсатты алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) рұқсат беру туралы өтінішті;
2) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен құрылтай құжаттарының көшірмелерін ұсынуға міндетті.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган рұқсат беру туралы өтінішті осы баптың 1-тармағында көзделген соңғы құжатты алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
3. 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Кредиттік бюро рұқсат алуға берілген өтініште көрсетілген мекенжайы өзгерген, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органға олар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде табыс етеді.
5. Осы баптың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Рұқсат беруден бас тарту
Рұқсат беруден бас тарту:
1) субъектілердің осы санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған белгілі бір қызмет түрі жүзеге асырылған;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) осы Заңның 8-бабында көзделген және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптар сақталмаған;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) егер өтініш берушіге қатысты оның осы қызмет түрімен айналысуына тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болған;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) кредиттік бюро уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, кредиттік тарих дерекқорын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді және көрсетілген ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтылымды қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды орындамаған жағдайларда жүргізіледі.
11-бап. Жазбаша ұйғарым және санкциялар
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасы бұзылған жағдайда, уәкiлетті орган кредиттiк бюроға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға, коллекторлық агенттікке жазбаша нұсқама жiберуге құқылы.
Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде ұсыну қажеттілігіне арналған кредиттік бюроға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға, коллекторлық агенттікке берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-3-тармақ өзгертілді
1-3. Кредиттік бюро, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым, коллекторлық агенттік уәкілетті органды жазбаша нұсқамада көрсетілген шаралардың осы жазбаша нұсқамада көзделген мерзімде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Бұзушылықты іс-шаралар жоспарында не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде кредиттік бюроға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға, коллекторлық агенттікке байланысты емес себептер бойынша жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.
2. Уәкiлетті орган санкция ретінде:
1) әкiмшілік айыппұл салу;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру шараларын қолдануға құқылы;
3) 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VI ҚР Заңымен 3-тармақтармен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақтан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасын бұзған жағдайда, уәкілетті орган «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақтан Республикасының Заңына сәйкес қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолданады.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-бап. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру
1. Рұқсаттың қолданылуы мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) осы Заңның 8-бабында белгіленген талаптар сақталмаса;
2) рұқсат беруге негіз болған құжаттардың шындыққа сәйкес келмеуі анықталса;
3) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихтарды қалыптастыру туралы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамасы орындалмаса, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттар бойынша ақпарат алу жөніндегі қызметті қоспағанда, оның қызметін жүзеге асыруға тыйым салуға алып келеді.
3. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімде рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру негіздері мен мерзімі көрсетілуге тиіс.
Мұндай шешім кредиттік бюроның атқарушы органының назарына жеткізілген күннен бастап рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұрады деп есептеледі.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-бап. Рұқсаттан айыру
Уәкілетті орган мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) уәкілетті орган рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрған себеп жойылмаса;
2) рұқсаттың қолданылуы соңғы он екі ай ішінде бірнеше мәрте (екі және одан да көп рет) тоқтатыла тұрса;
3) кредиттік бюроға жүзеге асыруға рұқсаты бар қызмет түрiмен айналысуына сот тыйым салса;
4) кредиттік бюроның кәсіпкерлік қызметі тоқтатылса;
5) рұқсат алған кезде кредиттік бюро көрінеу жалған ақпарат берсе, кредиттік бюроны рұқсаттан айыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
Соттың рұқсаттан айыру туралы шешім қабылдауы кредиттік бюроны таратуға алып келеді.
14-бап. Кредиттiк бюроның құжаттары мен ақпаратын сақтау
1. Кредиттік бюроның құжаттары мен ақпаратын, соның ішінде, кредиттік тарихтың деректер базасына енгiзiлетiн құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртібін кредиттiк бюро айқындайды.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Кредиттік бюро кредиттік тарих субъектісіне қатысты ақпараттың сақталуын ол туралы соңғы ақпарат алынған күннен кейін бес жыл бойы қамтамасыз етеді.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату
Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Кредиттік бюроны қайта ұйымдастыру кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы қосылу, бірігу, бөлініп шығу немесе қайта құрылу нәтижесінде құрылған құқық мирасқорына не тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге жатады. Кредиттік бюро бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы рұқсаты болған құқық мирасқорына немесе тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге жатады.
Кредиттік бюроны тарату кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы басқа кредиттік бюроға өтеулі негізде берілуге тиіс.
Кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасында қамтылған ақпараттың құпиялылығын сақтауға қайта ұйымдастыру кезінде - кредиттік бюро мен оның құқық мирасқоры, тарату кезінде - сот немесе мүліктің меншік иесі тағайындаған тарату комиссиясы жауаптылықта болады.
Қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасын алуға құқық мирасқорының немесе басқа кредиттік бюролардың мүдделілігі болмаған жағдайда, ол мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өтеусіз негізде берілуге жатады.
