2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)ж 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 7-2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7-2) өтініштің, келісуші мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар қорытындысының, жер учаскесін таңдау актісінің, жер учаскесін бөліп беру схемасының және жер-кадастрлық жоспардың нысандарын әзірлеу және бекіту;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7-3) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысанын келісу;
8) жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын белгілеу;
9) жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру;
10) мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер балансының деректері негізінде Қазақстан Республикасының жер балансын жасау;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
11) өз құзыретіне кіретін жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою, жерді бір санаттан басқасына ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
12) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12-1) жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 12-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
12-3) мемлекеттік жер кадастрын және жерге мониторинг жүргізудің дұрыстығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
13) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
13-1) 2021.13.05. № 39-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды
13-2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою мәселелері жөніндегі ұсыныстарын келісу;
14) 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды
15-1) жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
15-2) осы Кодекстің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап арыз дайындау және беру;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 15-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
15-3) мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін анықтау және алып қою;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 15-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
15-4) егер құрылыс, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру;
16) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
16-1) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлеу және бекіту жатады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды; 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 16-2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
16-2) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысанын қоспағанда, жер учаскесіне меншік құқығына және жерді пайдалану құқығына сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 16-3) тармақшамен толықтырылды
16-3) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу тәртібін бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 16-4) тармақшамен толықтырылды
16-4) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 16-5) тармақшамен толықтырылды
16-5) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 16-6) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16-6) жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 16-7) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
16-7) жер учаскесін бөліп беру схемасын келісу бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың үлгілік тізбесін бекіту;
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды
17) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Орталық уәкілетті органның ведомствосы өз қызметін орталық уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.
4. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
14-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының құзыреті
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Облыстың уәкілетті органының құзыретіне:
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді
1) осы Кодекстің 44-2-бабында өзгеше көзделмесе, облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) үшін, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өнеркәсіптік-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды
2-2) облыстың жергілікті атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою жөніндегі ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
4) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
8) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (аукциондарын) жүргізуді ұйымдастыру;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
10) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
11) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
12) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 14) тармақша өзгертілді
14) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
14-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
14-2) - 14-6) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
15) 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16) жер-кадастрлық жоспарды бекіту жатады.
17) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкілетті органының, оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы құзыретіне:
1) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер балансын жасау;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі шешімдерінің жобаларын дайындау;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6-1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою жөніндегі шешімдерінің жобаларын дайындау;
7) 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8) 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
10) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) осы Кодекске және «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтеусіз берілген жер учаскелерінде мемлекеттік әлеуметтік объектілер (мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар, ауруханалар мен емханалар) салу кезеңіне уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу;
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
12) мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
13) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
14) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
17) жер сауда-саттығын (аукциондарын) жүргізуді ұйымдастыру;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
2007.21.07. № 297-III ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
19) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
20) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
21) - 25) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
26) 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
27) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының аудан шекарасы, қала шекарасы (шегі) шебіндегі және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтағы құзыретіне:
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) осы тармақтың 2-2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2-1) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-2) аудандық маңызы бар қала әкімінің аудандық маңызы бар қалалардың жерлерінде орналасқан жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі шешімдерінің жобаларын дайындау;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-3) облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының облыстық маңызы бар қалалардың жерлерінде орналасқан жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі шешімдерінің жобаларын дайындау;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
4) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
5) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
8) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) жер сауда-саттығын (аукциондарын) жүргізуді ұйымдастыру;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
11) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер балансын жасау;
12) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
13) 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
14) 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
16) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16-1) осы Кодекстің 33-бабы 1-тармағы алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу;
17) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
18-1) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды; 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
19) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
20) жер-кадастрлық жоспарды, оның ішінде облыстық маңызы бар қалалардың әкімшілік бағынысына берілген аумақта бекіту;
4. 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының құзыретi
1. Жергiлiктi өкiлдi органдардың тиiстi аумақтарда жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің қарамағына берiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын бекіту;
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту;
3) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
4) жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуының жай-күйi туралы есептерiн тыңдау;
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) ауданның (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органының немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есебін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті өзін-өзі басқару өкілдерінің қатысуымен тыңдау;
5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген құзыретi шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арасындағы шекараны белгiлеу туралы шешiмдер қабылдау;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) қала маңындағы аймақтардың шекараларын осы Кодекстің 110-бабына сәйкес бекіту;
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды; 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 5-2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5-2) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды
5-3) жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту;
6) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары жер қатынастарын реттеу саласында Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген өкiлеттiктер шегiнде тұрғын халықтың жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуге қатысуын қамтамасыз етедi.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
16-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне мыналар жатады:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) аудандық маңызы бар қалалар маңындағы аймақтардың шекараларын облыстың жергілікті өкілді органына бекітуге табыс ету;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) жер комиссиясының құрамын қалыптастыру, комиссия туралы ережені әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жіберу;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара ); 2009.13.02. № 135-IV Заңымен 2) тармақша редакцияда жазылды (бұр.ред.қара); 2009.04.07 № 166-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылысжайларын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай мен газды қайта өңдеу объектілерін салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін жер учаскелерін беру, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару;