ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу,
жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс,
автомобиль көлігі, қорғаныс және ғылымды қаржыландыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 41-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім):
1) мазмұны алып тасталсын;
2) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі 8) тармақшасындағы «ағымдағы шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.» деген сөздер «ағымдағы шотындағы ақшаға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.»;
3) 741-баптың екінші бөлігі 7) тармақшасындағы «ағымдағы шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.» деген сөздер «ағымдағы шотындағы ақшаға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.».
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
53-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың ғылым саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбесіне енгізілген ғылыми ұйымдарды қаржыландыру;».
3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне:
161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацы «ағымдағы шотындағы ақшаға» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын.
4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
28-баптың 13-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды қоспағанда, өткізілетін мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы бойынша ақпарат, оның ішінде жоспарлар, хабарландырулар, қатысушылар, қорытындылар, жасалған шарттар, шарттық міндеттемелердің орындалуы және ақы төлеу туралы мәліметтер, сондай-ақ жергілікті қамту бойынша ақпарат.».
5. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
1) мазмұны алып тасталсын;
2) 156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы «ағымдағы шотындағы ақшаға» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын.
6. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) мазмұны алып тасталсын;
2) 3-тарау мынадай мазмұндағы 28-1-баппен толықтырылсын:
«28-1-бап. Кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісім
1. Көмірсутектер, уран өндіру және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жер қойнауын пайдаланушылармен ерікті негізде жасасатын және жергілікті өндірушілерді қолдауға бағытталған келісімдер кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісім деп түсініледі.
2. Кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісім шарттарының орындалуын мониторингтеуді, сондай-ақ оның қорытындыларын интернет-ресурстарда жариялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көмірсутектер, уран өндіру және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, электрондық сатып алу жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы жер қойнауын пайдаланушылардың ұсынатын мәліметтері негізінде жүзеге асырады.»;
3) 61-бап мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жер қойнауын пайдаланушылармен кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасу;
6-2) көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімнің үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;»;
4) 62-бап мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жер қойнауын пайдаланушылармен кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасу;
11-2) уран өндіру және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімнің үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;»;
5) 63-бап мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жер қойнауын пайдаланушылармен кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасу;
7-2) көмірсутектер және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімнің үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;»;
6) 215-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «Мерзімдік» деген сөз «Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген, есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірілмей тоқсан сайын ұсынылатын есепті қоспағанда, мерзімдік» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
51-баптың 1-тармағының екінші бөлігі 8) тармақшасындағы «ағымдағы шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.» деген сөздер «ағымдағы шотындағы ақшаға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.».
8. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 14-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Үкіметі халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіп пен талапқа сәйкес конкурс қорытындылары бойынша айқындайды.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасында айқындалған және (немесе) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіпке сәйкес навигациялық спутниктік жүйелерді пайдалана отырып, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді;»;
2) 45-баптың 6-тармағында:
үшінші бөлікте:
«төлемдердің» деген сөз «басқа да міндетті төлемдердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уәкілетті» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
төртінші бөлік алып тасталсын.
9. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-20) тармақшамен толықтырылсын:
«19-20) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы конкурс (немесе аукцион) өткізу арқылы бөліп беруге ұсынған диапазондарда Қазақстан Республикасында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беру жөніндегі конкурстарды (немесе аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу, конкурстар (немесе аукциондар) шарттарын, оларға қатысушыларға қойылатын талаптарды айқындау;»;
2) 12-бапта:
6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Көрсетілетін байланыс қызметтеріне кең жолақты қолжетімділікті ұйымдастыру үшін берілген, радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттарды алған жеке және заңды тұлғалар осындай рұқсаттарды алған кезден бастап екі жылдан аспайтын мерзімде берілген рұқсаттарды пайдалану аумағындағы әрбір елді мекендегі халықтың кемінде отыз пайызына сапасы бойынша ең төмен шекті мәндерге сәйкес келетін көрсетілетін байланыс қызметтеріне қолжетімділікті ұсыну үшін техникалық инфрақұрылымның болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің талабы уәкілетті орган берген радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттар шеңберінде өзіне осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес елді мекендерді және (немесе) аумақтарды көрсетілетін байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер қабылдаған байланыс операторларына қолданылмайды.»;
7-тармақтың 6) тармақшасындағы «оң нәтижелері болмаса;» деген сөздер «оң нәтижелері болмаса, бас тартылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақшасы алып тасталсын;
8-1-тармақ 4) тармақшасындағы «төлемақы төлемегенде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тоқтатылады.» деген сөздер «төлемақы төлемегенде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсат берілгеннен кейін екі жыл өткен соң ол пайдаланылатын әрбір елді мекендегі және (немесе) аумақтағы халықтың кемінде отыз пайызына көрсетілетін байланыс қызметтеріне кең жолақты қолжетімділік беру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін техникалық инфрақұрылым болмағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тоқтатылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) радиожиілік органдарымен келісу жүргізілген жағдайда, келісу жүргізу мерзімі сұрау салу алынған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс, бұл ретте өтінімді қарау мерзімі қажетті келісулерді жүргізу уақытына, бірақ күнтізбелік отыз күннен асырмай ұзартылуы мүмкін.
Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес іргелес жатқан мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) радиожиіліктерді халықаралық үйлестіруді жүргізу қажет болған жағдайда өтінімді қарау мерзімі, бірақ алты айдан асырмай ұзартылуы мүмкін, бұл жөнінде өтінім беруші алдын ала электрондық нысанда хабардар етіледі.
Радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты ресімдеу және беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
3) 18-бапта:
1-тармақтағы «конкурстық негізде» деген сөздер «жиіліктер белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) конкурс (немесе аукцион) негізінде бөліп берілгеннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «1-тармағының 1) тармақшасына» деген сөздер «1-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «конкурстың» деген сөзден кейін «(немесе аукционның)» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «конкурс (немесе аукцион) өткiзу қағидаларына» деген сөздер «жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электрмагниттік үйлесімдігін есептеуді жүргізу қағидаларына» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым – мемлекеттің әскери ұйымының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы;
11-2) əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторы – мемлекет жүз пайыз қатысатын, өзіне әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін құру жөніндегі жобаларды басқару функциялары, сондай-ақ оларды ендіру, қолдап отыру, дамыту, интеграциялау және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсету, мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының субъектілеріне консультациялық көмек көрсету және әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның ақпараттық қауіпсіздігіне сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелген заңды тұлға;»;
2) 7-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8-1) және 24-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторын айқындайды;»;
«24-3) əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілген əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекітеді;»;
10-тармақтың 3) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
3) 15-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Одан әрі сақталуы нақты қауіп төндіретін және дереу жоюды қажет ететін оқ-дәрілер пайдаланылмайтын әскери мүлік деп танылмайды және жойылуға жатады.
Оқ-дәрілерді дереу жоюды қажет ететін оқ-дәрілерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды жою тәртібін Қорғаныс министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.»;
4) 22-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 26-29), 26-30) және 26-31) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-29) əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілген əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын әзірлейді;
26-30) әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторының жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-31) арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілерін қоспағанда, әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілетін әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
5) 26-бап мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілетін әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін әзірлейді және Қорғаныс министрлігіне бекітуге енгізеді.
6. Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы арнаулы мемлекеттік органдардың шешімі бойынша әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторының қызмет көрсетуіне жатқызылуы мүмкін.
Әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілетін арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.».
11. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
2-баптың 3-тармағы 2) тармақшасындағы «тауарларды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.» деген сөздер «тауарларды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерін сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды. Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалады.».
12. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
15-баптың 3-тармағы «тауар биржаларынан тыс» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып» деген сөздермен толықтырылсын.
13. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігі 10) тармақшасындағы «ағымдағы шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.» деген сөздер «ағымдағы шотындағы ақшаға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.»;
2) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігі 11) тармақшасындағы «ағымдағы шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.» деген сөздер «ағымдағы шотындағы ақшаға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.»;
3) 98-баптың бірінші бөлігі 22) тармақшасындағы «ағымдағы шотындағы ақшадан өндіріп алуға болмайды.» деген сөздер «ағымдағы шотындағы ақшадан;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
«23) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшадан өндіріп алуға болмайды.».
14. «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) ғылыми тағылымдама – «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберіндегі тағылымдаманы қоспағанда, ғалымдардың таңдалған ғылыми зерттеулер бағыты бойынша кәсіптік құзыреттерді дамыту мақсатында шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми орталықтарда және өзге де ұйымдарда тағылымдамадан өтуі;»;
19-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1) жетекші ғалым – уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін жеке тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 19-2) тармақшамен толықтырылсын:
«19-2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қоры – инвестициялық кірісі ғылыми, ғылыми-техникалық және (немесе) білім беру қызметін қаржыландыруға бағытталатын, қайырымдылық көмек, өтеусіз аударымдар, қайырмалдықтар, гранттар, білім беру ұйымдары құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары есебінен қалыптастырылатын нысаналы капитал қоры;»;
23-1) тармақша «қаржыландыру» деген сөзден кейін «, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 2-баптың 2-тармағы «қаржыландыру» деген сөзден кейін «, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 3-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) апелляциялық комиссия туралы ережені бекітеді;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) және 14-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекітеді;»;
«14-1) осы Заңның 27-1-бабына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын бекітеді;»;
4) 4-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-4), 5-5), 14-1), 15-1) және 17-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-4) осы Заңның 27-1-бабына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесін бекіту;
5-5) осы Заңның 27-1-бабына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын әзірлеу;»;
«14-1) үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын әзірлеу;»;
«15-1) еңбегіне ақы төлеу базалық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын жетекші ғалымдарға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;»;
«17-1) апелляциялық комиссия туралы ережені әзірлеу және оның құрамын бекіту;»;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын әзірлеу;»;
5) 5-баптың 4-5) және 4-6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4-5) уәкілетті органға базалық қаржыландыру субъектілерінің және осы Заңның 27-1-бабына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбелерін қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу;
4-6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын әзірлеуге қатысу;»;