4-тарау. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
16-бап. Кредиттiк бюроның құқықтары
Кредиттiк бюро:
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) ақпарат берушілермен ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттік есептерді алушылармен кредиттік есептерді алу туралы шарттар жасасуға;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны және (немесе) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерден кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін алғаны туралы растауды ұсынуды, сондай-ақ кредиттік тарихты қалыптастыратын толық әрі анық ақпаратты талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен филиалдар мен өкiлдiктер ашуға;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиттік бюродан ақпаратты алуға құқығы бар тұлғаларға кредиттік тарих субъектiсiнiң келiсiмiнсiз кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпаратты немесе кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты жария етпестен, кредиттік бюроның деректер базасында субъектінің кредиттік тарихы бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты ұсынуға;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-2) мемлекет қатысатын кредиттік бюроға осы Заңның 17-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген жағдайда, кредиттік бюроның кредиттік тарих деректерінің базасында қамтылатын ақпаратты кредиттік тарих субъектісінің келісімінсіз беруге;
4) Қазақстан Республикасының заң актілерінде және осы Заңға сәйкес жасалған шарттарда көзделген өзге де құқықтары болуға құқылы.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Кредиттiк бюроның міндеттері
1. Кредиттік бюро:
1) кредиттiк тарихтарды қалыптастыруды жүзеге асыруға;
2) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнiң келiсімін алғаны туралы растау болған кезде кредиттiк есептердi ұсынуға;
3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттiк тарихтарда қамтылған ақпаратты, оның ішінде банктік құпияны құрайтын ақпаратты ашуға жол бермеуге;
4) кредиттік бюро қызметкерлерінің әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан алушыға ұсынылған кредиттік есепте ақпарат берушілер кредиттік бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтін ақпарат қамтылған жағдайда, көрсетілген сәйкессіздік анықталған кезден бастап күнтізбелік бес күн ішінде кредиттік есепті алушы мен кредиттік тарих субъектісіне түзетілген кредиттік есепті ұсынуға міндетті.
парат берушінің растауы қажет болған жағдайда, кредиттік есепті алушы мен кредиттік тарих субъектісіне түзетілген кредиттік есепті ұсыну мерзімін есептеу кредиттік бюро ақпарат берушіден тиісті ақпаратты алған кезден бастап жүзеге асырылады;
5) кредиттiк тарих субъектісінің өтiнiшi бойынша оған кредиттiк тарих субъектiсi даулап отырған ақпаратты берген ақпарат беруші туралы мәліметтердi ұсынуға;
6) егер кредиттiк есептi ұсыну туралы сұрау салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптар бұзыла отырып жасалған болса, кредиттік есептi ұсынудан бас тартуға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін есептілікті ұсынуға;
8) тиiстi негіздер болған кезде, қайта ресiмдеуге немесе нақтылауға тиiс, келіп түскен ақпаратты түзету, толықтыру туралы талаппен ақпарат берушiге өтiнiш жасауға;
9) ақпарат берушіден ақпаратты алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті субъектінің кредиттік тарихына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
10) кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорында сақталатын ақпараттың анықтығын тексеру үшін мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өтініш жасауға, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорында сақталатын мәліметтерге сәйкес келмейтін ақпаратқа қатысты түзетулер енгізуге міндетті. Мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өтініш жасау, кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорына түзетулерді енгізу тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган белгілейді;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерден және осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4-2) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есептерді алушылардан өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтауды талап етуге;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi пайдалануға;
12) негізгі қызмет түрі бойынша топты құрайтын барлық ақпарат берушілер мен кредиттік есептерді алушылардың теңдігін қамтамасыз етуге;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарттарда белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндетті.
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро осы баптың 1-тармағында көрсетілген міндеттерден басқа:
1) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша кредиттік скоринг туралы ақпаратты және кредиттік скорингті есептеумен байланысты өзге мәліметтерді де беруге міндетті, бұл ретте алынған мәліметтер жария етуге жатпайды;
2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей, банктік қарыз шарттарын, микрокредит беру туралы шарттарды жасасу күніне кредит бойынша номиналды және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелері туралы ақпаратты уәкілетті органға беруге міндетті.
18-бап. Ақпарат берушілер
1. Мыналар:
ҚР 2005.23.12. № 107-III Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, коллекторлық агенттіктер, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде және (немесе) «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғамен жасалған банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын сервистік компаниялар (бұдан әрі - сервистік компаниялар), «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің оныншы абзацында және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе;
2) жүйелендiрiлген белгiлерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, тауарларды және көрсетілетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;
2007.26.07 № 311-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1) коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) ақпарат беру туралы шарттар негiзiнде өзге де тұлғалар ақпарат берушiлер болып табылады.
2. Уәкілеттi органның кредиттiк бюролардың қызметi және кредиттік тарихты қалыптастыру мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық актілерi ақпарат берушілер ретiнде олардың кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысуы жөніндегі қызметіне қатысты бөлiгiне ақпарат берушілердiң орындауы үшiн міндетті.
19-бап. Ақпарат берушінің құқықтары мен міндеттері
1. Ақпарат берушi:
1) берiлетiн ақпараттың осы Заңға сәйкес пайдаланылуын кредиттік бюролардан талап етуге;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының заң актілерiне және (немесе) ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарттарға сәйкес өзге де құқықтары болуға құқылы.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер:
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-2-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттік тарих субъектiсiнiң өзi туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға беруге келісiмін алуға;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) мемлекет қатысатын кредиттік бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасуға;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) осы Заңда және ақпарат беру туралы шартта айқындалған талаптарда, көлемде және тәртіппен кредиттік бюроларға ақпарат беруге;
4) кредиттік бюроларға берiлген ақпаратты кредиттiк тарих субъектісінің талап ету бойынша түзетуге;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) ақпарат беру туралы шарт жасалған кредиттік бюроларға кредиттік тарих субъектісі туралы бар мәлiметтермен дәлме-дәл сәйкес ақпарат беруге;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдалануға;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) кредиттiк ақпаратты алу мен өңдеудiң тиiсiнше шарттарын өз қаражаты есебiнен қамтамасыз етуге;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2022 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді