Осы тармақтың ережелері тұлғалар тобына, егер мұндай тұлғалардың бірі басқа тұлғаға қатысты бақылау орнатса, сондай-ақ мұндай тұлғалар бір тұлғаның бақылауында болса, қолданылады.
Бақылау деп жеке немесе заңды тұлғаның басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді мынадай бір немесе бірнеше әрекет:
1) заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайызынан астамына билік ету;
2) заңды тұлғаның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру арқылы тікелей немесе жанама түрде (заңды тұлға арқылы немесе бірнеше заңды тұлға арқылы) айқындау мүмкіндігі түсініледі.
Жеке немесе заңды тұлғаның басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді жанама түрде айқындау мүмкіндігі деп осы тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әрбір келесі заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайыздан астамына билік етуі түсініледі.
Көрсетілген электр беру желілері осы тармақта санамаланған тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі болады және меншік иелерінің келісімінсіз ұлттық компанияға беруге жатпайды.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Электр станцияларын, электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау және салу, сондай-ақ оларды пайдалану мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-1-тармақ жаңа редакцияда
2-1. Энергия өндіруші ұйымның, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларын кешенді сынауы электр желілік қағидаларға сәйкес, кешенді сынау жүргізу кезінде өндірілген электр энергиясының бүкіл көлемін сатып алу-сату шарты болған кезде жүйелік оператормен келісілген бағдарлама бойынша жүргізіледі.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде салынған, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері, кіші станциялар мен тарату құрылғылары олар жұмыс істеп тұрған кезеңде тиісінше жекеше әріптестің не концессионердің уақытша иеленуінде және пайдалануында болады және олар құрылған кезден бастап республикалық меншікке беріледі.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде салынған, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерін, кіші станцияларды, тарату құрылғыларын орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, сондай-ақ пайдалануды жүйелік оператор шарттар негізінде жүзеге асырады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-1-тараумен толықтырылсын
2-1-тарау. Электр энергетикасы саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары
9-1-бап. Жалпы ережелер
1. Электр жабдықтарын, электр және жылу желілерін, тұтынушылар қондырғыларын пайдалану кезіндегі ұйымдастырушылық іс-шаралары адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Электр және жылу энергиясын өндіруге, беру мен пайдалануға арналған электр жабдықтары, электр мен жылу желілері, тұтынушылардың қондырғылары, электр мен жылу энергиясы техникалық реттеу және стандарттау объектілері болып табылады.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Тұтынушылардың электр энергиясын қабылдау шығыстарындағы электр энергиясының сапа көрсеткіштері белгіленген нормаларға сәйкес келуге тиіс.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мыналар:
жұмыс кернеуінің атаулы мәннен барынша ауытқуы;
электр тогы жиілігінің ауытқуы электр энергиясы сапасының сипаттамалары болып табылады.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Магистральдық және тарату құбырларындағы жылытуға арналған жылу энергиясының параметрлерi белгіленген температура кестесiне сәйкес болуға тиiс.
9-2-бап. Электр энергетикасы саласындағы жабдықтар мен электр қондырғыларын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Электр желілерін жобалау және пайдалану кезінде осы Заңға және техникалық регламенттерге сәйкес электр энергиясына белгіленген талаптардың орындалуы қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Электр және жылу энергиясын өндіруге, беруге және тұтынуға арналған электр станцияларының, электр және жылу желілерінің жабдықтары, тұтынушылардың қондырғылары техникалық регламенттерде белгіленген техникалық талаптарға сәйкес келуге тиіс.
9-3-бап. Электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну кезінде пайдаланылатын электр-техникалық жабдықтар мен материалдарға қойылатын қауіпсіздік талаптары
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасында өндірілетін және оның аумағына әкелінетін электр-техникалық жабдықтар мен материалдар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
2. Электр-техникалық жабдықтар мен материалдар адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес келуге тиіс.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігі растауға жататын электр станцияларының, электр және жылу желілерінің жабдықтарын, тұтынушылардың қондырғыларын сәйкестікті растау саласындағы құжатсыз пайдалануға беруге жол берілмейді.
4. Электр станцияларының, электр және жылу желілерінің жабдықтары, тұтынушылардың қондырғылары қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ететін, техникалық жағынан жарамды күйде болуға тиіс.
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 9-4-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 9-4-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-4-бап. Электр энергиясын цифрлық майнерлердің сатып алу тәртібі мен талаптары
1. Цифрлық майнерлер электр энергиясын орташа тәуліктік (базалық) қуаты 1 мегаваттан кем емес көлемде:
1) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және жүйелік оператор айқындайтын белгіленген квоталар шеңберінде электр энергиясын орталықтандырған сауда-саттықта бірыңғай сатып алушыдан;
2) генерациялайтын қондырғылары Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған, қосылудың жоқтығы фактісін жүйелік оператор растаған кезде энергия өндіруші ұйымдардан сатып алады. Бұл норма генерациялайтын қондырғылары 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылған энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды;
3) жүйелік оператор айқындайтын Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің техникалық мүмкіндігі шеңберінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндірілген электр энергиясын сатып алады.
2-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Цифрлық майнерлердің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің, жүктемені ажыратудың арнаулы автоматикасының, жүйелік операторда және энергия беруші ұйымда орнатылған жүйелермен өздерін біріздендіруді олардың желілеріне қосылған кезде қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйелерінің болуы міндетті.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-тарау. Электр энергиясы мен қуаты нарығындағы жүйелік оператор және
энергияны өндіру, беру және тұтыну қатынастарына қатысушылар
10-бап. Жүйелiк оператор
1. Жүйелiк оператор мынадай функцияларды орындайды:
1) шартқа сәйкес ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi, оған техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды қамтамасыз етедi;
2) электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасау мен тәулiктiк кестесiн қалыптастыруды қоса алғанда, шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң жұмыс режимдерiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлендiру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;
3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi жұмысының сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;
4-тармақша 2005 ж. 31 желтоқсанға дейiн қолданылды
4) электр қуатын реттеу жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерін және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің теңгерімсіздіктерін есептеу үшін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына деректерді береді;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесін қалыптастырады;
7) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде энергия өндiрушi ұйымдар арасындағы қуат резервтерiнiң көлемiн, құрылымын, таратылуын және қуат резервтерiнiң iске қосылуын айқындайды;
8) нақты уақыт режиміндегі электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы мен жүйелiк және қосалқы көрсетiлетiн қызметтер нарығының жұмыс iстеуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс режімдерiн басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету және электр қуатын реттеу бойынша өзара iс-қимыл жасайды;
10) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың, электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң релелiк қорғау мен аварияға қарсы автоматикасының бiрлескен құрылғыларының бiртұтас ақпараттық жүйесiн, автоматтандырылған жүйесiн құру жөнiнде техникалық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
11) ұлттық электр желісіне электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң қол жеткiзуi үшiн тең жағдайларды қамтамасыз етедi;
12) Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығына қатысушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қозғамайтын ақпаратпен қамтамасыз етедi;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) электр станцияларының, шағын станциялардың негiзгi жабдықтарын, электр беру желiлерiн, релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару жүйелерiн жөндеуге шығаруды келiседi;
14) су электр станцияларының су-шаруашылық теңгерiмдерiн ескере отырып олардың жұмыс режимдерiн және Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң жұмыс режимдерiн әзiрлеуге қатысады;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеуді жүзеге асырады;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды
16) электр қуаты нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүзеге асырады;
19) 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22) 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды
22-1) қуатты берудің келісілген схемалары туралы ақпаратты тоқсан сайын уәкілетті органға береді;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 22-2) тармақшамен толықтырылды
22-2) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін растайды;
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 22-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
22-3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес энергетикалық аймақтар бөлінісінде цифрлық майнерлердің қызметі үшін қолжетімді болатын электр энергиясының квотасын және электр энергиясын тұтыну бейінін айқындайды және квотаның есеп-қисабы үшін пайдаланылған электр энергиясының тапшылығы мен профицитінің бар-жоғы туралы ақпаратты тиісті негіздемесімен бірге өзінің интернет-ресурсында жариялайды, сондай-ақ осы ақпаратты цифрлық активтер саласындағы уәкілетті органға береді;
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды
23) осы Заңда және Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Жүйелік оператордың электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында электр энергиясын тікелей шетелдік өндірушінің атынан өткізетін электр энергиясын берушілерден сатып алу-сатуды мынадай жағдайларда:
1) технологиялық және өндірістік қажеттіліктерге;
2) басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен электр энергиясы ағымдарының шарттық шамаларын қамтамасыз ету үшін;
3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысу үшін жүзеге асыруға құқығы бар.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымдарға қуаттар авариялық істен шыққан жағдайда, олардың басқа энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу мүмкіндігі болмаған кезде электр энергиясын беруді жүзеге асырады. Жүйелік оператордың шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен авариялық өзара көмек көрсету туралы шарты біреуден көп болған жағдайда, жүйелік оператор техникалық сипаттағы шектеулерді ескере отырып, электр энергиясының ең төмен бағасын ұсынған электр энергиясын берушіні таңдайды.
3. Жүйелiк оператор Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару:
1) электр энергиясын сатып алу-сату, беру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу шарттарының талаптарын iске асыратын Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн басқарудан;
2) электр энергиясының мемлекетаралық ток ағымдары режимдерiн басқарудан;
3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде технологиялық бұзылыстарды болдырмауды, оқшауландыруды және жоюды қамтамасыз етуден;
4) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі қуат резервтерiн оралымды басқарудан;
5) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң сенiмдi және тұрақты жұмысын қамтамасыз ететiн релелiк қорғау, аварияға қарсы және режимдiк автоматика жүйелерiнiң құрылымын, принциптерін, орналасқан жерлерiн, көлемдерi мен қондырғыларын айқындаудан;
6) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестелерiн қалыптастыру мен бекiтуден;
7) электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасаудан тұрады.
5. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару және тиiстi өкiмдер беру электр энергиясының сапалық сипаттамасының ағымдағы мәнi - қуаты, жиiлiгi және кернеуi негiзiнде жүзеге асырылады.
10-1-бап. 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 10-2-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10-2-бап. Нарық кеңесі
1. Нарық кеңесі:
1) электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуіне мониторингті жүзеге асырады;
2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен энергия өндіруші ұйымдарды жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарайды;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) уәкілетті органға электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімінің жобасына сараптама қорытындысын ұсынады;
3) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) уәкілетті орган айқындаған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Нарық кеңесінің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 10-3-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10-3-бап. Бірыңғай сатып алушы
1. Бірыңғай сатып алушыны уәкілетті орган айқындайды.
2. Бірыңғай сатып алушы:
1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды жасасады;
2) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттарды жасасады;
3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алады;
4) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартқа сәйкес электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетеді;
5) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің алдағы күнтізбелік жылға бағасының есебін және оны өз интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады;
6) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге жасалған шарттардың тізбесін қалыптастырады және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісін көрсете отырып, өз интернет-ресурсында орналастырады;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) аукциондық сауда-саттық жеңімпазымен осы Заңның 15-8-бабында көрсетілген мерзімге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) бағаны есептеу жүзеге асырылатын жылдың алдындағы жылы электр қуаты нарығындағы қызмет шеңберінде оң қаржылық нәтиженің қорытындылары бойынша пайда болған қаражатты электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке алдағы жылға бағаны төмендетуге жұмсайды;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
9) осы Заңның 15-3-бабы 3-1-тармағының 1-2) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғамен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында белгіленген мерзімге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.
11-бап. Орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру кезіндегі электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимi жөніндегі өкiмдер
1. Жүйелiк оператордың орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару кезіндегі электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерi жөніндегі өкiмдерi электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi.
2. Жүйелiк оператор электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимi жөніндегі жедел өкiмдердi орындамайтын электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр қондырғыларын орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқарудағы электр жүйелерiнен ажыратуға құқылы.
12-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың:
1) жасалған шарттар негiзiнде жүйелiк қызмет көрсетудi пайдалануға;
2) жүйелiк оператордан электр энергиясын өндiру және беру жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi техникалық ақпаратты алуға құқығы бар.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Нетто-тұтынушыларды қоспағанда, электр энергиясын өндіруге және беруге қатысушылар:
1) жүйелiк операторға Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру үшiн қажет ақпаратты және электр станциялары жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткiштерi жөнiнде нақты ақпаратты (өндiру, шиналардан босату, өз мұқтаждары, шиналардан электр энергиясын босатуға үлестiк шығыстар) беруге;
2) жүйелiк оператордың коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуіне рұқсат беруге;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес электр энергиясының сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
4) жасалған шарттар негiзiнде Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi стандартты жиiлiктi реттеуді және ұстап тұруды жүйелiк оператормен бiрлесе отырып жүзеге асыруға;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі және қосалқы жабдықтарды, аварияға қарсы және режимдік автоматика, релелік қорғау, диспетчерлік технологиялық басқару құралдарын жұмыс жағдайында ұстауға;
6) уәкiлеттi орган айқындайтын көлемде өз объектiлерiнде жаңа релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын орнатуға және пайдаланылып жүрген релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын жаңғыртуды жүргізуге;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы олардың сыныптамасына сәйкес және энергетикалық жабдықты пайдалануға байланысты жазатайым оқиғалар туралы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлауға;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде әзірлік паспортын алуға міндетті.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымдар:
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын сағаттық мөлшерлемелерді ескере отырып, электр энергиясына арналған тиісті шекті тарифтен аспайтын баға бойынша электр энергиясын өткізуді жүзеге асыруға;
2) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)