1) 1-қосымшаның 82 және 83-жолдары алып тасталсын;
2) 2-қосымшаның 362 және 363-жолдары алып тасталсын.
37. «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-І, 120-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат):
5-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;».
38. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53, 55-құжаттар; № 19, 62-құжат):
1) 1-баптың 35) тармақшасы алып тасталсын;
2) 18-бапта:
1-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері өкілдерінің қатысуы міндетті.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті органдар нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытудың ғылыми тұжырымдамаларын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті ұйым жүргізген іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдалануға құқылы.»;
3) 19-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген сараптама қорытындысын алу жөніндегі талап орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қолданылмайды.»;
4) 20-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актінің жобасын «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құрылатын қоғамдық кеңестерге жібереді.»;
5) 31-баптың 1-тармағының бірінші сөйлеміндегі «ғылыми мекемелер мен» деген сөздер «ғылыми мекемелер, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым және тиісті бейіндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 33-бапта:
1-тармақ «бойынша» деген сөзден кейін «қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалылығы бөлігінде» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ғылыми лингвистикалық сараптаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым жүргізеді.»;
7) 34-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар тиісті кодекстерде белгіленген ерекше тәртіптермен енгізілуі және қабылдануы мүмкін;»;
8) 50-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік органдар құқықтық мониторинг жүргізген кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым жүргізген заңнаманың тиімділігіне талдау (нормативтік құқықтық актілерге талдау) нәтижелерін пайдалануы мүмкін.»;
9) 53-баптың 2-тармағындағы «мемлекеттік кәсіпорын» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын.
39. «Төрелік туралы» 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-II, 54-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
1) 2-баптың 10) тармақшасындағы «шарттар» деген сөз «қатынастар» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 2) тармақшасындағы «ғана» деген сөз алып тасталсын;
3) 8-бапта:
4-тармақ «шарт бойынша» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ коммерциялық ұйым мен дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға арасындағы қарыз шарты бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың екінші бөлігінің екінші сөйлеміндегі «келісу» деген сөз «кері қайтарып алынбайтын келісім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Заңның 8-бабының 10-тармағында көзделген жағдайда төрелік келісім тиісті сала уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның келісімін қамтуға тиіс.
Төрелік келісімнің басқа шарттары тараптардың келісімімен айқындалуы мүмкін.»;
5) 10-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талап қоюдың берілгеніне қарамастан, сот төрелік талқылау нысанасы оның соттылығына жататыны туралы мәселені қарағанша, төрелік талқылау басталуы немесе жалғастырылуы және төрелік шешім шығарылуы мүмкін.»;
6) 12-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы «және тұрақты жұмыс істейтін төреліктерде істер сақталуының» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) Қазақстан Республикасының төрелік туралы заңнамасының жекелеген мәселелері және оны қолдану практикасы жөнінде ұсынымдық сипатқа ие сараптама қорытындыларын ұсыну;»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұрақты жұмыс істейтін атқарушы басқару органы - төраға басқаратын басқарма;»;
3) тармақша алып тасталсын;
7) 13-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «не қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айып тағылған адам» деген сөздер алып тасталсын;
8) 14-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі «арқылы» деген сөзден кейін «не тұрақты жұмыс істейтін төреліктің регламентінде белгіленген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац «Тараптардың келiсiмi болмаған жағдайда» деген сөздерден кейін «және регламентте өзгеше белгіленбесе» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) егер регламентте немесе тараптардың келісімінде өзгеше мерзім белгіленбесе, тараптар күнтiзбелiк отыз күн iшiнде дауды жеке-дара қарайтын төрешiнi таңдау туралы уағдаласпаған жағдайларда, дау тараптарының бiрiнiң өтiнiшi бойынша күнтiзбелiк отыз күн iшiнде төрешiлердi (төрешiнi) Төрелік палатаның немесе тұрақты жұмыс істейтін төреліктің тізіліміндегі адамдардың арасынан тағайындауы мүмкін.»;
9) 15-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төрешілер тізілімі - тұрақты жұмыс істейтін төреліктердің төрешілері, сондай-ақ Төрелік палатаның мүшелері болып табылатын төрешілер туралы мәліметтерді қамтитын дерекқор.»;
10) 16-баптың 2-тармағының екінші сөйлемі алып тасталсын;
11) 20-баптың 4-тармағының бірінші сөйлеміндегі «Төрелiк» деген сөз «Егер регламентте немесе тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, төрелік» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 21-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Тұрақты жұмыс iстейтiн төреліктiң регламентiнде, сондай-ақ осы Заңның ережелерiнде айқындалмаған және тараптармен келiсiлмеген төрелік талқылау қағидаларын төрелік айқындайды.»;
13) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Төрелік талқылаудың орны
Тараптар төрелік талқылаудың орнын өз қалауы бойынша айқындай алады. Мұндай уағдаластық болмаған кезде төрелік талқылаудың орнын тараптар үшiн қолайлылық факторын қоса алғанда, iстiң мән-жайларын ескере отырып төрелік құрамы айқындайды.»;
14) 23-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Төрелік талқылау барысында тарап өзiнiң талап қою талаптарын өзгертуге немесе толықтыруға құқылы.»;
15) 24-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төрелік талқылау барысында тарап талап қоюға қарсы өзiнiң қарсылықтарын өзгертуге және (немесе) толықтыруға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Жауапкердің пікір ұсынбауы дауды қарауға кедергі бола алмайды.»;
16) 25-бап алып тасталсын;
17) 26-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер тараптардың келiсімінде немесе регламентте өзгеше көзделмесе, төрелiк талап қою арызын қабылдап, күнтізбелік он күн ішінде төрелік регламентiне немесе тараптар келiскен қағидаларға сәйкес төрелік талқылауды қозғау туралы ұйғарым шығарады, тараптарға оның қаралатын орны туралы хабарлайды, жауапкерге талап қою арызына жазбаша пiкiр берудi ұсынады.»;
3-тармақтағы «төрешi» деген сөз «төрелік» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Егер тараптардың келiсімінде өзгеше көзделмесе, төрелiк дәлелдемелер ұсыну үшін немесе ауызша жарыссөздер үшін істі ауызша тыңдауды өткізу-өткізбеу не талқылауды құжаттар мен басқа да материалдар негізінде ғана жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды. Егер тараптар ауызша тыңдауды өткізуге уағдаласпаса, төрелiк мұндай тыңдауды тараптардың кез келгенінің өтінуі бойынша талқылаудың тиiстi сатысында өткізуге тиіс.»;
18) 30-баптың 1) тармақшасындағы «адресаттың», «оның жеке өзіне жеткізілсе» деген сөздер тиісінше «адресатқа», «жеткізілсе» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 41-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктегі «мөлшерін», «төрелiктiң құрамы айқындайды» деген сөздер тиісінше «мөлшері», «айқындалады» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «белгіленген», «кезде төрелiк» деген сөздер тиісінше «тіркелген», «кезде төрелiк құрамы» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 44-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғалары арасындағы дау қаралған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.»;
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздер «осы жағдайда қолдануға болады деп өзі есептеген коллизиялық нормаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «осы мәмілеге», «әдет-ғұрыптарына» деген сөздер тиісінше «осы қатынастарға», «дағдыларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Даулы қатынастар заңнамада немесе тараптардың келісімінде тікелей реттелмеген және оларға қолданылатын дағдылар болмаған жағдайларда, мұндай қатынастарға, бұл олардың мәніне қайшы келмейтіндіктен, ұқсас құқықтық қатынастарды реттейтiн құқық нормалары қолданылады, ал мұндай нормалар болмаған кезде дау азаматтық заңнаманың жалпы бастаулары мен мағынасы негiзге алына отырып шешіледi.»;
21) 45-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер регламентте өзгеше көзделмесе, шешім төрелік отырысында жарияланады.»;
22) 52-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) төрелік құрамы немесе талқылаудың төрелік рәсiмi тараптардың келiсiміне сәйкес келмегендігі, егер тек мұндай келісім тараптар бас тарта алмайтын осы Заңның кез келген ережесіне қайшы келмесе, немесе мұндай келісім болмаған кезде осы Заңға сәйкес келмегендігі;»;
5) тармақшадағы «төреліктің ұйғарымы болған;» деген сөздер «төреліктің ұйғарымы болғаны туралы дәлелдемелерді ұсынуға тиіс.» деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатты, атқару парағын беруден бас тартуды қараған кезде сот төреліктің шешімін мәні бойынша қайта қарауға құқылы емес.»;
23) 53-баптың 2-тармағында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
24) 57-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:
екінші абзацтағы «Қазақстан Республикасының заңдары» деген сөздер «шешім шығарылған елдің заңы» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзац алып тасталсын;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«төрелік құрамы немесе төреліктің талқылау рәсімі тараптардың келісіміне сәйкес келмегеніне немесе мұндай болмаған кезде төрелік талқылау өткізілген елдің заңдарына сәйкес келмегеніне;».
40. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат):
1) 27-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі «зейнетақыларды» деген сөзден кейін «, сондай-ақ алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны)» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың үшінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.» деген сөздер «ақшаға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) төлем талаптары негізінде банктік қарыздар бойынша клиенттердің алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шоттарындағы ақшасына өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.»;
2) 29-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы «зейнетақыларды» деген сөзден кейін «, сондай-ақ алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны)» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақ «зейнетақыларды» деген сөзден кейін «, сондай-ақ алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны)» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 32-баптың 6-тармағында:
40-тармақтың 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2019 ж. 24 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте жеке тұлғаның ағымдағы шотында сақталатын ақша сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен аз болмауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көрсетілген шектеу жеке тұлғаның жинақ шотындағы ақшасына қолданылмайды.»;
4) 46-баптың 7-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабы алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шотқа қойылған жағдайларда;»;
40-тармақтың 5) тармақшасы 2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
5) 54-баптың 1-тармағындағы «жеке тұлғаның, заңды тұлғаның банктік шоттарының, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның ағымдағы шоттарының бар екендігі және нөмірлері туралы ақпаратты талап етіп алдыру және борышкердің банктегі ақшасына тыйым салу туралы сот санкция берген» деген сөздер «банктік шоттардың нөмірлері және оларда ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты, банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы мүліктің сипаты мен құны туралы мәліметтерді талап ету және оларға тыйым салу туралы прокурор санкциялаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
40-тармақтың 6) тармақшасы 2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
6) 58-баптың 5-тармағындағы «жеке тұлғаның және заңды тұлғаның банктік шоттарының, сондай-ақ заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның ағымдағы шоттарының бар екендігі және нөмірлері жөніндегі ақпаратты талап етіп алдыру туралы сот орындаушысының қаулыларын бұзғаны не орындамағаны үшін төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушылар» деген сөздер «сот орындаушысының банктік шоттардың нөмірлері және оларда ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты, банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы мүліктің сипаты мен құны туралы мәліметтерді талап ету және оларға тыйым салу туралы қаулыларын бұзғаны не орындамағаны үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын.
41-тармақ 2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
41. «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 9, 20-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат):
11-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «әділет органдарына», «сот санкциялаған» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік», «прокурор санкциялаған» деген сөздермен ауыстырылсын.
42-тармақ 2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
42. «Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 13, 46-құжат; № 21, 102-құжат):
14-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) заңда белгіленген жағдайларда сот орындаушыларының қаулыларын санкциялайды;».
2-бап.
1. Осы Заңның 1-бабы 15-тармағы 1) тармақшасының нормасы бұрын жасалған шарттардан ол қолданысқа енгізілген күннен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес және жылжымайтын мүлік кепілімен қамтамасыз етілген ипотекалық қарыз шарты бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу жөніндегі міндеттемені орындаудың мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткеннен кейін есепке жазылған және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін төленген сыйақы қайта есептеуге жатпайды.
2. Осы Заңның 1-бабы 15-тармағы 3) тармақшасының нормасы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жасалған банктік қарыз шарттарынан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
3-бап. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасын, 10-тармағының 7) тармақшасын, 15-тармағының 4) және 5) тармақшаларын, 24, 25 және 30-тармақтарын, 31-тармағының 2) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 4) тармақшасын, 6) тармақшасының үшінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарын, 33-тармағын, 34-тармағының үшінші абзацын, 40-тармағының 5) және 6) тармақшаларын, 41 және 42-тармақтарын;
2) 2018 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 12-тармағын;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап сегіз ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 15-тармағы 2) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын және 40-тармағы 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2019 жылғы қаңтардың 21-і.
№ 217-VІ