осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар бөлігінде), 6), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері, сондай-ақ тауар биржалары үшін уәкілетті орган және тиісті мемлекеттік орган;
осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7), 8), 13), 15), 16) және 18) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері үшін уәкілетті орган;
осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1), 2) (тауар биржаларын қоспағанда), 3), 4), 5), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерін қоспағанда, қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында жүзеге асыратын қаржы мониторингі субъектілері үшін уәкілетті органмен келісу бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті белгілейді.»;
5) 16-баптың 13) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын.
43. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
42-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
44-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
44. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар):
215-баптың 4-тармағының үшінші бөлігіндегі «, бағалауды» деген сөз алып тасталсын.
45. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 16, 55-құжат; № 24, 93-құжат):
15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
«29-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін мемлекеттік орган;».
46. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат):
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Микроқаржылық қызмет туралы»;
2) кіріспеде:
«микроқаржы ұйымдарының құқықтық жағдайының, құрылуының, қызметiнiң» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
«микроқаржы ұйымдарын» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) есептік тіркеу - микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымды осы Заңның 14-бабына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне қосу;
2) кредиттiк дерекнама - микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым әрбiр қарыз алушыға қалыптастыратын құжаттар мен мәлiметтер;
3) қарыз алушы - микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйыммен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
4) микрокредит - микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушыға осы Заңда айқындалған мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретiн ақша;
5) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым - микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард;
6) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімі (бұдан әрі - микроқаржы ұйымдарының тізілімі) - микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бірыңғай тізбесі;
7) өтініш беруші - микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға микрокредит алуға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
8) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»;
4) 2-бапта:
тақырыптағы және 1-тармақтағы «микроқаржы ұйымдары» деген сөздер «микроқаржылық қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Акционерлік қоғамдар туралы», «Шаруашылық серіктестіктері туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» және «Кредиттік серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдары микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға осы Заңда реттелмеген бөлiгiнде қолданылады.»;
4-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уәкілетті органның» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Микроқаржылық қызмет»;
6) 3-бапта:
тақырыптағы «Микрокредиттер» деген сөз «Микроқаржылық қызмет, микрокредиттер» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3, 1-4 және 3-1-тармақтармен толықтырылсын:
«1.1. Микроқаржылық қызметке:
1) кредиттік серіктестіктердің өз қатысушыларына микрокредиттер беру жөніндегі қызметі;
2) ломбардтардың жеке тұлғаларға жеке пайдалануына арналған жылжымалы мүлкін кепілге қойғыза отырып республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде бір жылға дейінгі мерзімге микрокредиттер беру жөніндегі қызметі;
3) микроқаржы ұйымдарының жеке және (немесе) заңды тұлғаларға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қамтамасыз етілетін не қамтамасыз етілмейтін микрокредиттер беру жөніндегі қызметі жатады.
1-2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - микроқаржы ұйымдары) осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген қызметтен басқа мынадай операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
1) Қазақстан Республикасының резиденттерінен және бейрезиденттерінен қарыз тарту (кәсіпкерлік қызмет ретінде азаматтардан қарыз түрінде ақша тартуды қоспағанда);
2) өз активтерін бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестициялау;
3) микрокредиттер беру жөніндегі қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
4) өз мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру;
5) лизингтік қызметті жүзеге асыру;
6) ақпарат жеткізгіштердің кез келген түрінде микроқаржы ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша арнаулы әдебиетті өткізу;
7) төлем агентінің және қосалқы төлем агентінің функцияларын жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасы резидент-сақтандыру ұйымдарының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру агенті ретінде сақтандыру шарттарын жасасу;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақша жүйесі агентінің функцияларын жүзеге асыру;
10) факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушыдан төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып, төлемді талап ету құқықтарын сатып алу;
11) форфейтингтік операциялар (форфетирлеу): тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;
12) кепілдіктерді, кепілгерліктерді және ақшалай нысанда орындауды көздейтін өзге де міндеттемелерді беру.
1-3. Жеке тұлғаларға жеке пайдалануына арналған жылжымалы мүлкін кепілге қойғыза отырып микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы құрамында бағалы металдар және асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды есепке алуды, сақтауды және сатуды қосымша жүзеге асыруға құқылы.
