2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшадағы «бір жыл» деген сөздер «алты ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Заңның 14-бабының 6 және 7-тармақтарында белгіленген талаптардың бірі сақталмаған;»;
5) тармақша алып тасталсын;
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
«, 2), 4) және 5)» деген сөздер «және 4)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ұйымы ретінде» деген сөздер «ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ұйымы» деген сөздерді» деген сөздер «ұйымы», «кредиттік серіктестік», «ломбард» деген сөздерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
«ұйымы ретінде» деген сөздер «ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ұйымы» деген сөздерді» деген сөздер «ұйымы», «кредиттік серіктестік», «ломбард» деген сөздерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 16-бапта:
1-тармақта:
3) тармақшадағы «уәкілетті органға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «ақпарат» деген сөз «қаржылық немесе өзге де есептілік» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «ұйымы» деген сөздерді» деген сөздер «ұйымы», «кредиттік серіктестік», «ломбард» деген сөздерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 19-бап алып тасталсын;
18) 21-баптың 6-тармағының 3) тармақшасындағы «ақпарат беруі микрокредит беру құпиясының ашылуы болып табылмайды.» деген сөздер «ақпарат беруі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті орган арасында ақпарат, оның ішінде микрокредит беру құпиясын құрайтын мәліметтер алмасу;
5) мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе микроқаржы ұйымында басқарушылық функцияларды орындайтын адамның қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар жіберілген кезде растау құжаттары мен материалдары ретінде микрокредит беру құпиясын қамтитын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы микрокредит беру құпиясын ашу болып табылмайды.»;
19) 22-баптағы «уәкілетті органның» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 24-бапта:
1-тармақ «ұйымдары» деген сөзден кейін «, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Микроқаржы ұйымдарына:
1) өздерiнiң қызметі туралы жарнаманы жариялау күніне шындыққа сәйкес келмейтін жарнама жасауға;
2) Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасына сәйкес келмейтін шарттарда микрокредит ұсынумен байланысты жарнама жасауға тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымынан шындыққа сәйкес келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оны тоқтатуды немесе оны теріске шығару туралы жариялауды талап етуге құқылы.
Осы талап уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган жарнамадағы мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіні туралы ақпаратты жариялауға не осындай жарнаманы жариялаған микроқаржы ұйымы есебінен оларды нақтылауға құқылы.
4. Микроқаржы ұйымдарының тізілімінде тұрмаған заңды тұлғаларға микроқаржылық қызмет санатына жататын, жүзеге асырылатын қызметтер көрсетуді жарнамалауға тыйым салынады.»;
21) 27-бапта:
тақырып «органның» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «пруденциялық нормативтердi және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi және оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілікті табыс етудің нысандары мен мерзімдерін» деген сөздер «тиісті микроқаржылық қызмет түріне қатысты пруденциялық нормативтердi және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) микроқаржы ұйымы (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда) қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу тәртібін және шекті мәнін бекітеді;
4-2) микрокредит алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін, сондай-ақ осы Заңның 4-бабының 3-1-тармағында көрсетілген микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнама жүргізу тәртібін бекітеді;
4-3) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша ломбардта заттарды сақтау, ломбардтардың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, ломбардтарда заңсыз алынған заттардың айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды белгілеу мәселелерін қоса алғанда, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру тәртібін бекітеді;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) сотқа:
осы Заңның 16-бабының 5-тармағында көзделген талап орындалмаған жағдайда, микроқаржы ұйымдарын;
микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар ретінде тіркелген, осы Заңның 14-бабының 1-тармағына сәйкес есептік тіркеуден өтпеген, сондай-ақ осы Заңның 15-бабы 2-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптарды орындамаған заңды тұлғаларды;
қарыз беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын (кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, сондай-ақ есептік тіркеуден өткен және микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілген микроқаржы ұйымдары ретінде тіркелген тұлғаларды қоспағанда), осы Заңға сәйкес микроқаржы ұйымы ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтпеген заңды тұлғаларды;
осы Заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өтпеген микрокредиттік ұйымдарды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру не тарату туралы талап қою береді;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органмен келісу бойынша мыналарды бекітеді:
1) микроқаржы ұйымының пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі;
2) микроқаржы ұйымының қаржылық пен өзге де есептілігінің тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі.»;
22) 31-1-бапта:
бірінші бөлікте:
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын;
«хабардар етуге міндетті» деген сөздер «хабардар етеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның микрокредиттер беру жөніндегі қызметтер көрсетуді бекіткені туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.».
47. «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 6-құжат; № 9, 51-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2017 ж., № 14, 53-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат):
15-баптың 2-тармағында:
1) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға,» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
48. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
1) 1-бапта:
1-1) тармақшадағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақша алып тасталсын;
2) 3-баптың 1-1-тармағында:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уәкілетті органның» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 8-баптың 1-1), 1-2) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
4) 15-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 28-баптың 1-тармағындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 34-бапта:
7-тармақтың екінші бөлігіндегі «уәкілетті органның» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 13) тармақшасындағы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 35-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын әзірлейді және бекітеді.»;
8) 36-бап алып тасталсын;
9) 38-баптың 2-тармағындағы «уәкілетті орган айқындайтын» деген сөздер алып тасталсын;
10) 41-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциялық нормативтер белгіленеді. Пруденциялық нормативтердің тізбесі, олардың нормативтік мәндері, есептеу әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
11) 50-бапта:
3-тармақтағы «инвестициялық портфельді басқарушының» деген сөздер «зейнетақы активтері осы Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес активтерді инвестициялық басқаруға арналған шарт негізінде берілген тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 1) тармақшасындағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 51-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы және 3) тармақшасындағы «уәкiлеттi органға», «қаржылық есептілік пен бастапқы статистикалық деректерді» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне», «қаржылық пен өзге де есептілікті, бастапқы статистикалық деректерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«қаржылық есептілік пен» деген сөздер «қаржылық пен өзге де есептілікті,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уәкiлеттi органға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 57-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті орган арасында ақпарат, оның ішінде зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын мәліметтер алмасуды жүзеге асыру зейнетақы жинақтарының құпиясын жария ету болып табылмайды.
Мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын адамның қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар жіберілген кезде растау құжаттары мен материалдары ретінде зейнетақы жинақтарының құпиясын қамтитын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы зейнетақы жинақтарының құпиясын жария ету болып табылмайды.».
49. «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат):
1) 1-баптың 28) тармақшасындағы «немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» деген сөздер «, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 2-тармағында:
5) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-бапта:
1-тармақтың 8) тармақшасындағы «және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «келісім бойынша» деген сөздер «келісу бойынша құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 13-баптың 7) тармақшасындағы және 14-баптың 5) тармақшасындағы «және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 24-баптың бірінші бөлігі «Банкі» деген сөзден кейін «және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өздерінің құзыреті шегінде» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 28-баптың 2-тармағының 4) тармақшасында:
екінші абзац алып тасталсын;
49-тармақтың 6) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекетке, тізбесін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітетін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі немесе мемлекеттің, көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстау функцияларын жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор;»;
7) 29-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі де» деген сөздерден кейін «және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган да» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 32-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздерден кейін «және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 33-баптың 3-тармағының 1) тармақшасындағы «немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 36-баптың 1-тармағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздерден кейін «және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 51-бапта:
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздерден кейін «, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 1-қосымшада:
53-жолда:
3-бағанда:
8-тармақ «ипотекалық ұйымның» деген сөздерден кейін «, банк болып табылмайтын, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтағы «жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыруды қоса алғанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру» деген сөздер «айырбастау операцияларын қоса алғанда, шетел валютасымен айырбастау операциялары» деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтағы «ипотекалық қарыздар» деген сөздер «банктік қарыздар» деген сөздермен ауыстырылсын;
61-жолдың 2-бағанындағы «Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті ұйымдарға берілетін лицензия» деген сөздер «Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына уәкілетті ұйымдарға берілетін лицензия» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 2-қосымшада:
29-жолда:
«Микроқаржы ұйымдарын», «микроқаржы ұйымдарының» деген сөздер тиісінше «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды», «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Микроқаржы ұйымының» деген сөздер «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
68, 69, 242, 244, 245, 246, 247, 248, 249, 250, 251, 255, 256 және 257-жолдардағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі», «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі», «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің», «сақтандыру ұйымын» деген сөздер тиісінше «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган», «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган», «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның», «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 3-қосымшада:
49-тармақтың 14) тармақшасының екінші абзацы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
53-тармақ «Қаржы ұйымының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
54-тармақтағы «Микроқаржы ұйымының» деген сөздер «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын.
50-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
50. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат):
1-бапта:
9-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
19-тармақтың 32) тармақшасында:
бесінші абзац «адамдар» деген сөзден кейін «, осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті орган арасында ақпарат, оның ішінде шартты зейнетақы шоттарының құпиясын құрайтын мәліметтер алмасуды жүзеге асыру шартты зейнетақы шоттарының құпиясын жария ету болып табылмайды.
Мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын адамның қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар жіберілген кезде растау құжаттары мен материалдары ретінде шартты зейнетақы шоттарының құпиясын қамтитын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы шартты зейнетақы шоттарының құпиясын жария ету болып табылмайды.».
51. «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-І, 120-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 39-құжат):
1-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің,» деген сөздерден кейін «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның,» деген сөздермен толықтырылсын.
52. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-II, 129-құжат; 2018 ж., № 2, 5-құжат; № 22, 82-құжат):
1) 1-бапта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
52-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2022 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 3-тармағының редакциясында қолданылды
«8) мемлекеттік аудитор - мемлекеттік аудитті және (немесе) қаржылық бақылауды жүзеге асыратын, мемлекеттік аудитор сертификаты бар мемлекеттік қызметші, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі;»;
8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) мемлекеттік аудитордың ассистенті - бухгалтерлік есеп және аудит саласында кәсіби білімі, мемлекеттік аудитке қатысу құқығы бар мемлекеттік қызметші, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі;»;
2) 18-баптың 9-тармағының бірінші бөлігі «дерекқорда» деген сөзден кейін «, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 35-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «дерекқорға» деген сөзден кейін «, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 39-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері болып табылатын мемлекеттік аудиторлар лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын оларды тағайындау құқығы бар лауазымды адам бекітеді.»;
5) 55-баптың бірінші бөлігі «бірінші басшысының» деген сөздерден кейін «немесе алқалы органының» деген сөздермен толықтырылсын.
53. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-II, 147-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат):