2-тармақтағы «қарсылықтар» деген сөз «талап қою арыздары» деген сөздермен ауыстырылсын.
21. «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; 2018 ж., № 11, 37-құжат):
33-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілген даулар, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 7) және 10) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, егер бұған «Төрелік туралы» және «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаса, тараптардың келісімі бойынша төрелік немесе медиация тәртібімен қаралуы мүмкін.»;
1-1-тармақтағы «уәкілетті органның шешімдеріне арыздар» деген сөздер «сараптама ұйымының шешімдеріне талап қою арыздары» деген сөздермен ауыстырылсын.
22. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 776-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 115-құжат; 2018 ж., № 11, 37-құжат):
1) 19-баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде:
бірінші сөйлемдегі «қарсылық беру» деген сөздер «сотқа талап қоюды беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемдегі «өтініш» деген сөз «талап қою арызы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 42-баптың 1-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілген даулар, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, егер бұған «Төрелік туралы» және «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаса, тараптардың келісімі бойынша төрелік немесе медиация тәртібімен қаралуы мүмкін.»;
үшінші бөліктегі «Уәкілетті органның осы Заңның 41-бабының 2-тармағында көрсетілген шешімдеріне өтініштер» деген сөздер «Сараптама ұйымының осы Заңның 41-бабының 2-тармағында көрсетілген шешімдеріне талап қою арыздары» деген сөздермен ауыстырылсын.
23. «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 181-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 119-құжат; 2018 ж., № 11, 37-құжат):
8-баптың 3-тармағында:
2) тармақшадағы «сақтай отырып, бірақ лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығынсыз (айрықша лицензия);» деген сөздер «сақтамай және лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығынсыз (айрықша лицензия) беру көзделуi мүмкiн.» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша алып тасталсын.
24-тармақ 2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
24. «Кредиттiк серiктестiктер туралы» 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 5, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2016 ж., № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат):
21-баптың 5-тармағының 2-1) тармақшасындағы «әділет органдарына», «сот санкциялаған» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік», «прокурор санкциялаған» деген сөздермен ауыстырылсын.
25-тармақ 2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
25. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат):
43-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «әділет органдары», «сот санкциялаған» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік», «прокурор санкциялаған» деген сөздермен ауыстырылсын.
26. «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат):
37-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «тәуелсiз» деген сөз алып тасталсын.
27. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 10, 35-құжат; 2007 ж., № 4, 34-құжат; 2010 ж., № 17-18, 109-құжат; 2011 ж., № 7, 54-құжат; 2014 ж., № 2, 13-құжат; № 23, 138-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):
4-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына міндетті ғылыми лингвистикалық сараптаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым жүргізеді.».
28. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 14, 51-құжат):
8-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келіседі.».
29. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат):
1) 22-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «қамтамасыз етуге берілген,» деген сөздер «және (немесе) микрокредит беру туралы шартты қамтамасыз етуге берілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 53-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Жылжымайтын мүлік объектісіне заңдық талаптарды алып тастау мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша мынадай жағдайларда:
1) егер заңдық талапты тіркеуге негіз болған мән-жайлар жоққа шығарылса;
2) мүдделі тұлғаның өтініші бойынша және заңдық талап қоюға бастама жасаған тұлғаның келісімімен жүзеге асырылады.
Егер заңдық талап мемлекеттік тіркелген кезден бастап үш жыл өткен соң алынып тасталмаса, онда заңдық талапты мемлекеттік тіркеудің күші жойылады.
Тіркеуші орган бұл жөнінде өтініш берушіні көрсетілген мерзім өткенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Мүдделі тұлғалар заңдық талапты тіркеуді ұзарту туралы өтінішпен осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткенге дейін жүгіне алады.
Көрсетілген мерзімнің өтуі жылжымайтын мүлікке заңдық талапты қайта тіркеу үшін өтініш жасауға кедергі келтірмейді.».
30-тармақ 2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
30. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 24, 126-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
24-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы «сот санкция берген» деген сөздер «прокурор санкциялаған» деген сөздермен ауыстырылсын.
31. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат):
1) 26-бап «қамтамасыз етуге» деген сөздерден кейін «, борышкерді мәжбүрлеп әкелуді жүзеге асыруға» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 32-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшадағы «оның iшiнде банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы» деген сөздер «банктердi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарды, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарын қоспағанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) борышкердiң банктердегi, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы ақшасы мен мүлкiне тыйым салу;»;
6-тармақта:
«1)» деген цифр «1-1)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«сот санкциясымен» деген сөздер «санкциямен» деген сөзбен ауыстырылсын;
31-тармақтың 2) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары 2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шараларды санкциялауды прокурор жүзеге асырады.»;
3) мынадай мазмұндағы 35-1-баппен толықтырылсын:
«35-1-бап. Күштеп әкелу
1. Осы Заңның 67-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген, сондай-ақ атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайларда шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде борышкер сот санкциялаған сот орындаушысының уәжді қаулысы бойынша күштеп әкелінуі мүмкін.
2. Күштеп әкелуді сот орындаушысы ішкі істер органы қызметкерінің қатысуымен үш сағаттан аспайтын мерзімге және жұмыс күндері сағат тоғыздан он сегізге дейін ғана атқарушылық әрекеттер жасау орнына мәжбүрлеп апару арқылы жүзеге асырады.
3. Шақыру туралы тиісінше хабарланған борышкердің келмеуінің дәлелді себептері деп: борышкердің келуіне мүмкіндік бермейтін ауруы, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзала, борышкердің тағайындалған мерзімге келуіне мүмкіндік бермейтін өзге де себептер танылады. Борышкер шақыру бойынша тағайындалған мерзімге келуіне кедергі келтіретін дәлелді себептердің болуы туралы өзін шақырған сот орындаушысын хабардар етуге міндетті.
4. Күштеп әкелу туралы қаулыны сот орындаушысы борышкерге оны орындаудың алдында хабарлайды, бұл оның қаулыға қол қоюымен куәландырылады.
Борышкер қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бұл жөнінде қаулыға белгі қойылады.
5. Кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, сондай-ақ дәрігердің куәландыруы тиісті денсаулық жағдайы бойынша өзінің жатқан орнынан кете алмайтын немесе кетпеуге тиіс науқастар күштеп әкелуге жатпайды.»;
31-тармақтың 4) тармақшасы 2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
4) 55-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Борышкердің банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сақтандыру ұйымдарындағы ақшасына, сондай-ақ жалақысына және борышкердің кірістерінің өзге де түрлеріне өндіріп алуды қолдануды қоспағанда, борышкердің мүлкіне, оның ішінде ортақ мүліктегі үлесіне өндіріп алуды қолдануды сот орындаушысы прокурор санкциясымен жүзеге асырады.»;
5) 58-бапта:
1-тармақтың екінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;
2-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мыналарға:
1) мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
2) тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
3) тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;
4) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға;
5) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға;
6) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының банктік шоттардағы активтеріне;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге қатысты талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды;
8) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын қаржы құралдарына өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
6) 62-бапта:
1-тармақта:
31-тармақтың 6) тармақшасының үшінші абзацы 2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
бірінші сөйлемдегі «соттың» деген сөз «прокурордың» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін өндіріліп алынатын сомаға мөлшерлес, борышкерге тиесілі бүкіл мүлікке бір мезгілде тыйым салуға құқылы.»;
3-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мыналарға:
1) мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
2) тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
3) тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;
4) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға;
5) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға;
6) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының банктік шоттардағы активтеріне;
7) уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.
Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге қатысты талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды;
9) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын қаржы құралдарына тыйым салуға жол берілмейді.»;
үшінші, төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;
31-тармақтың 6) тармақшасының жиырмасыншы - жиырма үшінші абзацтары 2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот орындаушысының банктік шоттардың нөмірлері және оларда ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты, банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы мүліктің сипаты мен құны туралы мәліметтерді талап ету және оларға тыйым салу туралы прокурор санкциялаған қаулысында сол соманың шегінде тыйым салынатын ақша сомасы көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сот орындаушысының прокурор санкциялаған қаулысы банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жіберілуі мүмкін.»;
7) 68-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бағалаумен келіспеген атқарушылық іс жүргізу тарапы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілген бағалау бойынша қорытынды алу үшін сарапшылық кеңеске өтініш жасауы не сот тәртібімен оған шағым жасауы мүмкін. Шағым сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасау үшін Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі. Сарапшылық кеңестің теріс қорытындысы не соттың бағалау туралы есепті жарамсыз деп тануы сот орындаушысының жаңа бағалауды тағайындауы үшін негіз болып табылады. Сарапшылық кеңес теріс қорытынды берген жағдайда, бағалау туралы есептің сараптамасы үшін тапсырыс беруші жүргізген төлемді бағалау туралы есепті жасаған бағалаушы немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға өтейді.
4. Жаңа бағалау жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу шағым жасаушы тарапқа жүктеледі.».
32. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат):
1) 16-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келіседі.»;
2) 17-баптың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарт (бұдан әрі - жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт) жасасады;»;
3) 18-баптың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«21) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жасасады;»;
4) 56-баптың 3-тармағындағы «(қайта бағалау)» деген сөздер алып тасталсын;
5) 6-тараудың бүкіл мәтіні бойынша «алып қоюға», «Алып қойылатын», «алып қоюдан», «алып қойылатын», «алып қою», «алып қойылғаннан», «алып қойған» деген сөздер тиісінше «иеліктен шығаруға», «Иеліктен шығарылатын», «иеліктен шығарудан», «иеліктен шығарылатын», «иеліктен шығару», «иеліктен шығарылғаннан», «иеліктен шығарған» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 61-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушысы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдағаннан кейін осы Заңның 69-бабына сәйкес келісім рәсімдеріне бастамашылық жасауға құқылы.»;
7) мынадай мазмұндағы 62-1 және 62-2-баптармен толықтырылсын:
«62-1-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде тең бағамен өтеу шарттары
1. Осы бапқа қатысты тең бағамен өтеу деп алып қойылған кезге дейінгі жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті пайдаланудың қолда бар шарттарын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін, мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің және онда орналасқан жылжымайтын мүліктің (болған кезде) құнын өтеу мөлшерін белгілеу түсініледі.
2. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесі үшін меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға тең бағамен өтеу жүргізіледі.
3. Тең бағамен өтеу мынадай тәсілдердің бірімен жүргізіледі:
1) осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда өзге жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру;
2) осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын өтеу.