Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сақтандыру мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2003 ж. 8 мамырдағы № 414-II Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N2, 186-құжат; 1998 ж., N24, 447-құжат; 2001 ж., N23, 309, 321-құжаттар; N24, 338-құжат):
1) 11-баптың бірінші бөлігі соңғы абзацындағы "міндетті" деген сөз алып тасталып, "тиіс)." деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
" - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен өзінің жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға міндетті.";
2) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"24-бап. Сақтандыру
Жолаушылар теміржол, теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен сапарға шыққан кезде тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, сондай-ақ көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.".
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N2697 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N23, 321-құжат; N24, 338-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат):
95-бапта:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Әуе кемелерінің, азаматтық авиацияның басқа да объектілері мен құрал-жабдықтарының меншік иелері және пайдаланушылары Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға міндетті.".
3. "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N14, 273-құжат; 2001 ж., N24, 338-құжат):
21-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
" - көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты болмаса;".
4. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., N24, 338-құжат):
10-баптың 1-тармағының үшінші абзацындағы "сақтандырушысы," деген сөз алып тасталсын.
5. "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N23, 315-құжат):
5-тарау алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының