«Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес және жылжымайтын мүлік кепілімен қамтамасыз етілген ипотекалық қарыз шарты бойынша банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу жөніндегі міндеттемені орындаудың мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткеннен кейін есепке жазылған сыйақыны төлеуді талап етуге құқылы емес.»;
2) 36-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде қарыз алушы алатын ақшаны, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны), сондай-ақ «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түрінде тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны және «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, қарыз алушының кез келген банктік шоттарындағы ақшаны даусыз (акцептсіз) тәртіппен, оның ішінде төлем талабын қою арқылы өндіріп алуды қолдануға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында ескертілген болса) құқылы;»;
15-тармақтың 2) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2019 ж. 24 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте жеке тұлғаның ағымдағы шотында сақталатын ақша сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен аз болмауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) мүлкі қарыз алушының - жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша міндеттемесін қамтамасыз ететін кепіл берушінің «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен берілген жылжымайтын мүлікті дербес өткізу туралы өтінішхатын қанағаттандырған жағдайда, қарыз алушыға және кепіл берушіге қатысты осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында көзделген шараларды тоқтата тұрады.»;
15-тармақтың 3) тармақшасының нормасы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жасалған банктік қарыз шарттарынан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады
3) 39-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жеке тұлғалармен жасалатын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес банктік қарыз шарттары бойынша банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты банктік шотты жүргізгені үшін, сондай-ақ банктік шотқа қарызды есепке жатқызғаны үшін комиссия белгілеуге және алуға құқылы емес.»;
15-тармақтың 4) тармақшасы 2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
4) 50-бапта:
6-тармақтың д-1) және д-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«д-1) мемлекеттік сот орындаушыларына: өздерінің іс жүргiзуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша мемлекеттік сот орындаушысының әділет органының мөрімен расталған және прокурор санкциялаған қаулысы негiзiнде заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттарда өндіріп алынатын сома шегінде ақшаның бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана;
д-2) жеке сот орындаушыларына: өздерінің іс жүргiзуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша жеке сот орындаушысының жеке мөрімен расталған және прокурор санкциялаған қаулысы не жеке мөрмен расталған оның көшірмесі негізінде заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттарда өндіріп алынатын сома шегінде ақшаның бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана;»;
7-тармақта:
ж) тармақшадағы «сот санкция берген» деген сөздер «прокурор санкциялаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
з) тармақшадағы «сот санкция берген» деген сөздер «прокурор санкциялаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-1-тармақта:
екінші бөліктегі «сот санкциялаған» деген сөздер «прокурор санкциялаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «б), в) және г) тармақшаларында» деген сөздер «б), в), г), ж) және з) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтың 5) тармақшасы 2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
5) 51-баптың 1-тармағының бірінші, үшінші және бесінші бөліктеріндегі «сот санкциялаған» деген сөздер «прокурор санкциялаған» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат):
1) 20-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Кепіл беруші жеке тұлғамен жасалған және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша кепіл ұстаушы алдындағы міндеттемелерін орындау мақсатында осы Заңның 20-1-бабында белгіленген тәртіппен кепілге салынған мүлікті дербес өткізуге құқылы.»;
2) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
«20-1-бап. Кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізуі
1. Кепіл беруші жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікке өндіріп алуды ықтимал қолдану туралы өзі хабардар етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде кепіл ұстаушының алдында көрсетілген мүлікті дербес өткізу туралы өтінішхат беруге құқылы.
2. Кепіл ұстаушы кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу туралы жазбаша өтінішхаты келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде кепіл берушіге және борышкерге, егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, кепіл берушінің өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту не қанағаттандыру туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Кепіл берушінің өтінішхаты қанағаттандырылған жағдайда кепіл ұстаушы мәжбүрлеп орындау шараларын тоқтата тұру және жылжымайтын мүлікті дербес өткізуден түсетін ақшаны кепіл ұстаушының банктік шотына есепке жатқызу қажеттігі туралы да хабарлайды.
3. Ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу кепіл берушінің өтінішхатын қанағаттандыру туралы кепіл ұстаушының жазбаша хабарламасын кепіл шартында көрсетілген мекенжай бойынша хабарламасы бар тапсырысты хатты пошта арқылы кепіл ұстаушы табыс еткен немесе кепіл беруші және борышкер, егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, алған күннен бастап үш ай ішінде жүзеге асырылады.
Жылжымайтын мүлікті дербес өткізудің неғұрлым ұзақ мерзімі ипотекалық шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.
4. Кепіл беруші ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімде өткізбеген жағдайда, кепіл ұстаушы осы Заңның 20-бабында көрсетілген тәсілдермен мұндай мүлікті өткізуге құқылы.»;
3) 25-бапта:
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сенiм бiлдiрілген тұлға жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы хабарлама жасайды, оны ипотека тіркелген органда тiркейдi және кепiл берушiге табыс етеді. Хабарламаны тiкелей беру мүмкiн болмаған кезде ол кепiл берушiге оның ипотекалық шартта көрсетiлген мекенжайы бойынша тапсырысты хатпен жiберiледi;
2) кепіл беруші ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу құқығын іске асырмаған немесе кепіл беруші ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті осы Заңның 20-1-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде немесе ипотекалық шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленген мерзімде, бiрақ осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес хабарлама кепiл берушiге табыс етілген немесе жөнелтілген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен ерте емес мерзімде өткізбеген жағдайларда, сенiм бiлдiрілген тұлға кепiлге салынған мүлiкке сауда-саттық туралы хабарлама жасайды, оны ипотека тіркелген органда тiркейдi, кепiл ұстаушыға және кепiл берушiге табыс етеді немесе кепіл берушінің кепіл шартында көрсетілген мекенжайы бойынша оларға тапсырысты хатпен жібереді, сондай-ақ осы Заңның 28-бабына сәйкес сауда-саттық туралы хабарландыруды ресми жариялайды;»;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Негiзгi мiндеттеменiң орындалмағаны» деген сөздер «Жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 26-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы хабарламаның мазмұны»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы хабарламада мынадай мәліметтер қамтылуға тиiс:»;
мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
«7-2) жеке тұлға болып табылатын кепіл берушінің хабарлама табыс етілген немесе тапсырысты хатпен алынған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде кепіл ұстаушының алдында жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес ипотекалық қарызы бойынша ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу туралы өтінішхат беру құқығы туралы шарт;»;
5) 33-1-бапта:
2) тармақшадағы «міндеттемелердің орындалмағаны» деген сөздер «жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «мiндеттеменiң орындалмауы» деген сөздер «жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 37-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Кепіл беруші ипотекалық шарт жасасу кезiнде негiзгi мiндеттеменi толық қамтамасыз еткен жылжымайтын мүлiкті кепіл ұстаушымен келісілген бағадан төмен емес бағамен осы Заңның 20-1-бабында белгіленген тәртіппен дербес өткізген жағдайда, ипотеканың тоқтатылуымен бір мезгілде негiзгi мiндеттеме тоқтатылады.».
17. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 53-құжат):
1) 30-1-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті нотариаттық куәландыру көзделген келісулерді куәландырған кезде - 1 айлық есептік көрсеткіш;»;
22-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22-1) атқарушылық жазба жасағаны үшін:
жеке тұлғалар үшін - өндіріп алынатын соманың немесе талап етілетін өзге жылжымалы мүліктің нарықтық құнының 0,2 пайызы, бірақ 0,5 айлық есептік көрсеткіштен кем емес және 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
заңды тұлғалар үшін - өндіріп алынатын соманың немесе талап етілетін өзге жылжымалы мүліктің нарықтық құнының 1 пайызы, бірақ 1 айлық есептік көрсеткіштен кем емес және 100 айлық есептік көрсеткіштен артық емес.
Осы Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көзделген талаптар бойынша атқарушылық жазба жасалған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы көрсетілетін қызметтерге ақы төлеудің төменгі шегі 0,5 айлық есептік көрсеткішті құрайды;»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Өндіріп алушы нотариусқа атқарушылық жазба жасаған немесе тиісті қаулы шығарған кезде мемлекеттік баж ретінде және құқықтық және техникалық сипаттағы көрсетілетін қызметтер үшін төлеген шығыстар борышкердің есебіне жатқызылуға тиіс.»;
2-тармақтың 6) тармақшасындағы «зейнеткерлер босатылады.» деген сөздер «зейнеткерлер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) осы Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген талап бойынша өндіріп алушылар босатылады.»;
2) 58-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«58-бап. Сенімхаттарды және келісулерді куәландыру»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Нотариустар Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті нотариаттық куәландыруы көзделген келісулерді куәландырады.»;
3) 85-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Нотариус ақшаның түскенi туралы кредиторға хабарлайды және оның талабы бойынша оған тиесiлi ақшаны бередi. Егер ақшаны депозитке салу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 291-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылған болса, нотариус кредиторға ақшаны оның тараптары арасындағы шартта белгіленген тәртіппен береді.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Нотариус депозитіндегі ақша нотариустың меншігі және (немесе) оның кірісі болып табылмайды.»;
4) 86-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«86-бап. Депозитке ақша салған адамға оны қайтару
Депозитке ақша салған адамға оны қайтаруға:
1) пайдасына жарна жасалған адамның жазбаша келiсiмiмен;
2) соттың шешiмi бойынша;
3) егер ақшаны қайтару мүмкіндігі тараптардың келісімінде көзделсе, тараптардың бірі өз міндеттемелерін орындамаған кезде жол берiледi.»;
5) 92-1-бапта:
1-тармақта:
«жазбаларды жасайды» деген сөздер «жазба жасайды немесе тиісті қаулы береді» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Атқарушылық жазба берешекті белгілейтін құжаттың көшірмесіне оның төлнұсқасы ұсынылған жағдайда жасалуы мүмкін, оған тиісті белгі қойылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Атқарушылық жазба немесе тиісті қаулы негізінде мынадай даусыз талаптар бойынша берешекті өндіріп алу жүргізіледі:
1) нотариат куәландырған мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы;
2) орындау мерзімі басталған және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген наразылыққа жауапта мойындаған, жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы;
3) нотариус жасаған, төлем жасалмауына, акцептінің болмауына және акцепт күнінің белгіленбеуіне вексель наразылығына негізделген міндеттемені орындау туралы;
4) лизинг шартына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лизинг нысанасын талап ету туралы;
5) ломбард кепіл беруші-борышкерге қойған, кредитті қайтару мерзімі өткен соң кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану туралы;
6) қосымша шығыстарды өндіріп алу туралы талаптарды қоспағанда, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтаратын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы;
7) төлеу мерзімі басталған, жария шарттар негізінде нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін, сондай-ақ өзге де шарттар негізінде белгіленген тарифтерге сәйкес көрсетілетін қызметтер үшін берешекті өндіріп алу туралы;
8) жалдау төлемдерін жалдау шартында белгіленген мерзімдерде төленбеуіне байланысты өндіріп алу туралы;
9) жұмыскерге есепке жазылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Атқарушылық жазба негізінде тұрақсыздық айыптарын (өсімпұлдарды), пайыздарды өндіріп алу, егер бұлар тиесілі болса, жүргізілмейді.»;
6) 92-3-бапта:
5) тармақшадағы «, оның ішінде, егер өсімпұлдар, пайыздар тиесілі болса, олардың» деген сөздер алып тасталсын;
6) тармақшадағы «немесе борышкерден өндіріп алуға жататын» деген сөздер алып тасталсын;
9) тармақшадағы «бедері қамтылуға тиіс.» деген сөздер «бедері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) атқарушылық жазбаның күшін жою туралы өтінішті беру мерзімі мен тәртібі қамтылуға тиіс.»;
7) 92-6-бапта:
тақырыптағы «көшірмелерін» деген сөз «немесе тиісті қаулының көшірмесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Атқарушылық жазба жасағаннан кейін немесе тиісті қаулы шығарғаннан кейін нотариус келесі жұмыс күнінен кешіктірмей борышкерге олардың көшірмесін табыс етеді немесе жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, борышкердің электрондық пошта мекенжайы бойынша немесе белгілі тұрғылықты (тұрған) немесе тіркелген жері бойынша жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Егер атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының көшірмесі борышкерге:
1) тараптар арасында жасалған шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;
2) соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберілген болса, оның ішінде кәмелетке толған отбасы мүшелерінің бірі, көрсетілген мекенжай бойынша адаммен тұрып жатқан басқа адам алған болса;
3) жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілген болса, ол алынды деп есептеледі.
Хабарламаны қабылдаудан бас тартуға байланысты адресатқа, алушыға оны табыс ету мүмкін болмағаны туралы белгісімен хабарлама қайтарылған жағдайда, атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының көшірмесі тиісті түрде жіберілді деп есептеледі.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Борышкер атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған немесе тиісті қаулыны шығарған нотариусқа хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Борышкердің қарсылығында мәлімделген талаппен келіспеу себептері қамтылуға тиіс.»;
8) 92-8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«92-8-бап. Атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының күшін жою және оған дау айту
1. Нотариус мәлімделген талапқа қарсы қарсылықты алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының күшін жою туралы қаулы шығарады.
2. Атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының күшін жою туралы қаулы дау айтуға жатпайды.
Атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының күшін жою туралы қаулының көшірмесі шығарылған күнінен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей осы Заңның 92-6-бабына сәйкес өндіріп алушыға, борышкерге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс.
Егер жасалған атқарушылық жазба немесе тиісті қаулы борышкердің қарсылығы бойынша нотариустың қаулысымен күшін жоймаса, оларға дау айту сот тәртібімен жүзеге асырылады.».
18. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 117-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат):
1) 15-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
2) 23-баптың 4-тармағының екінші сөйлеміндегі «айлық жиырма мың», «бара-бар», «тәуелсіз сарапшы» деген сөздер тиісінше «жиырма мың айлық», «баламалы», «бағалаушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 34-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Елеулі зиян келтірілген кезде жауапкершілігі шектеулі серіктестік зиянды өтеу туралы талаппен қатар, кінәлі қатысушының үлесін серіктестіктің мәжбүрлеп сатып алуы және оның серіктестікке қатысушылар қатарынан шығуы туралы мәселені қоюға құқылы.»;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «қатысушылардан», «жауап беретін тәуелсіз бағалаушы белгілеген нарық бағасы» деген сөздер тиісінше «қатысушыдан», «сай келетін бағалаушы айқындаған нарықтық құны» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 3-тарау мынадай мазмұндағы 37-1-баппен толықтырылсын:
«37-1-бап. Серіктестікке қатысушының құқығы туындаған кез
1. Құрылтай шартына қол қойған құрылтайшылар серіктестік мемлекеттік тіркелгеннен кейін оған қатысушылар болады.
2. Серіктестік мүлкіндегі үлеске құқықты ол құрылғаннан кейін алған жағдайда, адам - құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген және оған қатысушылар құрамының өзгеруіне байланысты серіктестік қайта тіркелген кезден бастап, ал қатысушыларының тізілімі жүргізілетін серіктестіктерде тізілімге тиісті өзгерістер енгізілген кезден бастап серіктестікке қатысушы болады.»;
5) 40-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
«арасында серіктестіктің» деген сөздерден кейін «бір тоқсан, жарты жыл немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
«тиісті жылдағы», «кезекті жиналысының шешіміне сәйкес жүргізіледі» деген сөздер тиісінше «бір тоқсандағы, жарты жылдағы немесе бір жылдағы», «кезекті жалпы жиналысының шешіміне сәйкес жүргізілуі мүмкін» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 43-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «серіктестіктің жылдық қаржылық есептемесін бекіту және оның таза табысын» деген сөздер «қаржылық есептемені бекіту және таза табысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 58-баптың 5-тармағындағы «жылдық» деген сөз алып тасталсын;
8) 59-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «жылдық» деген сөз алып тасталсын.
19. «Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы» 1998 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 14, 200-құжат; № 22, 308-құжат; № 24, 443-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 142-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 13, 114-құжат; 2016 ж., № 8-I, 62-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат):
3-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісуге құқылы.».
20. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 16-құжаттар; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 22-VII, 161-құжат; 2018 ж., № 11, 37-құжат):
23-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) патенттен туындайтын құқықтарды қорғауға байланысты басқа да даулар сот тәртiбiмен қаралуға жатады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілген даулар, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, егер бұған «Төрелік туралы» және «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаса, тараптардың келісімі бойынша төрелік немесе медиация тәртібімен қаралуы мүмкін.»;