3. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауарларды сатып алуды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттамада тауарларды олардың біртекті түрлері және оларды беру орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Тауарларды беретін кемінде бес орын болған жағдайда, лотта тауарларды беретін бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.
4. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай ретпен жүзеге асырылады:
1) бірінші кезеңде аукцион өткізіледі;
2) екінші кезеңде аукциондық комиссия аукционға қатысуға арналған өтінімдерді олардың біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
5. Аукциондық құжаттамаға, алдын ала талқылауға, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабархатқа, аукционға қатысуға арналған өтінімге, оны қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 21-бабының 1, 2, 3 және 5-тармақтарына, 22, 22-1, 23, 24 және 25-баптарына сәйкес айқындалады.
33-бап. Аукцион өткізу
1. Аукцион мемлекеттік сатып алу веб-порталында аукциондық құжаттамада көрсетілген күні және уақытта өткізіледі.
Аукционға қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткен күннен кейінгі жұмыс күні аукционды өткізу күні болып табылады.
2. Аукцион өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету арқылы өткізіледі.
Аукцион адымы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасының жарты пайызынан бес пайызына дейінгіні құрайды.
3. Аукционды өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор аукционды өткізу мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім берушілердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.
4. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстар береді, онда баға туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты аукцион адымы шегіндегі шамаға төмендету көзделеді.
5. Аукционды өткізу кезінде аукционға кез келген қатысушы ағымдағы ең төмен ұсыныс болмаған жағдайда аукцион адымына қарамастан, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан төмендетілген, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы.
6. Егер аукционға қатысушы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты берген болса, аукционға осы қатысушы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы осындай ұсыныстан төмен болатын, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы емес.
7. Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейін он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың неғұрлым төмен бағасы туралы бірде-бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.
8. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы аукцион хаттамасын автоматты түрде қалыптастырады.
9. Егер өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың аукционға басқа қатысушы ұсынған бастапқы бағаға тең бастапқы бағасы ұсынылса, тауардың басқа ұсыныстардан бұрынырақ ұсынылған бастапқы бағасы ең төмен бастапқы баға деп танылады.
10. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-бірі өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші аукционда бірінші орын алған әлеуетті өнім беруші болып танылады.
34-бап. Аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қарау
1. Аукциондық комиссия біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қарауды жүзеге асырады.
2. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қарауды бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім берушінің өтінімінен бастайды.
3. Егер әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия мұндай өтінімді біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таныған жағдайда, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама қалыптастырылады. Бұл ретте аукционға қалған қатысушылардың өтінімдері ашылмайды.
Егер әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия мұндай өтінімді біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы аралық хаттама қалыптастырылады. Мұндай жағдайларда аукциондық комиссия бағасы ең төмен бағадан кейінгі болып табылатын әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарауға көшеді.
4. Аукциондық комиссия аукцион өткізілген және (немесе) мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы аралық хаттама орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға арналған әрбір өтінімін біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
5. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық өзіндік ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.
Сараптама комиссиясын құру және (немесе) сарапшыны айқындау тәртібі, сондай-ақ сарапшыларға қойылатын талаптар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
6. Аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қарау кезінде аукциондық комиссия:
1) аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірмелерді мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы сұратуға;
2) аукционға қатысуға арналған өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы сұратуға құқылы.
Аукциондық комиссияның аукционға қатысуға арналған өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысуға арналған өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұрау салу жіберуіне және өзге де әрекеттер жасауына жол берілмейді.
7. Егер аукционға қатысуға арналған өтінімде ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, аукциондық комиссия оны аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келеді деп қарайды.»;
24) 35-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп танылған әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарау аяқталған күні мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде қалыптастырылады және аукциондық комиссияның барлық мүшесі мен аукционға қатысуға арналған өтінімдерді берген барлық әлеуетті өнім берушіні электрондық пошта арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, онда орналастырылады.
2. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада мыналар қамтылуға тиіс:
1) осы Заңның 34-бабы 6-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес аукциондық комиссияның сұрау салулары туралы ақпарат;
2) қабылданбау себептерін егжей-тегжейлі сипаттап, оның ішінде біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, аукционға қатысуға арналған өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат;
3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған өзге де мәліметтер.»;
25) 36-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) егер аукционға қатысушылардың барлығы біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп танылса;
4) егер аукционға қатысушылардың өтінімдерін қарау нәтижелері бойынша аукционға бір ғана қатысушы біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес деп танылса, өткізілмеді деп танылады.»;
26) 6-тараудың тақырыбы «сұрату тәсілімен» деген сөздерден кейін «және электрондық дүкен арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
27) 37-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемдері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспаса, мұндай біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргізіледі. Бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беретін кемінде бес орын болған жағдайда, лотта тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беретін бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.»;
28) 38-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «жүзеге асыру;» деген сөздер «жүзеге асыру жағдайлары қосылмайды.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;
29) 6-тарау мынадай мазмұндағы 38-1-баппен толықтырылсын:
«38-1-бап. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу жалпы құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын біртекті тауарларға жүргізіледі.
2. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.»;
30) 39-бапта:
3-тармақта:
8) тармақша алып тасталсын;
9) тармақшаның бесінші абзацы «адамдар» деген сөзден кейін «, аудармашылар, сарапшылар» деген сөздермен толықтырылсын;
19) тармақша алып тасталсын;
27) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«27) мемлекеттік органның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардан, шаруашылық серіктестіктерден және өзі Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын, тиісті өкілеттіктері, оның ішінде мемлекеттік органның өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;»;
«29) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттік кәсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттiк кәсiпорындарының сотталғандарды жұмысқа орналастыру мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өндіру үшін шикізатты, материалдар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алуы заңды тұлғалармен жасасқан шарттар негізінде жүзеге асырылады.
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының сотталғандарды және (немесе) жаза мерзімін өтегендерді не пробация қызметінде есепте тұрғандарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған шарттарда қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде жұмысқа орналастыру мақсатында осы Заңның 43-бабының 23-1-тармағында көзделген көлемнен аспайтын көлемде, тапсырыс берушімен жасалған шарт шеңберінде тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартуына жол беріледі;»;
37) тармақша алып тасталсын;
42) және 53) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«42) егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен аспаса, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының осындай біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетiн қызметтерді сатып алуы;»;
«53) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актімен айқындалған тұрғын емес мақсаттағы ғимаратты, құрылысты, құрылысжайды, үй-жайды сатып алу, сондай-ақ тұрғын емес мақсаттағы ғимаратты, құрылысты, құрылысжайды, үй-жайды жалдау, тұрғын емес мақсаттағы жалданатын ғимаратты, құрылысты, құрылысжайды, үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу, егер тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген, тұрғын емес үй-жайлар орналасқан ғимараттағы тұрғын емес үй-жайларды пайдаланатын басқа тұлғаға немесе тұлғаларға осындай қызметтер көрсетілетін болса, тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген тұрғын емес бір немесе бірнеше үй-жайды техникалық күтіп-ұстау (оның ішінде аса маңызды мемлекеттік объектілерге жататын ғимараттарда орналасқан мемлекеттік органдардың), күзету және оларға қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен форматтық-логикалық бақылау ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
31) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«41-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Осы Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген өзге де тәсілдермен сатып алу мүмкін болмаған айрықша жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған жағдайда, тапсырыс беруші өнім берушіні айқындайды және онымен мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.
3. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған нысан бойынша, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті орналастыруға міндетті.
Есепте мыналар қамтылуға тиіс:
1) мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу туралы шешім қабылдаған лауазымды адам туралы мәліметтер;
2) осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген өзге де тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мүмкін болмауы себептерінің негіздемесі;
3) өнім берушіні таңдау негіздемесі;
4) мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт бағасының негіздемесі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарттың өзге де талаптары.
4. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам не орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы немесе аппарат басшысының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.
5. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 4-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаты сақтала отырып жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған адам осы Заңның 4-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алу қағидаттарының сақталуына дербес жауапты болады.
6. Осы баптың 1-тармағының талабы өзі туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40) және 41) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптары өзі туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 18), 23), 31), 32) және 35) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.»;
32) 43-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Тапсырыс берушілер нәтижеге бағдарланған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар (сервистік модель бойынша шарттар) жасасуға құқылы.
Нәтижеге бағдарланған шарттар (сервистік модель бойынша шарттар) бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.»;
7, 9, 11, 12 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қоймаса не мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (болған кезде) енгізбесе, тапсырыс беруші үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қою қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты ұсынбаса, тапсырыс беруші жеңімпаздың мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жібереді.
Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыруға тиіс.»;
«9. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (болған кезде) енгізуге міндетті.
Бұл ретте тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (болған кезде) енгізу мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы осы шартты бұзу ниеті туралы хабарлама жібереді. Егер өнім беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші осы шартты бұзу туралы хабарлама жібереді.»;
«11. Қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, ағымдағы қаржы жылына мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жылдық сомасы негізге алына отырып есептеледі.
Өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң және авансты қамтамасыз етудің (егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс көзделген жағдайда) мынадай түрлерiнiң бiрiн:
1) өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақшаны;
2) электрондық құжат нысанында берілетін банк кепілдігін таңдауға құқылы. Осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40) және 41) тармақшаларында және 50-бабында көзделген жағдайларда банк кепілдігін қағаз жеткізгіште беруге жол беріледі;
3) уәкілетті орган қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітетін, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз ету мақсаттары үшін үлгілік сақтандыру шартына сәйкес жасалатын өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын таңдауға құқылы.
Өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан тапсырыс берушіге келтірілген мүліктік зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандыру шартының объектісі болып табылады.
Тапсырыс берушінің мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып танылады.
Сақтандыру сомасы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандыру шартында айқындалады және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем болмайды.
Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн электрондық әмияндағы ақшаны тұтастай не оның бір бөлiгiн талап ету құқығы үшiншi тұлғаларда туындауына алып келетін әрекеттер жасауына жол берiлмейдi.
Өнім беруші енгiзген электрондық әмияндағы ақшаны мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың осы Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына жол берiлмейдi.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және авансты қамтамасыз етуді (егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс көзделген жағдайда) енгізу туралы талап тауар биржалары арқылы тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ осы Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерге қолданылмайды.
12. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу кезеңінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ауыстыруды ұсынған жағдайда, тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын (болған кезде) өнім берушіге қайтарады.
Өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес өнім беруші енгізген сома (болған кезде) өнім берушіге қайтарылмайды.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және осы Заңның 26-бабына сәйкес өнім беруші енгізген сома (болған кезде) тиiстi бюджет, мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісінің есебіне жатқызылады.