ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
(2023.01.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
ҚР 2021 жылғы 23 ақпандағы № 11-VII Заңын қараңыз (Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Халықаралық шарттардың түрлері
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ЖАСАСУ
2-1-бап. Халықаралық шарттар жасасуды жоспарлау
2-2-бап. Халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасы
3-бап. Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларын келісу және оларға сараптама
4-бап. Ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми сараптама
4-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар
5-бап. Халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы ұсыныстар
6-бап. Шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен қатынастар
7-бап. Халықаралық шарттардың тілі
8-бап. Халықаралық шарттарды дәйектеу, олардың мәтінін қабылдау және қол қою туралы, сондай-ақ осы актілердi жасасуға өкілеттiк беру туралы шешімдер
9-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актiлердi жасасуға өкілеттiктер
10-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актілерді өкілеттіктерсіз жасасу
11-бап. Ратификациялауға жататын халықаралық шарттар
12-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялағанға дейiн олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау
13-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныстар енгізу тәртібі
14-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заңдар
16-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қосылуы туралы ұсыныстар
17-бап. Халықаралық шарттарға қосылу туралы шешімдер
18-бап. Халықаралық шарттарды Қазақстан Республикасының уақытша қолдануы
19-бап. Көпжақты халықаралық шарттарға ескертпелер
3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ОРЫНДАУ
20-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету
20-1-бап. Қазақстан Республикасының ратификацияланған қолданыстағы халықаралық шарттарының Қазақстан Республикасының заңдарымен арақатынасы
21-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын оларға басқа қатысушылар бұзған жағдайда қолданылатын шаралар
22-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар
23-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшіне енуi
4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ЖАРИЯЛАУ, ТIРКЕУ, ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ САҚТАУ
24-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жариялау
25-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тiркеу, есепке алу және сақтау
26-бап. Депозитарий функцияларын жүзеге асыру
5-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ӨЗГЕРТУ, ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫН ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ТОҚТАТА ТҰРУ
27-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын өзгерту
28-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтату
29-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, орындалуын тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, орындалуын қайта бастау, күшін жою туралы ұсыныстар
30-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, орындалуын тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, орындалуын қайта бастау, күшін жою туралы шешімдер қабылдау
6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
31-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттың өзі үшін мiндетті екендігіне келiсімін бiлдiретiн немесе халықаралық шарттың қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату ниетiн білдiретін халықаралық актілердi жасау
31-1-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2021.13.03. № 18-VІІ ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және олардың қолданылуын тоқтату тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына, халықаралық шарттың өзінiң ережелерiне, Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жасалады, орындалады, өзгертiледi және тоқтатылады.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2010.15.07. № 335-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.30.01. № 168-V ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2022.14.02. № 107-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) дәйектеу – халықаралық шарт мәтінінің теңтүпнұсқалығын анықтау тәсілдерінің бірі ретінде қолданылатын, халықаралық шарт жобасының келісілген мәтінінде келіссөздерге қатысушы әрбір тараптың өкілетті өкілдерінің аты-жөндерін әр параққа қою;
2) депозитарий - халықаралық шарттың түпнұсқасы сақталуға тапсырылатын және осы халықаралық шартқа қатысты халықаралық құқық нормаларында көзделген функцияларды орындайтын мемлекет, халықаралық ұйым немесе оның басты атқарушы лауазымды адамы;
3) ескертпе - көпжақты халықаралық шартқа қол қою, оны ратификациялау, бекіту, қабылдау немесе оған қосылу кезінде мемлекет немесе халықаралық ұйым кез келген тұжырыммен және кез келген атаумен біржақты жасаған мәлімдеме, бұл мәлімдеме арқылы осы мемлекет немесе осы халықаралық ұйым халықаралық шарттың белгілі бір ережелерінің заңдық күшін олардың аталған мемлекетке немесе аталған халықаралық ұйымға қолданылуына қатысты жоюды немесе өзгертуді қалайды;
4) келіссөздерге қатысушы тарап - халықаралық шарт мәтінін жасауға немесе қабылдауға қатысқан мемлекет немесе халықаралық ұйым;
5) күшін жою - Қазақстан Республикасының өзі жасасқан халықаралық шарттан тиісінше ресімдеп бас тартуы және Қазақстан Республикасы халықаралық шартының қолданылуын тоқтату тәсілдерінің бірі;
5-1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу жоспары - Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының тізбесі;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарты - Қазақстан Республикасы шет мемлекетпен (шет мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен (халықаралық ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан және мұндай келісімнің бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше құжаттарда екендігіне қарамастан, сондай-ақ оның нақты атауына қарамастан халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісім;
7) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімі - халықаралық шарттардың түпнұсқалары мен депозитарий ресми куәландырған көшірмелерін, олардың деректемелерін және Сыртқы істер министрлігі айқындайтын олар туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудің, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі;
2022.14.02. № 107-VII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) қол қою - мәтіннің теңтүпнұсқалығын анықтау тәсілдерінің бірі ретінде халықаралық шартты жасасу сатысы немесе егер халықаралық шартта қол қоюдың осындай күші бар екендігі көзделген немесе Қазақстан Республикасы мен келіссөздерге қатысушы басқа да тараптардың қол қоюдың осындай күшке ие болуға тиіс екендігі туралы уағдаластығы өзге де жолмен белгіленген немесе Қазақстан Республикасының қол қоюға осындай күш беру ниеті оның өкілінің өкілеттігінен туындаған және (немесе) келіссөздер кезінде білдірілген жағдайда, халықаралық шарттың өзі үшін міндеттілігіне Қазақстан Республикасының келісім білдіру тәсілі;
9) мемлекетішілік рәсімдер - халықаралық шартты Қазақстан Республикасы Парламентінің ратификациялауы, Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуі немесе қабылдауы;
2022.14.02. № 107-VII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) өкілеттік - халықаралық шарттың мәтінін қабылдау немесе оның тең түпнұсқалығын белгілеу;
халықаралық шартқа қол қою;
Қазақстан Республикасының өзі үшін халықаралық шарттың міндеттілігіне келісімін білдіру;
шартқа қатысты өзге де акт жасау мақсатында Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының немесе құзыретті органының шешімдері негізінде жүзеге асырылатын және келіссөздерге қатысушы тарапқа не депозитарийге тапсырылатын немесе дипломатиялық арналар арқылы жіберілетін өкілеттілік сертификатымен тиісінше ресімделген бір адамның немесе бірнеше адамның Қазақстан Республикасы атынан өкілдік ету құқығы;
11) ратификациялау, бекіту, қабылдау және қосылу - жағдайға байланысты осындай атауы бар, тиісті нормативтік құқықтық акт негізінде жасалатын халықаралық акт, ол арқылы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттың өзі үшін міндеттілігіне халықаралық тұрғыдан өзінің келісімін білдіреді;
12) уағдаласушы тарап - халықаралық шарттың күшіне енгеніне немесе енбегеніне қарамастан халықаралық шарттың өздері үшін міндетті екендігіне келіскен мемлекет немесе халықаралық ұйым;
13) халықаралық ұйым - мемлекетаралық немесе үкіметаралық ұйым;
2022.14.02. № 107-VII ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) халықаралық шарт жасасу – реттілік тәртіппен жүзеге асырылатын, халықаралық шарттың мәтінін қабылдау, халықаралық шарт мәтінінің теңтүпнұсқалығын анықтау және Қазақстан Республикасының өзі үшін халықаралық шарттың міндетті екендігіне келісім білдіруі, не Қазақстан Республикасы халықаралық шартқа қосылатын жағдайда – Қазақстан Республикасының өзі үшін халықаралық шарттың міндетті екендігіне келісім білдіруі;
15) халықаралық шарттың тең түпнұсқа мәтіні - келіссөздерге қатысушы тараптар немесе уағдаласушы тараптар түпнұсқа (түпкілікті нұсқа) ретінде қарайтын халықаралық шарт мәтіні немесе егер ол шартта көзделсе немесе бұл жөнінде оған қатысушылар келіссе, әртүрлі тілдерде жасалған мәтіндердің арасында алшақтық болған жағдайда басымдыққа ие мәтін.
2010.15.07. № 335-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.30.01. № 168-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді
2-бап. Халықаралық шарттардың түрлері
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары:
1) Қазақстан Республикасының;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің;
3) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары) атынан Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өз құзыреті шегінде шет мемлекеттермен және (немесе) халықаралық ұйымдармен жасасылады.
2. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сай келмейтін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін немесе тәуелсіздігінен айырылуына әкеп соғатын халықаралық шарттарды жасасуға жол берілмейді.
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ЖАСАСУ
2014.30.01. № 168-V ҚР Заңымен 2-1-баппен толықтырылды
2-1-бап. Халықаралық шарттар жасасуды жоспарлау
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу жоспарлары бір жылға жасалатын ағымдағы және үш жылға жасалатын перспективалық болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобаларын халықаралық шарттарды жасасу тұжырымдамаларының негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі әзірлейді.
3. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдерімен мақұлданады.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы, өкілеттіктері және қызметінің тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережеде айқындалады.
4. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу жоспарлары Қазақстан Республикасының Президентімен келісіледі.
2014.30.01. № 168-V ҚР Заңымен 2-2-баппен толықтырылды
2-2-бап. Халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасы
1. Орталық мемлекеттік орган халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бекіткен нысан бойынша әзірлейді.
2. Орталық мемлекеттік орган халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне енгізеді, ол осы халықаралық шартты жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытынды береді.
2010.15.07. № 335-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.30.01. № 168-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді
3-бап. Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларын келісу және оларға сараптама
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу жоспарына енгізілген Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына өз құзыретiне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мүдделi орталық мемлекеттік органдарымен келісілгеннен кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңдық сараптама жасалуға тиiс.
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі заңдық сараптама жүргiзген кезде:
1) Қазақстан Республикасының қатысушы болу ниетi бар халықаралық шарттар ережелерінің, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестілігі туралы қорытынды бередi;
2) Қазақстан Республикасының өзi үшін халықаралық шарттардың міндетті екендігіне келісім бiлдiру тәсiлдерiн айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң сараптамасынан өткен Қазақстан Республикасының қатысушы болу ниеті бар халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде келісілуге тиiс.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне енгізілетін, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына:
1) Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларын келісуді растайтын қорытындылары;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі зандық сараптамасының нәтижелері;
3) ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптаманың нәтижелері қоса беріледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі:
1) 2014.30.01. № 168-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының қатысушы болу ниеті бар халықаралық шарттар ережелерінің, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзгe де міндеттемелеріне сәйкестігі туралы және оларды жасасуға, күшіне енуіне, орындауға, өзгертуге, олардың тоқтатыла тұруына және тоқтатылуына байланысты басқа да мәселелері бойынша қорытынды береді;
3) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттардың түрлерін айқындайды.
2010.15.07. № 335-ІV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.30.01. № 168-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді
4-бап. Ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми сараптама
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.
Міндетті ғылыми құқықтық және лингвистикалық сараптамалар ратификациялауға жататын:
Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша - оларды ратификациялау немесе оларға ратификациялау жолымен қосылу туралы шешім қабылданғанға дейін жүргізіледі;
халықаралық шарттардың жобалары бойынша - оларға қол қойылғанға дейін жүргізіледі.
Ғылыми (экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптамалардың өзге де түрлері Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттармен, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларымен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай жүргізіледі.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Ғылыми сараптаманы, халықаралық шарттың жобасын дайындауға қатысқан немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шартты жасасуға бастамашы болған адамдарды қоспағанда, қаралып отырған халықаралық шарттың немесе ратификациялауға жататын халықаралық шарт жобасының мазмұнына қарай ғылыми ұйымдар, ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын бір немесе бірнеше сарапшы (сараптама комиссиясы), оның ішінде шетелдіктер жүргізеді.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына міндетті ғылыми лингвистикалық сараптаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым жүргізеді.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Қаралып отырған халықаралық шарттың немесе ратификациялауға жататын халықаралық шарт жобасының ғылыми құқықтық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым жүргізеді.
3. Ғылыми сараптама:
1) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының сапасын, негізділігін, уақтылылығын және оған қатысудың заңдылығын бағалау;
2) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шартта немесе халықаралық шарттың жобасында адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
3) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттың, сондай-ақ халықаралық шарт жобасының ықтимал тиімділігін айқындау;
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) ратификациялауға жататын халықаралық шарттарды жасасуға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін айқындау;
4) халықаралық шарт жасасудың ықтимал теріс салдарын анықтау;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасының Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шартқа немесе халықаралық шарттың жобасына сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
4. Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу туралы шешім:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты Басшысының тапсырмасы негізінде;
2) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының бастамасы бойынша;
3) халықаралық шарт жасасу туралы ұсыныс берген орталық мемлекеттік органның бастамасы бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының келісілуін жүзеге асыратын басқа да орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша қабылдануы мүмкін.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 4-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптама кеңесі мүшелерінің сараптама қорытындысын алу міндетті.
2010.15.07. № 335-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.30.01. № 168-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді
5-бап. Халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы ұсыныстар
1. Қазақстан Республикасының Президентіне тiкелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне - Қазақстан Республикасының атынан халықаралық шарттарға қол қою, оларды бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей, қол қою туралы ұсыныстар;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне - Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан халықаралық шарттарға қол қою, оларды бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей, қол қою туралы, сондай-ақ халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныстар береді.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыретіндегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей - Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан, оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының атынан қол қою туралы ұсыныстар береді.
3. Қазақстан Республикасының Yкіметі осы баптың 2-тармағында көрсетiлген ұсыныстарды қарайды және Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының атынан халықаралық шарттарға қол қою, оларды бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей, қол қою туралы ұсыныстарды қаулылармен енгiзедi.
4. Халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы ұсыныстар оларды Қазақстан Республикасының Президентiне немесе Қазақстан Республикасының Үкiметіне бергенге дейін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен келiсіледi.