4-1. Осы Заңның 13-бабының 3-3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тыйым салу 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін электр энергиясына кепілдік беріп жеткізушілерге қолданылмайды.
5. 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін энергия беруші ұйымдар:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талапқа;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға;
3) 2022 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талапқа сай келуге тиіс.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Жергілікті атқарушы органдар 2019 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей мемлекеттік заңды тұлғалардың шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы электр желілерін осы Заңның 13-1-бабының 2-тармағына сәйкес беруді қамтамасыз етеді.
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушылар 2023 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей, осы Заңның 13-бабының 6-2-тармағында белгіленген талапқа сәйкес келуге тиіс.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Осы Заңның 15-3-бабының 10-тармағының күші бірыңғай сатып алушы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жасасқан электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттарға қолданылады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Уәкілетті орган жүйелік оператормен бірлесіп, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын нақты уақыт режимінде іске қосуды қамтамасыз етеді.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
11. Уәкілетті орган 2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясы нарығында бірыңғай сатып алушы моделіне көшуді қамтамасыз етеді.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
12. Электр энергиясын сатып алу және электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сату бөлігіндегі осы Заңның күші 2023 жылғы 1 шілдеге дейін бұзылуға жататын бұрын жасалған шарттардан туындаған қатынастарға қолданылады.
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 13-тармақпен толықтырылады (2024 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
14. Осы Заңның 7-1-бабының талаптарына сәйкес келмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға берілген, энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды (рұқсаттарды және (немесе) рұқсатқа қосымшаларды) лицензиар лицензиядан айыруға (кері қайтарып алуға) немесе оның қолданысын тоқтата тұруға тиіс.
2024.08.07. № 118-VІІІ ҚР Заңымен 15-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
15. 5-2-баптың үшінші бөлігі 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |