6) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке тұлғалардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына және конкурс шарттарына сәйкес мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар конкурстарына қатысуға құқығы бар.»;
7) 17-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) апелляциялық комиссия;»;
8) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. Апелляциялық комиссия
1. Апелляциялық комиссия алқалы орган болып табылады.
2. Апелляциялық комиссияның құрамы уәкілетті органның, салалық уәкілетті органдардың, ғылыми қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, сарапшылардың қатарынан, сондай-ақ ғалымдар болып табылатын Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның мүшелерінен қалыптастырылады. Апелляциялық комиссияның төрағасы, мемлекеттік органдардың өкілдерін қоспағанда, апелляциялық комиссия мүшелерінің қатарынан сайланады.
3. Апелляциялық комиссия мыналарды:
1) ұлттық ғылыми кеңестердің қабылданған шешімдері бойынша конкурстарға қатысушылардың келіспейтіні туралы жолданымдарын;
2) уәкілетті органның ұсынуы бойынша Ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің әдеп кодексін ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің сақтауы мәселелерін;
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру туралы аралық және қорытынды есептерді ұлттық ғылыми кеңестердің қарауының нәтижелері бойынша жолданымдарды қарайды.
4. Апелляциялық комиссия мыналарды:
1) өтінімдері ұлттық ғылыми кеңестердің қарауына жіберілмеген конкурсқа қатысушылардың жолданымдарын;
2) жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды азайту мәселелері жөніндегі жолданымдарды;
3) Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы ұсынатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыру мониторингінің қорытындыларын қараудың мәселелері жөніндегі жолданымдарды;
4) иесі бүркемеленген жолданымдарды;
5) мәселенің мәні баяндалмаған және жеткілікті негіздемелер мен фактілер ұсынылмаған жолданымдарды;
6) апелляциялық комиссия туралы ережеге сәйкес басқа да жолданымдарды қарамайды.
5. Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша конкурстарға қатысушылардың жолданымдарын және уәкілетті органның ұсынымдарын қарау тәртібі апелляциялық комиссия туралы ережеде айқындалады.
6. Апелляциялық комиссия өз құзыреті шегінде өтініш берушілердің жолданымдарын, оның ішінде олардың қатысуымен объективті, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз етеді.
7. Апелляциялық комиссияның шешімдері ұлттық ғылыми кеңестердің, уәкілетті органның және (немесе) салалық уәкілетті органдардың не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыратын заңды тұлғалардың міндетті түрде орындауына жатады.
8. Уәкілетті орган апелляциялық комиссияның жұмыс органы болып табылады.»;
9) 19-бапта:
5-тармақ бесінші абзацындағы «қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату)» деген сөздерден кейін «, осы Заңның 27-1-бабына сәйкес ғылыми ұйымдар жүзеге асыратын іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереженің құрылымына Ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің әдеп кодексі кіреді.
Ұлттық ғылыми кеңес мүшесінің Ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің әдеп кодексінің талаптары мен ережелерін бұзуы осы мүшені ұлттық ғылыми кеңестің құрамынан шығару үшін негіз болып табылады.»;
10) 24-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін қаржыландыру ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларында белгіленген тәртіппен және шарттарда бір мезгілде әртүрлі қаржыландыру нысандары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға арналған шарт ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі немесе дербес білім беру ұйымы мен оның ұйымы және уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті орган не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыратын заңды тұлғалар арасында олар іске асырылатын бүкіл мерзімге, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге жасалады.»;
11) 25-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Базалық қаржыландыру іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың уәкілетті орган бекіткен тізбесіне енгізілген ғылыми ұйымдарға бөлінбейді.»;
2-тармақ «қамтамасыз етуге,» деген сөздерден кейін «жетекші ғалымдардың,» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 26-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
13) 27-баптың 1 және 11-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді, оның ішінде ұлттық ғылыми-техникалық міндеттерді шешу мақсатында стратегиялық ғылыми зерттеулер жүргізуге бөлінеді және конкурстық негізде жүзеге асырылады. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша конкурстан тыс рәсімдер арқылы бөлінуі мүмкін.»;
«11. Қоғамдық, гуманитарлық ғылымдар, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қорғаныс ғылымы саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоспағанда, жекеше әріптес тарапынан қоса қаржыландыруды тарту кезінде қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тәртібі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларында айқындалады.»;
14) 6-тарау мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:
«27-1-бап. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру
1. Іргелі зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың уәкілетті орган бекіткен тізбесіне енгізілген мемлекеттік ғылыми ұйымдарға және мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдарға қаржыландыру археология, астрономия, астрофизика, атом энергиясы, шығыстану, өнер, тарих, мәдениет, әдебиет, математика және механика, білім беру, саясаттану, дінтану, әлеуметтану, философия, этнология, тіл білімі саласында іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге бөлінеді.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың уәкілетті орган бекіткен тізбесіне енгізілген ғылыми ұйымдарды қаржыландыру бес жылдан аспайтын мерзімде ғылыми инфрақұрылым мен мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге арналған шығыстарды, еңбекке ақы төлеуді, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтиды.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізу үшін, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға өтінімдерді мемлекеттік ғылыми ұйымдар және мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдар уәкілетті органға жібереді.
Іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға берілген өтінімдерді уәкілетті орган Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына және одан әрі тиісті ұлттық ғылыми кеңестердің қарауына жібереді.
Уәкілетті орган іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға өтінімдерді ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдерімен бірге Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға жібереді.
4. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия мақұлдаған іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға өтінімдер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
5. Осы баптың 1-тармағына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың уәкілетті орган бекіткен тізбесіне енгізілген ғылыми ұйымдар ұлттық ғылыми кеңестерге жыл сайынғы есептерді ұсынады.».
15. «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға осы Заңның 6-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауға, құжаттарды дайындау жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтауға және жүргізуге, ішкі істер органдары үшін көші-қон процестерін есепке алу, бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, ендіру және қолдап отыру жөніндегі жұмыстарды автоматтандыруға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.».
16. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) көмірсутектер, уран өндіру және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органдармен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 39-1-бабында көзделген кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасады, сондай-ақ олардың шарттарының орындалуын мониторингтеуді, мониторинг қорытындыларын интернет-ресурстарда жариялауды жүзеге асырады;».
17. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін дайындауға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.».
18. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі «Бұл ретте» деген сөздерден кейін «инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеудің жалпы мерзімін қысқартпай және осы Заңның 46-бабы 1-1-тармағының шарттары сақталған кезде инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеудің біркелкілігі сақтала отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін мерзімінен бұрын пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 32-бапта:
1-тармақтың 8) тармақшасының бірінші бөлігі «меншікті» деген сөзден кейін «немесе меншікті және қарыздық» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Егер әлеуетті жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында құрылған заңды тұлға болып табылған жағдайда:
1) әлеуетті жекеше әріптес және оның қатысушылары (акционерлері) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс;
2) әлеуетті жекеше әріптестің және (немесе) оның қатысушыларының (акционерлерінің) меншікті немесе меншікті және қарыздық қаражатының жиынтық мөлшері осы баптың 1-тармағы 8) тармақшасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Бұл ретте әлеуетті жекеше әріптестің қатысушысы (акционері) әлеуетті жекеше әріптестіктің құрылтай құжаттарында мұндай міндетті көрсете отырып, осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті;
3) әлеуетті жекеше әріптес және (немесе) оның қатысушылары (акционерлері) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, осы Заңның ақпарат беру жөніндегі талаптары, сондай-ақ біліктілік талаптарына сәйкестікке анық емес ақпарат бергені үшін жауаптылық әлеуетті жекеше әріптестің қатысушыларына да (акционерлеріне де) қолданылады.»;
3) 46-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптары елеулі болып табылады және олар мұндай өзгерістердің бюджеттік тиімділігі (ақшалай мәнде) оң болған (бюджет шығыстарын ұлғайтпаған, мемлекеттік кірісті ұлғайтқан) жағдайда, сондай-ақ мұндай өзгерістер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларына және (немесе) көлеміне және (немесе) қолжетімділігіне қойылатын талаптарды төмендетпесе, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының экономикалық және (немесе) әлеуметтік тиімділігі сақталған не ұлғайған жағдайда тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін, бұған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу кезінде оның талаптарында мұндай өзгерістердің көзделу жағдайлары қосылмайды.».
19. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
11-баптың 1-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруға арналған грант ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобасында мәлімделген өзге де қатысушыларға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларында көзделген тәртіппен беріледі.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобасын іске асыруға арналған шарт ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобасында мәлімделген өзге де қатысушы (қатысушылар) және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыратын заңды тұлғалар арасында ол іске асырылатын бүкіл мерзімге, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге жасалады.».
20. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 14-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) қаржылық есептілік бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі алдында өз қызметінің нәтижелері туралы жыл сайын есеп береді;»;
2) 32-баптың 2-тармағы 4) тармақшасындағы «ақы төлеуден басқа, мемлекеттік аудит объектісінің барлық шығыс операцияларына қолданылады.» деген сөздер «ақы төлеуден;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшадан басқа, мемлекеттік аудит объектісінің барлық шығыс операцияларына қолданылады.».
21. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бастапқы баға – әлеуетті өнім беруші аукцион өткізілгенге дейін ұсынған, аукционға қатысуға арналған өтінімге қоса берілетін, аукцион нысанасының бөлінген сомасынан бес пайыздан астам төмен бола алмайтын баға;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) келісу комиссиясы – тапсырыс беруші осы Заңда айқындалған тәртіппен құратын, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтаруы салдарынан мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің жолданымдарын қарайтын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) мемлекеттік сатып алу – Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қызметтер көрсетуге байланысты халықаралық әуежайлардың кірістерін қоспағанда, тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді толықтай немесе ішінара бюджет қаражаты және (немесе) меншікті кірістері есебінен сатып алуы;»;
мынадай мазмұндағы 18-1), 21-1), 22-1), 23-1) және 31-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы – осы Заңның 7-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе өзін құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімше;»;
«21-1) мемлекеттік сатып алу саласындағы электрондық депозитарий (бұдан әрі – электрондық депозитарий) – мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптастырылатын, әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын мәліметтер мен құжаттарды қамтитын электрондық дерекқор;»;
«22-1) негіздемелік келісім – тапсырыс беруші мен негіздемелік келісімге қатысушы арасында кейіннен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды өткізу нәтижелері бойынша әлеуетті өнім берушілермен мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы және (немесе) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы арасында жасалатын келісім;»;
«23-1) офтейк-келісімшарт – тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші арасында жасалған, өндіруге жоспарланған тауарларды болашақта кепілдендірілген түрде сатып алу жөніндегі келісім;»;
«31-1) форматтық-логикалық бақылау – мемлекеттік сатып алу веб-порталында орнатылатын, мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық шектеулер кешені;»;
33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«33) электрондық әмиян – мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор өзінің уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған банктік шотына әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші ақша енгізген кезде оның:
конкурсқа, аукционға және баға ұсыныстарын сұратуға қатысуға арналған өтінімдерді қамтамасыз етумен;
мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етумен;
авансты қамтамасыз етумен (егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс көзделген жағдайда);
осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізумен (бар болса) байланысты операцияларын көрсету үшін пайдаланатын әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің жеке шоты;»;
мынадай мазмұндағы 34) және 35) тармақшалармен толықтырылсын:
«34) электрондық дүкен – мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор айқындаған, мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған, уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер тауарлар мен олардың бағалары туралы ақпаратты орналастыратын бірыңғай ақпараттық жүйе;
35) электрондық тауарлар каталогі – сатып алынатын тауарларды автоматтандырылған түрде сәйкестендіру мақсатында тауарлардың біріздендірілген сипаттамасын қалыптастыруға арналған мемлекеттік сатып алу веб-порталының ақпараттық кіші жүйесі.»;
2) 4-баптың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу;
4) мемлекеттік сатып алу процесінің, оның ішінде өнім берушілердің коммерциялық құпияға заңды құқықтары сақтала отырып (мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін), ашықтығы мен айқындығы;»;
3) 5-баптың 3 және 12-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) жасаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.»;
«12. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор осы Заңның 29-бабы 4-тармағының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының құпиялылығын қамтамасыз етеді.»;
4) 6-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның жұмыскері тапсырыс берушіге не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өткізілетін мемлекеттік сатып алуды дайындау бойынша сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де жұмыстар, қызметтер көрсетсе және (немесе) көрсеткен болса, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуын қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың нысанасы құрылыс-монтаждау жұмыстары, техникалық қадағалауды жүзеге асыру және жобаны басқару жөніндегі инжирингтік көрсетілетін қызметтер болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге тапсырыс беруші, бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.»;
1-1-тармақта:
«мемлекеттік мүлік туралы» деген сөздер «квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қоры иеленетін заңды тұлғалардың» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әлеуетті өнім беруші мен әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасының бір конкурс (аукцион) лотына қатысуға құқығы жоқ.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушінің және оның үлестес тұлғасының сол бір құрылыс объектісінде инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқығы жоқ.
Инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушінің және оның үлестес тұлғасының сол бір құрылыс объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқығы жоқ.»;
5) 7-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оларға қатысты өзі мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін бірнеше заңды тұлғалар, ведомстволар және ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін олардың арасынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауға құқылы.»;