62-2-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты тең бағадағы жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру шарттары
1. Меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға тең бағадағы жер учаскесін беру келтiрiлген залалдар (болған кезде) өтеліп, иеліктен шығарылатын жер учаскесінің орналасқан жері, оның нысаналы мақсаты, алаңы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Бұл ретте тең бағадағы жер учаскесі жер учаскесін иеліктен шығару жүзеге асырылатын елді мекен шегінде берілуге тиіс. Елді мекен шегіндегі мұндай жер учаскесінің орналасқан жері осы Заңның 64-бабына сәйкес жіберілетін жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасында айқындалады.
2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты тұрғын үйді бұзған кезде өзге жылжымайтын мүлікті беру «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
3. Меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға тең бағадағы жер учаскесін беру Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабында (1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын қоспағанда) белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бұл ретте меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға тең бағадағы жер учаскесі берілген кезде жерге орналастыру жұмыстарына арналған шығыстар бюджет қаражатынан қаржыландырылады.
4. Орнына берілетін мемлекет меншігіндегі жер учаскесінің бағасын бағалаушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке бағалау жүргізгеннен кейін оның нарықтық құны бойынша айқындайды.
5. Егер иеліктен шығарылатын жер учаскесінің құны орнына берілетін жер учаскесінің құнынан жоғары болса, онда олардың құнының айырмасы меншік иесіне өтеледі.»;
8) 63-бапта:
1-тармақтағы «ерекше жағдайларда,», «Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген құзыретіне сәйкес» деген сөздер тиісінше «айрықша жағдайларда және тәртіппен», «Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ «үш жұмыс күні ішінде» деген сөздерден кейін «, атқарушы органдардың интернет-ресурстарын қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың екінші бөлігіндегі «алты айдан» деген сөздер «бір жылдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 64 және 65-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«64-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабардар ету тәртібі
1. Атқарушы орган немесе жоғары тұрған органның тапсырмасы бойынша төмен тұрған атқарушы орган осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны (бұдан әрі - жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама) пошта жөнелтілімінің табыс етілгені туралы хабарламаны міндетті түрде алатындай етіп, пошта арқылы жібереді. Табыс етілгені туралы хабарлама болмаған жағдайда, осы тармақта көрсетілген құжаттар қайта жіберіледі.
2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламада мыналар көрсетіледі:
1) осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулының қабылданғаны туралы (қаулының көшірмесін қоса бере отырып) ақпарат;
2) меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы туралы мәліметтер;
3) иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің орналасқан жері, алаңы, кадастрлық нөмірі;
4) нарықтық құны бойынша өтеу мөлшерін айқындау тәртібі туралы ақпарат;
5) тең бағамен өтеу тәсілдерінің бірін таңдау мүмкіндігі туралы ақпарат;
6) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шартқа қол қою тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ шарт жасасудан бас тартылған кезде мәжбүрлеп иеліктен шығару мәселесін сот тәртібімен шешу туралы түсіндірме;
7) иеліктен шығарылатын жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке арналған құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін оларға бағалау жүргізуді ұйымдастыру үшін беру мерзімдері.
Қажет болған кезде көрсетілген хабарламада жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты өзге де мәліметтер қамтылуы мүмкін.
3. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы осы Заңның 69-бабының 1-тармағына сәйкес келісім рәсімдеріне бастамашылық жасай алады.
4. Меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға осы баптың 2-тармағында көрсетілген хабарламамен танысу үшін, сондай-ақ жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке арналған құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін беру үшін хабарлама алынған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күн беріледі.
5. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама заңдық талап ретінде «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады.
65-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару
1. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулыда белгіленген мерзімдер өткеннен кейін меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімімен, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, не сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
2. Концессиялық жобаларды іске асыру мақсатында жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жергілікті атқарушы органдар концессия шартында көзделген шарттарда және мерзімдерде, бірақ концессия объектісін немесе концессия объектісінің аяқталмаған құрылысын мемлекеттік меншікке беруден кешіктірмей, концедент сатып алған жер учаскелерін оларға беру шартымен концессионердің қаражаты есебінен жүзеге асыруы мүмкін.
3. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт немесе соттың шешімі жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға негіз болып табылады.
Осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген, сотта дау айтылмаған немесе осы Заңның 63-бабының 4-тармағына сәйкес күші жойылмаған қаулы, сондай-ақ осы баптың 7, 8, 9 және 11-тармақтарында белгіленген тәртіпті бұзу жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүргізуге негіз бола алмайды.
4. Жер учаскесіне және өзге де жылжымайтын мүлікке жеке меншік құқығын және жер пайдалану құқығын тоқтату, сондай-ақ мемлекеттің құқығы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт немесе соттың шешімі және осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдаған органның өтініші негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органда мемлекеттік тіркелуге жатады.
5. Жергілікті атқарушы орган иеліктен шығарылатын жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке арналған құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін алған күннен бастап бір ай ішінде оларға бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді.
Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы иеліктен шығарылатын жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке арналған құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін бермеген жағдайда, жергілікті атқарушы орган оларды уәкілетті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан сұратуға құқылы.
6. Жергілікті атқарушы орган мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын мүліктің құнын бағалау нәтижелері бойынша он жұмыс күні ішінде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасын дайындайды және оны меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға пошта жөнелтілімінің табыс етілгені туралы хабарламаны міндетті түрде алатындай етіп, пошта арқылы жібереді. Табыс етілгені туралы хабарлама болмаған жағдайда, осы тармақта көрсетілген құжаттар қайта жіберіледі.
7. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шартта мыналар көрсетіледі:
1) шарт тараптары, оның ішінде иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін тұлғалардың тізбесі;
2) иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары және олардың құрамы, оның ішінде құрылысы аяқталмаған құрылысжайлар;
3) жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке тоқтатылатын құқықтар;
4) иеліктен шығарылатын жер учаскесінің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 87-бабында және осы Заңның 67-бабында белгіленген тәртіппен айқындалатын бағасы;
5) мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты залалдар келтірілген жағдайда өтелуге жататын залалдардың, оның ішінде жылжымайтын мүлік құнының мөлшері;
6) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің бағасын (құнын) төлеу мерзімі және тәртібі;
7) иеліктен шығарылатын жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті беру мерзімі;
8) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға арналған мемлекет шығыстарын қаржыландыру тәртібі.
8. Иеліктен шығарылатынның орнына тең бағадағы жер учаскесі берілген жағдайда, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шартта осы баптың 7-тармағында қамтылған талаптардан басқа мыналар көрсетіледі:
1) меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға иеліктен шығарылатынның орнына берілетін жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары;
2) иеліктен шығарылатынның орнына берілетін жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құны;
3) иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің бағасы иеліктен шығарылатынның орнына берілетін жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің бағасынан (құнынан) жоғары болған жағдайда, құнының айырмасы және осы айырманы төлеу тәртібі;
4) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт негізінде туындайтын, иеліктен шығарылатынның орнына берілетін жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке құқықтар.
9. Жер пайдаланудағы жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жағдайда, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шартта, осы баптың 7-тармағының 4) және 6) тармақшаларын қоспағанда, осы баптың 7 және 8-тармақтарында жазылған мәліметтер көрсетіледі.
10. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасын алған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде жергілікті атқарушы органға тиісті өтініш беру арқылы шарт жобасымен келісетінін (келіспейтінін) жазбаша түрде білдіреді.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасына ұсыныстар болған жағдайда, меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы осы Заңның 69-бабының 1-1 және 2-тармақтарына сәйкес келісім рәсімдеріне бастамашылық жасауы мүмкін.
11. Жергілікті атқарушы орган тиісті жергілікті өкілді органға жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасын меншік иесінен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыдан шарт жобасымен келісетіні туралы жазбаша өтініш алған кезден бастап бір ай ішінде ұсынады.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасын жергілікті өкілді органның тұрақты комиссиясы ол енгізілген кезден бастап екі апта мерзімнен кешіктірмей, меншік иесін және иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін тұлғаларды міндетті түрде шақыра отырып қарайды.
Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын мүліктің меншік иесімен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушымен және мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін басқа да тұлғалармен келісімге қол жеткізілген кезде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шартты атқарушы орган жергілікті өкілді органмен келісу бойынша бекітеді және оған меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы қол қояды.
12. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулымен келіспеген кезде және (немесе) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жасасудан бас тартқан кезде жергілікті атқарушы орган меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны алған кезден бастап үш ай өткеннен кейін, бірақ осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулыда айқындалған мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру мерзімінен (күнінен) кешіктірмей сотқа жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап қоюмен жүгінуге құқылы.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап қоюлар бойынша азаматтық істер істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір ай мерзімде қаралады және шешіледі.
13. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап қоюдан бас тартылған жағдайда, талап қоюды беру және осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдау салдарынан меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға келтірілген залалдар бюджет қаражатынан өтелуге жатады.
14. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті нақты беру мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы осы Заңда белгіленген тәртіппен жүргізілген тең бағамен өтеуді алғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Осы мүлікке меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы құқықтарының тоқтатылуын және мемлекет құқықтарының туындауын мемлекеттік тіркеу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға өтемнің төленгенін растайтын құжат ұсынылған жағдайда жүзеге асырылады.»;
10) 66-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімінің басталуы туралы хабарлама алған кезден бастап мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын мүліктің құны және өтеуге жататын залалдар мөлшері туралы келісімге қол жеткізілгенге дейін» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны алған кезден бастап жер учаскесін иеліктен шығару туралы шарт жасасқанға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 67-бапта:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Меншік иесі мемлекеттен сатып алған, мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің құны (залалдарды есепке алмағанда) нарықтық құн мөлшерінде айқындалады.
Мемлекет бөліп төлеумен сатқан жер учаскесі үшін (залалдарды есепке алмағанда) сома толық төленбеген кезде және оны мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарған жағдайда алып қойған кезде иеліктен шығарылатын жер учаскесінің құны мемлекетке төленбеген сома шегеріле отырып, нарықтық құн мөлшерінде айқындалады.
2. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің, сондай-ақ жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің құны жер учаскесіне құқықтардың туындау негіздеріне қарамастан, олардың нарықтық құны мөлшерінде айқындалады.
3. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын бағалаушы осы Заңның 208-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, бағалау жүргізу күніне айқындайды.»;
6-тармақ алып тасталсын;
12) 68-бапта:
3-тармақтағы «алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу шарты» деген сөздер «иеліктен шығару туралы шарт» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу» деген сөздер «иеліктен шығару» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 69-бапта:
1-тармақта:
бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жергілікті атқарушы органға тиісті өтініш беру арқылы келісім рәсімдеріне бастамашылық жасауға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жергілікті атқарушы орган күнтізбелік он күн ішінде меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаға өтінішін қарауға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасын алған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде жергілікті атқарушы органға тиісті өтініш беру арқылы осы шарт жобасына ұсыныстар енгізе алады.»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жергілікті атқарушы орган меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасына иеліктен шығарылатын мүлік құрамы, иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін тұлғалар және өтелуге жататын залалдар мөлшері, өтем мазмұны жөніндегі ұсыныстарын бір ай ішінде қарауға міндетті. Қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы орган иеліктен шығарылатын мүлік құнына қосымша бағалау жүргізуді ұйымдастыруы мүмкін.
3. Жергілікті атқарушы орган мен меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы, сондай-ақ мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін басқа да тұлғалар арасында келісімге қол жеткізілген кезде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасы жергілікті өкілді органға келісуге жіберіледі.»;
14) 134-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) заңнамалық актілердің жобаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптаманы қамтамасыз ету, заңнаманың тиімділігін талдауды (нормативтік құқықтық актілерді талдауды), Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытудың ғылыми тұжырымдарын әзірлеуді, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу кезінде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз ету;
7-2) заңнамалық актілерді ағылшын тіліне аударуды және оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету;»;
15) 203-баптың 4-тармағындағы «, сондай-ақ қайта бағалау жүргізу және оның дәйектілігі туралы» деген сөздер алып тасталсын;
16) 205-баптың 2-тармағындағы «төленген күнгі құнына қайта бағалау жүргізіледі» деген сөздер «төлеу күнгі құнына бағалау жүргізілуге тиіс» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 206-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы «төленген күнгі құнға қайта бағалау жүргізілуі мүмкін» деген сөздер «төлеу күнгі құнына бағалау жүргізілуге тиіс» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 208-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының атқарушы органға жіберілетін талабы бойынша мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын мүліктің өтем төлеу күнгі құнына бағалау жүргізілуге тиіс.».
33-тармақ 2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
33. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат):
21-баптың 4-тармағының 3) тармақшасындағы «әділет органдарына», «сот санкция берген» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік», «прокурор санкциялаған» деген сөздермен ауыстырылсын.
34. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар):
57-бапта:
34-тармақтың үшінші абзацы 2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақтың 3) тармақшасындағы «сот санкция берген» деген сөздер «прокурор санкциялаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «Жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы анықтамалар салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда» деген сөздер «Салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда жеке зейнетақы шотының бар-жоғы туралы, ондағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтамалар» деген сөздермен ауыстырылсын.
35. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 19, 62-құжат):
9-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларының, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер жобаларының тұжырымдамаларына міндетті сараптаманы жүзеге асырады;».
36. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар):