«Сот мүлікті тәркілеу түріндегі жазаны тағайындаған кезде үкімде қай мүліктің тәркіленуге жататынын көрсетеді және (немесе) тәркіленуге жататын нысаналарды санамалайды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот тәркіленуге жататын ақша сомасын көрсетеді.»;
9) 476-баптың 21) тармағындағы «туралы мәселелерді қарау жатады.» деген сөздер «туралы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22) тармақпен толықтырылсын:
«22) мүлікті тыйым салудан босату туралы мәселелерді қарау жатады.»;
10) 478-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Сот осы Кодекстің 476-бабының 22) тармағында көрсетілген мәселені сот үкімімен тәркіленген мүлікті қабылдаған уәкілетті мемлекеттік органның және өзге де мүдделі тұлғалардың өтінішхаты бойынша қарайды.».
7. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 56-құжат):
1) 67-баптың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сотқа дейінгі іс жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 65-бабының бірінші бөлігі, 68-бабының бірінші және үшінші бөліктері, 78-бабының екінші және төртінші бөліктері негізінде тоқтатылған жағдайда, сотталған адамның қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде қайталап қылмыс жасауы;»;
2) 79-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот орындаушысы өзіне атқарушылық құжат келіп түскеннен кейін үш тәуліктен кешіктірмей атқарушылық іс жүргізуді қозғайды, бұл жөнінде қаулы шығарады, атқарушылық құжатта көрсетiлген мүлiктiң бар-жоғын тексередi және тәркіленуге жататын мүліктің тізімдемесін жасайды.»;
3) 80-баптың бірінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сотталған адамның тәркiленген мүлкiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған қойылатын барлық талаптар қанағаттандырылғаннан кейiн, оның ішінде тәркіленген мүлік есебінен жүргiзiледi.».
8. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат):
1) 52-баптың екінші бөлігіндегі «құқық бұзған адамды осы Кодекстің 64-бабында» деген сөздер «құқық бұзушылық жасаған адамды осы Кодекстің 64, 64-1-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 158-баптың екінші абзацындағы «онымен» деген сөз «оларға» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 275-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «бір жүз елу» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «екі жүз» деген сөздер «үш жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 278-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «он бес», «отыз», «елу» деген сөздер тиісінше «жиырма», «елу», «сексен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 280-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - шот-фактураға енгiзiлген қосылған құн салығы сомасының - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
6) 321-баптың екінші абзацындағы «әкеп соғады» деген сөздер «алып келеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 506-баптың бірінші абзацы «объектiге» деген сөзден кейін «, сондай-ақ жеке күзет ұйымы күзететін қауіпті өндірістік объектіге» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 742-баптағы «Қылмыстық заңнамада» деген сөздер «Осы Кодекстің 64-1-бабында көзделген жағдайда, сондай-ақ қылмыстық заңнамада» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 810-баптың бірінші бөлігіндегі «жеке тұлға» деген сөздер «адам» деген сөзбен ауыстырылсын.
9. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат):
65-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сараптама қорытындысын алу жөніндегі талап орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қолданылмайды.».
10. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат):
1) 109-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы «жауапсыз қалдыруы» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ заңда белгіленген дауды реттеудің соттан тыс тәртібін бұзуы» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 115-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы «байланысты» деген сөзден кейін «, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу сатысында» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктің екінші сөйлеміндегі «іс жүргізуге байланысты жұмсаған сот шығындарын жауапкерге» деген сөздер «жауапкерге іс жүргізуге байланысты, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу сатысында оның жұмсаған сот шығындарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 134-баптың бірінші бөлігіндегі «өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша борышкерден жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызы бойынша судья» деген сөздер «судья борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті талап ету туралы өндіріп алушының арызы бойынша, сондай-ақ заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған келісімдерді орындау туралы өндіріп алушының арызы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 135-бапта:
1), 2), 3), 5), 6), 8), 9), 10), 11) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке тұлғалардан кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекті, өсімпұлдарды, пайыздарды өндіріп алу туралы;
2) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымдарын аудару туралы;
3) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;»;
«5) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен нотариус куәландырған дауды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;
6) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тараптардың тапсырма шарты бойынша адвокаттың немесе партисипативтік рәсім тәртібімен адвокаттар мен тараптардың қатысуымен жасалған дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;»;
«8) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған кәсіпкерлік, инвестициялық қызметке байланысты даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;
9) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған сақтандыру даулары және банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;
10) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;
11) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;»;
«17) жалдау төлемдерінің жалдау шартында белгіленген, мемлекеттік орган мәлімдеген мерзімдерде төленбеуіне байланысты оларды өндіріп алу туралы;»;
18) тармақшадағы «туралы талаптар бойынша шығарылады.» деген сөздер «туралы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19), 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
«19) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған неке-отбасылық қатынастар саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;
20) бұқаралық ақпарат құралында азаматтың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе iскерлiк беделiне және заңды тұлғаның іскерлік беделіне кір келтіретін мәліметтерді теріске шығаруды не жауапты жариялау туралы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;
21) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда дауларды сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған өзге де келісімдерді орындау туралы талаптар бойынша шығарылады.»;
5) 145-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «талап қою арыздары бойынша;» деген сөздер «талап қою арыздары бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшалар алып тасталсын;
6) 152-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «реттеудің» деген сөз «немесе соттан тыс реттеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 7) тармақшасы 2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
7) 252-бапта:
бірінші бөліктің бірінші сөйлемі «соттың» деген сөзден кейін «не прокурордың» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің бірінші сөйлемі «Соттың», «сотқа» деген сөздерден кейін тиісінше «не прокурордың», «не прокурорға» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сот орындаушысының қаулысын сот не прокурор материалдар санкциялауға келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.»;
төртінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «атқарушылық әрекеттерді жасауға санкция береді немесе» деген сөздер «немесе прокурор атқарушылық әрекеттерді жасауға санкция береді не» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Санкция беру сот орындаушысының қаулысына судьяның не прокурордың қолтаңбасымен расталатын «Санкциялаймын» деген сот, прокурор мөртабанын басу арқылы жүзеге асырылады. Санкция беруден бас тартқан жағдайда, атқарушылық әрекеттерді жүргізуге санкция беруден бас тарту туралы - судья ұйғарым, ал прокурор қаулы шығарады.
Сот орындаушысының электрондық құжат нысанында ұсынылған қаулысына санкция беруді сот немесе прокурор судьяның не прокурордың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы жүзеге асырады. Санкция беруден бас тартқан жағдайда, электрондық құжат нысанында судья - санкция беруден бас тарту туралы уәжді ұйғарым, ал прокурор қаулы шығарады.»;
бесінші бөлікте:
бірінші абзац «сот» деген сөзден кейін «не прокурор» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Прокурордың қаулысына заңда белгіленген тәртіппен жоғары тұрған прокурорға не сотқа шағым жасалуы мүмкін.»;
8) 255-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
екінші абзацтағы «Қазақстан Республикасының заңдары бойынша» деген сөздер «шешім шығарылған елдің заңы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзац алып тасталсын;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«төрелік құрамы немесе талқылаудың төрелік рәсімі тараптардың келісіміне сәйкес келмегенінің немесе мұндай болмаған кезде төрелік талқылау өткізілген елдің заңдарына сәйкес келмегенінің;»;
9) 465-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Сот тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша төрелік талқылауды қайта бастау не төрелік шешімнің күшін жою үшін негiздердi жоюға мүмкiндiк беретін өзге де шараларды қолдану үшін төрелік шешiмнiң күшiн жою туралы өтiнiшхат бойынша iс жүргiзудi белгiленген мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
Егер төрешілер жаңа шешім шығарса, тарап сот белгілеген мерзім ішінде талап қою арызын ұсынбай, қайта басталған төрелік талқылауға немесе бастапқы шешімдегі өзгерістерге қатысты бөлігінде шешімнің күшін жою туралы өтінішхат беруге құқылы.».
11. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат):
1) 24-баптың бірінші бөлігі 15) тармақшасының бірінші абзацындағы «алуға арналған банктік шоттарды,» деген сөздер «, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алуға арналған банктік шоттарды, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 117-баптың 2-тармағында:
2) тармақша «салықты және» деген сөздердің алдынан «егер осы тармақтың 2-1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, есепті салықтық кезең үшін төмендегі салық түрлері бойынша қосымша декларацияны есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қыркүйегіне дейін ұсынған жағдайда туындаған, осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелетін корпоративтік табыс салығын және осы Кодекстің 366-бабына сәйкес айқындалған салық салынатын кірістен есептелетін жеке табыс салығын төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мерзімі өткен әрбір күнге белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 0,65 еселенген мөлшерінде;»;
3) 554-баптың 4-тармағының 1.42 және 1.43-жолдары алып тасталсын;
4) 611-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті нотариаттық куәландыру көзделген келісулерді куәландырғаны үшін - 0,5 АЕК;».
12-тармақ 2018 ж. 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
12. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат; № 9, 21-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат):
61-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасының халықаралық шарты, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарт негізінде және соларға сәйкес Қазақстанның Ұлттық Банкі басқа мемлекеттердің орталық банктерімен, бақылау және қадағалау органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасайды және құпиялылықты сақтай отырып, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банктік құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажет ақпаратпен алмасуға құқылы.
Осы тармақта өзге де ұйымдар деп банктік сектор қызметін, бағалы қағаздар нарығын және сақтандыру нарығын реттеудің бірыңғай стандарттарын әзірлеу мақсатында құрылған басқа мемлекеттердің орталық банктерінің, бақылау және қадағалау органдарының бірлестіктері түсініледі.».
13. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат):
11-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның күші, жаңа құрылтайшылары (қатысушылары) және (немесе) үлесті иеліктен шығаратын адамдары атқарушылық құжат бойынша борышкер болып табылатын шаруашылық серіктестіктеріндегі құрылтайшылар (қатысушылар) құрамының өзгеруі негіздерін қоспағанда, заңды тұлғаларды қайта тіркеу жағдайларына қолданылмайды;».
14. «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 14, 84-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
6-баптың 4-тармағындағы «тәуелсiз сарапшы» деген сөздер «бағалаушы» деген сөзбен ауыстырылсын.
15. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат):
15-тармақтың 1) тармақшасының нормасы бұрын жасалған шарттардан ол қолданысқа енгізілген күннен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес және жылжымайтын мүлік кепілімен қамтамасыз етілген ипотекалық қарыз шарты бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу жөніндегі міндеттемені орындаудың мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткеннен кейін есепке жазылған және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін төленген сыйақы қайта есептеуге жатпайды
1) 34-1-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: