Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар):
1) бүкіл мәтін бойынша «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)», «(республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар)», «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана)», «облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «(облыстық маңызы бар қалалардың)», «(облыстық маңызы бар қаланың)» деген сөздер тиісінше «, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың», «, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «, облыстық маңызы бар қалалардың», «, облыстық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы мазмұнмен толықтырылсын:
«Мазмұны
1-бөлiм. Негізгі ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының жер қоры
2-бап. Жердi санаттарға жатқызу, оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру
3-бап. Жерге меншiк
4-бап. Жер заңнамасының қағидаттары
5-бап. Жер заңнамасының мiндеттерi
6-бап. Жер заңнамасы
7-бап. Халықаралық шарттар
8-бап. Жердi аймақтарға бөлу
9-бап. Жер үшiн төленетiн төлемдер
10-бап. Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары және жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны
11-бап. Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi
12-бап. Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-тарау. Мемлекеттік органдардың жер қатынастары саласындағы құзыреті
13-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi
14-бап. Орталық уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының құзыреті
14-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының құзыреті
15-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының құзыретi
16-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті
17-бап. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi
18-бап. Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті
19-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң құзыретi
19-1-бап. Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің құзыреті
2-бөлiм. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар
3-тарау. Жерге меншік құқығы
20-бап. Жерге меншiк құқығының түрлерi
21-бап. Меншiк құқығының мазмұны
22-бап. Жер учаскесiне меншiк құқығының туындауы
23-бап. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелерiне меншiгi
24-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншiк құқығы
25-бап. Жеке меншiк құқығын iске асыру
26-бап. Жерге мемлекеттік меншiк
27-бап. Мемлекеттік меншiк құқығын iске асыру
4-тарау. Жер пайдалану құқығы
28-бап. Жер пайдалану құқығының режимі
29-бап. Жер пайдалану құқығының түрлерi
30-бап. Жер пайдалану құқығының субъектiлерi
31-бап. Жер пайдалану құқығының туындауы
32-бап. Жер пайдалану құқығын табыстау
33-бап. Жер пайдалану құқығын беру
34-бап. Тұрақты жер пайдалану құқығы
35-бап. Уақытша жер пайдалану құқығы
36-бап. Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы
37-бап. Уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығы
38-бап. Кейiнгi жер пайдалану (қосалқы жалдау) құқығы
39-бап. Мемлекеттік жер пайдаланушылардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi
40-бап. Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы
41-бап. Қызметтiк жер телiмi
5-тарау. Жер учаскесі - меншік құқығының, жер пайдалану құқығының және өзге де заттық құқықтардың объектісі ретінде
42-бап. Жер учаскесiне құқық шектерi
43-бап. Жер учаскесiне құқықты табыстау тәртібі
44-бап. Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру
45-бап. Құрылысқа байланысты емес жер учаскелерiн беру
46-бап. Оралмандарға жер учаскелерiн беру
47-бап. Мемлекеттік меншiктегi жер учаскелерiне құқықтар алу
48-бап. Мемлекеттік меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу
49-бап. Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезiнде оларға құқықтар алу
49-1-бап. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі
49-2-бап. Жерді резервте қалдыру
50-бап. Жер учаскелерiн беру нормалары
51-бап. Бөлiнетiн және бөлiнбейтiн жер учаскелерi
52-бап. Жер учаскесiне құқық және онда орналасқан үйге (құрылысқа, ғимаратқа) құқық
53-бап. Жер учаскесiне ортақ меншiк немесе ортақ жер пайдалану
54-бап. Ортақ меншiктегi немесе ортақ жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн пайдалану тәртібі
55-бап. Ортақ үлестiк меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер үлестерiмен жасалатын мәмiлелер
56-бап. Ортақ үлестiк меншiктегi немесе ортақ үлестiк жер пайдаланудағы жер үлесiн айқындау тәртібі
57-бап. Ортақ үлестiк меншiктегi (ортақ үлестiк жер пайдаланудағы) жер учаскесiн бөлісу және одан үлестi бөлiп шығару
58-бап. Ортақ бiрлескен меншiктегi (ортақ бiрлескен жер пайдаланудағы) жер учаскесiн бөлiсу
59-бап. Бөлiнбейтiн деп танылған жер учаскесiн бөлуге жол берiлмейтiндiгi
60-бап. Жер учаскесiне ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi
61-бап. Ортақ жер учаскесiндегi жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы
62-бап. Бiрнеше пәтерi және (немесе) кiсi тұрмайтын үй-жайлары бар үйдiң жанындағы және кондоминиумның басқа да объектiлерiндегi жер учаскесiне құқық
63-бап. Жеке меншiктегi жер учаскесiнен және жер пайдалану құқығынан өндіріп алу
6-тарау. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану кезіндегі құқықтары мен міндеттері
64-бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалануға құқықтары
65-бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалану жөніндегі мiндеттерi
66-бап. Осы Кодекске орай жер учаскесiне құқықтар тиесiлi болмайтын жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi
7-тарау. Сервитуттар
67-бап. Сервитут туындауының негiздерi
68-бап. Жеке тұлғаның бөтен жер учаскелерiнде болу және солар арқылы өту құқығы
69-бап. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы
70-бап. Уақытша (маусымдық) пайдаланылатын мал айдау жолдары
71-бап. Жер учаскелерiн iздестiру жұмыстары үшiн пайдалану
72-бап. Басқа да сервитуттар
73-бап. Жер учаскесiне құқық ауысқан кезде сервитуттың сақталуы
74-бап. Сервитуттың тоқтатылуы
75-бап. Сервитутты тiркеу
8-тарау. Жер учаскесі мен жер пайдалану құқығын кепілге салу
76-бап. Кепiлдiң нысанасы
77-бап. Жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын кепiлге салуды шектеу
78-бап. Үйлер (құрылыстар, ғимараттар) бар жер учаскесiн немесе сондай жер учаскесiне жер пайдалану құқығын кепiлге салу
79-бап. Жер учаскелерiн және жер пайдалану құқығын кепiлге салу тәртібі
80-бап. Жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын кепiлге салуды тiркеу
9-тарау. Жер учаскесіне меншік құқығын, жер пайдалану құқығын және өзге де заттық құқықтарды тоқтату
81-бап. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтату негiздерi
82-бап. Жеке меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тарту
83-бап. Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу
84-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесiн мәжбүрлеп иеліктен шығарудың жалпы ережелері мен қағидаттары
85-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесiн мәжбүрлеп иеліктен шығару
86-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесiн мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі меншiк иесiнiң немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының құқықтары
87-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесiн мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде оның құнын өтеу
88-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесiн сот шешiмi бойынша алып қою
89-бап. Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскесiн мемлекеттік жер пайдаланушыдан алып қою
90-бап. Жекелеген санаттағы жердi алып қоюды шектеу
91-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде жер учаскесiн уақытша алып қою
92-бап. Мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер учаскесiн меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою
93-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою
94-бап. Мақсаты бойынша пайдаланылмаған не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою тәртібі
95-бап. Тәркiлеу
96-бап. Меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесiн бағалау
3-бөлiм. Жер санаттары
10-тарау. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
97-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер ұғымы және оның құрамы
98-бап. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру тәртібі
99-бап. Инженерлiк тұрғыда әзiрленген суармалы жердi пайдалану
100-бап. Арнайы жер қоры
101-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзуге арналған жер учаскелерi
102-бап. Өзiндiк қосалқы шаруашылыққа, бағбандыққа және саяжай құрылысына арналған жер учаскелерi
103-бап. Жекешелендiрiлетiн мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдарының жер учаскесiн бөлiсу
104-бап. Ұзақ мерзiмдi пайдаланылатын мал айдау жолдары
105-бап. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасының орнын толтыру
106-бап. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасыны өтеу тәртібі
11-тарау. Елді мекендер жері
107-бап. Елдi мекендер жерi ұғымы мен оның құрамы
108-бап. Елдi мекендердiң шекарасын (шегiн) белгiлеу және өзгерту
109-бап. Елдi мекендердiң жерiн пайдалану
110-бап. Қала маңындағы аймақтар
12-тарау. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер
111-бап. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерi және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер ұғымы және оның құрамы
112-бап. Өнеркәсiп жерi
113-бап. Көлiк жерi
114-бап. Темір жол көлiгiнiң жерi
115-бап. Автомобиль көлiгiнiң жерi
116-бап. Теңiз және iшкi су көлiгiнiң жерi
117-бап. Әуе көлiгiнiң жерi
118-бап. Құбыр тасымалы көлiгiнiң жерi
119-бап. Байланыс және энергетика жерi
120-бап. Қорғаныс қажеттерiне арналған жер
121-бап. Жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтары
13-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер
122-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi
123-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймақтарының жерлерi
124-бап. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызу
125-бап. Сауықтыру мақсатындағы жер
126-бап. Рекреациялық мақсаттағы жер
127-бап. Тарихи-мәдени мақсаттағы жер
14-тарау. Орман қорының жері
128-бап. Орман қорының жерi ұғымы және оның құрамы
129-бап. Орман қорының жерiн ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн жер пайдалануға беру
130-бап. Орман қорының жерiн жердiң басқа санаттарына ауыстырудағы шектеулер
131-бап. Орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасыны өтеу
15-тарау. Су қорының жері
132-бап. Су қорының жерi ұғымы және оның құрамы
133-бап. Су қорының жерiне меншiк құқығы
134-бап. Су айдындары жағалауынан су қорғау аймақтары мен белдеулерiне жер бөлiп шығару
135-бап. Су қоры жерiнiң құрамынан жер учаскелерiн беру
136-бап. Су қорының жерiн пайдалану тәртібі
136-1-бап. Су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру тәртібі
16-тарау. Босалқы жер
137-бап. Босалқы жер құрамы
138-бап. Босалқы жердi беру
4-бөлiм. Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге орналастыру, мониторинг және жер кадастры
17-тарау. Жерді қорғау
139-бап. Жердi қорғаудың мақсаттары мен мiндеттерi
140-бап. Жердi қорғау
141-бап. Топырақта зиянды заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының нормативтерi
142-бап. Жердiң жай-күйiне әсер ететiн үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) және басқа да объектiлердi жобалау мен пайдалануға беруге қойылатын экологиялық, санитариялық-гигиеналық және өзге де арнайы талаптар
143-бап. Радиоактивтi ластануға ұшыраған және ядролық қару сынақтары өткiзiлген жер
18-тарау. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау
144-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың мiндеттерi
145-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру тәртібі
146-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
147-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның функциялары
148-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының құқықтары мен мiндеттерi
19-тарау. Жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі
149-бап. Жерге орналастырудың мақсаты мен мазмұны
150-бап. Жерге орналастыруды жүргiзу
151-бап. Жерге орналастыру процесi
152-бап. Мемлекеттік жер кадастры
153-бап. Мемлекеттік жер кадастрының мазмұны
154-бап. Жер учаскелерiн тiркеу мақсаты үшiн есепке алу
155-бап. Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлу
156-бап. Жер-кадастр құжаттамасы
157-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргiзу тәртібі
158-бап. Мемлекеттік жер кадастрының мәлiметтерiн беру және кадастр ақпаратын пайдалану
159-бап. Жер мониторингi
160-бап. Жер мониторингiнiң мiндеттерi
161-бап. Жер мониторингiн жүргiзу
162-бап. Жер мониторингi ақпаратын алу мен пайдалану әдiстерi
163-бап. Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру
5-бөлiм. Жер заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету және қорытынды ережелер
20-тарау. Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау және шығынды өтеу
164-бап. Меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау
164-1-бап. Жер учаскесін бөгденің заңсыз иеленуінен қайтаруды талап ету
165-бап. Меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген шығынды өтеудiң негiздерi
166-бап. Шығынды өтеу тәртібі
167-бап. Жер даулары
168-бап. Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
21-тарау. Қорытынды ережелер
169-бап. Осы Кодекстiң қолданылу тәртібі»;
3) 2-баптағы «, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі» деген сөздер алып тасталсын;
4) 8-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Елді мекендерде жерді аймақтарға бөлу бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін айқындау мақсатында жүргізіледі.»;
5) 9-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «Жер учаскелерiн мемлекеттік меншiктен жеке меншiкке беру өтеулі негізде» деген сөздер «Жер учаскелерiн мемлекеттік меншiктен жеке меншiкке өтеулі негізде сату» деген сөздермен, «не төлеу мерзімін ұзартып сату арқылы жүргізіледі» деген сөздер «не төлеу мерзімі ұзартылып жүзеге асырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-2) тармақша «тізбесін» деген сөзден кейін «және тізбеге енгізу үшін таңдау критерийлерін» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақта:
бірінші бөлік «нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда» деген сөздерден кейін «, осы Кодекстің 44-бабының 6-тармағында белгіленген шартпен елді мекеннің бас жоспарында көзделген объектілерді салу үшін берілген жер учаскесін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жергілікті атқарушы орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ерекше жағдайда жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгергенде жер учаскесінің бюджетке төлеуге жатпайтын кадастрлық (бағалау) құнының сомасын жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті өкілді органмен келіседі.»;
6) 10-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншікке берілген, оларды мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларын, жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерiн және мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелеріне жекеше сервитут белгілеу үшін төлемақының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкалары облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімдерімен белгiленедi.
Бұл ретте жер учаскелерiн пайдалану төлемақысының ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерiнен төмен болып белгiленбейдi.
Жалдау құқығын сату төлемақысы нақты жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнына қарай сараланып белгiленедi.»;
7) 11-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
«Түзету коэффициенттерi мен аудандық маңызы бар қалалардағы, кенттер мен ауылдық елдi мекендердегi аймақтардың шекаралары» деген сөздер «Аудандық маңызы бар қалалардағы, кенттер мен ауылдық елдi мекендердегi бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(республикалық маңызы бар қалада, астанада) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 12-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) бағалау аймақтарының шекарасы - инфрақұрылымның даму деңгейіне қарай мемлекет беретін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері белгіленетін елді мекендер аумағының бір бөлігінің шекарасы;»;
9) 13-бапта:
4) тармақшадағы «құжаттардың» деген сөз «сәйкестендіру құжаттарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту;
7-2) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекіту;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) бір облыстың, республикалық маңызы бap қаланың, астананың аумағындағы жерді басқа облысқа, республикалық маңызы бap қалаға, астанаға ұзақ мерзімді пайдалануға беру бөлігінде жер қатынастарын реттеу;»;
10) 14-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларының жобаларын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлер мен нормативтік құжаттарды, әдістемелерді әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) және 16-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарын келісу;»;
16) тармақшадағы «бекіту жатады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлеу және бекіту жатады.»;
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы Кодекстің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап-арыз дайындау және ұсыну;»;
11) 14-1-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральды құбырлар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту мақсаттары үшін жер учаскелерiн беру жөніндегі, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшін, магистральды құбырлар салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөніндегі ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;»;
10) тармақша «және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;»;
7) тармақша алып тасталсын;
10) тармақша «және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;»;
14) тармақша алып тасталсын;
16) тармақша «және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру» деген сөздермен толықтырылсын;
18) тармақшадағы «дайындау жатады.» деген сөздер «дайындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау жатады.»;
12) 15-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің қарамағына берiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын бекіту;»;
13) 16-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкілді органның» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкілді органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты ғимараттарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральды құбырлар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары үшiн жер учаскелерiн беру, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшін, магистральдық құбырлар салу (реконструкциялау), «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару;»;