34-6) арнаулы тасымалдауларды жүзеге асыру тәртібін айқындау;
34-7) магистральдық темiржол желiсiне кiретiн магистральдық жолдардың тiзбесiн бекiту;
34-8) жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық теміржол желісі құрамына беру қағидаларын бекіту;
34-9) жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
34-10) магистральдық темiржол желiсiн пайдалану қағидаларын бекiту;
34-11) темiржол көлiгiндегi қауiпсiздiк қағидаларын бекiту;
34-12) теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту;
34-13) теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
34-14) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
34-15) жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту;
34-16) жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру кезінде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізу және технологиялық өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
34-17) темiржол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлерді орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидаларын бекiту;
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 34-18) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
34-18) шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 34-19) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
34-19) әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
34-20) теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
34-21) теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесін бекіту;
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 34-22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-22) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 34-23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-23) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
34-24) темiржол көлiгiндегi техникалық реттеу объектiлерiнің және оның тiршілiк циклiнiң процестерiнің техникалық регламенттерін бекiту;
34-25) тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Ұлттық теміржол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 34-26), 34-27), 34-28) және 34-29) тармақшалармен толықтырылды
34-26) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
34-27) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың қағидаларын әзірлеу және бекіту;
34-28) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
34-29) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау;
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 34-30) тармақшамен толықтырылды
34-30) Мемлекеттік жылжымалы состав тізілімін жүргізу;
35) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындау жатады.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкілді органдарының теміржол көлiгi саласындағы құзыретiне:
1) әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының теміржол көлiгi саласындағы құзыретiне:
1) ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасын ұйымдастыру туралы шешімдерді тасымалдаушы қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, осындай шешім қабылдау;
2) төтенше жағдайлар туындаған кезде тасымалды уақытша тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау;
4) ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарды айқындау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асыру жатады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
15-бап. 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 15-1-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 15-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-1-бап. Ұлттық тасымалдаушылар
1. Ұлттық тасымалдаушылар өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Ұлттық тасымалдаушылар жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi тасымалдау бойынша қызметтер көрсетедi, сондай-ақ арнайы және әскери тасымалдауларды орындайды.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Ұлттық тасымалдаушылар Ұлттық инфрақұрылым операторымен жəне тасымалдау процесіне басқа да қатысушылармен өзара іс-қимыл жасай отырып, əскери тасымалдарды бірінші кезектегі тəртіппен қамтамасыз етуге жəне орындауға міндетті.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Тасымалдау процесін басқару
1. Ұлттық инфрақұрылым операторы магистральдық және станциялық жолдардағы қозғалысты диспетчерлік реттеуді қоса алғанда, Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетеді, тасымалдаушылармен шарттар жасасады.
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ұлттық инфрақұрылым операторы Техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу, денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сай келмейтiн жылжымалы құрамды магистральдық теміржол желісіне жiбермеуге мiндеттi.
Тасымалдаушы пайдаланылатын жылжымалы құрамның техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы, денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етуге міндетті.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ұлттық инфрақұрылым операторы жекеше әріптеспен не концессионермен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын, оның ішінде концессия шартын іске асыру үшін тараптардың өзара қатынастарын регламенттейтін шарт жасасуға міндетті.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді
17-бап. Теміржол станциясы
1. Тасымалдаушы поездарды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу жөніндегі, жолаушыларға қызметтер көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөніндегі тиiстi операцияларды жүргiзу үшiн ашық теміржол станцияларының арасында тасымалдауды жүзеге асырады. Тиісті жол дамытылымы бар теміржол станциясында поездарды құрастыру және тарқату жөніндегі маневрлік жұмыстар және поездармен техникалық операциялар жүргізілуі мүмкін.
2. Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін теміржол станцияларының, разъездердің жұмыс режиміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды ашу және жабу тәртібін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өзге де елді мекендердің жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік кіріс органдары, шекара, ветеринария, фитосанитария органдары және басқа да органдар теміржол станциясы аумағындағы өз қызметтерiн теміржол станциясының жұмыс режимiнде жүзеге асырады.
4. Теміржол станцияларының жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерiн тасымалдау жөніндегі операцияларды, сондай-ақ жүктердi қабылдау, тиеу, түсiру және беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жөнiндегі қызмет көрсетулеріне тасымалдаушылардың тең дәрежеде қол жеткізуi қамтамасыз етiлуге тиiс.
5. Теміржол станциялары өзiнiң қызметi мен жұмыс сипатына қарай жолаушылар, жүк, сұрыптау станциялары, учаскелiк және аралық станциялар болып бөлiнедi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 17-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-1-бап. Теміржол вокзалы
1. Теміржол вокзалында билет кассалары, күтуге арналған үй-жайлар, санитариялық-тұрмыстық, оның ішінде мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтары үшін арнайы жабдықталған үй-жайлар, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері (оның ішінде жолаушыларды бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталықпен байланыстыратын объектілер), медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті сақтау пункті болуға тиіс.
2. Теміржол вокзалында халық жолаушылар поездарының жөнелтілу және келу уақыттары, жолаушылардың жол жүру және багажды, жүк-багажды тасымалдау құны, поездарда бос орындардың болуы, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітапшасының тұрған орны туралы, билет және багаж кассаларының жұмыс режимі, вокзал үй-жайларының орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтер тізбесі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
Ақпаратты беру тілдерді, мәтіндерді, Брайль қарпін, тактильдік қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектер үшін де қамтамасыз етіледі.
3. Жолаушылар платформалары мен перрондарға өту және шығу мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтарына қолжетімді болуға (пандустармен, мамандандырылған лифтілермен жабдықталуға) тиіс.
4. Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде теміржол вокзалдарын иеленуші тұлғалар вокзал маңы аумағын күтіп-ұстауды және жөндеуді қамтамасыз етеді.
5. Халыққа қызмет көрсетуге арналған вокзал құрылыстары жарамды техникалық жай-күйде ұсталуға тиіс.
6. Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде теміржол вокзалдарын иеленуші тұлғалар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және техникалық регламенттің талаптарын сақтауға тиіс.
7. Теміржол вокзалдары тасымалдау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдаланылуға тиіс.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 17-2-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
17-2-бап. Теміржол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтердің мүгедектер үшін қолжетімділігі
1. Мүгедектердің теміржол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі үшін теміржол вокзалдарында және теміржол станцияларында:
1) арнайы жол белгілері орнатыла отырып, мүгедектердің автокөлік құралдарын қоюға арналған орындардың бөлінуі;
2) ғимараттардың, ғимараттарға кіреберіс жолдардың (ғимаратқа кірер жолдардың, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластырылуы;
3) көру және (немесе) есту қабілеттері бұзылған мүгедектер үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықталуы;
4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы;
5) қоғамдық дәретханалардың мүгедектердің кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуы;
6) мүгедектердің кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнайы таксофондардың орнатылуы қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Поездың құрамында мүгедектердің кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарды отырғызуға және түсіруге арналған көтергіш құрылғылары, мүгедектердің кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнайы орындары бар вагон болуға тиіс.
3-тарау. Теміржол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар
18-бап. Теміржол көлiгiнiң қажетiне арналған жер
1. Тасымалдаушыға немесе тасымал процесiне қатысушысына өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн жер пайдалануға немесе меншiкке берiлетiн жер теміржол көлiгiнiң қажетiне арналған жер болып табылады.
2. Теміржол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге мынадай теміржолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен ғимараттарға:
1) магистралдық жолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен құрылыстарға (теміржол төсемi, көпiрлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдықтар, қызметтiк-техникалық ғимараттар);
2) кiрме жолдарға;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) энергетика, локомотив, вагон, жол және жүк шаруашылықтарының, сумен қамтамасыз ету және канализация ғимараттарымен, құрылыстарымен, қорғаныш және бекiткiш екпе ағаштарымен, арнаулы теміржол көлiгiне қызмет көрсетуге арналған қызметтiк және басқа да объектiлерiмен бірге теміржол станцияларына;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) теміржолдардың бөлінген белдеулері мен қорғалатын аймақтарына;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарға және теміржол көлігі объектілеріне бөлінген жерлер жатады.
3. Теміржол көлiгiнiң қажетiне арналған жер уәкiлеттi мемлекеттік органдар белгiлеген қала құрылысын салу мен экология талаптарына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес келуге тиiс.
4. Тасымал процесiне қатысушылар өздерiнiң кiнәсiнен қоршаған ортаға келтiрген зияны үшiн, сондай-ақ теміржол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi тиiсiнше күтiп-ұстамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
19-бап. Теміржол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi бөлу мен пайдалану тәртібі
1. Жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жер учаскелерi теміржолдар мен теміржол станцияларын дамытудың жобалау-техникалық құжаттамасы мен бас схемаларына сәйкес, уәкiлеттi органмен келiсе отырып белгiленген тәртiппен бекітілетiн нормативтер бойынша берiледi.
3. Бөлiнген белдеудегi теміржол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейдi.
20-бап. Теміржол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары
1. Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ теміржол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге бөлiнген белдеуге жанасатын жер учаскелеріндегі объектiлердi қауiпсiз пайдалану мақсатында, жер пайдаланудың ерекше жағдайларымен қорғалатын аймақтар белгiленедi, олардың шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарымен сыйыспайтын қызмет түрлерiне шек қойылады немесе тыйым салынады.
2. Теміржол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарына көлiк құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектілерінiң сақталуын, берiктiгiн әрi орнықтылығын қамтамасыз етуге қажеттi қорғаныш орман аймақтары, жер учаскелерi, сондай-ақ теміржол көлiгiне бөлiнген белдеуге жанасатын, сел қаупi, көшкiн қаупi және басқа да қауiптi жағдайлар болатын аймақтардағы және өңiрлердегi жер учаскелерi жатады.
3. Теміржол көлiгi қорғалатын аймақтарының жерi меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың иелiгiнен алынбайды және олар бұл жердi белгiленген шектеулердi сақтай отырып пайдаланады.
21-бап. Қорғалатын аймақтардағы жерлердi пайдалануды шектеу
1. Теміржол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарында:
1) теміржол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге iргелес жатқан учаскенiң меншiк иесiнiң немесе оны пайдаланушының жазбаша келісімiнсiз тұрақты және уақытша сипаттағы құрылыс, монтаждау және тау-кен жұмыстарын жүргiзуге;
2) көшкiннiң, шөгiндiнiң, сел тасқынының, сай-жыраның пайда болуына, сусымалы құмдардың, қар үйiндiлерiнiң, көшкiнiнiң туындауына, өзге де осындай зардаптарға әкелiп соғатын тәсiлдермен ағаштарды кесуге және өсiмдiк қабатын бұзуға тыйым салынады.
2. Қорғалатын аймақтар жерiнiң меншiк иелерi мен пайдаланушылары теміржол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарындағы жерлердi пайдаланудың режимiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауаптылықта болады.
4-тарау. Теміржол көлігі қызметкерлерінің еңбек қатынастарын реттеу ерекшеліктері
22-бап. Теміржол көлiгi қызметкерлерiнiң еңбек қатынастарын реттеу ерекшелiктерi
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Теміржол көлiгi қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, осы Заңмен, бас келісіммен, салалық (тарифтiк) келісімдермен, еңбек және ұжымдық шарттармен реттеледi.
2. Теміржол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерi кәсiби даярлығы мен денсаулығы жөнiнен уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сай болуға тиiс.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Теміржол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкердің жұмыс уақытының және демалыс уақытының есепке алынуының ерекшелiктерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді
23-бап. Теміржол көлiгiнiң қызметкерiн жұмыстан шеттетудiң қосымша негiздерi
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негiздерден басқа, жұмыс беруші уәкiлеттi органның актісі негізінде теміржол көлігі қызметкерін мынадай:
1) диспетчерлiк қызметтiң, Ұлттық инфрақұрылым операторының тасымалдау процесiн басқаруға және поездардың қозғалысына байланысты нұсқауларын орындамаған;
2) жұмыс уақыты режимiн бұзған жағдайларда жұмыстан шеттетуге мiндеттi.
2. Жұмыстан шеттетiлген кезеңге жалақы сақталмайды.
Қызметкердi жұмыстан шеттету осыған негiз болған себеп анықталғанға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылуы мүмкiн.
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24-бап. Нысанды киім (погонсыз) және айырым белгiлерi
Теміржол көлiгiнiң жолаушыларға, жүк жөнелтушiлерге және жүк алушыларға қызмет көрсетуге байланысты, сондай-ақ поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерлерiне жұмыс берушiнiң есебiнен тиiстi айырым белгiлерi бар нысанды киім (погонсыз) берiлуге тиiс.
Нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар теміржол көлiгi қызметкерлерi лауазымдарының (кәсіптерінің) тiзбесiн, нысанды киім (погонсыз) мен айырым белгілерінің үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және онымен қамтамасыз етудің нормаларын уәкілетті орган бекітеді.
5-тарау. ҚР 08.05.03 ж. № 414-1 Заңымен алып тасталды
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6-тарау. Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
30-бап. Жалпы ережелер
1. Теміржол көлігі, теміржолдар, теміржол станциялары, вокзалдар және теміржол тасымалдарымен байланысты тасымалдау процесіне қатысушы өзге де объектілер, сондай-ақ олардың өмірлік циклінің процестері техникалық реттеу объектілері болып табылады.
2. Тасымал процесіне қатысушылар техникалық регламенттер де белгіленген қауіпсіздік талаптарын орындауға және адамның өмірі мен денсаулығы, жолаушылардың жолда жүруі үшін қауіпсіз жағдайларды, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Тасымалдау процесіне қатысушылар және теміржол көлігінің көмекші қызметтері магистральдық, станциялық және кірме жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне хабарлауға міндетті.
Тасымалдау процесіне қатысушылар және теміржол көлігінің көмекші қызметтері қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы ақпаратты оқиға болған кезден бастап бір сағаттан кешіктірмей телефон немесе факсимильдік байланыс арқылы береді. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы егжей-тегжейлі ақпарат оқиға болған кезден бастап бір тәуліктен кешіктірілмей Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларына сәйкес жазбаша нысанда беріледі.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік адамның өмірі мен денсаулығын сақтау ға, қоршаған ортаны қорғауға, тасымалдау процесіне қатысушылардың авариясыз жұмыс істеуіне жағдайлар жасауға, магистральдық теміржол желісін, теміржолдың жылжымалы құрамын, құрылыстарды, жабдықтады, механизмдер мен тетіктерді ақаусыз ұстауға, сондай-ақ болуы ықтимал авариялар салдарын жоюға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз eтіледі.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Теміржолдармен қиылысатын немесе оларға тікелей жақын орналасқан газ, мұнай құбырларын, автомобиль жолдарын, электр берілісі желілерін және басқа да құрылыстар салу мен пайдалану кезінде белгіленген нормативтердің сақталмағаны үшін, сондай-ақ аталған құрылыстарды пайдалану қауіпсіздігі үшін олардың меншік иелері мен иелері ортақ жауаптылықта болады.
Аталған құрылыстардың иелері тасымал процесіне қатысушыларды және мемлекеттік көлік бақылау органдарын қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретін аварияның немесе авариялық жағдайлардың туындағаны туралы дер кезінде хабардар етуге міндетті.
5. Қауіпті жүктерді жөнелтетін жөнелтуші (жүк жөнелтуші) және қабылдайтын алушы (жүк алушы), сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдайтын тасымалдаушы олардың қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз етуге міндетті, оларда авариялық жағдайларды және олардың салдарын жоюға қажетті құралдар мен жұмылдыру бөлімшелері (оның ішінде шарт бойынша) болуға тиіс.
Қауіпті жүктерді тасымалдау процесінде авариялық жағдайлар туындаған кезде тасымалдау процесіне қатысушылар аталған бөлімшелердің оқиға орнына жедел түрде жіберілуін қамтамасыз етуге міндетті.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 31-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-бап жаңа редакцияда
31-бап. Инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, жасау, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, жасау, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату олардың өмірлік цикл процесінде адамның өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін және инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалауға, жасауға, пайдалануға, тасымалдауға, сақтауға, жөндеуге және кәдеге жаратуға қатысты Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.