1) 1-баптың 4) тармақшасы «қызметшілері» деген сөзден кейін «, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 13-баптың 4-тармағында:
бірінші бөлік «орынбасарларына» деген сөзден кейін «, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарларына» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «орынбасарлары» деген сөзден кейін «, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары» деген сөздермен толықтырылсын;
53-тармақтың 3) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
3) 27-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы және 3-тармағының бірінші абзацындағы «2020» деген цифрлар «2021» деген цифрлармен ауыстырылсын.
54-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
54. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-III, 149-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 14, 50-құжат; № 22-III, 109-құжат):
1) 1-бапта:
6-тармақта:
1) тармақшаның екінші абзацындағы «сондай-ақ» деген сөз «ал Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«6-1-тармақта:»;
төртінші абзацтағы «6-1-тармақтың екінші бөлігі» деген сөздер «екінші бөлік» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақта, осы баптың 6-тармағының д) тармақшасында, 6-2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген мәліметтер мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде тек салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша ұсынылады.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
«мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 6-2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында, 6-3 және 6-4-тармақтарында көзделген мәліметтер мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде тек салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана уәкілетті органмен келісу бойынша ұсынылады.»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) 54-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы болып табылатын банктің ірі қатысушысы осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен басқа салық органына кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде салық органына декларацияны ұсынғаны туралы растаумен бірге уәкілетті органға оның көшірмесін ұсынуға тиіс.»;
7-тармақта:
1) тармақшаның екінші абзацындағы «сондай-ақ» деген сөз «ал Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 74-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен басқа салық органына кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде салық органына декларацияны ұсынғаны туралы растаумен бірге уәкілетті органға оның көшірмесін ұсынуға тиіс.»;
8-тармақта:
екінші абзацтағы «72-1-баптың» деген сөздер «1) 72-1-баптың» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «сондай-ақ инвестициялық», «көшірмесін» деген сөздер тиісінше «ал Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы сондай-ақ инвестициялық», «көшірмесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:
«2) 72-4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен басқа салық органына кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде салық органына декларацияны ұсынғаны туралы растаумен бірге уәкілетті органға оның көшірмесін ұсынуға тиіс.»;
2) 11-баптың 1-тармағында:
3) тармақшадағы «79) тармақшасын;» деген сөздер «79) тармақшасын қоспағанда, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша алып тасталсын.
55. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 45-құжат):
1) 3-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы «ведомстволарының» деген сөзден кейін «, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 13-баптың 6-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары аталған мемлекеттік лауазымдарға тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлар пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдар акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге және сенімгерлік басқаруға арналған шарттың нотариат куәландырған көшірмесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның кадр қызметіне ұсынуға міндетті.»;
екінші бөлік «орынбасарлары» деген сөзден кейін «, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары» деген сөздермен толықтырылсын.
56. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 20, 96-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
56-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
«31-1) ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді үйлестіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;»;
2) 4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «қатынастарға қолданылмайды.» деген сөздер «қатынастарға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерімен интеграцияланбайтын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырған кезде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.»;
3) 7-4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдары ақпараттық қауіпсіздігінің жедел және салалық орталықтарының өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;»;
4) мынадай мазмұндағы 7-5-баппен толықтырылсын:
«7-5-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді үйлестіретін ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы:
1) ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығына қосылған қаржы нарығы мен қаржы ұйымдары ақпараттық қауіпсіздігінің қатерлерін талдау, бағалау, болжамдау және профилактикасы жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
2) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығына қосылған қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарынан келіп түскен ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды, талдауды және сақтауды жүзеге асырады;
4) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде қауіпсіздік қатерлері, бағдарламалық қамтылымның, жабдықтар мен технологиялардың осалдығы, ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің іске асырылу тәсілдері, ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларының туындау алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу және зардаптарын жою әдістері туралы ақпаратты береді;
5) өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығына белгілі болған, таратылуы шектелген мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді.
56-тармақтың 4) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
Осы тармақтың бірінші бөлігі 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
2. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы қызметін осы Заңның 7-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асыруға құқылы.
3. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығының қызметкерлері өз қызметі нәтижесінде алған коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
5) 30-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы функцияларының іске асырылуын ескере отырып, Интернетке қосуды Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін пайдаланбай ұйымдастыруы мүмкін.».
57-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
57. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 56-құжат):
1) 1-бапта:
8-тармақта:
2) тармақшада:
екінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
төртінші, бесінші және алтыншы абзацтар алып тасталсын;
4) тармақшаның үшінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
10-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшаның екінші, жетінші, оныншы және он үшінші абзацтары алып тасталсын;
6) тармақшада:
екінші абзацтағы «44),», «54),» және «66),» деген цифрлар алып тасталсын;
үшінші абзацта:
«құрылымын қоса алғанда» деген сөздер «құрылымы айқындалатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«талаптардың нормативтерін», «олардың нормативтерінің» деген сөздер тиісінше «талаптарды», «олардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші, бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;
11) тиiстi уәкiлеттi органдармен келісу бойынша екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек ғана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын;
12) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына және екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды;»;
тоғызыншы және он екінші абзацтар алып тасталсын;
он төртінші абзацтағы «микроқаржы ұйымдары» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«65) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша, нысандарын, тiзбесiн, кезеңділігін және ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, ұсыну тәртібі айқындалатын, қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептiлiкті ұсыну және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептiлiкті ұсыну қағидаларын;»;
он алтыншы абзац алып тасталсын;
он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«69) валюталық реттеу, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдарын және олардың үлестес тұлғаларын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, кредиттік бюроларды, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды және коллекторлық агенттіктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын реттеу, бақылау және қадағалау, ақша-кредит статистикасы мен қаржы нарығы статистикасын қалыптастыру мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты;»;
жиырма бірінші абзац алып тасталсын;
10) тармақшаның алтыншы және жетінші абзацтары алып тасталсын;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) 56-баптың бірінші бөлігінің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) уәкілетті банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және өзге де тұлғалардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайларда, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолданады.»;
32) тармақша алып тасталсын;
33) тармақшаның үшінші абзацындағы «екінші» деген сөз «үшінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
26-тармақта:
2) тармақшаның оныншы абзацында:
«сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
«қолжетімділігін» деген сөзден кейін «, сондай-ақ қаржылық сауаттылық және халық үшін қаржылық қолжетімділік деңгейін арттыруды» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшаның алтыншы абзацы алып тасталсын;
10) тармақша алып тасталсын;
31-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
42-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы «сәйкес» деген сөзден кейін «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 2-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында:
«екінші, үшінші, жетінші, оныншы, он екінші және он үшінші» деген сөздер «үшінші және он екінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
«32),» деген цифрлар және «31-тармағының 1) тармақшасын,» деген сөздер алып тасталсын;
«, 8), 10)» деген цифрлар «және 8)» деген сөздермен ауыстырылсын.
58. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат):
43-баптың 11-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын.
59. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат):
28-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы «ведомстволары» деген сөзден кейін «, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен толықтырылсын.
60. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53, 55-құжаттар; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
65-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің», «құқықтық актісін» деген сөздер тиісінше «, өз құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қабылдаған», «құқықтық актіні» деген сөздермен ауыстырылсын.
61. «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 8-I, 64-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат):
23-бапта:
2-тармақта:
2) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшаның жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоса алғанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға;»;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
үшінші бөлікте:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын» деген сөздер алып тасталсын.
62. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат, № 7, 37-құжат):
1) 1-баптың 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«32) көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын мемлекеттік бақылау және қадағалау (көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын бақылау және қадағалау) - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің қызметін бақылауды өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асыруға бағытталған қызметі;»;
2) 2-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілеріне және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.»;
62-тармақтың 3) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
3) 4-баптың 1-тармағында:
10) тармақша «банктердің» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
16) тармақша «банктер,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары,» деген сөздермен толықтырылсын;
17) тармақша «сондай-ақ банктер» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары» деген сөздермен толықтырылсын;
19) тармақша «банктердің» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның төлемдер және төлем жүйелері саласындағы өкілеттіктері
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.»;