1-4. Микроқаржы ұйымдарына осы Заңда көзделмеген өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
«3-1. Микроқаржы ұйымы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық тәсілмен микрокредиттер беруге құқылы.»;
4-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттың талаптарын, қарыз алушы үшін оларды жақсарту жағдайларын қоспағанда, біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы емес.
Осы тармақтың мақсаттары үшін:
тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгерту немесе толық жою;
микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту қарыз алушы үшін микрокредит беру туралы шарттың талаптарын жақсарту деп түсініледі.
Микроқаржы ұйымы жақсарту талаптарын қолданған жағдайда, қарыз алушы микрокредит беру туралы шартта көзделген тәртіппен микрокредит беру туралы шарт талабының өзгергені туралы хабардар етіледі.»;
7) 4-бапта:
1-тармақтағы «жазбаша нысанда» деген сөздер «мәміленің жазбаша нысанына қойылатын Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптары ескеріле отырып» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібі, оның ішінде микрокредит беру туралы шарттың мазмұнына, ресімделуіне, міндетті шарттарына қойылатын талаптар, микрокредитті өтеу кестесінің нысаны Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптары ескеріле отырып бекітіледі.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жеке тұлғамен күнтізбелік қырық бес күнге дейінгі мерзімге жасалған, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде микрокредит беру туралы шарт бойынша осы Заңның 5-бабының 1-тармағында белгіленген талап шарт мынадай талаптарға сәйкес келген кезде қолданылмайды:
1) микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгіленген шекті мәннен аспайды;
2) микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақыны төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,5 пайызынан аспайды;
3) микрокредит нысанасын қоспағанда, қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша барлық төлемдері, микрокредит беру туралы шартта көзделген сыйақы мен тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын қоса алғанда, жиынтығында микрокредит беру туралы шарт қолданылатын бүкіл кезеңде берілген микрокредит сомасынан аспайды;
4) шарт микрокредит сомасын ұлғайтуға тыйым салуды қамтиды;
5) тараптардың келісімі бойынша микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімі қолданыстағы немесе жақсартатын жағдайларда ұлғайтылуы мүмкін.»;
8) 5-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөліктегі «Микрокредит» деген сөз «1. Микрокредит» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
9) 6-бапта:
1-1-тармақта:
бірінші бөліктің 5-1) тармақшасы алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақта белгіленген талаптар осы Заңның 4-бабының 3-1-тармағында көрсетілген микрокредит беру туралы шартқа, сондай-ақ ломбард жасаcатын микрокредит беру туралы шартқа қолданылмайды.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
10) 7-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
1-1) тармақшадағы «қарыз алушыда микрокредит беру туралы шарт бойынша қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі болған кезде,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) қарыз алушының өтініші бойынша тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу мақсатында екінші деңгейдегі банктер арқылы микрокредитті үшінші тұлғаға аударуды жүзеге асыруға;»;
2-тармақта:
4) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшада белгіленген талаптар осы Заңның 4-бабының 3-1-тармағында көрсетілген микрокредит беру туралы шартқа қолданылмайды;»;
7) тармақшадағы «құруға;» деген сөз «құруға міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшада белгіленген талап кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарға қолданылмайды;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгіленген, микроқаржы ұйымы қарыз алушысының борыштық жүктемесі коэффициентін есептеу тәртiбiн және оның шекті мәнін сақтауға міндетті.
Осы тармақшада белгіленген талап кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарға қолданылмайды;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тізбесі, нысандары, ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін қаржылық және өзге де есептілікті ұсынуға;»;
11) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда микрокредит беруден бас тартуға»;»;
3-тармақта:
1) тармақшадағы «біржақты тәртіппен микрокредит беру туралы шартқа қол қойған күні қолданыста болған, микрокредиттерді беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты сыйақы мөлшерлемелерін (оларды төмендету жағдайларын қоспағанда) және (немесе) микрокредиттi өтеу тәсiлi мен әдісін, сондай-ақ тарифтер мен комиссиялардың мөлшерлерін (оларды төмендету жағдайларын қоспағанда) өзгертуге» деген сөздер «сыйақы мөлшерлемелерін (оларды төмендету жағдайларын қоспағанда) және (немесе) микрокредиттi өтеу тәсiлi мен әдісін біржақты тәртіппен өзгертуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) кепілсіз банктік қарыз және микрокредиттер бойынша күнтізбелік алпыс күннен астам, республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiштiң бес еселенген мөлшеріне тең немесе одан асатын мөлшерде мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғаларға осы Заңның 4-бабының 3-1-тармағында көрсетілген микрокредитті беруге құқылы емес.
Осы тармақшада белгіленген талап ломбардтарға қолданылмайды;
1-2) микрокредит бойынша сыйақы мен тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, кез келген төлемдерді белгілеуге және қарыз алушыдан (өтініш берушіден) алуға;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке тұлға болып табылатын, микроқаржы ұйымына микрокредит сомасын мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтарған қарыз алушыдан микрокредитті мерзімінен бұрын қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және басқа да төлемдерді талап етуге;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) кепілге салынған заттарды пайдалануға және оларға билік етуге құқылы емес.»;
11) 9-1-бапта:
3-тармақтың үшінші абзацындағы «кезеңде есепке жазылған сыйақыны төлеуді» деген сөздер «кезең үшін сыйақы төлеуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацындағы «компаниясына беруін қоспағанда, оның микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.» деген сөздер «компаниясына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«екінші деңгейдегі банкке;»;
«микроқаржы ұйымы қамтамасыз етілген облигацияларды шығарған немесе қарыз алған кезде микрокредит беру туралы шарт бойынша талап ету құқықтарын кепіл ұстаушы заңды тұлғаға беруін қоспағанда, оның микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.»;
9-тармақтағы «коллекторлық» деген сөз «екінші деңгейдегі банктерге, коллекторлық» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Микроқаржы ұйымының құқықтық жағдайы
1. Микроқаржы ұйымы (кредиттік серіктестікті қоспағанда) акционерлік қоғамның немесе шаруашылық серiктестiктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
2. Облигацияларды Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында орналастыру және (немесе) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы сауда-саттыққа жіберу мақсаттары үшін шығаруды қоспағанда, микроқаржы ұйымына облигациялар шығаруға тыйым салынады.»;
13) 13-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Микроқаржы ұйымының (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда) атауында мiндеттi түрде «микроқаржы ұйымы» деген сөздер немесе «MҚҰ» деген аббревиатура болуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Кредиттік серіктестіктің немесе ломбардтың атауында мiндеттi түрде тиісінше «кредиттік серіктестік» немесе «ломбард» деген сөздер болуға тиіс.»;
2-тармақта:
«ұйымы ретінде» деген сөздер «ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«деген сөздерді, оның солардан туындайтын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметті жүзеге асыратындығын меңзейтін сөздерді немесе «МҚҰ» деген аббревиатураны» деген сөздер «, «кредиттік серіктестік», «ломбард» деген сөздерді, оның микрокредиттер беру жөнiндегi қызметті жүзеге асыратындығын меңзейтін, солардан туындайтын сөздерді немесе аббревиатураларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 14-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу және микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері мен құрылтайшыларына (қатысушыларына) қойылатын талаптар»;
1. Микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап алты ай ішінде есептік тіркеуге жатады.»;
1-1-тармақтағы «мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төлейді» деген сөздер «уәкілетті органға өтініш және тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін өзге де құжаттарды ұсынады» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «он бес» деген сөздер «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Атқарушы органның (алқалы немесе жеке-дара) бірінші басшысы мен мүшелері, байқау кеңесінің (болған кезде) мүшелері, директорлар кеңесінің (болған кезде) мүшелері, бас бухгалтер микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері деп танылады.
Мынадай:
1) жоғары білімі жоқ;
2) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар;
3) өзіне қатысты қаржы ұйымының, банктік және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жеке тұлға микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды.
7. Ешбір тұлға Қазақстан Республикасындағы микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін не орналастырылған акцияларын, егер ол:
1) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылса;
2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін офшорлық аймақта тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері болса;
3) уәкілетті орган осы микроқаржы ұйымын осы Заңның 16-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы қызметкері бұрын микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылған заңды тұлға болып табылса;
4) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының жеке тұлға - ірі қатысушысы не заңды тұлға - ірі қатысушысының бірінші басшысы және (немесе) басшы қызметкері болып бұрын табылған не болып табылса, дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оларға билік ете алмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар кредиттік серіктестіктерге қолданылмайды.»;
15) 15-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «осы Заңның 14-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген» деген сөздер «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ осы құжаттарда көрсетілуге жататын анық емес мәліметтер мен ақпарат берілген» деген сөздермен ауыстырылсын;