Жария тыңдаулар:
1) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлерін бекіту кезінде оларды бекіту туралы шешім қабылдаудан кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде оларды бекіту туралы шешім қабылдағанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) осы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде оларды бекіту туралы шешім қабылдағанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей;
4) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде оларды бекіту туралы шешім қабылдаудан кемінде күнтізбелік бір күн бұрын өткізіледі.
Жария тыңдаулар жариялылықты, хабардар болуды, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің балансын сақтауды, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастырудың ашықтығын және анықтылықты қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.
Табиғи монополия субъектісі жария тыңдаулар өткізудің күні туралы ақпарат жарияланғаннан кейін жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша:
реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметалардың, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын;
реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтерудің себептері туралы экономикалық негізделген есептері бар ақпаратты беруге міндетті.
Жария тыңдаулар өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын уәкілетті орган күнтізбелік елу бес күн ішінде, ал тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейі бекітілген жағдайда уәкілетті органның талаптарына сәйкес экономикалық негізделген есептер берілген жағдайда күнтізбелік жүз қырық бес күн ішінде қарайды. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын қарау мерзімі өтінім берілген кезден бастап есептеледі.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Егер тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті орган оны өтінім берушіден мерзімді, бірақ бес жұмыс күнінен кем емес мерзімді белгілей отырып, жазбаша түрде сұратуға құқылы.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын уәкілетті орган күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
5. Осы баптың 1-тармағының талаптары уәкілетті органның төтенше реттейтін шаралар түрінде қабылдайтын шешімдеріне қолданылмайды.
6. Осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің талаптары қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту туралы шешімдерге қолданылмайды.
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын бекіту туралы
1. ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен алып тасталды
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту туралы шешiм табиғи монополия субъектiсiне - олар қолданысқа енгiзілетiн кезге дейiн кемінде күнтізбелік отыз бес күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiне олар қолданысқа енгiзілгенге дейiн кемінде күнтізбелік он күн бұрын жiберiлуге тиiс.
Уәкілетті орган тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту туралы шешiммен бірге табиғи монополия субъектісіне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiтуге арналған өтініммен табиғи монополия субъектісі ұсынған шығындар мен пайда баптарын өзгерту және нақтылау негіздемесін жібереді.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Төтенше реттеуші шаралар ретінде тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) мен тарифтік сметаларды бекітуді және осы баптың 5-тармағында және «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 1 мен 2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту бекітілген шекті тарифтің қолданылуы кезеңінде кемінде бір рет жүргізіледі.
Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қолданысқа енгiзу тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) бекiтiлген айдан кейiнгi екінші айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.
Төтенше реттелетін шаралар ретінде бекітілген тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) мен тарифтік сметаларды қолданысқа енгізу уәкілетті орган айқындаған күннен бастап жүзеге асырылады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Табиғи монополия субъектiсi тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өзгертiлгенi туралы ақпаратты олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік отыз күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын тұтынушының назарына жеткiзуге мiндеттi.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекіту:
1) жаңадан құрылған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына);
2) осы Заңның 4-бабы 2-тармағына сәйкес енгiзiлген реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жаңа түрлерiне;
3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) өзге түрлерi бойынша Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiне енгiзiлiп қойған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) жаңа түрлерiне;
4) егер табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) қолданылып жүрген тарифтер объектілер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек бекітілген болса, жаңа объектілерге және (немесе) учаскелерге жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) және тарифтік сметалар бекітілген күннен бастап тоғыз айдан кешіктірмей, оларды қайта қарау үшін өтінім беруге міндетті.
Тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтiк сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Оңайлатылған тәртiппен бекітілген тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) көтерген жағдайда уәкiлеттi орган жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгізумен бір мезгiлде тұтынушыларға келтiрiлген шығындарды өтеу туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.
5-1. Жасалған мәмiленiң немесе банкрот деп танылған борышкер — табиғи монополия субъектiсiнiң мүліктік массасын өткізудің нәтижесiнде активтерi өз меншiгiне түскен табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) осы активтердiң немесе банкроттық рәсімі процесiнде өндiрiп алынатын мүлiктiң меншiк иелерi үшiн уәкiлеттi орган бұрын бекiткен тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалары бойынша реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтiк сметаларды бекiтуге өтiнiм ұсынғанға дейiн, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмде ұсынады.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекіту осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
7. Уәкiлеттi орган тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiн бекiткен кезде тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) белгiлi бір шамасының қолданылу мерзiмi белгiленедi.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Уәкілетті орган мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпараты негізінде аталған табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифті немесе оның шекті деңгейін инвестициялық (пайданы, амортизациялық аударымдарды, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі шығындарды) және өзге де шығындарды алып тастай отырып, өзі айқындайтын тәртіппен күнтізбелік отыз күн ішінде бекітеді.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара); 2010.15.03. № 255-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-1-бап өзгертілді
18-1-бап. Табиғи монополиялар саласында жүзеге асырылатын іс-әрекеттерді хабарлаудың немесе келісудің негіздері мен тәртібі
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрудi не тиiстi тауар рыногының табиғи монополия жағдайынан бәсекелестiк рынок жағдайына экономикалық жағынан ақтауға болатын ауысуын тежеудi болдырмау мақсатында мынадай іс-әрекеттерді жасауға:
1) егер табиғи монополия субъектiсiнiң иеліктен шығарылатын мүлкінің не ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерілген, оған қатысты өзге де мәмілелер жасалатын мүлкінің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, олар табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен жасасқан шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) өндірісіне және ұсынылуына арналған мүлкiмен мәмiлелер жасасуға;
2) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-1) мүлiктi жалға алу шартын жасасу табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерiлген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнынан 0,05 процент астам болатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктi жалға алуына;
3) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) табиғи монополия субъектiсiнiң қайта ұйымдастырылуына және таратылуына уәкілетті органның алдын ала хабарламасы немесе келісімін алу талап етіледі.
1-1. Реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп бекітеді.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген әрекеттердi жасау үшiн табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға мұндай әрекеттердi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтінішхат ұсынуға және шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты хабарлауға мiндеттi.
Өтінішхат беру үшiн құжаттар тiзбесiн, оларды ұсыну және қарау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі осы баптың 1-тармағының 2-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді жасағанға дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын уәкілетті органға өзінің көрсетілген әрекеттерді жасау ниеті туралы ақпарат жіберуге міндетті.
3. 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1. Реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметті жүзеге асырған кезде табиғи монополия субъектісі мынадай шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті:
1) реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметтен алынатын кірістер оны жүзеге асыру үшін қажетті шығындарды жабуға тиіс;
2) реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметті жүзеге асыру тиісті көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығында бәсекелестікті шектеуге алып келмеуге тиіс;
3) реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметті жүзеге асыру табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) көлемдері мен сапасының төмендеуіне алып келетін, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіруге және ұсынуға қажетті негізгі және қаржы қаражатын бөлуге алып келмеуге тиіс.
Табиғи монополия субъектісінің тарапынан осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды
3-2. Реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызметтерді көрсету кезінде табиғи монополия субъектісі оны жүзеге асырғанға дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын уәкілетті органға осы қызметті көрсететіні туралы хабарлама жіберуге міндетті.
4. Егер өтiнiштi қанағаттандыру осы баптың 1-тармағының бірiншi абзацында аталған салдарларға әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ, егер өтiнiш берушi барлық қажеттi құжаттарды табыс етпеген не оларда ұсынылған ақпарат дұрыс болмаған жағдайларда, уәкiлеттi орган оны қабылдамайды.
5. Уәкiлеттi орган өтiнiмдi оны алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей қарайды және өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
Егер шешiм қабылдау үшiн қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган оны өтiнiш берушiден сұратуға және өтiнiштi алған күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей өтiнiштi қарау мерзiмiн ұзарту туралы хабарламамен бірге осындай сауал салу өтiнiш берушiге жiберiлген жағдайда өтiнiштi қарау мерзiмiн отыз күнге ұзартуға құқылы.
6. Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартуға өтiнiш берушi сот тәртібімен шағымдана алады.
18-2-бап. ҚР 09.12.04 ж. № 9-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-3-баппен толықтырылды; ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңымен; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 18-3-бап өзгертілді
18-3-бап. Табиғи монополия субъектiсiн қайта ұйымдастыру және тарату
1. Табиғи монополия субъектiсiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастыру және тарату рәсiмдерi қолданылуы мүмкін.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Табиғи монополия субъектісін - заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеуді, сондай-ақ оның қызметінің тоқтатылуын тіркеуді тіркеуші орган табиғи монополия субъектісінің өтінішіне электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде немесе қағаз жеткізгіште берілетін уәкілетті органның алдын ала келісімімен ғана жүзеге асырады.
3. Табиғи монополия субъектiсiне ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (өндiрiлетiн тауарлар, жұмыстар) үзiлiсiн немесе көлемi едәуiр азайып кетуiн болдырмау мақсатында оңалту рәсiмдерi қолданылуы мүмкiн.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-4-баппен толықтырылды; 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара); 2009.04.07. № 166-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 18-4-бап өзгертілді; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 18-4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.01.02. № 551-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-4-бап өзгертілді
18-4-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыруының ерекшеліктері
1. Шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде ескерiлетiн қызмет көрсетулердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алу осы баптың 4, 4-1 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында жүзеге асырылады.
2. Тендердi табиғи монополия субъектiсi:
1) тендер рәсiмдерiн өткізудiң ашықтығы мен жариялылығы;
2) тендерге қатысу үшiн барлық ықтимал берушiлерге тең мүмкiндiктi қамтамасыз ету;
3) ықтимал берушiлер арасында адал бәсекелестік;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) отандық тауар өндірушілерді және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерді қолдау;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылды
5) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
6) сапалы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу;
7) табиғи монополия субъектісі сатып алатын тауарлардағы (жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі) жергілікті қамту үлесін ұлғайту;
8) қабылданатын шешімдерді бақылау және олар үшін жауапкершілік;
9) сатып алу процесіне делдалдардың қатысуын барынша азайту қағидаттарын сақтай отырып өткізеді.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Табиғи монополия субъектiсi:
1) электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган растаған, тиiстi тауар нарығында электр энергиясының тапшылығы болған;
2) табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға қойылатын, электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуға арналған шарттарға сай келмеген;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясын, шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен шекарадағы электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо-ағымының жоспарлыдан ауытқуларына өтем жасау мақсатында электр энергиясын сатып алған;
4) Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес газ тарату ұйымдарынан газ сатып алған;
5) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алған жағдайларды қоспағанда, стратегиялық тауарларды сатып алуды тiкелей стратегиялық тауар өндiрушiлерден жүзеге асырады.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сатып алуды өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Бұл тәртіп сатып алуды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес;
дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп проценті ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі табиғи монополия субъектілері жүргізген жағдайларға қолданылмайды.
Жанама тиесілілік табиғи монополия субъектілері акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында келесі ұйым арқылы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі екенін білдіреді.
3-1. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң аффилиирленген тұлғалары үшiн конкурстың бірыңғай ұйымдастырушысы ретiнде өкiлдiк етуге құқылы.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда табиғи монополия субъектісі сатып алуды бір көзден алу, екі кезеңдік рәсімдерді қолдана отырып тендер, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, оның ішінде электрондық сатып алу арқылы жүзеге асыра алады.
2009.04.07. № 166-IV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алу Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Табиғи монополия субъектiсi тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), егер сатып алудың құнмен алынған жылдық көлемi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген шектi мөлшерден асып кетпесе, тендер өткiзбей сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
5-1. Табиғи монополия субъектiсiнiң екi және одан да көбірек аффилиирленген тұлғаларының, Қазақстан Республикасы Yкіметі белгiлеген жағдайларды қоспағанда, аталған табиғи монополия субъектiсi өткiзетiн тендерге (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
6. Тендерге қатысушының талап етуi бойынша оған тендер нәтижелерi және жеңiмпазды таңдаудың себептерi туралы түбегейлi жазбаша ақпарат берiлуге тиiс.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының монополиялар туралы заңнамасын бұза отырып өткiзiлген тендердiң жеңiмпазымен табиғи монополия субъектiсi шарт жасасқанға дейiн оның нәтижесiнiң күшiн жоюға және табиғи монополия субъектiсiн қайта тендер өткізуге мiндеттеуге құқылы.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Табиғи монополия субъектісі тауарларды, (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тендер өткізу туралы талаптарды бұзған жағдайда, уәкілетті орган:
1) егер бұзушылықтарды уәкілетті орган тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімді қарау барысында анықтаса, табиғи монополия субъектісінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімін қабылдамауға;