Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (болған кезде) электрондық әмиян арқылы енгізген кезде мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындағанына дейін тиісті соманы автоматты түрде бұғаттайды.
Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор өнім берушінің электрондық әмиянына мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін енгізілген ақшалай соманы, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (болған кезде) қайтаруды автоматты түрде жүзеге асырады.»;
«14. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бір қаржы жылы мерзіміне жасалады.
Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында мемлекеттік сатып алу туралы шартты бір қаржы жылынан асатын мерзімге жасасуға жол беріледі.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды үш жылдан асатын мерзімге жасасу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
16-тармақ алып тасталсын;
23-1-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруіне тыйым салынады.
Осы тармақтың ережесі осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу жағдайларына қолданылмайды.»;
33) 45-баптың 2-тармағында:
3) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін бағаның өзгермеуі талабымен сатып алынатын тауарлардың, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлеміне қажеттіліктің азаюына не ұлғаюына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде жол беріледі. Көрсетілетін көлік қызметтерін, көрсетілетін байланыс қызметтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тамақтануын ұйымдастыруға байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге осы мемлекеттік сатып алу бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі;»;
«7) мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт сомасының өзгермеуі талабымен жылдар бойынша қаржыландыру өзгертілген жағдайда, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімдерін өзгерту бөлiгiнде;»;
9) тармақшадағы «аспайтын мерзімге жол беріледі.» деген сөздер «аспайтын мерзімге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) төтенше жағдайдың не карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімдерін өзгерту бөлігінде жол беріледі. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге өнім берушінің хабарламасы бойынша ағымдағы қаржы жылы шегінде;
11) өнім беруші ақшалай талапты басқаға беріп қаржыландыру (факторинг) шартын жасасқан кезде ақша алушының деректемелерін өзгерту бөлігінде жол беріледі.»;
34) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«46-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші мен өнім беруші оған қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгенінен кейін күшіне енеді.»;
35) 47-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Уәкілетті органның осы баптың 6-тармағына сәйкес қабылданған шешімімен келіспеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен апелляциялық комиссияға шағым жасауға құқылы.»;
36) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне уәкілетті органға берілетін шағымда мыналар қамтылуға тиіс:
1) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалатын заңды тұлғаның, сарапшының атауы, тұрған жері;
2) шағым берген тұлғаның атауы, тұрған жері;
3) өз шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзушылық жасалған мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер;
4) қажет болған кезде растаушы құжаттар қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзудың нақты фактілеріне нұсқама;
5) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың шағым жасалған әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері.
Шағым берген тұлғаның дәлелдерін растайтын құжаттар шағымға қоса берілуі мүмкін.».
22. «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 54) тармақшасындағы «акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі» деген сөздер алып тасталсын.
23. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-бапта:
10-тармақтың үшінші бөлігінде:
«8) берілген банктік қарыздар бойынша» деген сөздер «9) берілген банктік қарыздар бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «негізгі борыш сомасы мөлшерінде, өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.» деген сөздер «негізгі борыш сомасы мөлшерінде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.»;
11-тармақтың екінші бөлігі «ағымдағы шотындағы ақшаға,» деген сөздерден кейін «әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 46-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы «ағымдағы шотындағы ақшаны,» деген сөздерден кейін «әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаны,» деген сөздермен толықтырылсын.
24. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 23-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелерінде мынадай тәсілдердің бірімен:
1) конкурс;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) бір көзден алу;
4) тауар биржалары арқылы тәсілімен жүзеге асырылады.
Тауар биржалары арқылы тәсілімен сатып алу сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін, биржалық сауданың үлгілік қағидаларына және биржалық тауарлар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Табиғи монополия субъектісі сатып алуды Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесімен интеграцияланған электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады.»;
9-тармақтағы «2-тармағының» деген сөздер «2-тармағы бірінші бөлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 26-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) сатып алу бойынша ақпаратқа бірыңғай қол жеткізу нүктесін қалыптастыру мақсатында электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелерінде жүзеге асырылатын сатып алу туралы ақпаратты, мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесіне беруді қамтамасыз етуге;».
25. «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
25-тармақтың 1) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
1) 7-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) оқ-дәрілерді жоюды жүзеге асырады;»;
25-тармақтың 2) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
2) 16-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Пайдаланылмайтын деп танылған оқ-дәрілерді жою мүмкіндігі болмаған кезде не пайдаланылмайтын деп танылған оқ-дәрілерді одан әрі сақтау нақты қауіп төндірген кезде уәкілетті орган оларды жою туралы шешім қабылдайды.
Пайдаланылмайтын деп танылған оқ-дәрілерді жоюдың нақты қауіптілік өлшемшарттары, сондай-ақ тәртібі пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларында белгіленеді.»;
3) 22-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тауарларды (өнімдерді) дайындаудың технологиялық мерзімі үш жылдан асатын уақытты құрайтын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес оларды дайындауға, сынау мен тапсыруға қажетті және жеткілікті үш жылдан асатын мерзімге жасалуы мүмкін.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағының 3) тармақшасын, 25-тармағының 1) және 2) тармақшаларын;
2) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 21-тармағы 22) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 32) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 21-тармағының 11) тармақшасы төртінші абзацының қолданысы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1) конкурс (ашық конкурс, екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс, алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы өткізілетін конкурс, негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс, рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс);».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 15 қараша
№ 72-VII